Материалдар / Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары

Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік оқу орны-үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Кәсіби білім беру оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім-бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіптік білім-бағдар бере отырып оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Әдістемелік жинақта болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде, болашақта қызмет барысында қолдануға машықтандырудың жолдары көрсетілген.Өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты ж
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТАЛДЫҚОРҒАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ















Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға

терминдерді жүйелі меңгертудің

тиімді жолдары

















Талдықорған-2024

Талдықорған

Кіріспе


Кәсіптік оқу орны-үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Кәсіби білім беру оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім-бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіптік білім-бағдар бере отырып оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Әдістемелік жинақта болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде,  болашақта қызмет барысында қолдануға машықтандырудың жолдары көрсетілген.Өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері берілген.

Кәсіптік орта білім беруде мемлекеттік тілді оқытудағы басты мақсат- кәсіби бағдарына сәйкес, оның болашақ өміріне қажетті тілдік дағдылар мен сөз мәдениетін меңгерту. «Кәсіптік қазақ тілі» пәнін арнаулы орта оқу орнында окыту- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде алған бір белесі десек те, бұл бағдарламамен оқыту-оқытушылардан көп ізденісті талап етеді. Кәсіптік қазақ тілінің окытушылары оқу орнында дайындалатын мамандық иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді игеріп, ауызекі сөйлеу тілін, іс кағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын, үйрету талабын іске асыру мақсатында жұмыстар атқаруда.Бұл жинақта болашақ маман иелеріне терминдерін меңгерту үшін сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу жолдары көрсетілген. Белгілі бір мамандыққа байланысты    сөздіктермен жұмыс , аударма және түсіндірме сөздіктерді дұрыс пайдалану мүмкіндігі айқындалған.




















Ғылым мен техникадағы терминдердің мәні

Қазіргі кездің жастары өз болашақтарының Қазақстанмен,өз елінің нарығымен тығыз байланыста екендігін жақсы түсінеді.Ел экономикасына мемлекеттік тілді жақсы меңгерген мамандар қажеттілігі күн санап артып келе жатқандығын да біледі.Сондықтан да қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздығын түсініп,оны меңгеру жолында тер төгіп,күш-жігерін салып жүрген жастар арасында біздің Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледж білім алушылары да бар.

Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет.

Термин жасауда негізгі мынадай тілдік тәсілдердің басты нысанаға алынатындығы баршамызға аян. Біріншіден, қазақтың өз сөздерін термин қатарына тарту, екіншіден, туыстас түркі тілдерінің сөздік қорын және озық тәжірибелерін пайдалану, үшіншіден, халықаралық терминдерді алғанда тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеру

Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген атауларды есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Тіл үйренушілерге терминдерін меңгерту үшін ең алдымен сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сөздіктермен жұмыс негізінен, белгілі бір мамандыққа байланысты   аударма және түсіндірме сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан әрбір сабақта  сөздік жұмысын дұрыс пайдалану қажет. Таныс емес сөздердің мағынасын  жан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау жасатып, ол сөздің стилдік  мүмкіндігін  тиімді  пайдаланып отырамыз.Белгілі бір терминді сөздік арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет; екіншіден, оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден, жаңа терминнің ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату,  сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу қажет; төртіншіден,  жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып,  мәтін, диалог, әңгіме,  құрастыру қажет.Осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданатын болсақ,  мамандыққа қатысты терминдерді  тиімді  меңгерте аламыз.  Әр терминді өз орнына  дұрыс қолдана алатын,  өз ойын дұрыс жеткізе алатын  білімді маман даярлау үшін тіл дамыту жұмыстары жүргіземіз. Тіл дамыту жұмыстарының барлық түрі лексикалық материал негізінде тіл үйренушілерге мәтіннің мазмұнын игеру барысында жүзеге асады.

Тіл үйренушілердің тілді білу деңгейіне қарай кәсіби қазақ тілін оқыту екі топқа (бастауыш және жалғастырушы) бөлінеді. Бастауыш топта кәсіби сөздермен, сөз тіркестерімен, оңтайландырылып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен жұмыс жүргізілсе, ал жалғастырушы топта көбінесе мамандықтарына байланысты тақырыптармен сабақтастыра, күрделенген кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтіндер білім алушыларды мамандық тілін меңгертуде ерекше қызмет атқарады. Сабақ барысында кәсіби мәтінмен жұмыс істеу тіл үйренушінің кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге деген қызығушылығының артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Кәсіби мәтіндер негізінде білім алушының мамандығы туралы білімін жетілдіреді, өзінің келешекте атқаратын жұмыстары туралы пайдалы, өте қажетті ақпараттар алады, кәсіби танымдары кеңейеді, сонымен қатар кәсібіне сай сабақта алған білімдерін болашақ қызметінде пайдалана алады.

         Кәсіби мәтіндер – мамандыққа қатысты лексикалық минимумдарды қамтитын, белгілі бір мамандықты игеру үшін қажет кәсіби білім беретін күрделі қатысымдық бірлік. Әр сала бойынша білім алатын студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеу кезеңінде терминдерді өте жақсы қабылдайды және олармен қызыға жұмыс істейді. Осыған орай кәсіби қазақ тілі сабағында көбінесе мамандығына қатысты кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізудің мақсаты – студенттің мәтінді практика жүзінде игеруін жүзеге асырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруға икемдеу. Кәсіби мәтіндер–мазмұндық, тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленіп, пәрменді лексика нормасына құрылған, мамандыққа қажетті ақпаратқа толы, кәсіби терминдері мол, студенттердің білім деңгейіне сай болуы шарт. 

Кәсіби қазақ тілі сабағын студенттің мамандықтарына қатыстыра, тығыз байланыстыра оқыту студенттердің өз мамандығы жайлы мағлұматын кеңейтіп, кәсіптік ынтасын арттырады, әрі пәнге қызығушылығын күшейтеді.

Болашақ маман алған білімін өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады. Тілді мамандыққа сай оқытуда тіл үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады.

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында терминдерді оқытудағы басты мақсат - болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа, кәсіпке байланысты атау  сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады, терминдердің түсініктемесіне мән береді және оны келешекте қызмет барысында қолдану-олардың өз саласын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Терминдермен жұмыс барысында сөздердің мағынасын меңгерілмейінше, еш нәтиже бермейді.

Өзінің таңдаған мамандығының нағыз шебері болу үшін оқытушы термин жасаудың жолдарын үйретіп, студенттің қызығушылығын арттыруы қажет.Мамандыққа қатысты сөздік қорды байыту дегеніміз – мамандыққа қатысты лексикалық единицалар мен терминдердің толық түсінігін қалыптастыру. Терминдерді аударғанда сыртқы пішін ұқсастығы, қызмет бірлігі, мағыналық жақындығы болуы шарт.

Мамандыққа, кәсіпке қатысты тіл үйрету бір жағынан осы тілді оқытудың мотивациялық аспектілерін кеңейтуді көздесе, екінші жағынан, олардың жалпы тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет-тілдің өзі қалаған мамандықпен тікелей қатысын, осы саладағы жұмсалу ерекшеліктерін, терминдерді, кәсіби сөздік қорын игерту. Сондай-ақ бұл сабақтарда талапқа сай білім алушының өзіндік ізденісінің салмағын арттыруға мән беріледі. Бұл бағытта білім алушылар әр сабақ сайын өз мамандықтарына қатысты мәтіндерді оқып, кәсіби сөздер, сөз тіркестері, терминдермен танысып, оларды есте сақтауға, сауатты жазуға, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйренді.

Бүгінгі білім алушы – ертеңгі білікті маман. Кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың термин меңгерудегі білімі жүйелі берілсе, келешекте оны тәжірибе жүзінде пайдалануда ақсамайтыны мәлім. Сондықтан колледж түлегіне және оның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге міндетті оқытушыға қойылатын талаптар жоғары болмақ.Біздің колледжіміздің тіл мамандары өзінің алдына қойылған маңызды тапсырмаларды орындау мақсатында еңбек етуін жалғастыра бермек.


ІСКЕР ЗАМАНДА КӘСІПТІЛІККЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ


Қазіргі нарық заманында жұмысшы маманның іскерлік қарым-қатынасқа, кәсіптілік бәсекеге түсе білетін-жеке тұлға ретінде қалыптасқан білікті маман болуы шарт. Болашақ жұмысшылардың осындай талапқа сай білікті маманды дайындап шығу-кәсіптік білім беретін оқу орнында қызмет атқарып жүрген әрбір ұстаздың парызы.Соның ішінде кәсіптік қазақ тілі пәні оқытушыларының да қосатын өз үлестері мен маңызды міндеттері бар.Жұмысшы маман иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді жете игертіп, іс қағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын үйрету талабын іске асыру мақсатында қызмет атқаруда.

Кәсіптік білім беру оқу орындарында қазақ тілін оқытуда кәсіптік терминдерге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кәсіби қазақ тілі сабақтарының басты мақсаты- мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс істеу арқылы, болашақ мамандарға мамандыққа байланысты сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту және оны келешек қызмет аясында қолдану.


Кәсіби терминдерге байланысты мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері

Жұмысшы мамандарға кәсіби тілді үйретуге арнайы окулықтардың жоқтығы, ал бар оқулықтардың деңгейіне сай келмейтіні баршамызға белгілі. Сондықтан біздердің бірнеше жылдардан бері атқарып жатқан жұмысымыз-оқу процесін дидактикалық материалмен қамтамасыз ету. Оқулықтардағы мәтіндерді ықшамдап, оқушылар деңгейіне сай келтіру, көптеген тақырыптар бойынша газет, журналдардан арнайы пәндер оқулықтарынан материал жинақтап, мәтін құрастыру болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің үлгісі:

1)мәтінді мәнерлеп, дауыстап, бір ырғақпен оқып шығу:

2)дұрыс оқылуын қадағалау;

3)сөздікпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздерді еске сақтау және ауызша оқылуына мән беру;

4)Осы сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару;

5)Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

6)Мәтінді қалай түсінгендігін тексеру, қорыту мақсатымен мәтіннің мазмұнын айту және осы мәтіннің тақырыбын ашатындай сөзжұмбақ, кластер құрастыру.

Білім алушы өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды.Мұндай мәтін арқылы білім алушыларға келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі. Ол білім алушы білімін, білігін ,танымын толықтыра түседі. Болашақ «Электр және газбен дәнекерлеуші» маман иелеріне «Доғаның жануы», «Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру»,«Доғалы пісіруге арналған электродтар», «Электродтық сымдар» т.б. мәтіндерімен жұмыс жүргізілсе, болашақ токарларға «Шеберханада», «Жұмыс орнында», «Көрмеде», «Бұны әрбір токарь білуі керек» т.б. тақырыптары бойынша мәтіндермен жұмыс жүргізіліп, терминдер үйретіледі.

I курс білім алушылары мамандықтары бойынша «Жұмысшы қолдары», «Жұмыс орнының техникалық қауіпсіздігі», «Автокөлік жөндеуші слесарь жұмыс орны», «Жұмыс күнінің басталуы» мәтіндерімен жұмыс жүргізу арқылы терминдер минимумын меңгеріп шығады.

Өзге тілді үйренуде сөздіктің орны ерекше. Сөздік сөздерді байланыстырып сөйлеуге, сұхбат кұруға , сөйлем құрастыруға көмектесетін басты құрал. Сабақта сөздік қорын үнемі байытып отыру- тіл дамытудағы негізгі мәселе болғандықтан, бұған ерекше мән беріледі. Сөздік қоры бай адам ойын да анық жеткізе алады. Белгілі бір мамандыққа байланысты лексиканы үйрету сөздік жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Сөздік минумумға кіретін сөздер тілдік қарым- қатынасқа сәйкес, қолайлы болуы шарт.

Оқытушы әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектеліп қана қоймай, оларды естерінде тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізуі кажет. Онда төмендегі жұмыстар орындалады: сол сөздерді қатыстырып, бір-біріне сұрақ қойғызып жауап бергізу, сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу.

Сөздік жұмысына сабақ уақытын арнайы бөлмей , оны жұмыс барысында жүргізуге болады.Себебі, жаңа сөзді құр қайталаудан гөрі , сөз тіркесі , сөйлем ішінде, мәтінді оқыту барысында меңгерту элдеқайда пайдалы. Мәтінде кездескен сөздің мағынасын түсіндіре отырып, оның грамматикалық құрлымына тоқтала кеткен жөн.Мүмкіндік болса , сөздің синонимін, антонимдерін беріп, сөздерге құрамы бойынша талдау жасап, түбірлес сөздерді тапса, сөздік жұмыстың нәтижелі болғандылығы. Сөзді бекіту барысында оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырма берілуі шарт.

Тіл ұстарту жұмысындағы тиімді әдістердің бірі-сұрақ қоюды үйрету. Ойды өсіретін әдістемеде кез келген іс-әрекетке жетекшілік ететін-сұрақ. Сұрақ қою арқылы сөзді анықтауға , ойлантуға , сұрақ арқылы жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді әңгімелеуге үйрету жұмыстарын жүргіземін. Мысалы, білім алушылар мәтінді ынтамен тыңдайды,оқып шығады. Әрбір білім алушы мәтінге сұрақ жазып , оны оқытушыға береді. Сосын оқытушыдан кез келген сұрақ жазылған парақты алып, жауабын ойластырады. Немесе сұрақтар арқылы жаңа сөз ретінде сөздікке жазылатын кәсіби сөздерді анықтайды.Мысалы: «Дәнекерлеу қызметі немен айналысады?», «Өндірістік тәжірибе дегеніміз не?»,«ТӨИ және ЖТ колледж мамандықтары туралы не білесің?».Ең жиі жүргізілетін жұмыстың бір түрі- кәсіби терминдерге сұрақ қою арқылы олардың қай сөз таптарына жататындығын анықтау. Бұл жұмыс өз кезегінде терминдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыруды жеңілдетеді.

Жаңа технология бойынша сабақты бекітудің әр түрлі әдістері бар. Интерактивті тәсілдерден басқа біздің колледжде кеңінен қолданылып жүрген сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары диаграмма жасау, сөзжұмбақ шешу, кластер құру. Кластермен көбі таныс және оның тіл дамытуда көмегі зор. «Жұмыс орны» тақырыбынан Венн диаграммасын толтырғанда білім алушылар «Автокөлік жөндеуші слесарь» мен «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жұмыс орындарының айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.

Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда кәсіптік қазақ тілін оқыту аса шеберлікті, көп ізденісті, тиянақты білімді қажет етеді. Кәсіптік колледж түлектерінің заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгерген білікті маман болып шығуы- қазақ тілі оқытушыларының да тікелей міндеті деп санаймын

«Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша

берілетін мәтінмен жұмыс түрлері


1.ДОҒАЛЬІ ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН

ҰЙЫМД АСТЫРУ


1.1. Пісіру посттары туралы жалпы мәліметтер:

Жұмысшылар немесе жұмыс бригадасының өндіріс операцияларын орындауы барысында жабдықтар мен қажетті керек-жарақтарға сәйкес және технологиялық процесс талаптарына сай жабдықталған өндірістік алаңның белгілі бір аумағы түріндегі жұмыс орны бекітіледі. Электрмен пісірушінің жұмыс орны пісіру жұмыстарын жасау үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған пісіру посты болып табылады. Пісіру постары тұрақты және жылжымалы (көшпелі) болады. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру едәуір дәрежеде пісіруші еңбегінің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ пісіру жіктері мен қосылыстардың сапасына да әсер етеді.

Пісірушінің жұмыс орны орындалатын жұмыс пен пісірілетін құрылымдардың габаритіне байланысты арнаулы пісіру кабинасында немесе тікелей осы бөлшектерде орналасуы мүмкін.Шағын бұйымдарды пісіру барысында жұмыс орны көлемі 2000x2000 немесе 2000x3000 мм пісіру кабиналарымен жабдықталады . Кабинаның қаңқасы болат құбырдан немесе профильді прокаттан металл түрінде жасалады. Кабинаның қабырғалары жақсы желдету үшін оларды еденге 200-300 мм дейін жеткізбей, биіктігін 1800-2000 мм етіп жасайды.

Сөздік:

1.өндіріс операциялары- производственные операции

2.жабдықтар-оборудование

3.тұрақты- постоянный

4.жылжымалы- передвижная

5.пісіру жіктері-сварочные швы

6.қаңқа-рама

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Электрмен пісірушінің жұмыс орны ....... барлық қажеттіліктермен жабдықталған ....... болып табылады. Пісіру постары ........ болады. Пісірушінің жұмыс орны орындалатын ....... байланысты арнаулы пісіру кабинасында ......... бөлшектерде орналасуы мүмкін. Кабинаның қаңқасы ......... профильді прокаттан металл түрінде жасалады.

3 –тапсырма . Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз. Үш сөзге фонетикалық талдау жаса.


2.Доғамен металды балқыту және тасу


Электр доғасы ашық түс береді және едәуір мөлшерде жылу бөліп шығарады, яғни кейіннен олардың анодпен, катодпен және бір-бірімен соқтығысуы кезінде жылулық энергиясы бөлшектердің қозғалыс энергиясына айналуы түзіледі. Жылу анод пен катодта бөліне отырып, пісірілетін металл мен электродтың ұшын балқытады. Катодтың және анодтық аумақта доға жылуының негізгі мөлшері бөлініп шығады.

Доғаның өзінен электрод материалын буландыруға жұмсалатын және қоршаған ортада жарым- жартылай жоғалатын жылудың аз бөлігі бөлінеді. Жоғары доғасы жылудың көп мөлшерін бөледі, сонымен бірге металды өте шоғырлы қыздыруды қамтамасыз етеді. Доғаның әсерімен металл толық балқыту немесе толық пісіру тереңдігі деп аталатын кейбір тереңдікте балқиды. Көмірлі электродпен тұрақты токта пісіру барысында анодта бөлінген жылудың мөлшері доға жылуының жалпы мөлшерінің 42% -ға жуығын, катодта 38% жуығын құрайды. Қалған 20%-ы доға бағанында бөлінеді. Зарядталған бөлшектердің біршама мөлшері катод арқылы лақтырылып тасталады, сондықтан бөлшектердің аса күшті сақталуына ұшырайды, соның салдарынан онда әрқашан жылудың көп мөлшері бөлінеді.

Сөздік:

1.Электр доғасы-электрическая дуга

2.Көмірлі электрод-углевой электрод

Тапсырмалар:

Мәтіннен септік тұлғада тұрған сөздерді тауып, аударыңдар.

Сөз тіркестерді аударыңыз: толық пісіру тереңдігі, қыздыруды қамтамасыз етеді, лақтырылып тасталады.


3.ДОҒАЛЬІ ПІСІРУГЕ АРН АЛҒ АН ЭЛЕКТРОДТАР


Балқытып пісірілген металл берілген пісіру құрылымдарын пайдалану жағдайларына байланысты болатын әр түрлі талаптарды қанағаттандыруы қажет. Әдетте, балқытып пісірілген металдың бірінші кезекте механикалық беріктілігі, тығыздығы талап етіледі. Сондай-ақ, балқытып пісірілген металл тозуға карсы төзімді болуы тиіс, ол кәдімгі температура жағдайында суық сынғыш болмауы керек. Кейбір құрылымдар үшін ыстыққа төзімді балқытып пісірілген металдың тығыздығы талап етіледі.

Ал бірқатар құрылымдар үшін жоғарғы қаттылықты, тозуға төзімді, коррозияға қарсы берік балқытып пісірілген металл қажет етіледі.

Осы қасиеттер электродты стерженьді металды жөне электродты жабындының құрамын дұрыс таңдап алуға негіз болады. Бұдан басқа, берілген жағдай үшін белгіленген пісіру режимдерін және кейіннен пісірілген қосылыстарды өңдеуді сақтау қажет. Осы тарауда электродтар мен олардың жабындыларының қасиеттері қарастырылған. Әр түрлі болаттарды пісіру режимдерінің ерекшеліктері мен осы жағдайда қолданылатын электродтардың түрлері баяндалады.

Сөздік:

1.талаптар-требования

2.құрам-состав

3.өңдеу-разработать

Тапырмалар:

Мәтінді оқу.

Мәтіннен есім сөздерді теріп жаз.

Берілген сөздерді септеп жаз: электрод, коррозия, болат .


4. Доғаның жануы


Пісіру кезінде доғаның пайда болу процесі төмендегідей түрде өтеді: пісірілетін металл электрод ұшымен түйіскен (жанасқан) жағдайда пісіруде тізбектердің қысқаша тұйықталуы жүреді . Металл мен электродтың жанасу нүктесінде өте жоғары тығыздыққа ие болған ток жекелеген шығыңқы жерлермен өте отырып, оны лезде балқытады, соның салдарынан электродта жұқа қабат түзіледі . Бұдан соң пісіруші электродты біршама бұрып әкетеді, сондықтан токтың тығыздығы мен металдың температурасы артып, сұйық металда түтікше түзіледі.Содан кейін балқыған металдың булануы арқасында түтікше үзіледі де электрод пен металдың арасында газ бен будың иондалған аралығында пісіру доғасы түзіледі.


Сөздік:

1.түйіскен- застыкованный

2.балқытады- расплавляющий

3.түтікше-трубочка

Мәтінге қатысты тапсырмалар:

Мәтінді оқу.

Жалқы зат есімдерді теріп жаз.

1 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


5.Кескішті жинау және жұмыс жасау жолдары


Кескіш дегеніміз –жоғарғы температура арқылы темірді кесетін аспап. Демек жоғарғы температура арқылы темірді қыздыру барысында таза оттекті ағын арқылы темірді кеседі. Қағидаты бойынша 2-ге бөлінеді инжекторлы және инжекторсыз. Мақсаты бойынша әмбебап және арнайы. Әмбебап - қалындығы 5-3000 мм дейінгі темірлерді кесетін кескіш. Бұл кескіштің әр қалындыққа әр түрлі мүштік қолданады .Мүштік номерлері 0-6-ға дейін .Ол дегеніміз – темір қалыңдаған сайын номер саны өседі.Кескіш екі бөліктен тұрады. Діңі және ұштықтан. Темірдің балқу температурасы 1539 С0 болса оттекті пропанды кескіш 3100 С0. Кескішпен тек төмен және орташа көміртекті болаттарды кесуге болады.Кескіштің құрылымы :кескіш ,оттекті баллон,пропанды баллон , шілтелер, редуктор (оттекті және пропанды)және қосымша баллон ашатын кілтер.Қосу барысында барлық қосындылар еш ақаусыз және тексеру мерзімдері уақтылы өтілуі тиіс.Шілтерді арнайы қысқышпен қысып ,бұратылмай дұрыс жалғау керек.Оттекті баллондарды тік жағдайда тұрғызу керек. Кескішті қосар алдында оттекпен үрлеп алу керек . Бірінші жанғыш газды жағып ,сосын ақырындап оттекті ашу керек. Қалыпты жалын болған соң ғана темірдің шетінен бастап қыздыру керек. Темір сары түсті балқи бастаған соң , оттек кескіш винтилін ашып,кескішті сәл ғана алдыға қиғаштау керек.Сонда темірдің қызуы жылдам болады.Кесіп болған соң бірінші кескіш винтельді жауып,сосын оттек винтельді жапқаннан соң жанғыш газды жабу керек.Толық өшкеннен кейін оттек винтельді ашып,үрлету керек. Жұмыс жасау режимдері егер темір қалындығы 3-15мм дейін болса,оттек баллоны салмағы 70 кг, сыйылымдығы - 40 литр болады.

Сөздік:

1.кескіш-резец

2.балқу температурасы-температура плавки

3.темірдің қызуы-нагрев железы

4.жанғыш газ- легковоспламеняющиеся газ


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Кескіш дегеніміз –жоғарғы температура .............. аспап. Әмбебап - қалындығы ............. кесетін кескіш. Кескіш ........... тұрады. Кескіштің құрылымы : ............... ашатын кілттер. Кескішті қосар алдында ......... керек.

Темір сары түсті балқи бастаған соң ,...............,кескішті сәл ғана алдыға қиғаштау керек. Кесіп болған соң бірінші кескіш винтельді жауып,.............

газды жабу керек. Толық өшкеннен кейін ............ ,үрлету керек. Жұмыс жасау режимдері егер темір қалындығы ........ дейін болса,оттек баллоны салмағы ....., сыйылымдығы - ...... болады.

2-тапсырма. Достарыммен әңгімелесіп, олардың істейтін кәсібіне байланысты термин сөздерді жинастырып жазыңыздар.

3-тапсырма. Дәнекерлеуді меңгерудің өз келешектерің үшін қандай пайдасы бар?


6.Газбен кесу кезіндегі техникалық қауіпсіздік нұсқауы

Жұмыс бастар алдында:

Жұмыс бастар алдында арнайы киімді және арнайы аяқ киімді киіп жөнге келтіру керек.Көзілдірік, қолғап және малақай кию керек.Жұмыс барысымен танысу керек.Кескіш құрылғыны тексеріп кемшіліктерін жою қажет.Кескішті тексеріп оттек винтелін ашып жабылуын тексеру керек.Шілтелер дұрыс қосылғанын тексеру керек. Баллондар жұмыс орнынан 10 метр алыс орналасуы тиіс.Кескіш мүштігін мыс немесе зіл парағымен тазалау керек.

Шілтелердің ұзындығы 20 метрден ұзын болмауы тиіс және 5 метрден қысқа болмауы керек.Кескішті айына 1 рет,редукторды 3 айда бір рет , баллондарды 5 жылда бір рет , шілтелерді 1 жылда бір рет тексеру керек . Кескіш қызып кеткен жағдайда суға салып суыту керек. Баллон қатып қалған жағдайда ыстық сумен жылыту керек. Баллонды тасымалдаған кезде сақтандырғыш қалпақтарын бұрап арнайы арбамен тасымалдау керек. Кесілетін темір бетін тазалау керек.

Жұмыс біткен кезде:

Баллондарды жауып, шілтердің ішіндегі қысымды түсіру керек.Жұмыс орнын тазалап құрал-жабдықтарды жинау керек.Беті-қолды сабынмен жуып,душқа түсу керек.Жұмыс бітер кездегі болған ақауларды шеберге хабарлау керек.

Сөздік:

1.арнайы киім- специальная одежда

2. арнайы аяқ киім специальная обувь

3.кесілген темір отрезанное железо

4. ақаулар дефекты

1-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріп,сөйлемдерді толықтырыңыз.

1 Жұмыс бастар алдында не істеу керек?

2. Баллондар жұмыс орнынан қалай орналасуы тиіс?

3. Кескіш қызып кеткен жағдайда не істеу керек ?

4. Кесілетін темір ..... тазалау керек.

5. Жұмыс бітер кездегі болған ....... ........ хабарлау керек.


7.Жылыту радиаторлары

Жылыту радиаторы дегеніміз- ол бірнеше бөлімшеден тұратын және ішкі каналдары арқылы су жүретін жылыту құралы. Радиатор латын тілінен аударғанда сәуле таратушы деген мағынаны береді .Жылу радиаторы болғандықтан -оны жылу таратушы деуге болады. Жылу радиатордан сәуле шығарып ,конвекция арқылы және жылу тарату арқылы беріледі. Егер радиаторды қара түске бояйтын болса ,онда жылу өткізгіштігі көбейеді.

Жылыту радиаторы жасалуына байланысты :алюминий, болат панельді,мыс және шойын радиаторы болып шығарылады.

Сөздік:

1. Жылыту радиаторы –нагревательный радиатор

2. жылыту құралы - нагревательное оборудование

3. сәуле таратушы -распределитель

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Жылыту радиаторы, бөлімшеден тұратын, жылыту құралы, сәуле таратушы, сәуле шығарып , жылу өткіздігіштігі, шойын радиаторы ,түске бояйтын .

2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

Жылыту (радиаторы ,құбыры, жүйесі), қара (түс,сөз,түн), жылу (өткізгіш, тез,таратушы), сәуле (жарқырайды,шашады,таратады).


8.Алюминий радиаторы


Ол радиатор- алюминиден жасалды. Бұл радиатордың жылу өткізгіштігі жоғары болғандықтан ,сонымен қатар оның шығынқы жерлері көп болғандықтан жылуды көп өткізеді. Алюминий радиаторлары жеңіл, шағын көлемді және жылу өткіздігіштігі жоғары. Жұмыс жасау қысымы 1,2 МПА, Гид қысымы 1,8 МПА, 110 С0 температураға дейін шыдайды.Алюминий шойыннан 4 есе көп жылу өткізеді.Төзімділігі- 15 жыл.

Сөздік:

1. жылу өткізгіштігі -проводник тепла

2. жұмыс жасау қысымы -давление работы

3. төзімділігі-стойкость

1-тапсырма. Берілген мәтіннің негізінде диолог құрастырыңдар.

2-тапсырма. Жылу өткізгіштігі, шығынқы жерлері , жұмыс жасау қысымы , алюминий радиаторлары, шағын көлемді сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.


9.Болат панельді радиаторлары

Болат панельдері бір-біріне дәнекерлеп жасалады. Панельдерді төмен көміртекті және коррозияға төзімді болаттардан жасайды. Жұмыс жасау қысымы 0,8 МПА, Гид қысымы 1,2 МПА, 120 С0 температураға дейін шыдайды.Болат панельді радиаторлары шойыннан 3 есе көп жылу өткізеді. Төзімділігі- 20 жыл.

Сөздік:

1. дәнекерлеп жасалады - приварка; припаивание

2. коррозияға төзімді - устойчивые к коррозии

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Болат панельдері ........ дәнекерлеп жасалады. Панельдерді төмен ........... төзімді болаттардан жасайды. Жұмыс жасау қысымы ......... дейін шыдайды. Болат панельді .............. 3 есе көп жылу өткізеді.


10.Биметал радиаторлары


Биметал радиаторлардың алюминий радиаторлардан айырмашылығы ішкі элементтері коррозияға қарсы болаттардан жасайды . Жұмыс жасау қысымы 1,8 МПА , Гид қысымы 2,5МПА ,120 С0 температураға дейін шыдайды.Болат панельді радиаторлары шойыннан 3 есе көп жылу өткізеді. Төзімділігі -25 жыл

Сөздік:

1.айырмашылық-различие; разница

2. коррозияға қарсы - устойчивые к коррозии

1-тапсырма. Берілген мәтіннің негізінде диолог құрастырыңдар.

2-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Биметал радиаторлар, айырмашылығы , болат панельді радиаторлар, ішкі элементтері, көп жылу, төзімділігі.


11.Мыс радиаторлары


Бұл радиаторларды мыстан немесе мыс қорытпаларынан жасайды. Мыс жылу өткіздігіштігі өте жоғары , ол алтын және күміс көрсеткіштілігімен бірдей . Мыс көптеген бактерияларды жояды. Жұмыс жасау қысымы 1,6 МПА, Гид қысымы 2,4 МПА, 150 С0 температураға дейін шыдайды. Мыс шойыннан 6 есе көп жылу өткізеді. Төзімділігі -50 жыл.

Сөздік:

1.күміс көрсеткіштілігі - показатель серебра

2. бактерияларды жояды -уничтожает бактерии

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Мыс қорытпаларынан, жылу өткіздігіштігі ,жұмыс жасау қысымы, 6 есе көп, жылу өткізеді, төзімділігі,мыс шойыннан, 50 жыл.

2-тапсырма. Мәтіннен етістікті тауып, қолдану ерекшеліктеріне мән беріңіздер.


12.Шойын радиаторлары


Жылу радиаторларының ішінде ең көп қолданылатыны- шойын радиаторы. Ол төзімділігіне , коррозияға қарсы тұратындығына және беріктігіне қарай- ең мықты болып есептеледі. Шойын радиаторының тарихына келсек , ең бірінші ойлап тапқан неміс инженері Франц Сан Гелли.Ол ең бірінші радиаторды Санкт-Петербург қаласында жасады. Ал 1855 жылы жылу жүйесін радиатор арқылы жүзеге асыруға болатынын дүние жүзінде дәлелдеді. Шойын радиаторлары көбінесе орталықтандырылған жылыту жүйесіндегі тұрғын үй , өндірістік және қоғамдық мекемеде қолданылады. Шойын радиаторлары тат басуға төзімді , берік және жылу өткізгіштің сапасына ешқандай әсер етпейді. Олар берік және өте төзімді болып келеді.Өйткені, жасалған материалы басқалардан арзан болғандықтан, жасағанға шойынды көп қосады. Көбінесе сұр шойын қолданылады. Эксплуатациялық төзімділігі -40 жыл. Жылу тасымалдағышы ретінде -су қолданылады.

Сөздік:

1. Шойын радиатор -чугунный радиатор

2. жылу жүйесі - тепловая система

3.сапа-качество

4.жылу тасымалдағышы-транспортер тепла

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Жылу радиаторларының , шойын радиаторы, жылу жүйесін, тұрғын үй, тат басуға төзімді, арзан болғандықтан, эксплуатациялық төзімділігі, жылу тасымалдағышы, сұр шойын, тат басуға төзімді, коррозияға қарсы, берік және өте төзімді, өткізгіштің сапасына , су қолданылады.


13. Шойын радиаторларының құрылымы

Жылуға төзімді резинкелі тығыздауышы бар 8-ден төмен бөліктен болып шығарылады. Әр радиатор бөлімшелерден ,екі бітеу тығынмен және екі бұрандалы саңылауы бар 15 немесе 20 тығынымен ,соған қоса радиатор ниппельдері, кран маевский және температурасы 100С асқан кезде паронитті тығыздауышты пайдаланады. Радиатор саңылаулары оң және сол бұранда болып жасалады.

Сөздік:

1.тығыздауыш - пресс

2.бітеу тығын - закупоривать

3. бұранда –резьба

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.


шойын Shape1

РShape3 Shape2 адиатор

саңылаулары

бұрандалы



БShape4 өлімшелер пайдалынылады

Shape6 Shape5

тұрады

жасалады


14. Шойын радиаторларының тығындары

Тығындар шойыннан жасалады .Саңылауы бар және бітеу болып жасалады. Саңылаулары Ду 15мм. немесе Ду 20мм. болады.Тығындар радиаторлардың біткен жерлерін және құбырларға қосуға арналған.Бұрандасына қарай оң және сол болып бөлінеді .Сол бұрандасы бар Л әріпімен белгіленеді.Температура 100 С0 жоғары үнемі істейтін болса, онда жылуға төзімді резинка поронитке ауырыстырылады.

Сөздік:

1.тығын -шпунт

2.құбырлар -трубопроводы

3.үнемі істейтін- постоянно работает

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз

Шойыннан жасалады,саңылауы бар, құбырларға қосуға, оң және сол болып бөлінеді, жылуға төзімді, үнемі істейтін болса, ауырыстырылады.

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен тіркестеріне қандай жалғаулар жалғанғанын анықтаңыз .

Тығындар , радиаторлардың,бұрандасына қарай, жерлерін, бұрандасы, әріпімен, жылуға,саңылауы, поронитке, құбырларға.


15.Радиатор ниппельдері

Ол радиатор бөлімшелерін қосуға арналған бұйым. Радиаторлар бір –біріне шойын нипельдер арқылы жалғанады. Шойын ниппельдер Ду 32 ұзындығы 30 мм болады. Ниппельдерді арнайы кілттер арқылы шешіп ,жинайды.

Сөздік:

1. бөлімше -подразделение

2. арнайы кілттер специальные ключи

1-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1 Ол .......... қосуға арналған бұйым.

2. Радиаторлар .......... арқылы жалғанады.

3. Шойын ниппельдер .... ..... болады.

4. Ниппельдерді ........... арқылы шешіп ,жинайды.

16.Радиатор кілттері


Радиатор бөлімшелерін шашу немесе жинау кезінде қолданылады. Оны қолдан жасауға болады.Құрылыстық арматура немесе метал шыбықшалардан жасайды.Шойын, мыс, алюминий, биметал, болат панель радиаторлардың ниппелдері әр түрлі болғандықтан кілттердің жұмыс жасау бастары бірдей болмайды. Шойын ниппельдерді бұрау жері- Ду 25 мм. болу керек.

Сөздік:

1. жинау кезінде -во время сборки

2. қолдан жасауға подделывать

3.құрылыстық- строительные

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Радиатор бөлімшелерін , жинау кезінде қолданылады, қолдан жасауға, әр түрлі болғандықтан, бұрау жері, бірдей болмайды .


17.Орнату кезінде қойылатын талаптар


Әр радиатор бөлімшесінің өз қуаты болады.Мысалы: МС-140-300 радиатор бөлімшелердің қуаты 160 Вт. болады. Осыған қарап үйдің көлеміне қарай қанша шойын радиаторы керек екенін есептеуге болады.

К=S*100/P

Мұнда:

К- радиатор бөлімдері (дана)

S-бөлме көлемі

Р-радиатор қуаты

Мысалы:

К=20*100/160=12,5

12 дана радиатор бөлімшесі керек. Бір бөлімнің қуаты әр түрлі,100-200 Вт дейін болуы мүмкін.

Сөздік:

1. өз қуаты - своя мощность

2. бөлімшелердің қуаты –мощь подразделении

3.радиатор бөлімшесі-подразделение радиатора

1-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

радиатор (бөлімше, қуат, бет, шойын), бөлме (көлем,іші,сырт,жарық), бөлім (атау,рет,аралық ), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).


«Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша

берілетін қиықша түрлері


1-қиықша

Пісіру кезінде арнаулы киім және арнаулы қолғаппен жұмыс істеу керек. Ылғалды ауа-райы күндері мен ылғалды жерде жұмыс істегенде резеңке кілемшелерді пайдалану керек.

Тапсырма:

Берілген сөйлемнен етістіктерді тауып,аударыңдар.

Зат есімдерді тауып,жіктік жалғауын жалғаңдар.


2-қиықша

Доғаның өзінен электрод материалын буландыруға жұмсалатын және қоршаған ортада жарым- жартылай жоғалатын жылудың аз бөлігі бөлінеді. Жоғары доғасы жылудың көп мөлшерін бөледі, сонымен бірге металды өте шоғырлы қыздыруды қамтамасыз етеді.


Тапсырма:

Берілген сөйлемнен сын есімдерді тауып,аударыңдар.

Зат есімдерді тауып,көптік жалғауын жалғаңдар.


3-қиықша

Балқытып пісірілген металл берілген пісіру құрылымдарын пайдалану жағдайларына байланысты болатын әр түрлі талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Тапсырма:

Берілген сөйлемнен үстеулерді тауып,аударыңдар.

Зат есімдерді тауып,тәуелдік жалғауын жалғаңдар.


4-қиықша

Көмірлі электродпен тұрақты токта пісіру барысында анодта бөлінген жылудың мөлшері доға жылуының жалпы мөлшерінің 42% -ға жуығын, катодта 38% жуығын құрайды. Қалған 20%-ы доға бағанында бөлінеді.

Тапсырма:

Берілген сөйлемнен сан есімдерді тауып,аударыңдар.

Сын есімдерді тауып,сұрақ қойыңдар.


5-қиықша

Содан кейін балқыған металдың булануы арқасында түтікше үзіледі де электрод пен металдың арасында газ бен будың иондалған аралығында пісіру доғасы түзіледі.

Тапсырма:

Берілген сөйлемнен сын есімдерді тауып,аударыңдар.

Етістікті тауып,сұрақ қойыңдар.


6-қиықша

Металл мен электродтың жанасу нүктесінде өте жоғары тығыздыққа ие болған ток жекелеген шығыңқы жерлермен өте отырып, оны лезде балқытады, соның салдарынан электродта жұқа қабат түзіледі .

Тапсырма:

Берілген сөйлемнен есімдіктерді тауып,аударыңдар.

Зат есімдерді тауып,жіктеңдер.


7-қиықша

Балқытып пісірілген металдың бірінші кезекте механикалық беріктілігі, тығыздығы талап етіледі. Сондай-ақ, балқытып пісірілген металл тозуға карсы төзімді болуы тиіс, ол кәдімгі температура жағдайында суық сынғыш болмауы керек. Кейбір құрылымдар үшін ыстыққа төзімді балқытып пісірілген металдың тығыздығы талап етіледі.

Тапсырма:

Орыс тіліне аударыңдар.

Берілген сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.



8-қиықша

Жылу радиаторларының ішінде ең көп қолданылатыны- шойын радиаторы. Ол төзімділігіне , коррозияға қарсы тұратындығына және беріктігіне қарай- ең мықты болып есептеледі. Шойын радиаторының тарихына келсек , ең бірінші ойлап тапқан неміс инженері Франц Сан Гелли.Ол ең бірінші радиаторды Санкт-Петербург қаласында жасады.

Тапсырма:

Берілген сөйлемдердегі сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.


«Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығы бойынша

берілетін мәтінмен жұмыс түрлері


1.1.АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ДАМУ

КЕЗЕҢДЕРІ


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Еуропа Америкада автомобильдер шығарыла бастады. Кеңес Одағында 1924-1931 жылдары автомобиль шығарудың алғашқы қадамдары жасала бастады. 1924 жылы Москвада АМО зауыты толық салынып, 1,5 тонналы жүк машинасы шығарыла бастады. 1931 жылдан бастап Москва, Горький көне Ярослвск автомобиль зауыттары (АЗ) жүк жэне жеңіл машиналар мен автобустарды шығара бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО қүрамындағы Республикаларда да автомобиль өндірісі дами бастады. Мысалы, Белоруссияда — Минск ауыр жүк автозауыты, Арменияда автобус зауыты, Ригада —РАФ т.б.

Өткен ғасырда Қазақстанда Сайрам арнайы автомобиль құрастыру зауыты, Петропавл қозғалткыш, Павлодар трактор зауыттары жэне баска мекемелер жұмыс істей бастады.

Сөздік:

1.Жеңіл машиналар-легковые автомобили

2.Жүк машиналары- грузовые автомобили

Мәтінге қатысты тапсырмалар:

Мәтіннің мазмұнын айтып бер.

Мәтінге сұрақтар құрастыр.

Сан есімдерді тауып жаз.


1.2.АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ


XXI ғасырдың басында Өскемен қаласындағы «Азия-авто» мекемесі «Нива» автомобилін шығара бастады. Жылдың өндірістік қуаты - 40 мың автомобиль. Зауыт конвейерінде осы заманға сай шетел жеңіл автомобильдерін жинау мүмкіндігі бар. Зауыттың конвейерінен 2003 жылы 4000 автомобиль құрастырылды.

Қазіргі кезде біз техникалың прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Дүние жүзінде жылына 50 млн. автомобиль шығарылады. Оларды шығаратын әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді (карбюраторлы) және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жұйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбатты отандық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарт секілді енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді қозғалтқыштардың бүрку жүйелерін келесі түрлерге бөлуге болады: орталық,таралымды, тікелей.

Сөздік:

1.Өндірістік қуаты-производственная мошь

2.Орталық -централизованный

3.Таралымды-распрастроненный

4.Тікелей-прямой

Мәтінге қатысты тапсырмалар:

Мәтіннің мазмұнын айтып бер.

Сан есімдерді тауып жаз.

3 сөзге фонетикалық талдау жаса.


2.АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРАМЫ


Жеке автомобиль жэне оның сүйреуіндегі тіркеме мен жартылай тіркеме автомобиль поезін құрайды. Атқаратын міндетіне карай қозғалыс құрамы жалпы жүк, жолаушы тасу және арнайы жүк тасу болып бөлінеді. Жүк автомобиль қозғалыс құрамы оны пайдалану сипатына қарай жалпы және арнайыландырылған, тіркемелі және жартылай тіркемелі болып бөлінеді. Жолаушылар тасымалдау қозғалыс құрамына жеңіл автомобильдер мен автобустар жатады.

Арнайы қозғалыс құрамы (АҚҚ) деп тасымал жұмыстарын атқармайтын және сәйкесті жабдығы болатын тіркеме мен жартылай тіркемелі автомобильдерді айтады. Мысалы: өрт сөндіруші, көше сыпыруға арналған автомобильдер, автокран (тіркегіш), қозғалысгағы жөндеу шеберханалары, жедел жәрдем, спорттық және басқа автомобильдер.

Қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлеміне (литр есеб.) байланысты 4 топқа, автобустар сипаттама негізіне олардың ұзындығына (м) байланысты 5 топқа, ал жүк автомобильдері толық салмағына байланысты жеті топқа бөлінеді .

Сөздік:

1.Қозғалыс құрамы -передвежной состав

2.Арнайы қозғалыс құрамы- специальный состав

3.Жөндеу шеберханалары- мастерские

Мәтінге байланысты тапсырмалар:

Мәтіндегі жалқы зат есім сөздерді көрсетіңіз.

Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыз: тіркемелі, шеберханалары, қозғалтқыш, цилиндрінің.

Сөз тіркестерін аударыңыз: өрт сөндіруші, қозғалыстағы жөндеу шеберханалары, жедел жәрдем, спорттық жэне басқа авто- мобильдер.





3.АВТОМОБИЛЬДЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ


3.1.Автомобильдердің түрлері

Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді. Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке-жеке түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен салыстыруға мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

Жеңіл машиналарды двигателінің жұмыс көлеміне (литражы деп атайды) байланысты бірнеше түрге (класқа) бөледі де соған байланысты оның индексін белгілеу маркасына кіргізеді. Ол мына төмендегідей:

Түрленуі Литражы Индексі

Өте жеңіл класс 1,2-ге дейін 11

Кіші класс 1,3-1,8 21

Орташа класс 1,9-3,5 31

Жоғарғы класс көрсетілмейді 41

Сонымен жеңіл машиналарды түрлендіріп, олардың маркасын белгілегенде оның индексі көрсетіледі.Мысалы: маркасы ВАЗ — 2106 болса, алдында әріптермен шығаратын заводтың белгісі қойылады, сол белгіден кейін класы индекспен белгіленеді, яғни класы 21 — кіші класс, ал әрі қарай моделінің рет нөмері келтіріледі (6-модель). Осылайша жеңіл машиналардан маркалары арқылы біраз мағлұмат алуға болады.

Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзінің бос кезіндегі салмағы мен таситын жүктің салмағын қосып есептегенде) жеті түрлі класқа бөледі және олардың индексін 1 ден 7 ге дейін санмен белгілейді. Осыған қосымша жүк машиналары жүк салатын қорабының әртүрлі жүк түріне қарай, өздігінен түсіре алатындығына қарай тағы да бірнеше түрге бөледі де оны да индекстен кейін санмен белгілейді. Сондағы жүк машиналардың түрленуі мына төмендегідей болады.

Автобустар жалпы ұзындығына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оларға да осы ұзындығына байланысты индекс тағайындайды. Олар: ұзындығы,м: 5-ке 6,0-7,5 8,0-9,5 10,5-16,0 6,5-тен жоғары ,иңдексі: 22 - 32 - 42 - 52 - 62.

Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бір ерекше қасиеттеріне қарай түрленуі мүмкін. Бірақ ондай түрлендіру автомобиль көрсеткіштеріне онша әсер ете қоймайды. Ондай автомобильдерді көбінесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды. Мысалы өрт сөндіретін, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с. Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстардың бір түрін ғана атқаруға арналады.

Сөздік:

1.жеңіл машиналар-легковые автомобили

2.түрлену-меняться

3.өрт сөндіретін-пожарная

4.жылжымалы құрамдар-передвижные составы

5. автомобиль көрсеткіштері-показатели автомобиля

6. жүк машиналары-грузовые автомобили

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.


Shape7 жүргізеді

Shape8 Жеңіл машиналарды

Shape9 реттейді

жөндейді

ЖShape10 үк машиналары салмағы

Shape11 Shape12

белгілейді

жүк салады


3.2. Автомобильдердің жалпы құрылысы


Автомобильдер- құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады. Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1 - суретте көрсетілген.

Автомобиль негізінен үш бөліктен тұрады. Олар кузов, двигатель және шасси.

Кузов-тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтан да ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы: жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.

Двигатель- автомобильдің жүруіне және басқа жүмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жүмыс принципі, энергияның бір түрін (көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады. Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтан да двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы: электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с.

Шасси деп- автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады. Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина түғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жүмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден түратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия - двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді. Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше. Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін. Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

Алдыңғы және артқы белдемелер - негізінен автомобильдің салмағын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады. Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.


1.-сурет. Жүк машинасының жалпы құрылысы:

1,9-жүріс дөңгелектері; 2,8-дөңгелек аспалары; 3-ілінісу муфтасы; 4-беріліс қорабы; 5-карданды білік; 6-басты беріліс; 7-дифферециал; 10-рама; 11-рульдік механизм; 12-двигатель.Мысалы:артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4-суреттерде белгіленген.

Сөздік:

1. күрделі машиналар -сложные автомобили

2. күрделі қондырғы –сложная установка

3. белдемелер -пояса

4. қосымша бөлшектер дополнительные составы

5 негізгі механизмдер-основные механизмы

6. жүріс бағыты –направление езды

1-тапсырма. Берілген мәтіннің негізінде диолог құрастырыңыз.

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Автомобильдер- құрылысы ............. машиналар қатарына жатады. Автомобиль негізінен ......... тұрады. Кузов- .......... орналастыруға арналған.

Двигатель- автомобильдің ................. арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Осы двигательден ............ жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, ......... қозғайтын күш тудырады. Шасси деп- ............. жүруге арналған ............. біріктірген бөлігін айтады. Трансмиссия - двигательден ....... машинаның жүретін ........ жеткізіп беретін қондырғы. Трансмиссия - двигательден ............жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Алдыңғы және артқы белдемелер - негізінен .......... салмағын дөңгелектер .......... түсіру қызметін атқарады.


3.3. Автомобильдердің жалпы құрылысы


Машина тұғыры — автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады. Осы екі жағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.

Дөңгелек аспалары — алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарды. Себебі, жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді. Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Басқару жүйесі — көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі — машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм. Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі — автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтан да бұл механизм автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әр түрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.

Сөздік:

1. бекітетін қондырғылар - укрепляющие установки

2. машина тұғырына -основание машины

3. жүріс бағыты - направление езды

4. айналуы - вращаться

5. эксплуатациялық қасиеттері-эксплуатационные качества

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.


Shape15 тұғыры

Shape16 Машина

Shape17 құрылысы

бөлшектері

БShape18 асқару жүйесі

Shape19 Shape20

жүрісі

бағыты



4.АВТОМОБИЛЬДЕР ДВИГАТЕЛЬДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖҮЙЕСІ


4.1.Двигательдердің түрлері


Двигатель деп- энергияның кез-келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады. Олай болса двигательдер қолданатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.

Олардың ішіңдегі өте көп қолданылатын түрі ол жылу двигателі. Себебі, одан басқа двигательдер энергия көзіне «байланып» тұрады да, оларды автомобиль сияқты қозғалатын машиналарға пайдалану мүмкін болмайды. Мысалы: электр двигателі энергия көзіне өткізгіштер арқылы жалғасады, ал ол өткізгіштердің ұзындығы шектеулі болғандықтан, ондай двигательмен жабдықталған автомобиль ұзаққа кете алмайды. Оның үстіне электр энергиясын жинайтын қазіргі аккумулятор сияқты қондырғылардың көлемі өте ұлкен болып, машинаны пайдалануды қолайсыз жағдайға келтіреді.

Сол сияқты ауа ағыны — желді, немесе су ағынын пайдаланатын двигательдер де бір орында ғана жұмыс атқара алады. Оның үстіне олардың жасайтын энергия қуаттары шектеулі болады. Осы себептерге байланысты мұндай двигательдер де онша көп пайдаланылмайды.

Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердің негізгісі — ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.Сырттай жанатын двигательдердің оттық ошағы двигательден бөлек сыртта орнатылады. Ол жерде жанған отынның жылуы басқа суды қыздырып, одан жоғары қысымдағы бу алады да двигательдің қозғалатын бөлігі — поршенін итеріп жұмыс істеп береді. Мұндай двигатель алғаш «паровоздарда» қолданылған, ал автомобильдерде қолдау тапқан жоқ. Оның негізгі себебі ондай сырттан жанатын двигательдердің мөлшері өте үлкен болады және пайдалы әсер коэффиценті (п.ә.к.) өте аз болады. Бірақ олардың артықшылығына — кез-келген отын түрін (ағаш отын, тас көмір, сұйық отын) пайдалана беретіндігін жатқызуға болады.

Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады. Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады. Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады. Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық энергия түрінде беріледі. Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни, мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де оны айналмалы қозғалысқа келтіреді. Бірақ роторлы двигательдер әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі тандағы автомобильдерде онша қолдау таба алған жоқ.Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.

Сөздік:

1. жылу двигателі двигатель тепла

2. жанатын - сгораемый

3. газ қысымы -давление газа

4. айналмалы вращательный

5. ауа ағыны- поток воздуха

6. пайдалы әсер- полезное воздействие

1-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Механикалық энергияға, жылу двигателі, бөлек сыртта орнатылады, отын түрін, қысымы көбейеді ,оттық ошағы, от жағатын бөлігінің ,айналмалы қозғалысқа ,іштен жанатын поршеньді ,қысымы көбейеді.

2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Газ қысымы , басқа механизмдер, жанған газдың, іштей жанатын, ауа ағыны, айналмалы қозғалысқа, қолдау тапқан жоқ, пайдалы әсер, қысымы көбейеді, сырттан жанатын, температура есебінен, әсер коэффиценті, қажетті жеріне


4.2. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері

Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (1-сурет). Цилиндр ішінде поршень ілгері-кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады. Ал цилиндр- үсті цилиндр басымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі. Енді осы поршеньнің жүрісін рет-ретімен қарастыралық.Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді. Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді. Бұл процесті сору процесі деп атаймыз (1.а -сурет). Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (1.б- сурет). Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.

Поршень жоғары жеткен кезде (1 в- сурет) қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады. Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.


1.-сурет. Іштен жанатын төрт тақтылы двигательдің жұмыс схемасы:

а-сору; б-қысу; в-ұлғаю; г-шығару.

Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады. Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді. Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (1 г-сурет).

Сөздік:

1. сору процесі процесс высасывание

2. қысу процесі - процесс зажимание

3. жану процесі - процесс зажигания

4. ұлғаю процесі - процесс расширения

5. жанған газ горящий газ

1-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Іштен жанатын , жану қоспасы , кеңістік көбейеді, ішіндегі газ қысымы азайып, газ қысылады, жану қоспасына, ұлғаю процесі, қысу процесі, ұзақтығы, тұтанып жанады, қызып тұрған.

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Болғандықтан, бекітілген, қысылған, ұзақтығы, шығаратын ,қызып тұрған, шашылады, төмен түскенге, келгенше созылады.


4.3.Шығару процесі


Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады. Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады. Бұл процесті - шығару процесі деп атаймыз. Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.Сонымен, іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмысы поршеннің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты болады екен. Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай двигательдерді төрт тактылы двигатель деп атауға болады. Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді. Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісінде атқарылатын болса, онда ондай двигательдерді екі тактылы іштей жанатын двигатель деп атайды.Екі тактылы іштей жанатын двигательдерде клапандар болмайды (2.2сурет). Олардың орнына цилиндрдің орта шенінен шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашып тұрады. Сонда поршеннің жарты жүрісінде бір процесс орындалады.Екі тактылы двигательдердің жұмысы мына ретпен атқарылады. Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда соратын тесіктер арқылы ауа немесе жану қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тесікті жапқанша жүреді.

2-сурет. Екі тактылы іштен жанатын двигательдің жұмыс схемасы:

1-блок картер; 2-цилиндр; 3-желдеткіш; 4-кіретінтерезе; 5-цилиндр басы; 6-оттық; 7-шығатын терезе; 8-поршень.

Поршень соратын және шығаратын тесіктерді жапқаннан кейін, қысу процесі басталады. Ал сол процестің соңында, жоғарыда айтылған төрт тактылы двигательдегі сияқты жану мен ұлғаю процесі іске асады. Ал ұлғаю поршеньнің жарты жүрісіне дейін, яғни шығару тесігін поршень ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өз қалдық қысымы арқылы сыртқа шығады. Одан әрі жоғарыдағы қимылдар қайталана береді. Яғни, екі тактылы двигательдің төрт тактылы двигательден айырмашылығы, барлық процесс поршеньнің екі жүрісінде аяқталады.Сонымен, іштей жанатын двигательдер жұмыс принциптеріне қарай екі түрлі болады — төрт немесе екі тактылы двигательдер. Осы екі түрінің көп қолдау тапқан түрі — ол төрт тактылы болып саналады. Себебі оның тиімділік көрсеткіштері екі такты двигательдерге қарағанда жақсы болады. Әсіресе жанар май шығыны жөнінде төрт тактылы двигатель тиімді жұмыс атқарады. Себебі, екі тактылы двигательдерде сору мен шығару процестері бір мезгілде жүретіндіктен, жанған газбен бірге сыртқа жану қоспасы да шығып кетеді де жанар май шығыны жөнінде төрт тактылі двигатель тиімді жұмыс атқарады. Себебі екі тактылі двигателде сору мен шығару процестері бір мезгілде жүретіндіктен, жанған газбен бірге сыртқа жану қоспасы да шығып кетеді де жанармай ысырабына әкеліп соқтырады.

Жоғарыда айтылған жұмыс процесінде, цилиндр ішіне сору кезінде ауа немесе жану қоспасы сорылады делінген. Осыған байланысты двигательдер тағы да екі түрге бөлінеді. Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды. Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды. Өйткені ауа мен жанар майды осы карбюраторда араластырып, жану қоспасын жасайды.

Автомобильдерді осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі түрі де қолданылады. Оларды өзара салыстырғанда мынандай кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Дизельді двигательдер жанар майды аз жұмсайды. Мысалы онда бір кВт қуатқа 220-245 г жанар май жұмсалса, карбюраторлы двигательдерде бұл көрсеткіш 340-350 г жетеді. Бірақ, бірдей қуат шығаратын карбюраторлы двигатель, дизельді двигательге қарағанда көлемі кішірек болады. Себебі, дизельді двигательдерді жану қоспасын тұтандыру үшін цилиндр ішіндегі ауаны 16-18 есе қысады. Ол үшін оның механизмдері берігірек етіліп жасалады да, оның мөлшерін арттырып жібереді.

Сөздік:

1. іштей жанатын - внутренне сгораемый

2. сыртқа жану - загораться наружу 

3. кемшіліктері -неполадки

4. электр ұшқыны  электрическая искра

5. қуат шығаратын- выделяет энергию тока

6. артықшылық-преимущество

1-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.

3 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Жанған газ ............ поршень төменнен жоғары қарай қозғалады. Бұл процесті -......... деп атаймыз Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда ............ арқылы ............қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тесікті жапқанша жүреді. Жоғарыда айтылған ......... процесінде, цилиндр ішіне ........... ауа немесе жану қоспасы сорылады делінген. Осыған байланысты ......... екі түрге бөлінеді. Автомобильдерді осы дизельді және карбюраторлы ........... екі түрі де қолданылады. Оларды өзара ............мынандай кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Ол үшін оның механизмдері ............жасалады да, оның мөлшерін арттырып жібереді.


«Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығы бойынша

берілетін қиықша түрлері

1- қиықша

ІІІасси — мынандай бөлшек, механизм және жүйе топтарын біріктіреді: трансмиссия, аспалы жүйе (несущая система), белдік (мосты), аспа (подвеска), рульдік басқару және тежегіш жүйелері.

Тапсырма:

Аспалы жүйе, белдік, тежегіш сөздерін септе.


2- қиықша

Трансмиссия — қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалақтарға айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.

Тапсырма:

Ілініс.беріліс қорабы, доңғалақтар сөздерін септе.


3-қиықша

Жүк тұтасымен немесе жарым-жартылай автомобильдің рамасына орналастырылады. Түрлері: адам таситын жеңіл автомобильдер , жүк автомобильдері, өрт сөндіру үшін, көшеге су шашу үшін, транспортына арнап жасаған арнаулы автомобильдер.

Тапсырма:

Жүк тасуға, өрт сөндіру, адам таситын сөз тіркестерін септе.


4-қиықша

XXI ғасырда Қазақстанда автомобиль жинайтын және автомобиль бөлшектерін шығаратын зауыттар жұмысқа қосылды.Қазіргі кезде жаңа автомобильдердің коректендіру жүйесіне бүрку жүйелері орнатылуда. Оның мысалы ретінде «ВАЗ» және басқа шетел автомобилін келтіруге болады.

Тапсырма:

Көптік жалғаулары жалғанған сөздерді тауып, аударыңдар.


5-қиықша

Қазіргі кезде біз техникалық, прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді жэне дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.

Тапсырма:

Зат есімдерді тауып,аудар.


6-қиықша

Автомобиль қозғалтқыштарын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына еуропалық стандарттардың енгізілуімен түсіндіріледі.

Тапсырма:

Сөз тіркестерін тауып,аударыңдар.


7-қиықша

Қозғалтқыш-жанармай жанғандағы жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Осындай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінді білігін айналысқа келтіріп, механизмдер қатары арқылы айналу моментін автомобильдің жетекші доңғалақтарына жеткізіп отырады.

Тапсырма:

Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тауып, аударыңдар.


8-қиықша

Автомобильдер- құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерден етістікті сөз тіркестерін тауып, қолдану ерекшеліктеріне мән беріңіздер.


9-қиықша

Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзінің бос кезіндегі салмағы мен таситын жүктің салмағын қосып есептегенде) жеті түрлі класқа бөледі және олардың индексін 1 ден 7 ге дейін санмен белгілейді. Осыған қосымша жүк машиналары жүк салатын қорабының әртүрлі жүк түріне қарай, өздігінен түсіре алатындығына қарай тағы да бірнеше түрге бөледі де оны да индекстен кейін санмен белгілейді. Сондағы жүк машиналардың түрленуі мына төмендегідей болады.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып ,сан есімдердің түрлерін анықта.


10-қиықша

Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады. Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады. Бұл процесті - шығару процесі деп атаймыз. Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.Сонымен, іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмысы поршеннің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты болады екен.

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, қолдану ерекшеліктеріне мән беріңіздер.


11-қиықша

Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден зат есімдерді тауып ,зат есімдердің түрлерін анықта.




Пайдалыналған әдебиеттер


1. Ш.Б7 Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.

2. Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдердің құрылысы және пайдалануы. Астана: Фолиант,2007.

3. Нұржауов А. Трактордың тарту күші динамикасы.Астана: Фолиант, 2007.

4. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.

5. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА

6. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.

7. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.

8. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.

9. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000





































МАЗМҰНЫ бет

1. Кіріспе ............................................................................. 3

2. Ғылым мен техникадағы терминдердің мәні ................................. 4

3. ІСКЕР ЗАМАНДА КӘСІПТІЛІККЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ............. ............. 7

4. Кәсіби терминдерге байланысты мәтінмен жұмыс

жүргізудің түрлері ........................................................................ 11

5. «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша

берілетін мәтінмен жұмыс түрлері ....................... 14

6. «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша

берілетін қиықша түрлері................................................. 19

7. «Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығы бойынша

берілетін мәтінмен жұмыс түрлері ..............................

8. «Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығы бойынша

берілетін қиықша түрлері ............................................





























Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі





«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен әдістемелік құрал


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі «Әлеуметтік -гуманитарлық пәндер» циклдік комиссиясының отырысында қарастырылып келісілді

( № 3 хаттама 10.10. 2015 жыл)






Құрастырған: Ш.Т.Абушарипова қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы






Әдістемелік құралда «Кәсіби қазақ тілі» пәнінде «Автокөлік жөндеуші слесарь» мен «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша кәсіби терминдерді меңгертудің, болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, болашақта қызмет барысында кәсіби терминдерді қолдануға машықтандырудың тиімді жолдары қарастырылған. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс, үлестірмелі қиықшалармен жұмыс жүргізудің үлгілері ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушыларына арналған.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