2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Киімнің пайда болу тарихы мен қазіргі заманауи стильдегі киім үлгілері

Киімнің пайда болу тарихы мен қазіргі заманауи стильдегі киім үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жоғарғы оқу орындарында жаңа заман талабына сай жаңа материалдар даярлау көзделініп отыр. Жоғарғы мектеп реформасын іс-жүзіне асыру, оны болашақ жастарға жеткізу барлығымыздың міндетіміз. Осындай заман талабына сай мамандықтың бірі суретші-дизайнер, суретші-модельдер дайындау. Сондықтан таңдап алынған тақырып та, осындай жас мамандар даярлау, өзекті мәселелерді шешуге бірден - бір қасиеті деп білеміз.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жоспар:

Кіріспе

І. Киімнің пайда болу тарихы мен қазіргі заманауи стильдегі киім үлгілері.

1.1. Киім үлгісінің сырт көрінісін бисермен және кесте арқылы көркемдеу ерекшелігі

1.2. Киім үлгісінің сырт көрінісін аппликация арқылы көркемдеу ерекшелігі.

ІІ. Тарихи бөлім.

2.1. Тарихи мұралар
2.2. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
2.3. Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары
2.4. Ою-өрнектің кестелік түрмен көркемделіп тігілуі
ІІІ
. Киім жиынтығын жобалау

3.1. Киім жиынтығын образды-ассоциативтік негізгі – ізденіс эскиздері.

3.2. Киім жиынтығынның фор-эскиздерімен жұмыс.

3.3. Форма және пластикалық ұйымдастыру
3.4. Колористикалық шешім
3.5. Киім жиынтығындағы ою-өрнек

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер





Кіріспе

Адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жру үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталардан т.б. табиғи материалдарды пайдаланады. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер «сән» өнері қосылады.
«Сән» өнер адамзат игілігіне қызмет етуде басқа өнер түрлерінен кем соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүрген және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да, мойындауымызда керек.
Ендігі мақсат біз өзіміздің батылдығымызды, алғырлығымызды, шапшаңдығымызды дұрыс пайдалана отырып, сол тәжірбиенің нәтежесінде үлгілеріне жаңалықтарды, өзгерістерді, ерекшелендіре де батыл түрде енгізу керек. Ол жағдайда Қазақстанның экономикалық жөніндегі мәселелерін шешуіне біздер, суретші үлгілеуші дизайнерлер де үлесімізді толық тигізуімізге толық мүмкіндігіміз бар.
Жұмыстың киім жиынтығын жобалау бөлімінде жиынтықтың негізгі-ізденіс эскиздері мен фор-эскиздерімен жұмыс барысында сұлба, тепе-теңдік, ритмикалық ерекшеліктері, форма және пластикалық ұйымдастыру барысында текстура, фактура, архитектоника қамтылып, клористік шешімі мен жиынтықтағы ою-өрнек түрлері туралы сипатталған.

Қазіргі жоғарғы оқу орындарында жаңа заман талабына сай жаңа материалдар даярлау көзделініп отыр. Жоғарғы мектеп реформасын іс-жүзіне асыру, оны болашақ жастарға жеткізу барлығымыздың міндетіміз. Осындай заман талабына сай мамандықтың бірі суретші-дизайнер, суретші-модельдер дайындау. Сондықтан таңдап алынған тақырып та, осындай жас мамандар даярлау, өзекті мәселелерді шешуге бірден - бір қасиеті деп білеміз.



І. Киімнің пайда болу тарихы мен қазіргі заманауи стильдегі киім үлгілері.

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық

жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін

сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат

алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты - өз ісін, өмірін

жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы - пайымды,

білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың

ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін  

 игере отырып,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен

біртіндеп сіңіру  арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы

дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып

отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам

жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.

Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған

Анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен

 киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,

киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай

алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-

қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар  

киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен

қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің

шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің

дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал

терісінен илеп жүннен тоқып тігіп киетін болған, киін біртін келе матаға

жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге

бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер,

жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың

теміржолшылардың, спорттық және тағы басқа. Киім- утилитарлық  және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын «Костюм» ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан. Ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістік ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.  Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді: тұрмыстық және өндірістік.

        Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл

киім, корсетті бұйымдар, бас киім.

       Сырт киімге - пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка

жатқызылады.  

       Жеңіл киім - көйлек, жейде, блузка, қалат, белдемше тағы басқа.

       Бас киімдерге - құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ,

 тақия, бөрік  жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға

болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен

әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып

ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай  жаздық, қыстық, маусымдық және мерзімдік киімдер болып та бөлінеді. Қазіргі заманғы жастардың талап–талғамын елеп–ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр. Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды. Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады.

Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.

Мысалы: 60-шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған,

қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді.

Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді.

Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан - жылға дамып келеді.

    1. Киім үлгісінің сырт көрінісін бисермен және кесте арқылы көркемдеу ерекшелігі

Бисердің шығу тарихы:Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет. Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.

Кесте және көркемдеп тігу- ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері  нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.

Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.

Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді. Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлерінің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек. Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін кебінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңір
лері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.
Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы онеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды. Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жүқа киімдерді тігеді. Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материал-дарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3—4 см, ұзындығы — 30—40 см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпаңтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.

Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.

«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.

Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.

Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз-өзіне кіріге жұмырланып түседі.

Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.

 «Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды-қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі төқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең өрай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс өдістерінің түрлері қолданылады.

Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз босаралық қалмайды. Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі.

Тепшу де ең көп қолданылатын тігістің бірі. Мұны киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың бүгістерін тігуде қолданады. Тепшуді материалдың қалың-жұқалығына, ширақтылығына қарай инемен 3—4 рет түйреп алып бірақ тартады. Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.

 «Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.

 «Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерінің  көрдік.

    1. Киім үлгісінің сырт көрінісін аппликация арқылы көркемдеу ерекшелігі.

Аппликация (лат.applicationжапсыру) бір морфеманың екінші морфемамен жартылай бірігуі, осының нәтижесінде бұл дыбыстар екі роль аткарады. (орыс. лиловатый сөзінде-ов дыбыстарының тіркесі түбірді аяқтап,  суффикстіде  беріп тұр, ягни қосымша жартылай тубірмен бірігіп кеткен).

Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.Ал әртүрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Россияда жақсы дамыды.Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан.Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара  киіз арқылы оюлап жасалған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою -өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі. Сәндік аппликация түрлері  қорап қағаздарды, открыткаларды,қабырға газеттерді, альбом, папкаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Дала гүлдерімен таныстырып өту.

Сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік панноларды дайындауда қолданатын кестелеудің бір түрі. Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалға, фонға бекіту. Аппликация- әр түрлі материалдан дайындалған көркем шығарма. Материалдың қасиеттері аппликацияның орындалу техникасына әсерін тигізеді. Мысалы: қағаз, сабын, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз әдіптеп тігіледі. Аппликация - тек безендіру жұмыстарында ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады.

Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әртүрлі халықтарда қолданылып кележатқан киім, аяқкиім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі.

Қазақтар көбінесе аппликацияны киізден жасалатын, сырмақ, түскиіздер де қолданып, онымен киіз үйді сәндеген, жұмсақ былғары етіктер мен ер тұрмандарды әшекейлеген. Солтүстіктің тұрғындары теріден дайындалған киімдерді былғарымен, орыстар матадан дайындалған аппликацияны қолданған.

Пазырлық қорғанның қазбаларында (ІІ-ІІІ ғ.б.з.д.) табылған аппликация түрлері бұған дәлел бола алады. Тайпа басшыларының мазарынан сүйегімен бірге металдан, киізден, былғарыдан, ағаштан жасалған заттар табылған. Тері бөлшектерінен тігілген жалаулардағы аппликацияда бұғылардың басы көркем тігістің үлгісі болып табылады. Ағаш үйлерді киіз баулармен әсемдеген, бауларда түрлі-түсті аппликация тігілген.Аппликация тек Азияда ғана емес, Еуропа елдерінде — Италия, Испания, Германия, Францияда өркендеген. ХҮІ ғасырда Италия мен Испанияның шіркеу киімдерінде аппликация туындыларын қолдана бастайды. Бұл кезде өрнектердің қайталануы және түстер контр астына көп көңіл бөлінді. Ең сәнді түстер: қызыл, сары, жасыл түстер болды. Кейіннен матадан дайындалатын аппликацияның орнына қағаз аппликациялар шыға бастады. Бұл қағаз өндірісінің пайда болуына байланысты.

Аппликация-жапсыру. Аппликация-киімдерді немесе үй жиһаздарын сәндеп безендіру үшін қажет. Матаға мата, қағаз қиықтарынан өрнек жапсыру немесе желімдеу. Құрайтын мата немесе қағаз қалдықтары бір немесе бірнеше түсте болуы мүмкін. Құрақ тігетін немесе жапсыратын материалды алдымен крахмалдан өрнектеген жөн. Матаға немесе қағазға сурет өрнекті түсіріп, сонан соң бөлшектеп, кесіп алып құрайды, беттерін жөргемдеп немесе әдіптейді. Кейде суреттер мен өрнектер айқындалып тұру үшін мата қиығының астына жұқалап мата салады. Құрақ үйжиһаздарының алуан түріне қолданылады. Әдетте құрақ белгілі бір сюжетке, халық ою-өрнектері мен аңыз-ертегілеріне енгізіледі.


ІІ. Тарихи бөлім.
2.1. Тарихи мұралар.

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұланғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысынана дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн көрген. Сыр бойындаы, Қазақстанныңь оңтүстігі мен Талас-шу атырабындағы жартылай, отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтн, өзінің қарапайымдылық, үйлесімділік және жүріп-тұруға ыңғайлықтарымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетімен басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қарекетінен туған жағдай. Бұл жайттардан қазақша киім табиғатындағы екі жақтылықты, тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемділігіне құштарлығын аңғаруға болады. 
Қазақ халқы, сонау көне замандардан бастап өмір сүрген ата-бабаларымыз өнердің қай түрі болмасын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Оның бәрін тоқталып айтып кетуге болар еді, бірақ ең негізгі әйелдер сырт киіміне тоқталай. Олар: бешпент, камзол, кеудеше, шалбар, белдемше т.б.
Бешпент ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдерінің ортасында орны бөлек. Ол сонау мыңжылдықтардан осы заманға дейін ұлтымыздың басты киімдерінің бірі болып келеді. Сонау тастағы суреттердегі адамдардың киімінен бешпенттің сұлбасын байқау қиын емес. 
Қазақ үшін ең жылыда жайлы материал-түйенің жүні бешпент үшін де керек. Бешпентті түйенің жүнінен басып, соның жұқа матасынан тіккен. Ерге қонғанда ыңғайлы, желең, жамылғанда әсем, мұндай бешпент түрлерін қазақ сахарасының барлық бұрыштарынан кездестіреміз.

Осы заманға сәндік үшін киюге болатын бешпент. Бешпент қыз-келіншектер, әйелдердің нәзіктігін, қайталанбас талғампаздық пен қайырымдылық райын көрсетеді.
Қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны бөлек. Олда әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдердің сырт киімі болып табылатын бұл бешпент тек қазақ халқы емес, басқа да түркі халқы киген.
Қазақ халқының ұлттық киімімен бірге тұрмыс жиһаздары, заттары адамның жан дүниесімен, әсемдікпен, өнермен жасалған. Оған алаша, текемет,төсек бұйымдарын, кебеже, киіз, ағаш төсек т.б. жатқызуға болады. Осы заттардың бәріне ою-өрнек, асыл тастар, құнды қалха, терімен жасалған Сондықтан менің ойымша қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттарын, бұйымдарын біздер және келешек ұрпақ қастерлеп, құрмет тұтынуымыз керек. Ол деген елдің есеигенін, оның өскелең өмір танытады. 

Костюмнің формасын, пішінінің сипаты бүтіндей және бөліктерге бөліп сипаттайтын болсақ-оның эстетикалық бейнесін көрсетеді және ол композициясының маңызды қасиеті болып табылатын жайт. Форма, пішініндегі сипаттылыққа пропорция және пластикалық жүйеде, яғни, басты форманы, пішінді құрайтын сызықтарды үйлесімді қоса білгенде ғана қол жеткізіледі. Суретші-дизайнерден тек қана заңдылықтарды және гармонияның түрлі құралдарын білуді талап етпейді, сонымен қатар форма, интуицияның, сезімнің және шеберліктің нақты шын дамуын қажет етеді.

2.2.Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы


Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті–б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Ба­тыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII—III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары (массагет, яксарт, дай немесе даха, фарат, комар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспий және т.б.) туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қолжазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды "азиялық скифтер" деп, ал парсы тарихшылары "сақ" деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпа-лар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Бұған дәлел — қазақтың алғашқы ою-өнрнек үлгілерінен андронов сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. 

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біращзы геометряиыщқ ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және "лотос қауызы" тәрздес етіп жасалған өрнектер (б.з.б. III—ІІ.ғ.ғ.) Теңлік қорғанынан табылған (Алматы облысы). Әдетте, өрнек ыдыстың мойнына, иініне немесе түбіне жақып жерге салынған. Құмыраға тең бүйірлі шимақталған үшбұрыш, сынық сызықтар, меандр, ойық үшбұрыштар немесе ыдыстың мойнынан бүйіріне қарай кеннелюр түріндегі ою-өрнек салу кола дәуірінде кең тараған. Неолит және қола дәуірінен бізге белгілі "ұлу" өрнегі қоғам таптык, құрылысұа бөліне бастаған кезде пайда болган деген болжам бар. Талдықорғаннан 1960 жылдары X.Арғынбаев тапқан қазанда "ұлу" ою-өрнегі бейнеленген. Бұл өрнектің элементі көптеген тайпалардың нышан таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Ал ол Орта ғасырларда сәулет өнерінде кең қолдана бастады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы (XVIII-XIX ғ.ғ.) құлпытастарды көп бейнеленеді. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарға космогониялы, геометриялық және жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнеленген. Ал саз балшықтан жасаған кұмыраларды геометриялық ою-өрнектермен әрлеген.  Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халытың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдемиетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керами­ка ыдыстары дәлел бола алады.  Ежелден қалған ою-өрнектер туралы жазба деректер жоқ, демек өнердің осы саласы туралы деректерді ғалымдар көне ескерткіштерден алып, ел ауызынан жинап, бір жүйеге келтірді, сөйтіп ғылыми айналысқа түсірді. Ою-өрнек қалай және қандай себептен пайда болды? Бұл сұрақтың дәл жауабы әлі табылған жоқ. Бір ғалымдар, атап айтқанда, Л.