Кеңес: Балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктердің пайда болун ерте жастан алдын алу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес: Балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктердің пайда болун ерте жастан алдын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дыбыстарды қабылдап, естіп ажыратуын, артикуляциялық мүшелердің қозғалысын,ұсақ моторика дамуын,фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктердің пайда болуын ерте жастан алдын алу



Мақсаты: Балалардың дыбыстарды қабылдап, естіп ажыратуын, артикуляциялық мүшелердің қозғалысын,ұсақ моторика дамуын,фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Міндеті: Баланың тіл бұзылыстарын алдын-алу мәселелерінің әдіс-тәсілдерімен педагогтарды таныстыру.



Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп, ажырата бастайды. Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде  дыбыстарды айтып сөйлей білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізетіні анық.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.

Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала  әлі былдырлап жүрсе, онда ол  логопедтің қарауына қаралғаны жөн.

Мектепке дейінгі мекемеде логопед, тәрбиеші, ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде логопедтік жұмыс бірнеше бағытты қамтиды. Бұл балалардың тіл бұзылыстарын алдын алу, қайталанған тіл бұзылыстарын болдырмау. Ата-аналардың көпшілігі баланың тілі дұрыс шығып, шықпағанына жете мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес.1жасар бала кем дегенде 10 сөз айту керек, 2 жаста сөздік қоры 300-ге жуықтайды. Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан да кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да баланың былдырлауына еріп соның тілімен емес, түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс. Баламен бір тілде ғана, яғни ана тілінде сөйлеу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген бала еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндай сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс. Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері де баланың дыбысты дұрыс айтуын кіші топ кезінен басқарып отыру қажет. Сабақ кезінде де, балалармен серуен кезінде де балалардың сөйлеуіне назар аударып, анық, дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Сөйлеу тіл бұзылыстарын алдын-алу үшін мына бағыттарда жұмыс жасайды.

-есту қабілеті және балалардың фонематикалық естуін

-дұрыс тыныс алуын

-балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту

-артикуляциялық аппараттың қимылын дамыту



Фонематикалық есту қабілетін дамыту

Есту қабілетін және фонематикалық естуін дамытуда әртүрлі жаттығулар жасалынады.

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны

Қажетті құралдар: үй жануарларының ойыншықтары немесе суреттері

Логопед балаға суреттерді немесе ойыншықтарды көрсетіп, қалай дыбыстайтынын салады.Содан кейін ауызын қағазбен жауып, жануарлардың дауысын салып, қай жануардың дауысы екенін сұрайды.

«Масалар мен қоңыздар» ойыны

-Балалар, бүгін біз баққа серуенге барамыз. Ал бақта аралар мен қоңыздар

көп екен. Қазір біз аралар мен қоңыздар ойынын ойнаймыз. Мен араның

суретін көрсетсем, сіздер ара тәрізді з-з-з-з деп, ал қоңыздың суретін көр-

сетсем, ж-ж-ж-ж-ж деп ызыңдайсыңдар.

Тыныс алу жаттығулары

Балаға дұрыс тыныс алуды үйрету өте маңызды, себебі тыныс алу біздің сөйлеу тіліміздің энергетикалық негізі болып табылады. Кейбір дауыссыз дыбыстар қатты дем шығаруды қажет етеді. Балаларға жаттығуларды ойын түрінде ұсынған жөн. Мұндай ойын жаттығулар арқылы бала терең дем алуға, ұзақ бағытталған дем шығаруға үйренеді. Мысал ретінде бірнеше жаттығуларды алуға болады. Баланың сөйлеу кезінде тыныс алуын дамытуға арналған ойындарды жүргізген кезде ол жаттығулар баланы тез шаршататынын, кей кезде басының айналуына әкеп соғатынын естен шығармаған дұрыс. Сондықтан, мұндай ойындарды уақытқа қарап отырып жүргізген жөн. Ұсынып отырған жаттығулар мен ойындар баланың бағытталған қатты ауа ағынын ауыз арқылы шығарып үйренуіне ықпал етеді.

«Ұш көбелек!» ойыны

Мақсаты: ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту, ерін бұлшық еттерін белсендіру. Ойын барысы: Әр көбелекке ұзындығы 20-30 см.жіпті байлап, ол жіптерді бір-бірінен алшақ қойып бауға байлаңыз. Педагог балаға көбелектерді көрсетіп, олармен ойнауды ұсынады.Бала орнынан тұрып, көбелектердің жанына барады да үрлейді.

Ұсақ қол моторикасын дамыту

Сөйлеу мүшелері әрекетінің қозғалуының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, түзету тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу қажет. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ моторикаға әсер ете отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Балалардың сөздік қорларын дамытуда саусақ ойындары үлкен нәтиже береді.

Құлып

Ілген есік сыртына,

Ұқсайды ма құлпыға?

(2 қолдың саусақтарын құлыпқа ұқсатып айқастыру)

Ашқың келсе аямай,

Қатты тартып жұлқыла.

(2 қолды 2 жаққа қатты күшпен тартып,құлпыны ашуға тырысу)

Тыңдамайтын доп

Добым кетті домалап,

Тыным таппай жорғалап.

(2 қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп,дөңгелек допқа ұқсату)

Кетті мүлдем қағынып,

Қалмаса екен жарылып







Артикуляциялық жаттығулар

Адамда дыбыс айту қабілеттілігі туған кезден бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса ол қиындықты артикуляциялық жаттығулар шешуге көмектеседі. Артикуляциялық жаттығу деп-ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін сабақты айтамыз. Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты: баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Барлық жаттығуларды балаларға ойын түрінде жеткізген дұрыс.

«Саңырауқұлақ» жаттығуы. Мақсаты: тілді жоғары көтеруге үйрету, желбезекті созу. Жалпақ тілді таңдайға жабыстырып, ауызды кең ашу.

Қорытынды: Осы жаттығулармен есту қабілетін дамыту, артикуляциялық және ұсақ қол моторикасын дамыту, дұрыс тыныс алуын дамыту дәйекті жүйелі түрде жұмыс жасаса, дыбысты айтудың бұзылуын алдын-ала жөндеуге көмектеседі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.08.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі