Кабыкешова Шынар Габдыгалиевна Мақала «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кабыкешова Шынар Габдыгалиевна Мақала «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебеиті пәні ұстаздарына,жоғары сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кабыкешова Шынар Габдыгалиевна

БҚО Бәйтерек ауданы Рубежин ауылы

қазақ тілі пәні мұғалімі


Мақала

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

«Абай» осы бір, төрт-ақ әріптен тұратын ардақты есім, қаншама адамға таңдай қаққызып, қаншама жанның қиялына қанат бітірді десеңізші... Іштей сабырмен сәл кідіріп,есімін атап көрсеңіз,тіпті қазақылық есіп тұрғандай ма , қалай өзі !?.

Абай – әдебиет саласында алдына жан салмаған шебер суретші, сөз зергері. Оның кестесінің түрі мен айшықтарының құдіреттілігі соншалық, басынды көтере алмай, бүкіл ой-санаңды шырмап алардай,ешбір қайталауға , көшірмесін жасауға да келтірместей, өзіндік сиқырлы өрнегі бар екені анық . Кез келген өлеңі мен қарасөзін салмақтасақ , бүгінгінің «ақынмын» деп жүргендердің (бұл жерде жалпы салыстыру мағынасында алынып отыр) бірсыпырасын шаң қаптырып, бір атанға жүк болардай –ақ.

«Абай әлемі» өзіндік назы мен терең иірімі бар , кез келгеннің уысына түсе бермейтін , дегбірсіздің делебесін қашыратын , дарынның шабытын арттыратын өзгеше - тылсым дүние . Таңдамай –ақ, кез келген өлеңін жайып жіберіп,сараласақ ,ондағы «сонылық» , бар дүниені көз алдына әкеп қоя салатын «нақтылық» , ешбір баламасы жоқ -жазған дүниесіне деген- іңкәрлік пен шұбыртпалы ұйқастарының өзі сорғалатып әкеп , құйындай дедектетіп жетелеп әкетпей ме ?! Әр сөзі, әр тармағы, әр шумағының астары толған жаһұт !

«Сұр бұлт ,түсі суық қаптайды аспан

Күз болып , дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін,тоңғаны ма, тойғаны ма ... бір мезетте көз ілеспес жылдамдықпен , бірнеше қаз-үйректі топырлатып келіп, асқан шеберлікпен сатырлатып атқан кәнігі аңшыдай, қалай қиюы табыла кеткен,жымдасқан ұйқас. Не деген қанық картина! Көзіңді жұм да, сан мәрте қайталап, тамсана бер!.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау ,танымас тірі жанды...

Он жасар кезімізде көзімізді бір нүктеге қадап,алып,мүдірмей жарыса жатқа соғатын керемет шақтар-ай.Сонау шапқылап жүрген бесінші сыныпта сыпылдатып (1985 жылы) жаттап алынған,тасқа қашап жазғандай қылып, санаңда мәңгі қалатындай қылып жазған бабамыздың шеберлігіне тәнттімін. Ол кезде бала боп байыбына бармасақ та, есейе келе санада жаңғырып , ақындығы мен байқағыштығын байыптап, әдебиет алаңында шарболаттай шыңдалған кемел иесі екенін танып, тамсанамын. «Кәрі құдадай» күркілдеген қыстан қысылмай шыққан пенде, о заман түгілі, бұ заманда да кемде –кем шығар (Басын сілкісе, қар жауатыны тіпті, тамаша айтылған).Әдебиетімізде табиғат құбылысын Абайға дейін де , Абайдан кейін де тап осылай адам кейпінде шебер бейнелеген ақынды таппадым.


Дабылы әлемге жеткен , дана Абайымыздың мұрасы - біз үшін- ешбір бағасын безбенмен өлшеуге келмейтіндей,тіпті, шамалап та айтуға сан жетпестей, телегей-теңіз қазына дерсің. Абай әлемінен нәр алмаған, Абай өлеңін жаттамаған қазақ , сірә, жоқ шығар. Асылы,Абай әлеміне қаншалықты бойлай алғанымызда болар-ау, шамасы..

М.Дулатовтың: « Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек . Ең жоғары , ардақты орын –Абайдікі » , Мағжанның : «Қазақтың бас ақыны – Абай » осы бір тамаша ұйғарымдарға ұйымаған есті жоқ. Тіпті, «қалай тауып айтқан»- деп, тамсанып ,таңдай қаққызғандай...

Міне , 175 жылдық арада уақыт кеңістігі өтсе де, тат баспайтын саф алтындай , ірілене түсуі , асқақтай беруінің сыры да , осында шығар!

Абай адамзат атаулыны ілім үйренуге , қарекет қылуға , адам болуға шақырған, өзіне жетерлік дәулеті бола тұрса да, білуге ынтыққан бірегей тұлға. Бір басына бес адамға татитын (ақындық, жазушылық , ойшылдық , сазгерлік , аудармашылық ,шешендік, полиглоттық ) қасиет дарыған Абай шығармаларын оқыған сайын , іштей адамшылық , байқампаздық , қамқорлық , барша адамзат атаулыға деген сүйіспеншілік , әріден ойлайтын данагөйлік , тереңнен қозғайтын көрегендік , парасаттылық пен салиқалылық бір адам басына қалай тоғысқан деп, қайран қаласың. Бұл бүгінгі ұрпақтың бойынан да сирек кездесетін құндылықтар.

Артынан пайымдай келе , қаймағы бұзылмаған , кеудесі толған шежіре-жыр «сыр сандық», аузында «кәлимасы» бар , барша әже атаулының жиынтығындай - Зереден тәлім алған , тұл бойында тектілігі бар , сөзге ұста Арғыннан шыққан ақынжанды Ұлжаннан туған ұл болса , «Алып анадан туады » дегендей –ақ , табиғатынан бөлек , заманынан оза туған тектілік Абайда болмай , кімде болсын !.. деп, разы боласың. Осы атамыздай бірегей тұлғаның ұрпағы болғанымызға кеудемізді қуаныш кернейді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ағаның : «Абай – дария, мен сол дариядан шөмішпен қалқып қана алдым» деп ,- дегеніндей, «Абай шығармашылығы» қанша кертісе де, мұқалмайтын өзінше қызық, керемет әлем.

Өлеңдерін тыңдағанда өткен ғасырға сып еткізіп, жетіп барғандай күйге бөленесің, жанымыз жай тауып, түтіні будақтай көтерілген қазақы ошақ пен бүлкілдеп еті қайнаған қазан,мыңғырған мал,мамыражай тірлік, кимешек киген аналар мен киіз үстінде дөңгелене отырған ауыл адамдары көлбеңдейді.

Егер біздің заманымызда өмір сүрсе , артынан сан мыңдаған шәкірт өре түрегелетін , әлем ұйып тыңдайтын , қазақтың атын дүйім елдің алдына шығаратын нарқасқа көсбасшы көсем болар ма еді , кім білсін ! Жаһандық білім әлемінде білімпаздағымен дес бермейтін ,сара жол табар дарабоз болар ма екен,алде ?!

Абай ата шығармалары - уақыт өлшеуіне бағынбайтын, ешбір шектеуге көнбейтін , мәңгілік мұра . Ол саналы ұрпақтың жата-жастана оқитын алдаспаны дер едім... Баба туралы сағаттап айтсақ та, түгесе алмаспын. Ол үшін барша қазақ ,бұл шығармаларды сүйсініп оқуы керек,өзі айтқандай тұшынып,зерделеп оқысақ ,көкірек көзіміз ашылып, оның әлеміне еріксіз бойлай береміз.

Қымбатты ,оқырман қауым! Сіз бен біз болып ,ұйыса оқысақ, кейінгі балаларымыздың бойына осы шығармаларды тоғытсақ, ұрпағымыз да сабырлы, байқампаз , жан-жақты болары сөзсіз. Республика болып атқарылып жатқан кемел істерге ,үлесімізді қоса отырып, бірге адымдасақ, әрине, алар асуларымыз да ,еңселі болары айқын.Абайды сүю арқылы, еліңді сүйесің, еліңді сүю арқылы кемелдене бересің.

Ұлы Абай - сен ерекше данасың ,

Ғасырлардан ғасырларға барасың !

Сенің даңқың , шартарапқа жайылып ,

Жылдан – жылға тамсандырған дарасың !.. - деп, рухы алдында басымды иемін.175 жыл емес, мың жыл өтсе де -аузымыздан дәмі кетпес- баба сөзі – тұнған шәрбат пен уыз дерсің! Талаптан, ізден ,қосыл бізге,жас ұрпақ!..










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2020
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі