Материалдар / Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік оқу орны-үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Кәсіби білім беру оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім-бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіптік білім-бағдар бере отырып оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Әдістемелік жинақта болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде, болашақта қызмет барысында қолдануға машықтандырудың жолдары көрсетілген.Өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты ж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2024
180
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТАЛДЫҚОРҒАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ















Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға

терминдерді жүйелі меңгертудің

тиімді жолдары

















Талдықорған-2023

Талдықорған

Кіріспе


Кәсіптік оқу орны-үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Кәсіби білім беру оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім-бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіптік білім-бағдар бере отырып оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Әдістемелік жинақта болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде,  болашақта қызмет барысында қолдануға машықтандырудың жолдары көрсетілген.Өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері берілген.

Кәсіптік орта білім беруде мемлекеттік тілді оқытудағы басты мақсат- кәсіби бағдарына сәйкес, оның болашақ өміріне қажетті тілдік дағдылар мен сөз мәдениетін меңгерту. «Кәсіптік қазақ тілі» пәнін арнаулы орта оқу орнында окыту- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде алған бір белесі десек те, бұл бағдарламамен оқыту-оқытушылардан көп ізденісті талап етеді. Кәсіптік қазақ тілінің окытушылары оқу орнында дайындалатын мамандық иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді игеріп, ауызекі сөйлеу тілін, іс кағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын, үйрету талабын іске асыру мақсатында жұмыстар атқаруда.Бұл жинақта болашақ маман иелеріне терминдерін меңгерту үшін сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу жолдары көрсетілген. Белгілі бір мамандыққа байланысты    сөздіктермен жұмыс , аударма және түсіндірме сөздіктерді дұрыс пайдалану мүмкіндігі айқындалған.




















Ғылым мен техникадағы терминдердің мәні

Қазіргі кездің жастары өз болашақтарының Қазақстанмен,өз елінің нарығымен тығыз байланыста екендігін жақсы түсінеді.Ел экономикасына мемлекеттік тілді жақсы меңгерген мамандар қажеттілігі күн санап артып келе жатқандығын да біледі.Сондықтан да қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздығын түсініп,оны меңгеру жолында тер төгіп,күш-жігерін салып жүрген жастар арасында біздің Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледж білім алушылары да бар.

Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет.

Термин жасауда негізгі мынадай тілдік тәсілдердің басты нысанаға алынатындығы баршамызға аян. Біріншіден, қазақтың өз сөздерін термин қатарына тарту, екіншіден, туыстас түркі тілдерінің сөздік қорын және озық тәжірибелерін пайдалану, үшіншіден, халықаралық терминдерді алғанда тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеру

Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген атауларды есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Тіл үйренушілерге терминдерін меңгерту үшін ең алдымен сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сөздіктермен жұмыс негізінен, белгілі бір мамандыққа байланысты   аударма және түсіндірме сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан әрбір сабақта  сөздік жұмысын дұрыс пайдалану қажет. Таныс емес сөздердің мағынасын  жан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау жасатып, ол сөздің стилдік  мүмкіндігін  тиімді  пайдаланып отырамыз.Белгілі бір терминді сөздік арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет; екіншіден, оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден, жаңа терминнің ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату,  сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу қажет; төртіншіден,  жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып,  мәтін, диалог, әңгіме,  құрастыру қажет.Осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданатын болсақ,  мамандыққа қатысты терминдерді  тиімді  меңгерте аламыз.  Әр терминді өз орнына  дұрыс қолдана алатын,  өз ойын дұрыс жеткізе алатын  білімді маман даярлау үшін тіл дамыту жұмыстары жүргіземіз. Тіл дамыту жұмыстарының барлық түрі лексикалық материал негізінде тіл үйренушілерге мәтіннің мазмұнын игеру барысында жүзеге асады.

Тіл үйренушілердің тілді білу деңгейіне қарай кәсіби қазақ тілін оқыту екі топқа (бастауыш және жалғастырушы) бөлінеді. Бастауыш топта кәсіби сөздермен, сөз тіркестерімен, оңтайландырылып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен жұмыс жүргізілсе, ал жалғастырушы топта көбінесе мамандықтарына байланысты тақырыптармен сабақтастыра, күрделенген кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтіндер білім алушыларды мамандық тілін меңгертуде ерекше қызмет атқарады. Сабақ барысында кәсіби мәтінмен жұмыс істеу тіл үйренушінің кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге деген қызығушылығының артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Кәсіби мәтіндер негізінде білім алушының мамандығы туралы білімін жетілдіреді, өзінің келешекте атқаратын жұмыстары туралы пайдалы, өте қажетті ақпараттар алады, кәсіби танымдары кеңейеді, сонымен қатар кәсібіне сай сабақта алған білімдерін болашақ қызметінде пайдалана алады.

         Кәсіби мәтіндер – мамандыққа қатысты лексикалық минимумдарды қамтитын, белгілі бір мамандықты игеру үшін қажет кәсіби білім беретін күрделі қатысымдық бірлік. Әр сала бойынша білім алатын студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеу кезеңінде терминдерді өте жақсы қабылдайды және олармен қызыға жұмыс істейді. Осыған орай кәсіби қазақ тілі сабағында көбінесе мамандығына қатысты кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізудің мақсаты – студенттің мәтінді практика жүзінде игеруін жүзеге асырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруға икемдеу. Кәсіби мәтіндер–мазмұндық, тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленіп, пәрменді лексика нормасына құрылған, мамандыққа қажетті ақпаратқа толы, кәсіби терминдері мол, студенттердің білім деңгейіне сай болуы шарт. 

Кәсіби қазақ тілі сабағын студенттің мамандықтарына қатыстыра, тығыз байланыстыра оқыту студенттердің өз мамандығы жайлы мағлұматын кеңейтіп, кәсіптік ынтасын арттырады, әрі пәнге қызығушылығын күшейтеді.

Болашақ маман алған білімін өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады. Тілді мамандыққа сай оқытуда тіл үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады.

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында терминдерді оқытудағы басты мақсат - болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа, кәсіпке байланысты атау  сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады, терминдердің түсініктемесіне мән береді және оны келешекте қызмет барысында қолдану-олардың өз саласын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Терминдермен жұмыс барысында сөздердің мағынасын меңгерілмейінше, еш нәтиже бермейді.

Өзінің таңдаған мамандығының нағыз шебері болу үшін оқытушы термин жасаудың жолдарын үйретіп, студенттің қызығушылығын арттыруы қажет.Мамандыққа қатысты сөздік қорды байыту дегеніміз – мамандыққа қатысты лексикалық единицалар мен терминдердің толық түсінігін қалыптастыру. Терминдерді аударғанда сыртқы пішін ұқсастығы, қызмет бірлігі, мағыналық жақындығы болуы шарт.

Мамандыққа, кәсіпке қатысты тіл үйрету бір жағынан осы тілді оқытудың мотивациялық аспектілерін кеңейтуді көздесе, екінші жағынан, олардың жалпы тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет-тілдің өзі қалаған мамандықпен тікелей қатысын, осы саладағы жұмсалу ерекшеліктерін, терминдерді, кәсіби сөздік қорын игерту. Сондай-ақ бұл сабақтарда талапқа сай білім алушының өзіндік ізденісінің салмағын арттыруға мән беріледі. Бұл бағытта білім алушылар әр сабақ сайын өз мамандықтарына қатысты мәтіндерді оқып, кәсіби сөздер, сөз тіркестері, терминдермен танысып, оларды есте сақтауға, сауатты жазуға, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйренді.

Бүгінгі білім алушы – ертеңгі білікті маман. Кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың термин меңгерудегі білімі жүйелі берілсе, келешекте оны тәжірибе жүзінде пайдалануда ақсамайтыны мәлім. Сондықтан колледж түлегіне және оның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге міндетті оқытушыға қойылатын талаптар жоғары болмақ.Біздің колледжіміздің тіл мамандары өзінің алдына қойылған маңызды тапсырмаларды орындау мақсатында еңбек етуін жалғастыра бермек.


ІСКЕР ЗАМАНДА КӘСІПТІЛІККЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ


Қазіргі нарық заманында жұмысшы маманның іскерлік қарым-қатынасқа, кәсіптілік бәсекеге түсе білетін-жеке тұлға ретінде қалыптасқан білікті маман болуы шарт. Болашақ жұмысшылардың осындай талапқа сай білікті маманды дайындап шығу-кәсіптік білім беретін оқу орнында қызмет атқарып жүрген әрбір ұстаздың парызы.Соның ішінде кәсіптік қазақ тілі пәні оқытушыларының да қосатын өз үлестері мен маңызды міндеттері бар.Жұмысшы маман иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді жете игертіп, іс қағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын үйрету талабын іске асыру мақсатында қызмет атқаруда.

Кәсіптік білім беру оқу орындарында қазақ тілін оқытуда кәсіптік терминдерге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кәсіби қазақ тілі сабақтарының басты мақсаты- мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс істеу арқылы, болашақ мамандарға мамандыққа байланысты сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту және оны келешек қызмет аясында қолдану.


Кәсіби терминдерге байланысты мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері

Жұмысшы мамандарға кәсіби тілді үйретуге арнайы окулықтардың жоқтығы, ал бар оқулықтардың деңгейіне сай келмейтіні баршамызға белгілі. Сондықтан біздердің бірнеше жылдардан бері атқарып жатқан жұмысымыз-оқу процесін дидактикалық материалмен қамтамасыз ету. Оқулықтардағы мәтіндерді ықшамдап, оқушылар деңгейіне сай келтіру, көптеген тақырыптар бойынша газет, журналдардан арнайы пәндер оқулықтарынан материал жинақтап, мәтін құрастыру болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің үлгісі:

1)мәтінді мәнерлеп, дауыстап, бір ырғақпен оқып шығу:

2)дұрыс оқылуын қадағалау;

3)сөздікпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздерді еске сақтау және ауызша оқылуына мән беру;

4)Осы сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару;

5)Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

6)Мәтінді қалай түсінгендігін тексеру, қорыту мақсатымен мәтіннің мазмұнын айту және осы мәтіннің тақырыбын ашатындай сөзжұмбақ, кластер құрастыру.

Білім алушы өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды.Мұндай мәтін арқылы білім алушыларға келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі. Ол білім алушы білімін, білігін ,танымын толықтыра түседі. Болашақ «Электр және газбен дәнекерлеуші» маман иелеріне «Доғаның жануы», «Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру»,«Доғалы пісіруге арналған электродтар», «Электродтық сымдар» т.б. мәтіндерімен жұмыс жүргізілсе, болашақ токарларға «Шеберханада», «Жұмыс орнында», «Көрмеде», «Бұны әрбір токарь білуі керек» т.б. тақырыптары бойынша мәтіндермен жұмыс жүргізіліп, терминдер үйретіледі.

I курс білім алушылары мамандықтары бойынша «Жұмысшы қолдары», «Жұмыс орнының техникалық қауіпсіздігі», «Автокөлік жөндеуші слесарь жұмыс орны», «Жұмыс күнінің басталуы» мәтіндерімен жұмыс жүргізу арқылы терминдер минимумын меңгеріп шығады.

Өзге тілді үйренуде сөздіктің орны ерекше. Сөздік сөздерді байланыстырып сөйлеуге, сұхбат кұруға , сөйлем құрастыруға көмектесетін басты құрал. Сабақта сөздік қорын үнемі байытып отыру- тіл дамытудағы негізгі мәселе болғандықтан, бұған ерекше мән беріледі. Сөздік қоры бай адам ойын да анық жеткізе алады. Белгілі бір мамандыққа байланысты лексиканы үйрету сөздік жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Сөздік минумумға кіретін сөздер тілдік қарым- қатынасқа сәйкес, қолайлы болуы шарт.

Оқытушы әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектеліп қана қоймай, оларды естерінде тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізуі кажет. Онда төмендегі жұмыстар орындалады: сол сөздерді қатыстырып, бір-біріне сұрақ қойғызып жауап бергізу, сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу.

Сөздік жұмысына сабақ уақытын арнайы бөлмей , оны жұмыс барысында жүргізуге болады.Себебі, жаңа сөзді құр қайталаудан гөрі , сөз тіркесі , сөйлем ішінде, мәтінді оқыту барысында меңгерту элдеқайда пайдалы. Мәтінде кездескен сөздің мағынасын түсіндіре отырып, оның грамматикалық құрлымына тоқтала кеткен жөн.Мүмкіндік болса , сөздің синонимін, антонимдерін беріп, сөздерге құрамы бойынша талдау жасап, түбірлес сөздерді тапса, сөздік жұмыстың нәтижелі болғандылығы. Сөзді бекіту барысында оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырма берілуі шарт.

Тіл ұстарту жұмысындағы тиімді әдістердің бірі-сұрақ қоюды үйрету. Ойды өсіретін әдістемеде кез келген іс-әрекетке жетекшілік ететін-сұрақ. Сұрақ қою арқылы сөзді анықтауға , ойлантуға , сұрақ арқылы жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді әңгімелеуге үйрету жұмыстарын жүргіземін. Мысалы, білім алушылар мәтінді ынтамен тыңдайды,оқып шығады. Әрбір білім алушы мәтінге сұрақ жазып , оны оқытушыға береді. Сосын оқытушыдан кез келген сұрақ жазылған парақты алып, жауабын ойластырады. Немесе сұрақтар арқылы жаңа сөз ретінде сөздікке жазылатын кәсіби сөздерді анықтайды.Мысалы: «Дәнекерлеу қызметі немен айналысады?», «Өндірістік тәжірибе дегеніміз не?»,«ТӨИ және ЖТ колледж мамандықтары туралы не білесің?».Ең жиі жүргізілетін жұмыстың бір түрі- кәсіби терминдерге сұрақ қою арқылы олардың қай сөз таптарына жататындығын анықтау. Бұл жұмыс өз кезегінде терминдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыруды жеңілдетеді.

Жаңа технология бойынша сабақты бекітудің әр түрлі әдістері бар. Интерактивті тәсілдерден басқа біздің колледжде кеңінен қолданылып жүрген сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары диаграмма жасау, сөзжұмбақ шешу, кластер құру. Кластермен көбі таныс және оның тіл дамытуда көмегі зор. «Жұмыс орны» тақырыбынан Венн диаграммасын толтырғанда білім алушылар «Автокөлік жөндеуші слесарь» мен «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жұмыс орындарының айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.

Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда кәсіптік қазақ тілін оқыту аса шеберлікті, көп ізденісті, тиянақты білімді қажет етеді. Кәсіптік колледж түлектерінің заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгерген білікті маман болып шығуы- қазақ тілі оқытушыларының да тікелей міндеті деп санаймын

«Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша

берілетін мәтінмен жұмыс түрлері


1.ДОҒАЛЬІ ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН

ҰЙЫМД АСТЫРУ


1.1. Пісіру посттары туралы жалпы мәліметтер:

Жұмысшылар немесе жұмыс бригадасының өндіріс операцияларын орындауы барысында жабдықтар мен қажетті керек-жарақтарға сәйкес және технологиялық процесс талаптарына сай жабдықталған өндірістік алаңның белгілі бір аумағы түріндегі жұмыс орны бекітіледі. Электрмен пісірушінің жұмыс орны пісіру жұмыстарын жасау үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған пісіру посты болып табылады. Пісіру постары тұрақты және жылжымалы (көшпелі) болады. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру едәуір дәрежеде пісіруші еңбегінің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ пісіру жіктері мен қосылыстардың сапасына да әсер етеді.

Пісірушінің жұмыс орны орындалатын жұмыс пен пісірілетін құрылымдардың габаритіне байланысты арнаулы пісіру кабинасында немесе тікелей осы бөлшектерде орналасуы мүмкін.Шағын бұйымдарды пісіру барысында жұмыс орны көлемі 2000x2000 немесе 2000x3000 мм пісіру кабиналарымен жабдықталады . Кабинаның қаңқасы болат құбырдан немесе профильді прокаттан металл түрінде жасалады. Кабинаның қабырғалары жақсы желдету үшін оларды еденге 200-300 мм дейін жеткізбей, биіктігін 1800-2000 мм етіп жасайды.

Сөздік:

1.өндіріс операциялары- производственные операции

2.жабдықтар-оборудование

3.тұрақты- постоянный

4.жылжымалы- передвижная

5.пісіру жіктері-сварочные швы

6.қаңқа-рама

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Электрмен пісірушінің жұмыс орны ....... барлық қажеттіліктермен жабдықталған ....... болып табылады. Пісіру постары ........ болады. Пісірушінің жұмыс орны орындалатын ....... байланысты арнаулы пісіру кабинасында ......... бөлшектерде орналасуы мүмкін. Кабинаның қаңқасы ......... профильді прокаттан металл түрінде жасалады.

3 –тапсырма . Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз. Үш сөзге фонетикалық талдау жаса.


2.Доғамен металды балқыту және тасу


Электр доғасы ашық түс береді және едәуір мөлшерде жылу бөліп шығарады, яғни кейіннен олардың анодпен, катодпен және бір-бірімен соқтығысуы кезінде жылулық энергиясы бөлшектердің қозғалыс энергиясына айналуы түзіледі. Жылу анод пен катодта бөліне отырып, пісірілетін металл мен электродтың ұшын балқытады. Катодтың және анодтық аумақта доға жылуының негізгі мөлшері бөлініп шығады.

Доғаның өзінен электрод материалын буландыруға жұмсалатын және қоршаған ортада жарым- жартылай жоғалатын жылудың аз бөлігі бөлінеді. Жоғары доғасы жылудың көп мөлшерін бөледі, сонымен бірге металды өте шоғырлы қыздыруды қамтамасыз етеді. Доғаның әсерімен металл толық балқыту немесе толық пісіру тереңдігі деп аталатын кейбір тереңдікте балқиды. Көмірлі электродпен тұрақты токта пісіру барысында анодта бөлінген жылудың мөлшері доға жылуының жалпы мөлшерінің 42% -ға жуығын, катодта 38% жуығын құрайды. Қалған 20%-ы доға бағанында бөлінеді. Зарядталған бөлшектердің біршама мөлшері катод арқылы лақтырылып тасталады, сондықтан бөлшектердің аса күшті сақталуына ұшырайды, соның салдарынан онда әрқашан жылудың көп мөлшері бөлінеді.

Сөздік:

1.Электр доғасы-электрическая дуга

2.Көмірлі электрод-углевой электрод

Тапсырмалар:

Мәтіннен септік тұлғада тұрған сөздерді тауып, аударыңдар.

Сөз тіркестерді аударыңыз: толық пісіру тереңдігі, қыздыруды қамтамасыз етеді, лақтырылып тасталады.


3.ДОҒАЛЬІ ПІСІРУГЕ АРН АЛҒ АН ЭЛЕКТРОДТАР


Балқытып пісірілген металл берілген пісіру құрылымдарын пайдалану жағдайларына байланысты болатын әр түрлі талаптарды қанағаттандыруы қажет. Әдетте, балқытып пісірілген металдың бірінші кезекте механикалық беріктілігі, тығыздығы талап етіледі. Сондай-ақ, балқытып пісірілген металл тозуға карсы төзімді болуы тиіс, ол кәдімгі температура жағдайында суық сынғыш болмауы керек. Кейбір құрылымдар үшін ыстыққа төзімді балқытып пісірілген металдың тығыздығы талап етіледі.

Ал бірқатар құрылымдар үшін жоғарғы қаттылықты, тозуға төзімді, коррозияға қарсы берік балқытып пісірілген металл қажет етіледі.

