Кәсіптік қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіптік қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда тілді мамандықпен байланыстыра оқыту жайында әртүрлі тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп,кәсіптік білім беру оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әртүрлі жолдары мен техологиялары тәжірибеге енгізілген. Бүгінгі күн талабына сәйкес даярланған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны мен мақсаты тіл үйренушінің мамандығына, қажеттіліктеріне, сұраныстарына орай, қазақша кәсіби сөйлеуді дамытуға, оларға болашақ қызметіне қатысты қолданылатын терминдерді меңгертіп, кәсіби сөйлеуін қалыптастыруға бағытталған. Мұның өзі қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі өсіп, қолданыс аясының қоғам қажеттілігіне сай барлық ғылым салаларына негізделіп, қатысымдық қырынан дамып келе жатқанының дәлелі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Кәсіптік қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың маңызы

Қазіргі таңда тілді мамандықпен байланыстыра оқыту жайында әртүрлі тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп,кәсіптік білім беру оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әртүрлі жолдары мен техологиялары тәжірибеге енгізілген.

Бүгінгі күн талабына сәйкес даярланған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны мен мақсаты тіл үйренушінің мамандығына, қажеттіліктеріне, сұраныстарына орай, қазақша кәсіби сөйлеуді дамытуға, оларға болашақ қызметіне қатысты қолданылатын терминдерді меңгертіп, кәсіби сөйлеуін қалыптастыруға бағытталған. Мұның өзі қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі өсіп, қолданыс аясының қоғам қажеттілігіне сай барлық ғылым салаларына негізделіп, қатысымдық қырынан дамып келе жатқанының дәлелі.

1.2. Кәсіби қазақ тілді кредиттік технология арқылы үйретудің басты қағидалары. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру үшін оны студенттерге мамандыққа қатысты оқытып үйретуді жаңа үрдісте дамытып, жетілдіру қажет. Басқаша айтқанда, студенттердің оқу әрекетінің белсенділігін арттыру және танымдық әрекетті жандандыратын әдістерге ерекше көңіл бөлу – негізгі әдістемелік мәселе болып отыр. Сондықтан да оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа қатысты «кредиттік технология» арқылы оқыту мәселелері шешудегі басты ұғым болып табылады.

Кредит (credit, credit-hour) – оқушының оқу жұмысы көлемінің өлшем бірлігі. Ол оқу еңбегі көлемінің қолайлы, икемді, өзгермелі өлшемі.

Сонымен, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студент игеретін білім ауқымы кредит түрінде есептеледі.

Енді кредиттік технология деген не, оның негізгі қағидалары мен ерекшеліктері қандай деген мәселеге тоқталатын болсақ, ол мынадай басты қағидаларға негізделеді:

Икемділігі, яғни біріншіден, берілген оқу кезеңінің әр семестрінде игеруге қажет пәндерді студент өз таңдауы бойынша алуына ерікті; екіншіден, студент оқу кестесін өзіне ыңғайлы жүйемен жасауға құқылы;

Еркіндігі, мұнда біріншіден, студент дәрісханалық сабақ, жеке жұмыс пен өзіндік жұмыстың өзара тиімді арақатынасын анықтап, оқудың дербес түрін тандап алуына мүмкіндігі бар; екіншіден, студент пән оқытушысын өзі таңдауға құқылы;

-Оқу белсенділігі, біріншіден студент білімді өз бетінше игеріп, жеке тұлға ретінде әлеуетін дамытуға, шығармашылық іс-әрекетке машықтанады; екіншіден, өмірдің нақтылы бір жағдайында білімін тиімді пайдаланып, ұтымды шешім қабылдау дағдысын қалыптастырады.

Сонымен оқытудың кредиттік технологиясы дегеніміз – оқу пәндерін, оларды игеру тәртібін студент еркін таңдай отырып, білімді ізденушіліпен игеруіне, одан әрі жетілдіруне мүмкіндік алатын оқыту жүйесі.

Мемлекеттік тілді кредиттік технология арқылы оқыту мазмұны, оны меңгеруге қойылатын талаптар мен шарттар силлабус мазмұнымен айқындалады. Силлабус студенттерге кәсіби қазақ тілді оқыту бағыты, саясаты жөнінде жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Студенттердің кәсіби тілдік білімін тексеру академиялық рейтингтік бақылау қолданылады. Студенттердің академиялық рейтингі (Rating) – ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нәтижесі бойынша студенттің кәсіби қазақ тілін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші. Оқу орындарында қазақ тілі пәнін кредиттік технология арқылы оқыту жетістіктерін бақылау түрлері: ағымдық және аралық бақылау (лексикалық және грамматикалық бағыттағы сұрақтар, сөйлесім әрекеттеріне негізделген оқу пәні тақырыптары бойынша бақылау жұмыстары, студенттердің өзіндік ізденушілік, шығармашылық жұмыстарын қорғау, тапсыру, т.б.) және қорытынды бақылау (грамматика және сөйлесім әрекеті түрлері бойынша тестілеу, емтихан) түрінде ұйымдастырылады.

Қазіргі кезде білім берудің мазмұны, жаңа көзқарас, өзгеше менталитет пайда болды.Сонымен қатар, білім беру саласын ізгілендірудін басты бағыттарының бірі – белсенді оқытудың түрлері мен әдістерін жетілдіру болып табылады.

Осы мақсатпен сіздерге (N1) «Кредитік технологиялық» атты сызба кестесін ұсынып отырмын. Кесте негізінде оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің маңызын ашуға болады.

N1 Кесте

 

Осыған орай өз педагогикалық білімімізді тереңдетіп, іскерлік шеберліктерімізді арттыру үшін, студенттерге әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін, олармен шығармашылық жұмыс жүргізіп, пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын ояту үшін жаңа педагогикалық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақтарда пайдалану тиімдірек.

2.1. «Қазақ тілін мамандыққа қатысты кредиттік технология арқылы үйретуге арналған жаттығулар жүйесі бар».

Кәсіби тілді кредиттік технология арқылы үйретуге арналған жаттығулар жүйесі үш түрге бөліп қарастырылды:

1.Машықтандыру жаттығулары.

2.Шығармашылық жаттығулар.

3.Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар.

2.2. Кәсіби қазақ тілін үйретуге арналған машықтандыру жаттығуларымен жұмыс жүйесін пайдаланамын.

Машықтандыру жаттығулары – студент үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны кәсіби тілдік қатынаста шеберлікпен қолданудың амал-тәсілдерін берік меңгеруін әбден қалптастыру мақсатында орындалатын жұмыс.

1.Кәсіби лексикамен жұмыс. Студенттер қазақша кәсіби сөздерді меңгерумен бірге, қазақ тіліндегі кәсіби ұғымдарды, олардың табиғаты туралы мәліметті, нақтылы мамандыққа байланысты таңдап алынған лексиканы бойына сіңіреді.

Мен сіздердің назарларыңызға «Кең бейінді құрылыс шебері» мамандығына байланысты Кәсіби лексикамен жұмыс түрін ұсынамын.Яғни бұл машықтандыру жаттығуларын ойын технологиясыиен ұштастыра отырып «Бермуд үштағаны» ойынын өткіземін. Еденде бермуд үшбұрышы сызылады. Әрбір бұрышына «О», «Қ», «А» әріптері қойылады. О – орысша, Қ-қазақша, А –ағылшынша дегенді білдіреді. Алдымен орыс тілінде сөз айтылады, студент қазақ тілінде, содан соң ағылшын тілінде аудармасын айту керек, және әріптермен жылжып алға жүру керек. О-Қ-А. Егер де қазақ не ағылшын тілінде аудармасын айта алмай қалса, бермуд үшбұрышына жоғалып кетеді. Ал егер үш тілде аудармасын тапса, бермуд үшбұрышынан аман-есен шығады.



Архитектура – сәулет өнері – architecture

Строитель – құрылысшы – builder

Подрядчик – мердігер- contractor

Застройщик – үй салушы – developer

Этаж – қабат – floor

Блок – блок – block

Жилое здание тұрғын үй – residential building

Кирпич – кірпіш – brick


Стекло – шыны – glass

Потолок – төбе – ceiling

Железобетон – темірбетон – reinforced concrete

Каркас – қаңқа – frame

Дом – үй – house

Крыша – шатыр – roof

Пол – еден- floor

Сооружение – ғимарат – structure

Здание – үймереттер – buildings

Стена –қабырға – wall

Камень – тас- stone

Дерево – ағаш – tree

Штукатурка – сылақ – plaster

Строительство – құрылыс – building

Фундамент – іргетас – foundation

Лестница – саты – stairs

Строитель – құрылысшы – builder

Қорыта келгенде, кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйретуде басшылыққа алынған қағидалар мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан жұмысшы мамандығына қатысты меңгертуде ұтымды рөл атқарады.

Кәсіби қазақ тілін үйретуде кредиттік технологияға негізделген өзіндік жұмыстарды орындау арқылы студенттердің мамандыққа қатысты ғылыми ақпараттық түсіну, ой елегінен өткізу деңгейі артады.

Қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйрету студенттің бойындағы жасырын жатқан ішкі әлеуетін ашып, оның ізденушілік, шығармашылық белсенді әрекеттерін дамытады, кәсібіне қатысты өз ойын шеберлікпен жеткізу қабілетін жетілдіреді.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2022
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі