Материалдар / Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспар. Сабақ мақсаты: • дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларымен таныстыру; • шаңғы және коньки тебу техникасы бойынша даярлайтын және дамытатын жаттығуларымен таныстыру; • шаңғы және коньки техникасы түрлерін қарастыру; • шаңғы және коньки тебу техника қауіпсіздігін білу; • жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтарын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2022
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспар № 39-40


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ

5 бөлім – Шаңғы/кросс/коньки даярлығы

Күні: 02.02.2022 Мұғалімнің аты-жөні: Тусупжанов К.О., Ескендиров К.К.

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру

Осы сабақта қол

жеткізілетін

оқу мақсаттары

10.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекетін орындауды талдау және бағалауды орындау

Сабақ мақсаттары

  • дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларымен таныстыру;

  • шаңғы және коньки тебу техникасы бойынша даярлайтын және дамытатын жаттығуларымен таныстыру;

    • шаңғы және коньки техникасы түрлерін қарастыру;

    • шаңғы және коньки тебу техника қауіпсіздігін білу;

    • жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтарын дамыту.

Бағалау критерийлері

Білу, түсіну, қолдану сияқты компоненттерге баса назар аударылады:

    • дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларын біледі;

    • шаңғыдан даярлайтын және дамытатын жаттығуларды айыра алады;

    • шаңғы техникасының түрлерін айыра алады;

    • шаңғы және коньки техникасын біледі және өзгелердің техникасын бағалай алады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

ЖЖС: минутына соққы

тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмысшы тамыр соғысы, қалпына келу сәтіндегі тамыр соғысы

жүрек-тамыр жүйесі

ширату, қалпына келу техникасы

тамыр соғысын ұлғайтатын жаттығу

жеңіл адыммен көтерілу, таудан жоғары тік тұрып түсу

жартылай доға қалыбынан бұрылу

доға бойынша сырғанау

табиғи және жасанды кедергілер

бір уақытта екі адымдық, бір уақытта бір адымдық, коньки жүрісі

«жартылай доға», «доға» тәсілдерімен тежелу

физикалық қасиеттер компоненттері (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік)

эстафеталар және ойындар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтарын қалай дамытуға болады?

Сендер тамыр соғысын ұлғайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер?

Динамикалық созылу деген не?

Статикалық созылу деген не?

Шаңғы, коньки және кросс даярлығы кезінде біз қандай қауіпсіздік шаралары туралы білуіміз керек?

Бұл жаттығуда қандай физикалық қасиеттер дамиды?

Төзімділікті дамыту үшін қандай жаттығулар көбірек сәйкес келеді?

Неліктен кейбір тапсырмалар басқаларына қарағанда көбірек физикалық белсенділікті талап етеді?

Құндылықтарды дарыту

  • Жұпта және топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

  • Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Биология сабағымен байланыстыру, қан айналымы және жүрек тамырларын қатайту.

Физика сабағымен байланыстыру, жылдамдық, күш, сырғанай және ауа райы қарсы әрекеттері.

Бастапқы білім

8-9 сыныпта қысқы спорт сабақ түрлерінен алған білімдері.

Ғаламдық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Қысқы олимпиада. Пекин 2022ж. Қазақстан құрамасының тізімі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

  2. Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.

  3. Үлкен бос кеңістікте жүру жаттығуларын орындау: Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру, қолда аяғымызға тигізіп жүру, қол алда жартылай отырып жүру, қол белде толық отырып жүру, қол белде отырып екі жанға секіріп жүру.

  4. Дене қыздырыну жаттығулары: Аяқты артқа лақтырып бір орында жүгіру, қол белде тіземізді жоғары көтеріп бір орында жүру.

  5. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

  6. Жалпы даму жаттығулары.

  7. Күш-жылдамдықтарын арттыру жаттығулары.

  8. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

Жабдық: секунд өлшегіш, бор, шаңғы, коньки, фишкалар


Қауіпсіздік техникасы.

http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588/



Сабақтың ортасы


1 тапсырма

Оқушылар топтарға бөлініп, қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтерді талқылайды. Сөйтіп оқушыларда қауіпсіздік ережесі туралы білімі ұлғаяды. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Тапсырма сонында қолпаштап арқылы оқушыларды бағалау.

2 –Тапсырма

Коньки даярлығы:

Оқушылар келесі жаттығуларды орындайды:

доғамен сырғанау;

екі аяқпен сырғанау – жылан ирек. Оны орындаған кезде иықтың жамбасқа қатысты қарсы бұрылысына назар аудару қажет, бұл қозғалысты табиғи орындауға мүмкіндік береді.

Коньки даярлығы:

Оқушылар жаттығуларды орындап, алдымен оң аяқпен итеріліп сол конькимен, содан кейін сол аяқпен итеріліп, оң аяқпен сырғанайды. Қол бұл сәтте қарқынды түрде қызмет етеді.

3 –Тапсырма

Эстафеталық ойындар:

Оқушылар 2 командаға бөлінеді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншы фишкаға дейін жүгіреді. Ол командаға оралған кезде, оған екінші ойыншы «тіркеледі», енді екеуі қашықтықты белсенді жүгіреді. Командалардың барлық қатысушылары паровоз болып тіркеліп, қашықтықты жүгіріп өткенге дейін әрекет қайталанады. Тапсырманы бірінші болып орындаған команда жеңіске жетеді.


4 –Тапсырма

Алаңға командалардың саны бойынша нысаналар орнатылады. Лақтыру сызығы мен нысана арасындағы арақашықтық – оқушылардың жасына және дайындық деңгейіне байланысты 58 м және одан артық.

Сынып бірдей ойыншылар санымен командаларға бөлінеді. Рет бойынша саналады. Командалар лақтыру сызығының бойына бағандарға тұрады. Ойыншылар қар кесектерін лақтыру сызығының жанына жинайды. Әрбір ойыншы қатарынан 2 лақтыру орындайды. Белгі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар қар кесектерін нысанаға лақтырады да, бағанның соңына барып тұрады. Содан кейін екінші нөмірлер лақтырады, т.с.с. Нысананың ортасына тигізгені үшін ойыншы 3 ұпай, орташа шеңбер үшін – 2 ұпай, сыртқы – 1 ұпай алады. Нысана өрісіне тигізгені үшін ұпайлар берілмейді. Содан кейәін аралық қорытынды жасалады, қар кесектерінң қоры толтырылады және ойын қайта жалғасады.

5 – Тапсырма

Резеңкеден жасалған баллондармен төбеден сырғып түсу.

Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фишкалар, ысқырық, таратпа материалдар.





Шаңғы даярлығына сілтеме:

http://bmsi.ru/doc/08f1937b-099a-497f-bfc8-7bd85f0cbbf9



Коньки даярлығына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=RwiyDEtdEbM

Сабақтың соңы

Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.

Үй тапсырмасы.


Саралау

- барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады;

- оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- оқушылар көпшілігі коньки мен еркін жүре алады.

Бағалау

Әр білім алушы өзінің іс-әреті туралы класстастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:
Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Сабақ бойынша рефлекия:

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

Сабақта өткен дағдыларды қайталау, оқыту жүзеге асырылды.

Оқушылар төзімділік дене қасиетінің маңыздылығын түсінді.

Жалпы төзімділік пен дене дайындықтары қаншалық жақсы екендіктері турасында білді.

2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Ия, топтарда қауіпсіздікті сақтай отырып жүгіру әдістерін орындады, сонымен қатар кеңістікті дұрыс пайдаланды.

Кейбір оқушыларға жақын қашықтықтар жоғары нәтиже көрсете алмады.

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Ия, оқушылар тақырып туралы жеке ойланады.

Жұптасу арқылы білімін толықтырады.

Топпен талқылау арқылы тақырып туралы ойы кеңейтеді.

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?

Ия, әлсіз оқушыларға жұмсалатын уақыттарды ескеріп отыруға тура келеді.

Жалпы оқушыларды бағалау:


Берілген тапсырманы тиянақты орындау, үлгілі орындау, басқаларды үйрете алу сияқты дағдылар қалыптасуы арқылы.

Бұл кезде оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін сұрақ-жауап, бірігіп жұмыс жасау, сыни ойлау, мәселені шешу.

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1. Жүгіру жаттығуы адамды табандылыққа үйретеді;

2. Өзін-өзі ептілікке, табандылыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1. Оқушылардың сабаққа берген рефлексиясы мен мінездемелері;

2. Сабаққа әріптестердің қатысуы, сабақтан кейінгі талдаулар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!