Кеңес: "Баланың бас ұстазы - ата - ана"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес: "Баланың бас ұстазы - ата - ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды дейді. Демек, баланың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Жас буынның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік ортада бейімделіп кетуі әр түрлі. Өмірге деген қызығушылығы, бейімділігі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдылық және тәрбиелік маңызы бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаны тани біледі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың өзектілігі бір ғана мақсатпен түсіндіріледі: дені сау ақылды және мейірімді, терең ойлы бала қалыптасатындай білім беру. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын сюжеттік-рөлдік ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа ойын технологиясы маңызды әдістердің бірі, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда ойынның дидактикалық, математикалық, сюжеттік түрлері жиі қолданылады. Әр білім саласының алғашқы түсініктерін қалыптастырып, баланы ойлауға, әрекетке, шешім жасауға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Біліктілік құзіреттілігі баланың қоршаған әлемді танып - білу мақсатында әр түрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Олар әр түрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы) қызметіне қарай қолданып байқайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған барлық іс-әрекеттер ойынмен тығыз байланыстырылады. Сондай іс-әрекеттердің бірі - математикалық ойын. Математикалық ойын- көлемі кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітірген ғажайып, күрделі нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Ойын әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде көңіл күйі, баланың тілін дамыту мен қатар оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастырады: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдырады, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіреді, ойын түрін қолдану арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын баланың ойлау қабілетін арттырады. Математикалық ойын ойнату кезінде логикалық элементтерді қолдану балалардың тапқырлығын арттырып, жылдам ойлауға бастама жасайды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.

Математикалық ойындар арасында желілі - рөлдік ойындар да бар. Желілі-рөлдік ойындарды құрастырғандада логикалық элементтерді қолдану, балаларға күш - қуатын арттыруға, тапқырлықтарын, шыншылдықтарын танытуға үлесін қосады. Әр ойынның өзіндік ережелері болғандықтан, балаларды тәртіпке баулиды. Ойынға қатысқан бала белгілі бір ережені орындайды. Сюжеттер қарапайым, баланың қиялдауына лайық болғаны дұрыс. «Балықты аула», «Аңдарға көмек», «Жемістер жинау», «Ғажайып еліне саяхат» т.б.

Математикалық ойындарда логикалық элементтерді қолдану арқылы ойындарды ұйымдастырғанда мынадай талаптарға сүйенген жөн:

  1. Ойынның ережелерін дұрыс және қарапайым құрылған, балалардың түсінуіне қолжетімді болуы тиіс. Мысалы «Кім жылдам» ойыны. Ойынның шарты: мысалы, 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр түрлі суреттердің артына жасырын жазылып берледі, тәрбиеші қандай санды атаса, бала орынынан атып тұрады.

  2. Ойын барысында әр бала белсенді қатысушы екенін сезінсе, ойын өте қызықты болады. Мысалы, жоғарыда ойнатылған ойынға топтағы барлық бала қатысуы керек, ешкім қалыс қалмауы тиіс, көрнекілік барлығына таратылып, тапсырма алған бала өз санын аталғанын күтіп іс-әрекетке ден қоя қатысады.

  3. Егерде ойын әр түрлі қозғалысты және танымдық мазмұндардан құралатын болса, олардың арасында міндетті түрде ойлау қабілетін дамытатын ойын болуы тиіс. Мысалы:

Логикалық сұрақтар қою:

  1. Аспанда қанша күн бар? (1)

  2. Бағдаршамның қанша түсі бар? (3)

  3. Машинада қанша доңғалақ бар? (4) т.б.

Қозғалыс ойын баяу ойынмен кезектесуі қажет. Мысалы, слайд суреттері арқылы ауызша есеп шығарту.

  1. Ойынды аяқтаусыз қалдыруға болмайды. Балаларды мадақтап, іс-әрекетке қатысқандары үшін жұлдызшамен немесе әр түрлі медальдармен марапаттау.

  2. Сонымен қатар логикалық ойындарға байланысты «жұмбақ есептер», «ұқсасын тап», «қайсысы артық», «айырмашылығын тап», «бесінші артық». Ойындар арқылы білімдеріншыңдай түеді. Мұндай қызықты логикалық ойындар ойлау қабілеттерін дамытып, ынталандырып, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып, адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілетінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше. Геометриялық пішіндер айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып, логикалық тапсырмаларына толық жауап беріп, ойлау қабілетін дамытады. Әрбір санның алдында және өзінен кейінгі санды дұрыс айта білуге үйретеді. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамытып, қызықты ойындар арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейді. Алдымен алдына қойған мақсатқа жету қабілеттерін дамытады.

Қорыта келгенде, ойын – баланың бойында тұлғалық жақсы қасиеттерін қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайымдай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіндік пайда болады, есте сақтау қабілеті дамиды.

Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді, өзін ұстай білуге, жұпта, топта өзара сыйластыққа жұмыс жасауға баулиды. Оқу іс – әрекетінде дидактикалық ойын баланың қызығушылығын арттырады. Ойын ойнатуда әр түрлі зат беріліп, үш - төрт айырмашылығын тап деген кезде баланың логикалық қабілетін арттыруға көмектеседі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі