Материалдар / КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибенің идеясы келесідей: қазіргі қоғам жағдайында нақты көшбасшы болу үшін, төменгі қызметкерлерге бұйрықтар беруде эмоционалды сенімділік пен билік етуге деген ұмтылыс аз. Белгілі бір жағдайда өзін бағынышты адамның орнына қоя алатын жоғары білімді, жауапты, дұрыс адам болу керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
1988
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының педагогикалық ұжымдарына, әдіскерлерге арналған





КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР







Автор: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасар Алимбекова Баян Боранбаева , жоғары санатты,

педагог-зерттеуші

Педагогикалық тәжірибенің сипаттамасы

  1. Автор туралы мәлімет



  • Аты жөні: Алимбекова Баян Боранбаевна

  • Білімі: жоғары

  • Оқу орнының атауы( Толық), оны бітірген жылы: Қазақ Қыздар Педагогикалық институты. Алматы қаласы.1989-1994 жыл.


  • Диплом бойынша мамандығы: математика, информатика және физика пәні мұғалімі.


  • Жұмыс орны: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


  • Лауазым: директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары.


  • Педагогикалық өтілім: 26 жыл



  • Атқарылған лауазым бойынша жұмыс өтілі: 4 жыл



  • Біліктілігі. Жоғары, педагог- зерттеуші.





  1. Педагогикалық тәжірибе тақырыбы.



КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР





  1. Тәжірибе идеясы:

Тәжірибенің идеясы келесідей: қазіргі қоғам жағдайында нақты көшбасшы болу үшін, төменгі қызметкерлерге бұйрықтар беруде эмоционалды сенімділік пен билік етуге деген ұмтылыс аз. Белгілі бір жағдайда өзін бағынышты адамның орнына қоя алатын жоғары білімді, жауапты, дұрыс адам болу керек.

  1. Тәжірибенің пайда болу және қалыптасу шарттары.

Әдістемелік жұмыс тәжірибесі "М.Горький атындағы жалпы орта мектебі"КММ базасында болды. Бейіндік оқыту жетістіктеріне, озық педагогикалық тәжірибеге негізделген; педагогтердің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені.

  1. Тәжірибенің өзектілігі.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс жүйесінде өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары басқару мәдениетін дамыту шеңберінде басқару дағдыларының 3 типіне ие болуы тиіс:

  • техникалық шеберлік- шеберлік

  • тұлғааралық шеберлік-байланыс қарым-қатынас дағдылары

  • концептуалды шеберлік-бұл процесті ұйымдастыруды тұтас құбылыс ретінде түсіну және көру қабілеті.







Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім.


Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтып отырған болашақ ұрпақты алғаш әріп танытып білімін тереңдетіп болашаққа білім нәрін беретін әрине біз мұғалімдер.

Мен , Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық етіп келе жатқаныма міне 21 жыл болыпты. Осы жылдар ішінде 2014 жылы ақпан мамыр айында Алматы қаласында «Өрлеу» орталығында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші

( негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдердің оқыту курсын оқып сертификат алдым. 2017жылы қараша айында Шымкент қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтадым. 2018 маусым Шымкент қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым. 2019 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласында желтоқсан айында Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «физика» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым. 2020 жылы маусым айында Шамкен қаласы педагогикалық шебрлік орталығы филиалында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлегеноқушылардың кәсіби бағдар бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтадым. Бұл курстарда менің сабақ беру де жаңа әдіс - тәсілдермен танысып сабаққа 7 модулдің кіріктіру жодарын үйрендім. Бұрынғы қолданған әдістердің жаңа әдіс тәсілдермен салыстыру арқылы өте көп айырмашылықтың бар екенін көз жеткіздім. Менің осы курстардан келгенней кейін сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді пайдаланып өттім және мұғалімдерге тренинг сабақтар өттім. Түрлі конкурстарға қатысым жүлделі орындар алып марапатталдым. Мектебімде және басқа да мектептерде семинарларда ашық сабақтар және мұғалімдерге коучингтер өтім. Менің еңбегім бағаланып Республикалық ,облыстық, аудандық білім бөлімі тарапынан алғыс хаттар мен марапатталдым.


Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай- ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған тапсырмаларды білуге мүмкіндік береді.Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқыту педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір – біріне сын тұрғысынан қарау. Жаңаша білім беру мектептің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді.Белсенді оқуда топтық , жұптық, ролдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға бағыттау.

Мен біліктілік арттыру курстарында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс- тәсілдерінің теориялық негізін меңгеріп, практика жүзінде бұл оқудың артықшылығын түсіндім.

Мектептегі лауазымдық қызметімді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қазіргі уақытта директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін

Қорыта келе, мен ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Жaқсылыққа бастайтын жaрқын жұлдыз - оқу» - дегендей XXI ғасыр - ғылым ғaсыры . Мақсат білім беру – тұлға дaмуын жүзеге асыратын мәселе.Ал осы жалпыеуропалық стaрдартқа сай жаңa білім беру- жеке тұлғaның жан жaқты дамуына әкелетін бірден - бір жол!










Элективті курстарды оқытудың міндеттері мен талаптары


Бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің

Мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық,тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді

құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Бейінді оқыту: біліма алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалық курстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курс оқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік курс: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.

Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта.

Элективті курс, ол оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі. Жақсы ұйымдастырылған элективті курстардың жүйесі оқушыға белгілі талап тілегіне сәйкес білім алып шығуына мүмкіндік береді.

Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әр түрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әр бір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады.

Базалық курс-білім берудің барлық оқушыларға міндетті инвариантты бөлігі және оқушылардың жалпы білім алу дайындығын аяқтауға бағытталған.

Профильді курстар- жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді және бірінші кезекте кәсіби білімді алуды жалғастыратын мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған.

Элективті курстар-әр бір оқушының жеке білімге қызығушылығын, талап тілектерімен және икемділігін қанағаттандырумен байланысты. Сондықтан ол мәні бойынша жеке білім беру бағдарламаларын жасаудың маңызды құралы болып табылады және мейлінше әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, өмірлік жоспарына сәйкес таңдауына байланысты болады.

Элективті курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары

Жоғарыда атап өткендей базалық пәндердің профильді және элективті курстардың көлеміндегі ара қатыс жобамен алғанда оқу жоспарының жалпы сағат санынан сәйкесінше 50%, 30%, 20% болу мүмкін [1].

Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстар әдетте Х-ХІ сынып оқушыларына өткізіледі. Сонымен бірге оқушыларға кәсіби таңдауына бағдар беру мақсатында мектептің ІХ сыныптарында кәсіп алдындағы дайындықты өткізуді қарастыруға болады.

Мектепке элективті курсты енгізе отырып, оған бағдарлама мен оқу құралы қажеттігі мен қоса оны оқытудың толық әдістемелік жүйесі керек екендігін есекеру қажет. Элективті курстардың жұмыстарын ұйымдастыру келесі ретке сәйкес жүргізідеді:

1) оқу пәндері мен ендірілетін элективті курстардың жиынтығы анықталады;

2) оқушы өзінің қызығушылығына, жоспарлаған кәсібіне байланысты таңдаған профильі мен оған қатысты элективті курстарға сәйкес жеке жоспар құрады да мектеп әкімшілігіне өткізеді.

3) алдынғы екі пункті ескеріп мектептің келесі оқу жылына оқу жоспары жасалады;

4) соған сәйкес сабақ кестесі құрылады. Сабақ кестесінде сыныптар, элективті топтар, қатар жүретін базалық топтар және қатар жүретін прфильді топтар ескеріледі.

Мысалы, физикадан элективті курстарды жүргізудің әрқилы формаларының арасында, шамамен төмендегідей ара қатыс болғаны жөн: бүкіл оқу уақытының 20-25%-лекциялар, 10-15%-семинарлар, 15-20%-есеп шығару, 15-20%-жаппай лабораториялық жұмыстар, 20-30%-физикалық практикум, 3-9%-экскурсиялар, 3-6%-сынақ сабақтары. Сонымен оқу уақытының жартысынан көбін есеп шығару және лабораториялық жұмыстарды орындау жөніндегі практикалық сабақтарға бөліп беру ұсынылады.

Негізгі бағдарлы курс талаптары мен міндеттері:

  • оқытуға  сәйкес  қолданбалы  курстың  тақырыбын  белгілеу.

  • Қолданбалы  курстың  білім  мазмұнындағы  орнын  анықтау.

  • Бағдарламаның  түсінік  хатын  жазу.

  • Түсінік  хатта  курстың  мақсаты, міндеттері, мандық  бағыты,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  бағыттары

  көрсетіледі.

  • Қолданбалы  курстардың  тақырыптарын  сағаттарға  бөлу.

  • Қолданбалы  курстарды  ұйымдастырудың  формаларын  анықтау.

  • Қолданбалы  курстардың  оқуын  аяқтау  формаларын  (реферат, баяндамалар, ғылыми  жобалар, сынақ,  және т.б) анықтау.

  • Ұсынылған  әдебиеттердің  тізімін  беру (мұғалім  үшін  және  оқушыға  ұсынылатын  әдебиеттер  тізімі 

жекелей  беріліуі  керек).

  •      Курс  бағдарламасының  құрылымы:

  • 1.Титул  парағы (лауазымдық  парақ).

  • 2. Маман пікірі.

  • 3. Түсінік хат.

  • 4. Оқу-әдістемелік  жоспар.

  • 5. Курс  мазмұны.

  • 6. Әдістемелік  нұсқаулар.

  • 7. Мұғалімдер  мен  оқушыларға ұсынылатын әдебиеттердің  тізімі.

  • 8. Оқушының  оқу  жетістіктерін  бағалау  жүйесі. Курсты  бітіру  есеп  берумен: реферат  жазып  қорғау;  баяндама  оқу;  жоба  қорғау  т.б  аяқталды.

  • Оқушылардың  білімін  бағалау  бағамдары (критериийлер)

  • 1. Оқушыларға  берілетін  жаңалық  дәрежесі;

  • 2. Оқушылардың  курсқа  деген  қызығушылығын  туғызатын  түрткінің (мотиві)  бар  болуы;

  • 3. Дамытушылық  потенциалының  болуы (Оқушыны  практикалық, шығармашылық  және  сезімдік  тұрғыдан  дамыта  білуі);

  • 4. Таңдап  алған  бағыттың  жүйелілігі  мен  өзара  байланыстылығы;

  • 5. Оқытудың  белсенділік  тәсілдерінің  таңдалып  алынуы;

  • 6. Оқыту  нәтижелерін  бақылау  мүмкіндік  дәрежесі  қандай (төмен,  орта,  жоғары);

  • 7. Бағдарламаны  іс-жүзіне  асырудың  нақтылығы


Осы шарттар орындалған жұмыс ӘБ- гі жиналысында қаралып, талқыланып бекітілу керек.

Бейінді оқыту тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспары келесі талаптарға сай болуы керек:

1. Вариативтілік – жоспарда элективті курстары көп мөлшерде болуы керек, оқушылардың білімдік сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жоспар құру мүмкіндігінің болуы.

2. Жүзеге асырылатындығы – жоспарды жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың:

бағдарламалық-әдістемелік, кадрлардың дайындығы, мектептің материалды-техникалық базасыт.б. болуы.

3. Икемділігі – вариативтілікке сай жоспардың мазмұнын қайта құру, өзгерту мүмкіндігі.






КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР


Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты негізінде- әлемнің құбылмалы жағдайында инфрақұрылымды дамытуға басымдық беру мен табысты ұлттық ортақ тренді қалыптастыру, сапалы жолдармен ком-муникациялар салу, инфрақұрылымдар құрылысының кең ауқымды жоба-ларын іске асыру, лайықты еңбекпен қамту, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасаумен қатар мемлекетіміздің экономикалық саясатын берік ұстану- ол дағдарыстан шығудың қазіргі таңда бірден бір көзі болып отыр.

«Қазақстан-2050»- мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол екендігін анықтайтын жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін он креа-тивті идеяларының бірі: инновциялар мен ғылым.

Еліміздің жарқын болашағын бағдарлайтын нақты істер бағдарламасы екені белгілі. Кезеңмен бесжылдықтарда мобильді,мултьимедиялық,нано және ғарыштық технологиялар, роботты техника, гендік инженерия сала-лары, болашақтың энергиясын іздеумен ашудың негізгі бағыттары көрсе-тілген.

Елбасының жолдауының маңыздылығы- еліміздің болашақ бағыт-бағдары айқындалып «Қазақстан -2050» стратегиясының жүзеге асу барысы белгі-ленген.

Жолдаудағы он жаңашыл идея тұлғаның патриоттық сезімін көтерін нық даму жолына бастайтынын білеміз.

Осыған байланысты Қазақстандық білім жүйесіндегі жаңа «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, халықаралық мектеп-термен жалпы орта және кәсіптік, жоғары білім сатыларында білім мазмұнының жаңғыруын заман талап етіп отыр.

Жалпы орта білім алушылар кәсіптік білімнің өзіндік құндылығымен, ерекшелігін тани отырып, қоғамдық қарым-қатынастың өзгермелі уақытта жүйесіздігінен мамандық алуда өз еріктерінен тыс табыс көзіне мақсатталған мамандықтарды таңдауға мәжбүр болып отыр.

Осыған орай қазір білім беру  жүйесін жетілдірудегі  маңызды міндеттер қойылып отыр:

 -педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;

-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда  теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;

-оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру   технологияларын енгізу;

-кез келген  жағдайда өз бетімен  оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу  траекториясын құрастыра білетін және  оны тиімді  жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрб

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!