Осы қасиеттер электродты стерженьді металды жөне электродты жабындының құрамын дұрыс таңдап алуға негіз болады. Бұдан басқа, берілген жағдай үшін белгіленген пісіру режимдерін және кейіннен пісірілген қосылыстарды өңдеуді сақтау қажет. Осы тарауда электродтар мен олардың жабындыларының қасиеттері қарастырылған. Әр түрлі болаттарды пісіру режимдерінің ерекшеліктері мен осы жағдайда қолданылатын электродтардың түрлері баяндалады.

Сөздік:

1.талаптар-требования

2.құрам-состав

3.өңдеу-разработать

Тапырмалар:

Мәтінді оқу.

Мәтіннен есім сөздерді теріп жаз.

Берілген сөздерді септеп жаз: электрод, коррозия, болат .


4. Доғаның жануы


Пісіру кезінде доғаның пайда болу процесі төмендегідей түрде өтеді: пісірілетін металл электрод ұшымен түйіскен (жанасқан) жағдайда пісіруде тізбектердің қысқаша тұйықталуы жүреді . Металл мен электродтың жанасу нүктесінде өте жоғары тығыздыққа ие болған ток жекелеген шығыңқы жерлермен өте отырып, оны лезде балқытады, соның салдарынан электродта жұқа қабат түзіледі . Бұдан соң пісіруші электродты біршама бұрып әкетеді, сондықтан токтың тығыздығы мен металдың температурасы артып, сұйық металда түтікше түзіледі.Содан кейін балқыған металдың булануы арқасында түтікше үзіледі де электрод пен металдың арасында газ бен будың иондалған аралығында пісіру доғасы түзіледі.


Сөздік:

1.түйіскен- застыкованный

2.балқытады- расплавляющий

3.түтікше-трубочка

Мәтінге қатысты тапсырмалар:

Мәтінді оқу.

Жалқы зат есімдерді теріп жаз.

1 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


5.Кескішті жинау және жұмыс жасау жолдары


Кескіш дегеніміз –жоғарғы температура арқылы темірді кесетін аспап. Демек жоғарғы температура арқылы темірді қыздыру барысында таза оттекті ағын арқылы темірді кеседі. Қағидаты бойынша 2-ге бөлінеді инжекторлы және инжекторсыз. Мақсаты бойынша әмбебап және арнайы. Әмбебап - қалындығы 5-3000 мм дейінгі темірлерді кесетін кескіш. Бұл кескіштің әр қалындыққа әр түрлі мүштік қолданады .Мүштік номерлері 0-6-ға дейін .Ол дегеніміз – темір қалыңдаған сайын номер саны өседі.Кескіш екі бөліктен тұрады. Діңі және ұштықтан. Темірдің балқу температурасы 1539 С0 болса оттекті пропанды кескіш 3100 С0. Кескішпен тек төмен және орташа көміртекті болаттарды кесуге болады.Кескіштің құрылымы :кескіш ,оттекті баллон,пропанды баллон , шілтелер, редуктор (оттекті және пропанды)және қосымша баллон ашатын кілтер.Қосу барысында барлық қосындылар еш ақаусыз және тексеру мерзімдері уақтылы өтілуі тиіс.Шілтерді арнайы қысқышпен қысып ,бұратылмай дұрыс жалғау керек.Оттекті баллондарды тік жағдайда тұрғызу керек. Кескішті қосар алдында оттекпен үрлеп алу керек . Бірінші жанғыш газды жағып ,сосын ақырындап оттекті ашу керек. Қалыпты жалын болған соң ғана темірдің шетінен бастап қыздыру керек. Темір сары түсті балқи бастаған соң , оттек кескіш винтилін ашып,кескішті сәл ғана алдыға қиғаштау керек.Сонда темірдің қызуы жылдам болады.Кесіп болған соң бірінші кескіш винтельді жауып,сосын оттек винтельді жапқаннан соң жанғыш газды жабу керек.Толық өшкеннен кейін оттек винтельді ашып,үрлету керек. Жұмыс жасау режимдері егер темір қалындығы 3-15мм дейін болса,оттек баллоны салмағы 70 кг, сыйылымдығы - 40 литр болады.

Сөздік:

1300 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!