І жүргізуші:
- Ассалаумағалейкум ардақты
ағайын.
ІІ жүргізуші:
- Армысыздар қадірменді қонақтар!
І
жүргізуші:
Тарихи тамыры тереңдігімен
тамсандыратын, руханияттың шалғайда жатқан бір асыл кеніндей Би
Боранбай орта мектебіне қош
келдіңіздер.
ІІ
жүргізуші:
Мектебімізде заманауи
жаңғыртылып ашылғалы отырған Малғаждар Смағұлов атындағы "Ата -
аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ашылу салтанатына қош
келдіңіздер.
І
жүргізуші:
Ұлтымызда
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөзі бар.
«Балапан» қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да,
қыран болуы керек – деп отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген.
ІІ
жүргізуші:Ата – ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Жақсы ана отбасына береке
әкеліп, оларды бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешкім
жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларынң жан дүниесіне үңіліп,
мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн.
І
жүргізуші:
Баланың
бойына барлық жақсы құндылықтарды дарыту, тіпті жанында жүрген
достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарын болса дамыту,
дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты
парызы.
ІІ
жүргізуші:
Осы орайда
мектеп тарапынан ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің
маңызы ерекше.
І
жүргізуші:
Қазақстан
Республикасының барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылынан бастап Ата-аналарды педагогикалық қолдау
орталықтары жұмыс жасап келеді.
ІІ
жүргізуші:
Орталықтың
мақсаты: тұлғаның
үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін орта білім беру ұйымдары мен
ата-аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестік пен позитивті
ата-ана болу мәдениетін дамыту
І
жүргізуші:
Осындай
орталықтың бірі біздің мектебімізде де ашылғалы тұр. Біз өте
қуаныштымыз! Орталық игілікке қызмет етсін!
ІІ
жүргізуші:
Атамыз атын аңыз
қылатын.
Әкелеріміз пір
көрген.
Жас ұрпақтыңда
саналарында
Жаңғырып қайта
үлгерген.
І
жүргізуші:
Мағыналы сөзін естіп
өскенбіз.
Малғаждар ақын
бабаның.
Атамыз біздің аңызы
болған.
Осынау Ұлы
Даланың.
Ардақты ағайын осынау тарихи
сәтте салтанатты кешімізді асыл әжелеріміздің әнімен бастасақ.
Ауылымыздағы "Өнеге"әжелер ансамблі көптеген байқаулардың
лауреаттары және
жеңімпаздары.
Сазды сүйемелдеуші облыстық
ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен
«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын жеңімпазы Көбентаевтар
отбасының отағасы Айқын Көбентай
ағамыз.
ІІ
жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз Ақсуат
ауданы білім беру бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлына
беріледі.
І
жүргізуші:
Бабасын балдырғандар жырласын
бір.
Есілсін өлең жырдан дала
лебі.
Малғаждар ақын ата осы
өңірдің.
Әр тасын жырға қосқан адам
еді.
Мектеп оқушыларының
құттықтауына назар
аударайық.
ІІ
жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз
ауылымыздың ақсақалы Мәдениет атаға
береміз
І
жүргізуші:
Ұрпаққа беріп
тәрбие,
Батыр жандарға
баланар.
Мың
бұралып билейді,
Біздің ару
аналар.
Би Боранбай атындағы орта
мектеп Ата- аналар комитеті дайындаған биге кезек
берейік.
ІІ
жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз осы
орталықтың ашылуына ұйымшылыдықпен демеушілік жасап, орталықты
толық жабдықталуына өздерінің зор үлестерін қосқан ақын ұрпақтары
атынан Серікбек Сәкенбекұлына
беріледі.
І
жүргізуші:
Қазыналы қарттарымыздан жас
ұрпаққа және де жаңадан ашылып отырған Малғаждар ақын атындағы
орталыққа деп Қалихан атамыздан ақ бата
сұраймыз.
ІІ
жүргізуші:
Малғаждар Смағұлұлы атындағы
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының лента қию рәсіміне
кезек берейік
Лента қиюүшін ортаға ардагер
ұстаз мен АБББ бастығы Амангелді Шаймұратұлын
шақырамыз.
Орталығымыздың лентасы қиылды
ағайын. Орталыққа шашу шашу үшін облыстық ғылыми-әдістемелік
«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Парасатты отбасы»
байқауының ІІІ орын жеңімпазы Мурсалимовтар отбасының әжесі
Мүгілсім әжемізді шақырамыз.
І жүргізуші: Осымен Малғаждар
Смағұлұлы атындағы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының
ашылу салтанаты аяқталды қош сау
болыңыздар!
Қош
сауболыңыздар!
Арма ағайын қош келдің
мектебіме,
Ізі қалған осы елдің
өткенінде.
Бір ақынға мың тағзым күні
бүгін,
Туған жанға Көктөбе көк
белінде.
Туғанмын деп ауылда
жасымаған,
Биіктерге шықса да тасымаған
.
Омбы менен Томск
паронында,
Матрос боп отбасын
асыраған.
Ресейге тым ерте барған
еді,
Ізденістен қанаты талмап
еді.
Ең әуелі Малғаждар ақын
ата,
Ақ пен қызыл соғысы
ардагері.
Жүрегінде ғасырдың үні
қалған,
Замананың зары мен сызы
қалған.
Кеңестік болыс болып ел
ішінде,
Үмітін талай мәрте үзіп
алған.
Кейіннен туған шақта елеулі
күн,
Елі үшін бәрін салған
өнерінің.
Ақжар ,Шаң, Ақжайлаудан кеніш
тауып,
Көрсеткен азаматтық
тегеурінін.
Есімін елі жұрты мақтан
еткен,
Жұртының абыройын сақтап
өткен.
Малғаждар ағамыздың айтқаны
деп,
Өлеңін кейінгілер жаттап
өскен.
Малғаждар ақын жыры жеткен
жерді,
Жылытты жырмен бірге көктем
келді.
Өмірдің удай ашты
ақиқатын,
Арғымақ әзіліне
бөктергенді.
Сақталған өлең жырмен анық
дерек,
Туған елге бойдағы жалын
бөлек.
Малғаждардай біртуар
аталарым,
Елімнің тарихында қалу
керек.
Жылдар емдеп жазады
жаралыны,
Әр көктемде шығады дала
гүлі.
Бүгінгі күн Малғаждар ақын
баба,
Құтты болсын еліне
оралуы.
Ел мен жердің тарихын
ұғынардай,
Ата – ана мен жас ұрпақ мықты
болсын.
Малғаждар Смағұлов
атындағы,
Кабинет баршамызға құтты
болсын.