Материалдар / Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш...

Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш...

Материал туралы қысқаша түсінік
Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Білім беру ұйымының атауы

“№118 Көкбұлақ жалы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Пәні:

қазақ әдебиеті



Бөлім: Адам жанының құпиясы



Педагогтің аты-жөні:

Қожамұрат Г.Е.



Күні:

14 .03 .2024ж



Сынып:

9 «А»



Сабақтың тақырыбы:

Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш...



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;



Сабақтың мақсаты

Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.



Сабақ барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

















2 .Алдыңғы білімді қорытындылау

5 мин

1.Сыныпты түгелдейді

2.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.

3.Оқушыларды топқа біріктіреді.


Фонарик” әдісі арқылы 3 топқа бөледі.



1-топ ”Шәмші” ауылы 2-топ“Төлеген” ауылы 3 -топ”Мұхтар” ауылы




1. «Сағыныш хат »

2.Гүлмира Саринаның орындауында «Сағыныш» әнін тыңдатады. Әннен алған әсері, әннің не жайында екенін, ән туралы не білетіндері жөнінде тобымен пікір алмасады, өз ойларын сыныппен бөліседі. «Сағыныш» әнін тыңдату

Жеке жұмыс .Үй тапсырмасы «Kahoot» бағдарламасы бойынша Айбергенов туралы не білетінін анықтау үшін сұрақтар беріледі.

1Т,Айбергенов қайда дүниеге келді?

А)Алматы Ә)Қарақалпақ елі Б) Батыс Қаақстан В) Қостанай

2.”Сағыныш”өлеңі кімге арналды?

А)М.Мақатаевқа Ә)М. Шаханоқа Б) Ш.Қалдаяқовқа В) Ә.Кекілбаевқа

3. “Сағыныш’’өлеңінің әнін жаған және орындаған кім?

А)Р.Рымбаева Ә) Р.Әлқожа Б)Г.Сарина В) Қ.Әбдилдина

4.Т.Айбергеновтің жарының есімі?

А)Үрниса Ә) Салтанат Б) Злиха В)Әйгерім

5.Алматыда қандай жұмыс жасады?

А)”Балдырған “журналында Ә)Кешкі мектептеБ) “Қазақ әдебиеті” газетіндеВ) Жазушылар Одағында

6.Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның.. Осылайша Төлегенге қай ақын жыр арнады?

А) М.Мақатаев Ә) М.Шаханов Б)ҚМыра Әли В)Ж.Жабаев

7 .М.Шахановтың ақынға арнаған өлеңі қалай аталады?

А)Біз, қазақтың екі ақыны ,біреміз Ә)Төлегенов шыңы Б)Жанерке В) Тоқшылық

8.Төлеген Шәмшімен қандай ән жазды?

А)Ақ ерке ,Ақ Жайық Ә) Ақ бантик Б) Кешікпей келем деп ең В)Арыстың жағасында

9.”Таңдамалы өлеңдер” және “Біргемін мен сендермен”жинақтары қай жылы басылып шықты ?

А) 1963ж Ә) 1970ж Б)1975ж В) 1997ж

.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Фонарик” әдісі арқылы 3 топқа бірігеді.

1-топ ”Шәмші” ауылы

2-топ“Төлеген” ауылы

3 -топ”Мұхтар” ауылы



Оқушылар үй тапсырмасы ретінде берілген сағыныш хатын оқиды.


Гүлмира Саринаның орындауында «Сағыныш» әнін тыңдайды. Әннен алған әсері, әннің не жайында екенін, ән туралы не білетіндері жөнінде тобымен пікір алмасады, өз ойларын сыныппен бөліседі








ҚБ мадақтау,

мақтау
















Дескриптор:

-сағыныш хатын оқиды.

(1 балл)

-Әнді тыңдап,тест сұрақтарына жауап береді

(1 балл)






Оқулық,

дәптер, қалам


Фонарик,

бағалау парақшала

ры ,стикер,

ұялы телефон



Сілтемесі






Интербел-

сенді тақта

сілтеме


9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

АКТ



Сабақтың ортасы



25мин








Мағынаны тану.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

1-тапсырма Жұптық жұмыс .“Пікір.Дәлел.Түйін” әдісі бойынша Т.Айбергеновтің “Сағыныш” өлеңі мен М.Жұмабаевтың “Сағындым” өлеңін салыстыра отырып,тарихи құндылығын бағалайды.



Төлеген Айбергенов «Сағыныш»

Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,
мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
Онсыз сен, тіпті, тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға.
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға…


Мағжан Жұмабаев «Сағындым»

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас...


2-тапсырма ТЖ Т.Айбергеновтің «Сағыныш» пен

М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңдерінің көркемдік құндылығына талдау


Шәмші” тобы


Төлеген” тобы

Мұхтар” тобы

Өлеңнің құрылысы

Троп түрлері

Фигура (айшықтау)

.








Анықта ”әдісі

1-топ екі өлеңнің құрылысына талдау жасайды .

2-топ екі өлеңдегі троп түрлерін анықтайды..

3-топ екі өлеңдегі фигура (айшықтау) түрлерін табады.


Көрі Көрініс:Т.Айбергенов пен М.Шахановтың соңғы кедесуі


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Оқушылар Т.Айбергеновтің “Сағыныш” өлеңі мен М.Жұмабаевтың “Сағындым” өлеңін салыстыра отырып талдайды.



























1-топтың оқушылары “Анықта ”әдісі арқылы екі өлеңнің құрылысына талдау жасайды.

Оқушылар троп түрлерін анықтайды.

Оқушылар екі өлеңнің құрылысына,

Троп түрлеріне,

ашықтау түрлеріне талдау жасайды.







Дескриптор

-екі шығарманы салыстырады

(1 балл)

-тарихи құндылығын бағалайды

(1 балл)

-дәлел жазады

(1 балл)

-түйін жасайды

(1 балл)

























Дескриптор:

- құрылысына талдау жасайды

(1 балл)


- троп түрлерін анықтайды

(1 балл)


- фигура (айшықтау) түрлерін табады

(1 балл)


Мақтау,мадақ

тау











Әдебиет хрестоматиясы

Бағалау парақшала

ры

суреттер,

мәтін үінділері









































бағалау парақшала

ры,жұмыс парақшалары



Сабақтың соңы

Сабақты бекіту

5 мин

















































Кері байланыс

2 мин











Үйге тапсырма

1 мин

«Wordwall» бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын орындалады.

1.1961 жылы басылып шыққан туған жерге,Отанға деген албырт сағыныш пен махаббатқа толы бір топ өлеңдері енген жинақ қалай аталады ?

А)Өмірге саяхат Ә)Жас дәурен Б) Аманат В) Арман сапары

2.Заттың не құбылыстың қасиетін ұлғайта суреттейтін көркемдік құрал?

А)теңеу Ә)гипербола Б) эпилог В) символ

3. Ақын неше жыл өмір сүрді.?

А)44 Ә) 45 Б)30 В) 90

4.Әр түрлі жан-жануарларды ,табиғат құбылыстарын,жансыз нәрселерді адам кейпіне елтіріп суреттейтін тәсіл?

А ) кейіптеу Ә)теңеу Б)метонимия В)ирония

5Ақын қайда жерленген?

А)Сарыағашта Ә)Алматыда Б) Ташкентте В) Қарақалпақ елінде

6Ақын ұлды болсам деген арманмен жазған өлеңі ?

А) Бір тойым бар Ә) сені ойладым Б) Ана В)Қазақстан

7. Ақынның қазақ поэзиясына қандай өзгеріс әкелді?

А)7-8 буын Ә)18-19 буын Б) 11-12 буын В) 5-6 буын

8 Бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану қандай тәсілге тән?

А)синекдоха

Ә) символ

Б)эпитет

В)литота

9.Шығарманың тақырыбы не?

А) адамгершілік Ә) еңбекті құрметтеу Б) сүйіспеншілік В)шынайылық пен құрмет


«Білім қоржыны»

«Т. Айбергенов шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазу – 80-100 сөз.



«Wordwall» бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын орындайды.















«Білім қоржыны»

әдісі бойынша оқушылар кері байланыс жасайды


«Т. Айбергенов шығармаларын

дағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазады – 80-100 сөз.



Дескриптор:

-тест тапсырмаларын орындайды.

(1 балл)


Интербел-

сенді тақта

сілтеме




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Қабілеті орташа оқушыларды «талқы себепшісі» немесе «белгілеуші» болуға бағыттаймын. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды






Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау

- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Оқу ахуалдары қандай болды?

- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?

- Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті?

1.

2.

Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?

1.

2.



.



































ҚБ

Қосымша деректер

10 жылдай ғана жыр жазды

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту)

Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана – деген еді.

Нағыз жыр перзенті

Аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай – өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру. Тақтада Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.

  1. Төлеген Айбергеновтің «Сағынбай барсаң таулар да сенің, алдыңнан шықпас асқақтап» - деген өлең жолдарын шекараның кіре берісіне алтын әріптермен жазып қойса да артық емес. Сағынбай, сүймей тұрып өлең жазбаған ақынның оптимистік жырлары адамды өмірге өзгеше қырынан қарауға үйретеді.

  2. Төлеген сияқты қадау ақындардың тегеуріні өзіне ешқандай теңеуді дарытпайды. Ол шын мәнінде ақын еді. Шығармашылық бабына келген 30 жасында мезгілсіз өмірден озған ақынның Қасымнан кейінгі қазақ поэзиясына жаңа түр, өзгеше өң бергені жасырын емес.

  3. Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген.

Сынып ұсынылған пікірілерді талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Тақтада оқушыларға Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.

Мағынаны тану.1-тапсырма. САЛЫСТЫРУ әдісі

Яғни әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды. (постер арқылы ұсыну)

1-топ: Төлеген және Мұхтар


2-топ: Төлеген және Мұқағали

3-топ: Төлеген және Қасым

Дескриптор:

  • Ақынның шығармашылығын ұқсас туындылармен салыстыра отырып, талдайды.

ҚБ

САЛЫСТЫРУ әдісі

Яғни әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды.

1-топ: Төлеген және Мұхтар

шығармашылығын талдайды.


2-топ: Төлеген және Мұқағали

шығармашылығын талдайды.




3-топ: Төлеген және Қасым

шығармашылығын талдайды.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Тақтада оқушыларға Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.






Төлеген Айбергенов «Сағыныш»

Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,
мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
Онсыз сен, тіпті, тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға.
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға…

Мағжан Жұмабаев «Сағындым»

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас...

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі