Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кәсіпкерлік және бизнес 11 сынып 3 тоқсан
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
09.01.2024ж |
|||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Жеке адамның активтері мен пассивтері |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.1.1 актив және пассив, бюджеттің мәнін түсінеді; 11.3.1.2 кірістер мен шығындарды ажырата біледі |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасамын, үшінші тоқсан өзін-өзі жылжытуға арналғанын және бүгінгі сабақта ақша ағындары, активтер мен міндеттемелер, несиелер мен депозиттер, өзін-өзі таныстыру туралы сөйлесетінінімізді хабарлаймын. |
Амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлеу |
|
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 1 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
Ақша ағындарына арналған блокпен таныстырады. Біз бұл жерде ақша ағындары теориясының шебері Роберт Кийосакиді айтпай кете алмаймыз. Оның кітаптарын, әсіресе «Бай әке, кедей әке» кітабын оқып шығуды дүкендерде толып тұрған осы кітаптардың аудио нұсқасын тыңдауды ұсынуға болады. Содан кейін келесі сұрақты қоямын: егер олар бір сәтте байып кетсе, бірінші кезекте нені және неге оны сатып алар еді. Жауаптарын тыңдап болған соң және егер сатып алған заттардың ішінде инвестициялау (бизнес сатып алу, бизнесті дамыту, бағалы қағаздарға салым жасау және т.б.) жоқ болса, онда олар таяу арада қайтадан кедей болатынын мұғалім ескертеді. Біздің сатып алатын барлық заттарымызды 2 түрге бөлуге болатынын көрсету өте маңызды: ол активтер және пассивтер. Активтер дегеніміз — ақшаның түсімін қамтамасыз ететіндер, ал пассивтер — ақшаны жұмсайтын заттар. Мысалы, мынадай заттарды тізбектеп шығуға болады: қымбат машина — салық, айыппұл төлеуді, жөндеуді, сақтауды, қызмет көрсетуді, дөңгелектерін ауыстыруды және т.б. талап етеді, үлкен үй — жылуға, суға, салықтарға төлем жасауды және т.б. талап етеді, бірақ, егер машинаны тасымалдауға немесе жалға беруге пайдаланса, үйді — жалдауға немесе үйдің бір бөлігін жалдауға берсе немесе тұтас үйді офиске жалға берсе осы заттардың бәрінен актив жасауға болады. Бізге мұның бәрінен бас тартуға тиіспіз дегенді білдірмейді, бірақ сіз пассив сатып алсаңыз, өзіңізді артық шығындардан да қорғауыңызға болады деген сөз.Олардың қазірде қандай активтері мен пассивтері бар екенін мұғалім сұрайды. Егер олар жауап беруге қиналса, мұғалім мысал келтіреді немесе олардың отбасының активтері мен пассивтерінен мысал келтірулерін сұрайды. Немесе өз нұсқасын ойлап тапсын. Ал активтерді қалай арттыруға және олардың пассивтерін қалай қысқартуға болады? Талқылаудан кейін өмірбаянды оқуды ұсыныңыз және балалардың қандай тұжырым жасағанын талқылаңыздар. Роберттың мінез-құлқында қандай жаңалық болды? Балалар қалай ойлайды, Роберт табысқа қалай қол жеткізді? Содан кейін 2-тапсырманы орындауға болады. Ол бюджеттеу проблемасының мөлшерін түсінуге бағытталған: балалар өздерінің соңғы айдағы барлық шығындарын (кем дегенде 10) жазады және оларды активтерге не пассивтерге жатқызады. Балалардың кейбіреулерін өмірінде тек пассивтер бар екені таң қалдыруы мүмкін. Біз айтып отырған мәселе де осы деп баса көрсету қажет. Өздерінің өмір сүру стильдерін, нені тиімді пайдалануға болатынын қайта қарауға мүмкіндік беруге болады. Сыныпта талқылап болған соң, мұғалім балалардың жауаптарын тыңдайды. Бұл жерде оқушы активтер мен пассивтерді ажыратуды үйренуі, кем дегенде ақша ағындарын есептеуі маңызды. Ең тамаша сәт пассивтердің активтерге айналуын ұғынулары болмақ. Шын мәнінде біз үйреншікті заттарды монетизациялау туралы айтамыз. Оларға қиялдауға мүмкіндік беру керек — ол жаңа идеялардың көрінісі болуы мүмкін. Үйдегі пассивтерден актив жасаудың бірінші тәсілі — сіздің гардеробыңыз. Сіздің көңіліңізде көптеген сұрақтар немесе сенімсіздік туындауы мүмкін, бірақ мұның қалай жұмыс істейтініне қараңыз. Егер сізде қандай да бір себептермен өзіңіз кимей жүрген, шаң басып жатқан көйлек бар болса, оны жалға беруге болады. Қашанда бізге интернеттегі Google көмекке келеді. Енді есептеп көріңіздер, жақсы көйлекті сатқаныңыз үшін бірнеше мың теңге табуға болады, ал бұл түк жоқтан қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже. Ал егер ондай көйлектер бірнешеу болса, онда тіпті жақсы. Мұнда, ең бастысы — мәні. Ол көйлек шкафта әлі де бірнеше жыл шаң басып жатар еді, қазір табыс әкеле бастады. Әрине, миллиондап емес, онымен пәтерге ақша жинай алмайсыз, бірақ осылайша бірінші пассивті табысты жасауға болады және бұл алдағы үлкен істің алды. Әр үйде болатын және қазір пассив болып тұрған, бірақ оп-оңай актив бола алатын екінші зат — велосипед. Иә, дәл сол — велосипед! Ол гаражда шаң басып жатқан шығар, желі де шығып кеткен болуы мүмкін, бірақ бұл әлеуетті актив. Жазда көбісі велосипед айдағысы келеді және қазір велопрокат өте сәнді болды. Cізге ОLХ-тан велосипед тепкісі келетін адам- дарды іздеп, өзіңіз оны жалға берудің қажеті жоқ. Сіз велосипедті велопрокатпен айналысатын жетекші компаниялардың біріне ұсына аласыз. Мұнда сізге келіссөздер жүргізу шеберлігіңіз көмектеседі. Қалай келіссеңіз, солай болады. Күніне бірнеше жүз теңге табу сіздің қарттығыңызды қамтамасыз етпейді, әрине, бірақ бұл — басы және осының өзі нәпақа. Инвестиция — құнды қағаздардан, бизнес құрудан немесе жылжымайтын мүлік сатып алудан басталады деп ойламаңыз. Өмір бойы қолайлы сәтті күтіп отырғанша, қолыңызда бар нәрсемен істі қазір бастау керек. Ал бизнес пен пәтерлерге сіз одан кейін жетесіз. Мұқият болыңыздар! Активтерді құру принциптері бірдей, тек құралдар мен көлемдер ғана өзгереді, бірақ шағын нәрседен бастап үйренсеңіз, үлкен істі де игеріп кету оңай болады. Біз ақша табуға болатын екі қарапайым нәрсеге мысал келтірдік, бірақ мен олардың әлдеқайда көп екеніне сенімдімін, тек іздеу керек. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: егер олар бір сәтте бай болып кетсе, алдымен не сатып алар еді және неге? Оқушылар активтер мен пассивтер туралы блокты оқып шығады
Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазып алу керек. Балалар Роберттің өмір-тарихын оқып шығып, бай әке мен кедей әкенің арасындағы айырмашылық физикалық тұрғыдан емес, бар болғаны олардың өмірге деген көзқарасына байланысты деген тұжырым жасаулары тиіс. Бірінші әкеге жеткілікті болған нәрсе, екіншісі үшін мотивация болды. Бай болып тумаса да, баю жолын табуға болады. Балалар біздің бәріміздің де қателіктер жіберетініміз туралы және көп адамдар тағы да жаңа қателіктер жібермеу үшін бір нәрсе істеуден қорқатыны туралы да тұжырым жасаулары тиіс. Бірақ әрбір қатеден қорытынды жасау, сабақ алу маңызды Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
Бүгінгі жаңа сабақта не білдіңіздер? |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
16.01.2024ж |
|||||
Сынып: 11 а |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.2.2 депозиттер мен кредиттің мәнін түсінеді; 11.3.2.3 кредиттік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігі; 11.3.2.4 депозиттік және кредиттік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға бұл сабақта несиелер мен депозиттерді зерттеуді жалғастыратындарын хабарлаймын. Балаларды теориямен таныстырмас бұрын сабақ тақырыбы бойынша бірнеше сұрақ қоямын? |
Амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлеу Оқушылар сұрақтарға жауап береді: «Қалай ойлайсыз, несие (кредит) дегеніміз не? Бұл термин қандай сөзден шыққан? Сіздің отбасыңызға немесе таныстарыңызға кредит алуға тура келді ме? Қандай мақсаттар үшін? Қандай жағдайларда кредит алу тиімді? |
Мадақтау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
Несие туралы теориялық бөліммен таныстырамын. Содан кейін 1-тапсырма орындауға беремін.Оқушылардан өмірден мысалдар келтіруін сұраймын, егер олар жауап беруге қиналса, өз мысалдарымды келтіремін. Бұдан әрі бизнес-несиелер туралы блогпен танысуға болады. Мүмкін оқушылар мысал ретінде өз стартаптарына кредит алатынын елестетіп көрер, сонда осы мысал үлгісімен артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауға болады. Сонымен қатар, кредит активке айналатын үлгіні талдау да қызықты болар еді, балалардың осы жөнінде ойланып, сыныпта ауызша талқылауларын сұрауға болады. Бұдан әрі 2-тапсырманы орындауды ұсынуға болады, онда кредит беру тарихы көрсетілген. Оқып шыққаннан кейін, егер уақыт қалса, сыныпта балалардың несие берудің мәні тура- лы түсініктерін талқылауға болады. Оның мәні бұрыңғысымен салыстырғанда сақталған ба? Бұл құбылыс қазіргі әлемдегі адамдардың өмірі мен экономикаға қалай әсер етті? |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: несие берудің мәні неде, қандай несие түрлері бар, кредит берудің қағидаттары қандай? Қандай жағдайда несие актив, ал қандай жағдайда пассив болады? Оқушылардың өздерінің мысал келтіруі маңызды, олар өз стартапын үлгі етіп ала алады.
|
|
|
||
Сабақтың соңы |
Бүгінгі жаңа сабақта не білдіңіздер? |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
||||||||||||
Педагогтың аты жөні |
|
||||||||||||
Күні |
23.01.2024ж |
||||||||||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар |
||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.3.1 әлемдік ақша бірліктерінің жүйесін сипаттайды; 11.3.3.2 қолма қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ажыратады |
||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу. |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||
Басы |
Сабақта ақшаның мәнін және олардың рөлін қарастыра отырып, күн сайын пайдаланатын қағаз ақша номиналдарынан ақша түсінігін ажырату маңыздылығын түсіндіремін. Ақша — бұл бағалы және төлем құралы ретінде қабылданады. Ол ұлу бақалшығынан жасалуы да мүмкін. Ал «валюта» терминін (мемлекеттің негізгі ақша бірлігі ретінде) қарастыра отырып, біз оны «ақша» ұғымынан ажыратуымыз керек. Сондай-ақ, біз қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қалай пайдалану және валюталарды айырбастауды қалай жүргізу керектігін, кэшбек деген не және ол қалай жұмыс істейтінін білеміз. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: олар үшін ақша деген не. Олардың өміріндегі ақша рөлі қандай? Олар қандай қызметті орындайды? |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
|||||||||
Сабақтың ортасы |
Талқылаудан кейін «Ақшаның адам өміріндегі рөлі» блоктарымен танысып, балалардың жаңа білгендерін талқылау.Қандай жаңа қызметтер болды? Валюта және әлемдік ақша туралы бөліммен таныстырамын.. Бұдан әрі валюта айырбастау мен валюта бағамына көшуге болады. Содан кейін Қазақстанның теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы екенін және Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілгенін айтып өтуге болады. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілгенін және бүгінгі күнгі теңге бағамының АҚШ долларына шаққандағы бағамын сұраймын. Жауабы: бұл шын мәнінде қазіргі заманғы дилемма және осы мәселе бойынша пікірталастар көп. Электрондық ақша —дәстүрлі ақша сияқты төлем құралы, тек электрондық түрде ғана, мысалы чектер немесе сыйлық сертификаттары және т.б.Электрондық ақшаның қолма-қол емес ақша қаражаттан ең басты айырмашылығы — электрондық ақшаны қандай да бір ұйым эмиссиялай алады, ал әдеттегі қолма-қол және қолма-қол емес ақшаны, әдетте, мЭлектрондық ақша әрқашан шифрланған түрде сақталады және олардың эмитентінің электрондық қолтаңбасымен қорғалған. Электрондық ақшаны банк карталарымен жиі шатастырады, бұл электрондық ақшаның нақты анықтамасының жоқтығына және ақшаны электрондық ақшаға жатқызуға болатын анықтаудың нақты критерийлерінің жоқтығына байланысты. Сондай-ақ, түрлі мемлекеттерде ақша түрлі критерий бойынша электронды болып жататынын атап өту қажет. Экономикалық критерий: электрондық ақша — көп мақсатты төлем құралы және олар тек өз эмитенттерінің ғана емес, сондай-ақ басқа да кәсіпорындардың «төлем құралы» ретінде қабылданады. Мысалы, егер мәмілені жасау кезінде электронды ақшаны пайдалана отырып, тауар немесе қызмет сатып алуға болатын жағдайды алсақ, алдын ала төленген микропроцессорлық карточкаларды, көлік, телекоммуникациялық компанияларды және басқаларды алып қарауға болады. Электрондық ақша дәстүрлі ақшаның, сондай-ақ банк карталары сияқты төлем құралдарының қасиеттеріне ие болады: қолма-қол ақшамен банк жүйесі болмаған кезде есеп айырысуларды жүргізу мүмкіндігі ұқсас, ал төлем құралдарымен — олардың қандай да бір кредиттік ұйымдарында ашылған шоттар арқылы есеп айырысуларды жүргізу мүмкіндігі ұқсас. Электрондық ақшаның бұрыннан үйренген ақша банкноттарынан айырмашылығы — өте жоғары дәрежеде қорғалған ақша: оларды ұрлау немесе қолдан жасау мүмкін емес.Ақша иесінің электронды әмиянының паролін бұзған жағдайда ғана ұрлап алуға болады. Осы мәселе бойынша барлық пікірлер тең болады. 3-тапсырма: валютаны алтын емес, АҚШ доллары сияқты басқа валюталармен қамтамасыз етудің артықшылықтарын немесе/ және кемшіліктерін талқылаңыздар. Қандайтәуекелдербар? Қосымшадолларшығаружәнеәрбірқағазақшаныңқұнсыздануыжергіліктівалютаалтынменемес, АҚШдолларыменқамтамасызетілгенелдергеқалайәсеретеді? Жауабы: мұндавалютағатәуелділікмәселесідәлсолматериалдарданбасыпшығарылатынқатардағыақшасияқты. Соныменқатар, басқаелдергеқарағанда, АҚШ-таүкіметелдегіақшасанынаешқандайәсеретпейді. АҚШФедералдықрезервтікжүйесіжекетұлғаларғатиесіліжәнеоларжаңаАҚШдолларынбасыпшығаратынстаноктықамтиды, алАҚШүкіметіжекетұлғаларданқарызалады. Тиісінше, қалғанәлемосыжекетұлғаларғатәуелді, өйткеніақшамассасынәржолыұлғайтаотырып, оларәрбірдоллардыңқұндылығынжояды, албұлАҚШ-тыңбасқаелдералдындағысыртқықарыздарыныңдақұнсыздануынаалыпкеледі. Шынмәнінде, елдіңқарызалушыларыемлекеттік орталық банк эмиссиялайды.бергенақшасынаназырақақшаалады. Үшіншіәлемелдерітуралытіптіайтудыңқажетіжоқ, әлсізэкономикаменнеғұрлымкүштівалюталарғапаритеттікАҚШдолларынанкейінішкіақшаныңқұнсыздануынаалыпкеледі, осылайшаоларғасыртқыэкономикалықсауданыжүргізуқиындағанүстінеқиындайтүседі, өйткенібірнешеесекөптөлеугетуракеледі. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: валюта мен ақшаның айырмашылығы неде? Олар қолма-қол ақшасыз төлемді қайда (мысалы, өз стартапында) пайдалана алады? Кешбектің қандай мысалдарын олар білуі мүмкін?
|
|
|
|||||||||
Сабақтың соңы |
Бүгінгі сабақта не білдіңіздер? |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
|||||||||
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|
|||||||||||
Педагогтың аты жөні |
|
|
|||||||||||
Күні |
30.01.2024 ж |
|
|||||||||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
|
||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қор нарығы
|
|
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.4.1 қор нарығының жұмыс механизмін біледі; 11.3.4.2 қор нарығына экономикалық циклдардың әсерін біледі; 11.3.4.3 құнды қағаз түрлерінің айырмашылығын анықтайды |
|
|||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|
|||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу. |
|
|||||||||||
Сабақ барысы |
|
||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
||||||||
Басы |
Оқушылармен амандасып, бұл сабақта қор нарығының мәні бағалы қағаздардың сауда орны ретінде түсіндіремін. Балалар қор нарығы дегеніміз не, оның функциялары қандай, оның қатысушылары кім және қор нарығында қалай табыс табуға болатынын біледі. Сабақ теориялық сипатта өтеді. Сабақтың басында жеке активтер мен пассивтер, «Бай және кедей әке» кітабы, Кийосаки мен Баффеттің өмірбаяндары туралы тоқсанның алғашқы сабақтарын еске түсірулерін сұраймын. Бұл оқушыларға жаңа материалды жақсы қабылдауға және оны өткендермен байланыстыруға, сондай-ақ қор нарықтары мен бағалы қағаздарды зерттеу мақсатын түсінуге көмектеседі, сонда сабақ іш пыстырмайды және теориясы шамадан тыс болмайды, өйткені балалар мұның барлығын не үшін білу керектігін түсінеді. Содан кейін, олар мұны жеке активтерді қалыптастыру кезінде пайдалана алады. |
Оқушылар тоқсанның алғашқы сабақтарын, яғни жеке активтер мен пассивтер, бай және кедей әке, Кийосаки мен Баффеттің өмірбаянын еске түсіреді. |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Бұдан әрі теориялық бөлімді түсіндіремін. Әр блоктан кейін оқушылармен өздері үшін не алғанын, жаңа білімді қалай пайдалануды жоспарлағанын талқылаймыз. Биржаның қалай жұмыс істейтініне, оған қалай кіруге болатынына және биржадан қалай табыс табуға болатынына толығырақ тоқталамын. Балаларға басты рөлде Леонардо Дикаприо ойнайтын «Уолл-стриттегі қасқыр» фильмін (https://yandex.kz/video/preview/?filmId) көруге кеңес беремін.. Осы фильмде биржада қалай ақша табуға болатыны көрсетілген. 1-тапсырма: сыныпта талқылаймыз. Жауабы: АҚШ-та таң атып, сауда-саттық басталғанда, бүкіл әлемде күн батып, барлық негізгі оқиғалар өтіп кетеді, бұл бағалы қағаздарға әсерін талдау және оларды сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдау үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де факторларды бағалау тұрғысынан неғұрлым ыңғайлы позиция береді. 2-тапсырма. Тапсырманы үй тапсырмасы ретінде орындауға болады. |
Оқушылар мұғалімнің
сұрақтарына жауап береді: биржа қалай жұмыс істейді, оған қалай
жетуге болады және оны қалай табуға
болады?
|
|
|
|
||||||||
Сабақтың соңы |
Көңіл-күй мен эмоционалды сезім рефлексиясы: Партадағы көршіңе арналған сөйлемді таңда: - Жарайсың, - Мен сабақтағы жұмысыңа ризамын, - Өзіңді бүгінгі сабақта одан да жақсы көрсетуіңе болар еді |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні |
06.02.2024 ж |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 а |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жеке бюджетті басқару |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.5.1 жеке бюджетті басқарудың негізін түсінеді; 11.3.5.2 жеке бюджетті басқару құралдарын қолданады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы |
Оқушыларға бүгін жеке қаржы, қаржылық жоспарлау және бюджет туралы түсіндіретінімді хабарлаймын. Күнделікті өмірде қаржылық жоспарлау мен жеке бюджет бізге не үшін қажет екенін түсіну үшін олардың әрқайсысын талдаймыз. Сонымен, жеке қаржы — бұл қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге болатын ақша қаражатының барлық түрлері. Оқушылардың жеке қаражатыңың үлкен бөлігі — ата-анасы күнделікті жұмсауға беретін ақша екендігінен бастаймыз. Оқушылардың қаржы көздері әртүрлі болуы да мүмкін: 1.ата-анасы белгілі бір сома береді 2.ата-анасы сұраған кезде ақша береді 3.сатып алғаннан кейінгі қайтарым ақшаны өзінде қалдырады 4.ақшаны басқа туыстары береді 5.өзі табады 6.ата-анасының алдында есеп берместен, үйдегі ақшаны өзі алады Егер оқушылардың жалғыз қаржыландыру көзі — ата-анасы беретін тіркелген сома болса, әлбетте, бюджетті олар құрасырып және басқара алады. Дегенмен, оқушыда бірнеше қаржыландыру көздері бар деп елестетіп көрейік. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
1-тапсырманы таныстырамын (Тарату материалы 1): Жоғары сынып оқушысы Нұрланның оқиғасы. Нұрлан — 11-сынып оқушысы. Әр ай сайын ата-анасы Нұрланға белгіленген ақша сомасын (20 000 тг) түскі асқа, автобуста жол жүруге, ұсақ-түйек сатып алуға: шоколад, шырын, сағыз, және т. б. береді. Күн сайын Нұрлан достарымен дүкенге кіріп, шырын мен шоколад сатып алады, кейде достарына да сатып алады. Тіркелген сомадан басқа Нұрлан кейде киноға, достарының туған күндеріне сыйлыққа ақша сұрайды. Бұл сома айына шамамен 10 000-нан 20 000 теңгеге дейін. Нұрлан аптасына 3 рет ағылшын тілі сабағына қатысады. Әрбір сабақтан кейін ол бәліш немесе тоқаш пен сүйікті журналын сатып алады. Өкінішке орай, Нұрланға ата-анасы күнделікті шығындарға бөліп беретін сома үнемі жетпейді және ол ай сайын қосымша сома сұрауға мәжбүр болады. Нұрланның ата-анасы отбасылық бюджетті жүргізеді және ұлының тағы да ақша сұрайтыны оларды қынжылтады, себебі олардың барлық шығындарын есептеп, ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарға бөлінген қаражаттан ақша бөлуге тура келеді. Бұл жағдайдың «артықшылықтары» және «кемшіліктері» қандай? Бұл жағдайдағы «артықшылықтар»: • Нұрланның ата-анасы бюджет жүргізеді — бұл олардың шығындарға белгіленген соманы бөліп отырғанынан түсінікті • Нұрланның ата-анасы қаржылық жоспарлау дегеннің не екенін біледі — оларда ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар бар. «Кемшіліктер»: • Отбасы Нұрланның күнделікті шығындарына байланысты алға қойылған қаржылық мақсаттарын үнемі кейінге ысырады (автомобиль сатып алу кейінге қалдырылды). Бюджет — белгілі бір мерзімге арналған кірістер мен шығыстардың жиынтығы. 2. Қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, талқылаудың қорытындысын жасау керек. Төменде Нұрлан мен оның отбасына берілетін ұсыныстар берілген: • Бюджет құру және оның орындалуын бақылау. • Күнделікті шығындарды, әсіресе жоспарланбаған шығындарды қадағалау. • «Ақша тонаушылармен» күрес стратегиясын қабылдау, яғни отбасының өмір сүру сапасына зиян келтірмей өмір сүре ала- тын сатып алулармен күрес стратегиясы. (Бұл — адамдардың шынайы қажеттілігі туралы жоспарламай және ойланбастан кенеттен жасайтын шығындары). Нұрланның ата-анасына: • Нұрланға ақшаның «аспаннан түспейтінін», ауыр еңбекпен келетінін түсіндіру, оған ерекше тапсырманы орындауды тапсыру (түскі асты әзірлеу, үйді толық жинап-жуып шығу). «Қол сұғылмайтын қор» деп аталатын қор құру және оны отбасы бір ай ішінде күтпеген шығыстарға жұмсайтын белгілі бір сомаға дейін үнемі толықтырып отыру. Бұл сырқаттанып қалу, үй техникасының ақауларын жөндеу, жедел жөндеу жұмыстары және т. б. сияқты жоспарланбаған оқиғаларға байланысты шығындарды жабу мақсатында жұмсалатын отбасының жеке жинағы. • Жиынтық табысты жиынтық шығыстармен салыстыра отырып (қордағы жарналарды қоса алғанда), Нұрлан қосымша сұраған соманы осы сомадан алып тастай отырып, отбасы ай сайын кейінге қалдыра алатын соманы бөлу. • Қаржылық мақсаттар қою және оларды жинақ мүмкіндіктерімен және қол жеткізу мерзімдерімен сәйкестендіру. • Қаржылық мақсаттарды олардың басымдылығы мен қол жеткізу уақыты тұрғысынан кезең-кезеңімен қайта қарау. 2-тапсырма: Бюджет құрылымы. Содан кейін мұғалім келесідей жалғастырады: • Біз мұнда тек Нұрлан мен оның отбасына НЕ істеу керек екендігі жөнінде ұсыныстар бердік. • Бірақ енді мұны ҚАЛАЙ істеу керектігі туралы сөйлесу керек. Сонымен, бюджет дегеніміз не? Қатысушылардың болжамды анықтамаларын тыңдап, төмендегілерді айтуға болады: • Бюджет — бұл жиынтық кірістер мен шығыстардың жоспары. Бюджет — отбасының табысы мен шығысы шындығында қалай болатынын біз жоспарлаған қаражат, бюджеттің қаншалықты сақталуы біздің өзімізге байланысты. 3-4 тапсырма. Бюджеттің орындалуы табысты болуы үшін белгілі бір ережелерді орындау қажет. Бірақ бұл туралы кейінірек айтылады, ал қазір оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ бюджеттің кіріс жоспарын ұсынатын бөлігі қандай баптардан тұратынын ұсынуы тиіс. Кірістің мынадай түрлері туралы ойлануы тиіс: • тұрақты және тұрақсыз, • мерзімді, • маусымдық, • уақытша. Өзінің әлеуетті табыстарының әртүрлі көздері туралы оқушылар естеріне түсірсін. Екінші топ өзінің барлық шығыстарының қандай түрлерге бөлінетінін ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, белгілі бір төлемдердің кезеңділігін, әртүрлі уақытта түрлі сатып алулар қажеттілігін, кейбір шығындар мен т. б. маусымдылығын ескеру қажет. Бұл жаттығуға 10 минут және топтардың жұмыс нәтижелерін көрсетуге 3 минут беріңіз. Келесі сұрақтарды қоямын: • Табыс және шығыс бөліктеріндегі баптарды жазу қиын болды ма? • Біз оған қанша уақыт жұмсадық? Мұғалім келесіні айтуы тиіс: • Баптарға тиісті соманы енгізу көп уақыт алмайды. Егер топтар бюджеттің барлық болжамды баптарын ұсынбаса, жетіспейтіндерін өз бетіңізше толықтырыңыз. Содан кейін мұғалім келесіні айтуы тиіс: • Сіздермен бірге кіріс пен шығыс бөліктерін құрған соң, оларды бір кестеге біріктірейік. Бұл кірістер мен шығыстар жоспарын, яғни бюджетті жасау үшін үлгі нысаны болады. 2-таратпа материалын таратыңыз.
Келесі сұрақтарды қоямын: • Бізге бюджетті құру не береді? • Кестеде кірістер мен шығыстар санаттарын толтыру қиын ба? Жауаптарды тыңдап, қатысушылармен бірге мұғалім келесі қорытындыларды жасайды: 1. Бюджет — пайдалы құрал: • кірістерді шығыстармен салыстыру; • шығындар мен жинақтарға қатысты саналы шешімдер қабылдау; • қаржылық жағдайды бақылауды жүзеге асыру; • жинақ тәртібін арттыру. 2. Егер сіз бюджетті сақтасаңыз, онда бұл қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. 3. Бюджетті құру — күрделі операция емес. Ол экономика мен математиканы ерекше білуді талап етпейді. Кез келген сауатты адам үй бюджетін жүргізе алады. 4. Тек оның пайдасына сену және бастау керек. Бір айдан кейін бюджеттің ақшаны тиімді басқаруға көмектесетініне көзіңіз жетеді, атап айтқанда: болашақ шығыстарды, жинақтарды жоспарлау және қаржылық мақсаттарға қол жеткізу. Біз өмірде ірі шығындарға байланысты кез келген оқиғаларды қаржылық мақсаттар деп атайтын боламыз. Біз күнделікті тамақтануға және басқа да ұсақ қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстарды қаржылық мақсаттар деп есептемейміз. Мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін — маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырудан бастап автомобиль сатып алғанға дейін. Кейбірі қысқа мерзімді және тез қол жеткізіледі, басқасы — ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Біз кірістер мен шығыстарды қалай жоспарлауды білеміз, бірақ біз негізінен бір ай, жарты жыл, бір жылдық қысқа мерзімді кезең туралы айттық. Егер жоспар бір жылдан астам мерзімде болса, онда бюджетте міндетті түрде ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар пайда болады. Қаржылық мақсаттарды жоспарлау үшін келесі кесте пайдалы болатынын айту қажет. 3-таратпа материалын таратамын.
• Осы кестеге сіздің қаржылық мақсаттарды жазып шығайық. • Қаржылық мақсаттарды жоспарлау үшін сізге қандай ақпарат қажет? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, олармен бірге келесі қорытындыны жасаймыз Қаржылық мақсаттарды қою үшін мыналарды білу қажет: • қандай сома қажет, • қай мерзімге, • бұл сома тұрақты жинақ ақша арқылы жинақталған ба немесе ақшаны қарызға, кредитке алу керек пе? • Сіз барлық бағандарды толтыра аласыз ба? Оқушылар соңғысынан басқа барлық бағандарды толтыра алады. Егер олар кірістер мен шығыстарды жоспарласа, онда жинақтардың мүмкіндіктерін білер еді. Назар аударту • Әр мақсатқа қол жеткізу үшін ай сайын қанша қаражат бөле алатыныңызды бағалау үшін, өзіңіздің жиынтық табысыңыздан барлық шығындарды алып тастаған кезде қандай сома қалатынын нақты білу керек. • Бюджетті жүргізу кезінде кез келген адам, әдетте, өзінің әдеттегі шығындарының кем дегенде 10%-ын үнемдеуі мүмкін, өйткені шығындарды жоспарламаса, сөзсіз пайда болатын артық шығындар (ақшаны тонаушылар) туындайды.
• Бұл қағазға жазылған мақсаттар, бірақ олар шындыққа айналуы үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет. Бүгін біз кейбір ережелерді атадық. |
Оқушылар оқулықтан тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырманы орындау кезінде оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: • Бұл оқиға туралы не ойлайсыз? •Нұрланның және/немесе оның отбасының проблемасы неде? • Бұл жағдай үйреншікті ме? Жауаптарды тыңдап, келесі қорытындыларды жасау ұсынылады. Нұрланда келесі факторларға байланысты проблемалар бар: • Нұрлан өзі ақша таппайды, сондықтан ақшаның құндылығын білмейді; •Нұрлан келесі айда өзінде қандай шығындар болатынын білмейді; •Нұрланда шығындар жоспары жоқ және өз шығындарын бақыламайды. •Нұрлан кездейсоқ сатып алуларға ұқыпсыз қарайды, жоспарланбаған және қажет емес шығындарға көп ақша жұмсауы мүмкін. Оқушылар отбасы мәселелерін талқылағаннан кейін, мына сұрақтарға жауап береді: •Бюджет дегеніміз не? •Нұрлан мен оның отбасына қандай кеңес беруге болады?
3, 4, 5 -тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар жеке бюджет және қаржылық мақсаттар кестесін толтырады, сондай-ақ мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Көңіл-күй мен эмоционалды сезім рефлексиясы: Партадағы көршіңе арналған сөйлемді таңда: - Жарайсың, - Мен сабақтағы жұмысыңа ризамын, - Өзіңді бүгінгі сабақта одан да жақсы көрсетуіңе болар еді |
Оқушылар кері байланыс береді
|
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
13.02.2024ж |
|||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Өзін-өзі алға жылжыту |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
|
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Мұғалім оқушылармен амандасады және бүгінгі сабақта жеке тұлғаны нарықта алға жылжытуға болатын актив ретінде қарастырады. Кіріспе сұрақтың көмегімен тақырыпты өзектендіруге болады: «Сыныпта кім-кімде белгілі бір қызметтерді алу үшін өзі сенетін нақты бір адамға хабарласқан жағдайлар болды?». Осыдан кейін туындаушы сұрақтарды қоюға болады: «Сіз ол туралы қайдан білдіңіз?», «Сіз басқаларға қарағанда оған неге сенім білдірдіңіз?». Балаларды кейде адамның аты-жөні баға мен қашықтыққа қарағанда маңыздырақ болады деген түсінікке жтелеуге болады. Адамдардың кардиохирургке үздік дәрігер болғандықтан операцияға алыс жерлерден келетіні туралы мысал келтіруге болады. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
Мұғалім оқушыларға әрі қарай теория блогын және құзыреттер мен біліктіліктерді айырмашылығын түсіндіруі тиіс. Құзыреттілік — маманның өмірлік әс-әрекеттердің қандай да бір саласында қажетті 1) білімі, 2) білігі мен дағдысы, 3) тәжірибесі, 4) жеке қасиеттерінің болуы. Мейрамхана бизнесі саласынан клиенттердің нақты мейрамханаға емес, әйгілі нақты бас аспаздың тағамдарының дәмін тату үшін келетін, егер мейрамхана ауысса, клиенттер екіншісіне аспаздың соңынан келетін жағдайларын мысал ретінде келтіруге болады. Әйелдердің басым көпшілігі жақсы стилист/косметолог/ шаштараздың (өзіңіз таңдап алыңыз) — алтынға татитынын растайды. Әдетте клиенттерге мастердің қайда ауысқаны бәрібір, олар салоннан салонға мастер жұмысын ауыстырған сайын онымен бірге көшіп жүреді. 1-тапсырма қажетті құзыреттердің бар-жоқтығы тұрғысында өз-өзіне назар аудартуға бағытталған. Кәсіби құзыреттерден басқа, нарықта тиімді жұмыс істеу үшін әлеуметтік пайдалы дағдыларды, біліктіліктерді меңгеру қажеттігін де көрсету маңызды. Еңбек нарығының өзінде жұмыс беруші үміткерлерге ресурс ретінде қарайды, ол неғұрлым тиімдірек болған сайын соғұрлым тартым- ды болып көрінеді. Құзыреттің барлық 4 түрін жазып шығу керек: (1) білім, 2) білік пен дағды, 3) тәжірибе, 4) жеке қасиеттер) және оларды екі бағанға бөлу керек — сіздің меңгергендеріңіз және дамытқыңыз ке- летіндері. Екінші бағандағы әрбір құзырет үшін оларды дамыту тәсілдерін ойластыру керек. Мұнда белгілі бір саладағы тәжірибе, ментор (тәлімгер) іздеу және оны жүргізу, қандай да бір жұмысты орындау, қандай да бір жаттығулар, оқу және зерделеу және т.б. болуы мүмкін. Тәсілдер пассивті шараларға қарағанда активті шараларды болжамдауын қадағалаңыз. Мысалы, кітап оқу — «5 жобаны қорғауға» қарағанда, пассивті әрекет. Оған қоса құзыретті «болу» үшін өзін-өзі алға жылжыту мен дамытуды да қолға алу керек. Одан әрі балалардың келесі блокпен танысуларын сұраңыз. Өзін-өзі алға жылжыту мен дамыту— құндылығы бойынша бағалану үшін өз құзыреттілігі мен біліктілігін ашық куәландыру және осының арқасында үміткерлерді іріктеген кезде, лауазымға тағайындалған кезде және т.б. басымдықтарға ие болуға болады және біз өзін-өзі дамыту туралы айтқан уақытта өзін-өзі таныстыруды айналып өте алмаймыз, ол — бастамашы өзінің оған әсерін қолдау немесе күшейту мақсатында мақсатты тұлғаға көрсететін әсерді басқару. Өзін-өзі таныстырудың басты тиімділігі, ол: 1) басқа адамдардан қажетті ресурстарды алу 2) жеке МЕН-нің образын құрастыру. 3) әлеуметтік байланыстарды үйлестіру. Содан кейін ережеге көшеміз. Бұл дағдының бар-жоғын қалай тексеруге болады, мұны қарапайым жаттығудан көруге болады — нақты бір адамға өзі сол ортаға түскісі келетін бейтаныс адамдардың жаңа қауымдастығы алдында бір минут ішінде өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік беріңіз. Біршама уақыт дайындыққа және ойластыруға кетеді — бұл уақыт жоғалту (бір минут басталып кетті…), екіншісі сыртқы көріністерге — мимикаға, қимыл- қозғалысқа — оның қаншалықты сенімді шыққанын қарастыруға кетеді, үшіншісі — мәтіннің мазмұнына: адамды өз компаниясына алу үшін маңызды не айтылды деген мәселеге кетеді. Өзін-өзі таныстыру жаттығуы адамның тұтас жеке басының қасиеттерін сипаттауға (мен осындаймын, мен сондаймын, мен мынаны істей алам) жұмсауға болмайды, бұл — қате түсінік. Қателерін талқылаған соң өз таныстыруларын өз жетістіктерін шағын оқиға арқылы ашып көрсетуге бағытталған форматта қайта жасасын. 2-тапсырма өзін-өзі алға жылжытуға, ажыратып тануға бағытталған, онда екі оқиға көрсетіледі: «Математикада бастысы — жылдамдық», — дейді математика оқытушысы және схеманы тақтаға сала бастайды. Қатты басып жібергендіктен боры тайып кетеді. Түсіп кеткен борды көз ілеспес жылдамдықпен шап беріп ұстап алып, оқытушы тағы да былай дейді: «Көрдіңдер ме! Жылдамдық және тек қана жылдамдық, балалар!» «Психологке креативтілік қажет», — дейді психология оқытушысы және тақтаға бұрылады. Ол бордың жоқ екенін байқайды. Аз-кем ойланған соң, оқытушы шүберекті алып, ылғал шүберекпен схема салады. Мұнда жоғарыда зерттелген қағидалармен салыстыру қажет: 1-қағида. Біздің әрбір қимылымызда адамды өзін-өзі таныстыру мағынасы жатады. 2-қағида. «Кездейсоқ» сигналдар қасақана сигналдарға қарағанда, маңыздырақ болуы мүмкін. Егер өз мүмкіндіктеріңізді нақты іс-қимылдармен растай алмасаң, онда ең бомағанда оларды өз әрекеттеріңмен жоққа шығарма. Өзін-өзі ұсынудың өзін-өзі мақтаудан ерекшелігі — бастамашы өзі туралы айтып қана қоймай, оны нақты іс-әрекеттермен немесе дәлелді деректерме, нақты істердің куәландыруларымен бекітеді. Оқушылар бұдан не үйренеді — көп нұсқалар болуы мүмкін. Біз бірінші жағдайда өзін-өзі мақтау да және өз сөзін іс-әрекетпен растай алмау да кездесті деп болжамдаймыз (жылдамдық борды құлатпай ұстап алуда емес, сөзді жылдам жазуда көрінуі қажет еді, оның өзі де кездейсоқ болды), екінші жағдайда өзін-өзі таныстыру болды. 3-тапсырманы қарастыра отырып, біз ақпаратты өзін-өзі ұсынып дамыту техникасымен салыстыруға тиіспіз. Жоғары білім (техникалық) туралы дипломды және маркетинг бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы анықтаманы ұсынған соң сауда өкілі лауазымынан үміткер өз сөзін былай деп толықтырады: «Мен сіздің фирмаларыңызда өзімнің жеке мақсаттарымды да іске асыру үшін жұмыс істегім келеді. Мен сауда өкілі болып жұмыс істей жүріп маркетинг саласына маманданғым келеді және бірнеше жылдан кейін маркетинг бойынша танымал маман болғым келеді. Маған бұрынғы фирмадағы жалақымнан 20% жоғары, яғни 400-450 доллар жалақы төлесеңіздер болады. Оған қоса, менің сату көлемінен қосымша сыйақы алғым келеді». Төмендегілерді қамтитын өзін-өзі алға жылжыту техникасына сүйене отырып: — өз мүмкіндіктерін шынайы көрсету, — сертификат, диплом, ресми пікірлер, патенттер, баспа жұмыстарын, бұйымдарын және басқаларын ұсыну, — график, есептеулер, схемалар ұсыну, — өзінің жеке мақсаттарын ашып көрсету, — өз сұраныстары мен шарттарын қалыптастыру, соңғысы жағдайды анағұрлым барынша ашып көрсетеді деуге болады, себебі мәтінде ынталандыруы, тілегі және оны іске асыру шарттары нақты аталған. Біздің тілегіміз — бұл техниканы жұмыс берушінің пайдасына орайластырып пайдаланған жөн болар еді, яғни «жұмыс беруші оны осындай шарттармен жұмысқа алса, қандай пайда көре алады» деген мәселе туралы бір-екі сөйлем қосу керек еді. Оқушылардың назарын жеке брендинг шеңберіндегі қалаулы имиджге аудару үшін біз өзіне ұнайтын жеке тұлғаны таңдап алу қажет болатын тапсырма ұсынамыз. «Бұл тұлғаның имиджі маған несімен ұнайды?» деген сұраққа әртүрлі тұрғыдан 5 жауап ұсына отырып оқушылар өзіне ұнайтын қасиеттерді ажырата білу процесіне өтеді. Біз келесі тапсырмада жеке имиджді құруға бағытталған 15 шараны қалыптастыру арқылы осындай имиджге қалай қол жеткізуге болатынын түсінуге мүмкіндік береміз. Біз Да́ннинг — Крю́гер әсерін не үшін естеріңізге салдық? Ол қарапайым! Біз оқушыларымыздың өзін-өзі ұсынуы осы әсерге ұқсас болмауын қалаймыз. Кей адамдар шынайы өмірде өздерін маман ретінде ұсынған кезде мақтауларын тым асырып жібереді. Бұл олардың құзыреттілігіне деген сенімсіздік туғызады. Олай болмауы үшін, Даннинг-Крюгер әсерінен тиімді сақтандыруға мүмкіндік беретін қағидаларды пысықтау бойынша тапсырманы орындау қажет. |
Оқушылар оқулықтағы
тапсырмаларды орындайды және мұғалімнің сұрақтарына жауап
береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Шабадан, ет тартқыш, себет» Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймын Сабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
20.02.2024ж |
|||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
|
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Оқушылармен амандасады және бүгінгі сабақта түйіндемені құрастыру тәжірибесі талданады деп хабарлаймын. Сабақтың негізгі ойларының бірі-кез-келген жағдайда қолдануға болатын бір әмбебап түйіндеме жоқ екенін түсіндіру. Қаншалықты қарапайым нәрсе болып көрінгенімен, Қазақстанның қазіргі жұмыскерлерінің бір қиындығы — сауатты түйіндеме жаза алмау. Бос орындар мен үміткерлерді іздеумен айналысатын жұртшылыққа танымал HR порталда құжатты түсінікті түрге келтіру бойынша ұсыныстар ұсынатын тіпті ақылы қосымша қызметтер бар. Біз осы және келесі сабақтарда қарапайым сауатты мәтін құра білуге, сонымен бірге өз түйіндемесінің прототипін құруға мүмкіндік береміз. Сабақтың ең басты ойларының бірі — кез келген жағдайда пайдалануға болатын бір де бір әмбебап түйіндеме болмайды. Әрбір бөлек бос орынға арнап ізденушіге қойылатын талаптарға басты назар аудартылатын жеке түйіндеме құру маңызды. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
Оқушыларды түйіндеме принциптері туралы ақпарат блогымен таныстырамын. Әрбір қағиданы мұғалім оқушылармен бірге талқылайды.
Бұдан әрі түйіндеменің формасы мен құрылымына өтуге болады. Содан кейін оқушылардың 1-тапсырманы орындауларын сұраймын 2-тапсырма. Бұл жерде пікірталасты өткізу үшін алаң беріледі, сонымен қатар өтірік пен асыра мақтау арасындағы шегара, мысалы, түйіндемеде берілетін жеке қасиеттер — бұл ішкі моральдық ұстаным мәселесі екеніне назар аударған жөн.Мұғалімге бұл жерде бейтарап болу маңызды, оқушылар өз пікірлерімен және осы мәселе бойынша шарттармен өздері танысып, тыңдаулары қажет. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: түйіндемені қалай дұрыс жазу керек? 1-тапсырма оқушылар сыныпта ауызша талқылайды. Бұл сабақтың негізгі идеясын жақсы түсінуге көмектеседі - әр түрлі позициялар үшін бір түйіндеме жасауға болмайды. Оқушылар 2-тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы сұрақтарға жауап береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Шабадан, ет тартқыш, себет» Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймын Сабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
27.02.2024ж |
|||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Нетворкинг (кәсіби жүйелер) |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.8.1 адамдармен сенімді және ұзақ мерзімді қатынастың маңызы және өзара көмектесу қажеттігін түсінеді; 11.3.8.2 өз мәселесін шешу үшін екі жақты іс-әрекеттің кәсіби потенциалын пайдалану мүмкіндігін өз көзқарасымен суреттейді |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу; |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Оқушылармен амандасамын және бүгінгі сабақта "Нетворкинг (кәсіби желілер)" тақырыбын талдайтындығын хабарлаймын. Пайдалы байланыстарды қалыптастырмай, мансапта жоғарылау мүмкін емес екені бәріне белгілі. Мұны үйренген соң, табысқа жету үшін бұл қатынастарды ұдайы жалғастырып отыру қажет. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы нып |
||
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырыппен және теориялық блокпен танысқаннан кейін балалардың 1-тапсырманы орындауларын мұғалім сұрайды. Бұл шығармашылық пен креативтілікке берілетін тапсырма. Мұғалім мұнда оқушылардың нақты міндетті шешуде стандартты емес көзқарастарын іске асыруға мүмкіндік беру қажет. 2- тапсырмамен біз алдыңғы сабақтарды, атап айтқанда сабақтың басында құрылған тақырыптарды нақтылауымыз қажет. Егер сабақтың бас кезінде олар өздеріне «мықты» блоггерді тап немесе ақылды бағдарламашыны ұста деп нұсқау бере алса, онда осы жаттығуда біз оларды «ол кім бола алар еді» деген сұрақ туралы ойландырамыз. Егер ол туралы ештеңе білмесе, тым болмағанда бұл тақырыпты ашық көздерден оқып-зерттей бастайды. Олардың барлық қолжетімді ресурстарды: интернет, телефонмен қоңырау шалу, көшеге шығу және фокус топтан сауалнама алуды пайдалануына мүмкіндік беріңіз, бастысы нәтиже күтілетін уақытты нақты белгілеу қажет. 3 және 5-тапсырмалар. Осы екі тапсырмамен біз нетворкинг бойынша жоспарды іс жүзінде құрамыз, себебі бұл іс-әрекеттер сабақта ұсынылған ең бірінші тапсырманы толық нақтылайды. Біз кез келген ойды бекітуді, сосын оны дереу іске асыру жоспарына айналдыруды үйретеміз — бұл да кәсіпкерлікте, сол сияқты жалдамалы еңбекте де пайдалы әрі сұранысқа ие дағдылардың бірі. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
4-тапсырма оқушыларға кімнің қатты әсер ететінін және олардың мақсаттарын қолдайтын-қолдамайтынын көрнекі түрде көрсетеді. Мұндай талдау оқушылардың қоршаған ортасын немесе өз мақсаттарын қайта қарауларына көмектеседі, олар «жақын» қарым-қатынаста «орташа» қарым-қатынаста және «алыс» қарым-қатынаста кімнің бар екенін анықтайды. Оқушылардың өз орталарын кеңейткісі келуі немесе жаңа орта құрғысы келуі мүмкін. Не адамдардың жақындығы мен алыстығын қайта қараулары мүмкін.
Рефлексия «Шабадан, ет тартқыш, себет» Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймын Сабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
12.03.2024ж |
|||||
Сынып: 11 ә |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Эмоционалдық интеллект |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.10.1 эмоционалды интеллект мәні мен мағынасын түсінеді; |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Эмоционалды интеллект мәні мен мағынасын түсінеді |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Оқушылармен амандасамын және бүгінгі сабақта жаңа сабақ тақырыбын талқылайтынын хабарлаймын. Эмоционалды интеллект (Emotional Quotient немесе EQ) – бұл адамның эмоцияларын білдіру және басқару, сонымен қатар басқа адамдардың эмоцияларын, сезімдерін, ниеттері мен тілектерін түсіну дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы. 1990 жылы америкалық психологтар Джон Майер мен Питер Саловей «Эмоционалды интеллект» атты мақала жариялады және алғаш рет эмоционалды интеллект (EI,emotional intelligence) ұғымын енгізді. Олардың идеяларына сәйкес, эмоционалды интеллект әлеуметтік интеллекттің бір бөлігі ретінде қарастырылады, ол өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын байқауға, оларды ажырата білуге және осы ақпаратты ойлау мен әрекетті басқару үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 1995 жылы эмоционалды интеллект ұғымы америкалық жазушы, журналист Дэниэл Гоулманның «Emotional Intelligence» кітабының арқасында кең таралды, ол әлемдегі ең танымал бестселлер болды. Гоулманның көзқарасы бойынша эмоционалды интеллект - адамды жақсы немесе бақытты ететін нәрсе емес, бұл эмоцияларды тану (мен өзімді қалай сезінемін, басқа адамдардар қалай сезінеді), эмоцияның себептерін түсіну, түрлі эмоцияларды сезіну, эмпатия тудыру жөніндегі ұғым. |
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: «Эмоционалды интеллект туралы білім кәсіпкерлерге қалай пайдалы болатынын ойланыңыз». |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
Мұғалім оқушыларға 2 тапсырманы береді. 2-тапсырма — өзін-өзі диагностикалау мысалдарының бірі. Бес баллдық шкаланы пайдалана отырып, оқушылар өздерінде төменде көрсетілген қабілеттердің әрқайсысының қай шама- да бар екенін бағалайды. Баға қоймай тұрып, осы қасиеттері айқындалған нақты жағдайларды еске түсіру қажет. Нәтижесі алынып, мағынасы талқыланған соң, қай қасиетті пысықтау қажеттігін түсіну маңызды және «НЕ?" деген сұрақты «ҚАЛАЙ?" деген сұраққа айналдыру да аса маңызды мәселе. Ол үшін оқушы мына сұраққа жауап беруі қажет: ол өз нәтижелерін жақсарту үшін не істейді? Келесі 3-тапсырма «сананы» дамытуға арналған. Бұл оқушының өзін тек менталдық деңгейде ғана емес,сонымен қатар денелік деңгейде сезіну процесіне бағытталған медитативті жаттығулардың бірі. Бұл жаттығу өз жағдайын теңдестіру, міндеттерге назар аудару, сананы басқару, оның ішінде эмоциялық қабілетін дамытуға бағытталған. «Құлақтарыңды қолдарыңмен жабыңдар, қоршаған жағдайға көңіл қойыңдар, барлық детальдарды көруге тырысыңдар. Айналаның көрінісі «жарқын» болған кезде, сіз бұрын назар аудармаған заттарыңызды байқайсыз. Содан кейін көздеріңізді жұмып, дыбыстарға көңіл бөліңіз. Әдеттегі жағдайда біз өз айналамызда 1,5 метрден аспайтын аймақты санамызбен шоламыз. Біз «тыңдау» қасиетімізді күшейте отырып, табиғи және механикалық нюанстарды байқай бастаймыз. Көздеріңді жұмыңдар, құлақтарыңды да жабыңдар. Өз денеңіздің қоршаған ортамен қалай әрекет ететінін сезініңіз — мысалы, аяқ киіміңізді шешсеңіз, жел соққанын немесе шөптің жанасқанын сезесіз». 4-тапсырма «бейімделуді» дамыту үшін пайдалы, «эмоциялар карточкасы» деген қарапайым жаттығуды жасауға болады. «Ашу-ыза», «қуаныш», «қайғы», «қызығушылық», «абыржу», «ойланғыштық», «батылдық», «сенімсіздік», «есінен тану» деген жазулары бар карточкаларды мұғалім алдын ала дайындайды (қызықтыру үшін басқа эмоцияларды қалауыңыз бойынша қосуға болады). Содан кейін екі адам шығып әрқайсысы кезекпен карточка таңдап алады да, кезекпен көңіл күйді анықтайды. Бұл өзінің эмоциялық күйін «пысықтаудың» қарапайым тәсілі. Бұл ретте келіссөзші ретінде сіздің тиімділігіңіз бірнеше есе артады. Нәтижесінде біз өз денемізді, мимикамызды басқару дағдыларын тағы да пысықтап, өз санамызды босатамыз. Осындай жаттығуларды орындай отырып сіз соңғы бірнеше жылмен салыстырғанда өзіңіздің шынайы мақсаттарыңызға жақындай түсесіз, себебі сіз табысты бизнесменнің немесе басшының ең басты ісімен — «жасампаздық стратегиясымен» айналысасыз. Бұл тапсырмалар аздаған түсініктемесі бар қарапайым ұсыныстар формасында, сол сияқты нақты жаттығулар түрінде берілуі мүмкін — мұнда оқытушы топтық динамикаға және уақыт ресурстарына бейімделеді. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
Осы сабақты қорытындылаушы тапсырма — «Эмоциялық баланс» жаттығуы. Өзіңіз үшін маңызды жеке немесе іскерлік қатынастарды таңдаңыз. Жеке қарым-қатынастар үшін бірнеше күннен бір аптаға дейінгі кезеңді еске түсіру жеткілікті, іскерлік кезең үшін көбірек — бір-екі айлық кезеңді алған жөн. Парақты тік сызықпен екіге бөліңіз, сол бағанды «+», оң жақты «-» деп белгілеңіз. Сіздің ойыңызша, сіздің шотыңыздың жағдайын жақсартқан барлық іс-әрекеттеріңізді сол бағанға жазыңыз (сіздің серіктесіңіздің көңіл күйін жақсартқан іс-әрекеттер), оң жаққа — оны нашарлатқан жағдайларды жазыңыз. Берілген кезеңде осы қатынастарда сіз өзіңіздің эмоциялық баланс жағдайыңызға қалай әсер кеткеніңізді қараңыз. Сіз оны жақсарта алдыңыз ба немесе бұрынғы деңгейде ұстап қала алдыңыз ба? Немесе оң бағанадағы іс-әрекеттер саны артуда ма? Егер сіз сол бағанада тамаша іс-әрекеттері толып жатқан адамдар санатына жататын болсаңыз, сіз осы жағдайда балансты бұзбайсыз ба, осы жөнінде ойланып көріңіз. Серіктестеріңізге тым көп беріп, есесіне тым аз сұрамайсыз ба? Екі жағдайда да тепе-теңдікті азды-көпті тепе-тең күйде ұстап тұруға көмектесетін іс-қимыл жоспарын жасау қажет. Мұндай талдауды ең болмаса айына бір рет ең маңызды фигуралар мен «шоттар» үшін және бірнеше айда бір рет — өзіңіз үшін маңызды адамдар үшін жүргізіп отырған дұрыс. Бүгінгі жаңа сабақта не білдіңіздер? |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
Бөлім |
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
|||||
Педагогтың аты жөні |
|
|||||
Күні |
19.03.2024ж |
|||||
Сынып: 11 а |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Тайм менеджмент |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.3.11.1 тайм-менеджментінің мәні мен мағынасын түсінеді; 11.3.11.2 өз тиімділігін арттыру мақсатында уақытты басқару дағдыларын қолданады |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы |
Оқушылармен амандасып және бүгінгі сабақта олар "Тайм-менеджмент" тақырыбын талдайтынын хабарлаймын. 1-тапсырмадағы тайм менеджмент туралы мифтерді зерттегеннен кейін оқушылар өз өмірлерінен мифтерді жоюдың мысалдарын келтіруі керек.Осылайша, олар аңыздар мен мифтерді жою деректерінің шынайылығында көздері жетеді. Сондай-ақ теориялық ережелердің өмірдегі нақты практикалық жағдайлармен байланысын түсінеді . |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: өмірде және бизнесте уақытты басқару және оны сауатты пайдалану дағдылары қай жерде пайдалы болады? |
Мадақ
тау |
Кәсіпкерлік және бизнес не гіздері. 11-сы ныпқа арналған оқулық. 2 бөлім |
||
Сабақтың ортасы |
"Өмір менеджменті" блогымен таныстырамын және алған білімдерін практикалық бекітуге көшемін. 2-тапсырма күн сайын өз-өзінің тиімділігі саясатын қалыптастыруға бағытталған: Егер оқушылар әсерлерімен бөлісуді, талдауды үйренбесе, тапсырмада кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Сыныптағы атмосфераға байланысты осы тапсырманың кейбір жауаптарының құрылымын беру ұсынылады: кей жерде бұл ресми түрде өтеді, ал кей жерлерде терең әрі толықтай өтеді. Сабақ «Өмірлік мақсат» 3-тапсырмасымен аяқталады. «Тайм-менеджмент» ұғымы өмірде мақсаттардың дұрыс тұжырымдалуын болжайды. Дұрыс мақсат қоюды үйрену үшін осы жаттығуды орындау ұсынылады. Сізге мақсаттардың дәлдігін, шынайылығын анықтау, мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндіктердің бар болуын қарау қажет. Тапсырма орындалған соң парақтарды тастамаңыз: ол парақтар сізге бағдарды қазіргі жағдаймен салыстыру үшін қажет болады. Бұл жаттығу құндылықтар мен басымдықтарды жақсы анықтайды, өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Оқушыларға бұл тізім келесі сабақта және қарапайым өмірде қажет болатынын хабарлаңыз. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
|
||
Сабақтың соңы |
Бүгінгі жаңа сабақта не білдіңіздер? |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|