Я. Штернберг: "ою-өрнектің алғашқы нұсқалары діни сенімге байланысты пайда бол­ды" десе, А.В.Филипов: "ою-өрнек" ырғақ өнері мен нышандардың тұтасуынан туған дүние", — деп тұжырым жасайды. Ежелден қалған ескерткіштерде бейнеленген ою-өрнектер белгілі бір ұғымды білдіреді деген тұжырым ғылыми тұрғыдан дәлелденгенімен, олардың нышандық мәні, атаулары, нұсқалары, ортақ ою-өрнек нақыштары санаулы ғана. Ғалымдардың пайымдауынша, ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан сұлу нұсқаны тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктер сақталады, сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетінің жоғарлығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар қайсы бір халықтың өнеріне салиқалы баға беру кезінде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алады. Қай халықтың мәдениетіне байыптап көз салсақ та, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына эстетикалық ұстанымына сәйкес белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ деуге болады. Ою-өрнек элементтерін үй жиһиздары мен киімдерінен, зерделік бұйымдарынан, ер тұрман әбзелдері мен қару-жарақтарынан да кездестіреміз. Ою-өрнекті даму жолын тарихын зерттей келе оның әсіресе қазан төңкерісіне дейін жақсы дамығанын атап айтқан жөн. Кеңес дәуірі кезінде қолөнер туындыларын кілем, былғары өңдеу, ши орау, мүйіз өңдеу, ағаш, зергерлік бұйымдарын мұражайлардан ғана көруге болатын еді. Қолөнер саласының бәрінде бұйымдарды көріктендіру үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған, әрі шебердің өз қолтаңбасы болған. Осының негізінде "Ұлы жүздің үлгісі", "Орта жүздің үлгісі", "Кіші жүздің үлгісі" деген үлгілер пайда болган немесе «найман ер» «арғын пышақ», «адай бөрік», «дулат тымақ», «қызай камзол», «Семей бешпет» атаулары өрнектің даму тарихы әр аймақта әр түрлі дамыған және әр рудың, жүздің өнер ерекшеліктері мен дәстүрі сақталған, яғни бір аймақтың бейнелеу өнерін бүкіл қазақ қолөнеріне тән деп қарауға болмайды. Әр аймақтың өз тілдік диалектілері болатыны секілді қолөнерде де өзіндік ерекшеліктері болады. Маңғыстау, Үстірт өңірінің ескерткіштерін, қолонерін зерттеген орыс, еуропа ғалымдары қазақ ою-өрнегінің сыртқы пішініне қарап топтастырып, тұжырым жасады. Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы, сондай-ақ саяси-әлеуметтік құрылымы, ондағы тіршілік ағымы біртұтас дүние, демек оның қолонерін зеттегенде де оған осы тұтастық негізінде қарау керек. Себебі, өнер—аталған шешулі факторларды өз бойына сіңіретін және оны қайталап бейнелейтін бірегей құбылыс. Ою-өрнек өнерін зерттеген ғалымдарға еліміздің тілін, этнографиясын білу басты шарт болып табылады. Ою-өрнекті көзбен көріп ғана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің маңызы зор. Ою атаулары — өткен заманның хабаршысы, шежіресі. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде.  Ендігі міндет – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу. 


2.3.Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары

Қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жан-жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. 

Кене түркілердің түсінігі бойынша, құс —көктің, балық - судың, ағаш — жердің белігсі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлықаты, нәубет атты, ғарыштаты, тікесызықты, нышанды танымдық тағы басқа сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымызды ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 200 жуық түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.  Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа бір шебердің ұсталып іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. «Сағат бау», «Түйе табан», «Жүрекше», «Қаз табан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындалуында олпы-солпы болып жүр.  Ертеден келе жатқан халықтық мұраны тазартуды ойласақ ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұнын бере дамытуымыз керек.  Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт-шеберлерін екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан келген жаңа интернационалдық ою-өрнектер.  Ою-өрнек өнері қазақ халқының әдебиеті секілді мәдени мұра. Мақсат болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан. Осы өнерді таныстырып қана қоймай оны қөлөнер суре, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.  Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады. Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелеген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруді, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғын көк түрінде беруді қарастырады. Содан кейін осы мазмұнына қарай маталарды, кесте жіптерінің түстерін таңдап алып, оны табиғат көркіне лайықтап орналастырады. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін шебердің ептеген суретшілік қабілеті болуы керек. Бояу мен түстерді тандап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні де болған. "Қазақтың өрнек өнерінің тақырыптары сан алуан. Өрнектердің негізгі элементтері космогониялық, зооморфтық тақырыптардан, өсімдік және геомстринлык пішіндерден тұрады. Әсіресе көбірек кездесетіндер: өсімдік гүл, жұлдыз гүл, күншығар. Зооморфтық стильіне байланысты элементтер — қошқар мүйіз. Осы тақырыпты стилизациялау нәтижесінен иірім, шиыршық үлгілері шыққан. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта қайсыбір түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, сиволы, қызыл түс - оттың, күн кезінің сиволы, ақ түс — ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың сиволы, сары түс — ақылдың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жердің, жасыл түс — жастықтық, көктемнің символы. Түстердін бірімен бояганда оған белгілі мән беріледі.  Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдін ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған. Ал ондай мифтік талғамдар бара-бара өзінің бастапқы мағынасын жойған да кейінгі ұрпаққа тек ұнасым салтындай қалыптасып кеткен. Сол сияқты қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы, кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк плюш негізгі түс (фон) ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды деп есептелген. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа басқа оюлар мен күміске жүргізген кавказдауда, ағаш бетінде қарып салу сияқты және аза түту кезінде ғана ұшырайтын заттарда болады. Ұлт өрнектерінің халықтық мәнері (кейбір кернекті оюлар болмаса) көптеген оюлар мен кестелердегі бояу түстерінің бір-бірінен өте алшақ, бадырайып тұрғанын жаратпайды. Көп түсті өрнектер мен тігілген кестелерде, қүрактарда, ши орау түрлерінде олардын кернекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп бояу райын біркелкі ыңғайлы түстермен өрбітіп отырады. Мысалы, бір өңкей шахмат төртбұрышынан құралып, иық-иық болып өрби түсетін "омыртқа" ернегін алып қаралық. Онда көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада — қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк түс келеді. Біз Алматы облысының Жамбыл ауданында түратын атақты кестеші, қарт ана Керімбаева Сұлуқыздын алты түсті мата қиықтарынан қүраған гүл астына тесейтін орамалында өрнектің түстершің тап осылай орналасқанын көрдік. Өте кернекті шыққан. Біз бұл арада ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың тек көне мәнеріне ғана тоқтадық. Ал бүгінгі таңдағы ою-өрнектердегі түстерді орналастыру мәселесі де ез алдына сөз боларлық жай. Қазіргі шеберлеріміздің көпшілігінің орта дәрежелі руретшілік білімі бар. Демек, ою-өрнек, кесте тігу өнерімен айналысып жүргендердің көбінің жан-жақты білімі бар сауатты адамдар. Сондықтан олар қол өнерін дамытып, жетілдіру үстінде жаңа ұнасым, жақсы түрлер тауып, творчестволық жаңалықтар аша алады. Ашып та жүр. Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар. Біріншісі — осы заманғы химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті порошок, не сұйық бояулар. Бұларды кез келген шаруашылық дүкендерінен табуға болады. Екіншісі — табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырларынан альшады. Үшіншісі — шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады. Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлді өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларға қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына "томар бояу" дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатымды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан ащы шөптердің тұндырмасы, құрттың сарысуын, кейде май болған. Халық арасында көк шөппен көк жапырақты сығымдап, оған көк тікеннің жемісін қосып, қара көк түсті бояу алатындар да бар. Қолөнер шеберлері бояу жасаумен қатар өсімдіктің гүліңен де әр түрлі заттар жасаған. Солардың бірі сабын. Ол былай жасалады: итси­гек, алабота, түйеқарын, ермен сияқты ащы — сортаң шөптерді өртеп, күлін қайнатып, ашуы әбден шығып болғансын түндырып қойып, түнбасын сүзіп алады. Осы тұнбаны қашан суалып койылғанша қайната береді. Әбден ойылғаннан кейін ыдысқа не шүберекке салып алады, суығаннан кейін ол аппақ болып қатып қалады. Мұны сахар деп атайды. Сабын жасау үшін сахардың үш бөлімінің бір бөліміндей май қосып, суалғанша тағы да қайнатады. Әбден суалып қойылған кезде ол қамырша иленеді. Содан кейін оны кенепке орап, домалақтап кептіреді. Бұдан біз сабын жасау да шеберлікті қажет ететін қолөнердің бір түрі екенін көреміз; Қазақ әдет-ғұрпында сабын қайнатқан әйел силас абысындарына, келіндеріне арнап кішігірім сабынды бөлек орап береді, мұны "бұзаушылық" деп атайды. Жуыла келе кішірейген сабынды таусыншық (алқынды) деп атайды. Сөз зергері ақын Абай бір өлеңінде қартайған адамның соңғы өмірін "таусыншық өмір" деп бейнелеуі осыдан туған.

2.4. Ою-өрнектің кестелік түрмен көркемделіп тігілуі



Кесте көне ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқьшың дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте ернегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу (художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасынs сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем" деп келіп, "кестені кеңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғаңдай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқар тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте деп аталатын түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу аркылы кес-теленеді. Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кен қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе белек төгіп қоңдырады. Инемен тігілетін кестеш керіп, инеге сабақталган жіппен алуан түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатьш матаға әуелі өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ, кездері кең болтаны жен. Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жепті крест түріңде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр. Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне карай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі ернек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісіңде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп коятын маталар ке-стеленеді. Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағаңда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қатаз, картой салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне карай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кес­теш көп жуа беруге болмайды. Оларды кеп реттерде шаң сорғышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, макта, жүн сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суға салып жуса да бүлінбейді.

Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлершің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері калдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бүйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек. Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1 кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалган бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып түрады. Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті, ширатқан шүберекті, жүмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мүндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады. Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып, тігуді маржандап кестелеу дейді. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киім мен сән-салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана киілетін, сондай-ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер қолданылмайды. Себебі ондай заттардағы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, езіне арнадып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді. Алтындап тігуге., көбіне бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі. Алтын жіппен тігу Орта Азия халықтарының бәріне тән өнер. Онымен атағы шыққан әйгілі кестешілер ғана айналысқан. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.

Кимешектің (оны оңтүстікте иектік деп те атайды) жағын, хатипа тақиялардың маңдайын, қамзолдар мен шашбауларды, жаға-жеңдерді алтынмен кестелеу салты бұл күнде де ұнасымды өнер деп танылып жүр. Ескі деректерде алтын кестесімен қазақ үйдің үзік-туырлығы ~ сияқты өте көлемді жиһаздар да кестеленгендігі айтылады. Біздің республика қолөнер шеберлерінің арада алтын жіпті тігістермен айналысып жүрген ақтөбелік Өтегенова Зылиханың есімі көпшілікке аян. Ол 1957 жылғы республикалық көрмеде бағалы сыйлықтар мен мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Ұлттық ою-өрнегі мен әшекейлеп тігу ісі туралы айтқанда бізбен кестелеу мен инемен көркемдеп тігудің екеуі де халық арасына кең тарағанын ұмытпаған жөн. Әйтседе түстері бірыңғай тұтас, ақ, көк, қара, сары, қызыл матадан неше түрлі өрнектелген әдемі бұйымдар жасаудың ең тиімді және жылдам әдісі — кестелеу енері. Кесте қалаған көлемде үлкенді-кішілі маталарға тігіле береді. Сонымен қатар кесте былғары, шегірен, ақ тері, боялған тері, шұға, мауыт, шекпен, кенеп, брезент сиякты заттарға да тігіледі. Кестелеп тігуді тігін машинасымен атқарады. Осы заманғы тігін машиналарының барлығында да кестелеп тігуге арналған жеке табандары мен пластикалары бар. Кесте жіптерінің жуан-жіңішкелігіне карай оған қолданатын біздің, кол иненің, машина инесінің жуан, жіңішке түрлерін шебер өзі таңдайды. Бізбен, қол инемен немесе машинамен тігілетін кесте тігісінің асты мен үсгінің не тартылып, не бос тастап сирек, жиі тігудің де мәні зор. Инемен басып, айқастырып, қайып, ілмелеп, шалып тігу арқылы кестелеу де көбіне алдын-ала сызып салынған өрнек негізінде орындалады. Айқаспен тігу үшін матаның бетін ұсақ торкездерге бөліп, болмаса тігіліп отырған матаның арқау, айқас, тоқылу төркездерін байқай отырып тіккен дұрыс. Сондай әрбір түскен жіп айқасы біркелкі шығады.

Кесте ісімен кеңірек таныстыру үшін, оның ең күрделі және көп тараған түрі түс киіз кестесі мен түс киіздің жасалу түрлеріне тоқталып өткен дұрыс сияқты.

ІІІ.Киім жиынтығын жобалау

3.1.Киім жиынтығын образды-ассоциативтік негізгі – ізденіс эскиздері.

Жиынтықтағы үлгілері оңайлықпен дүнигеге келмеген. Оған қаншама білім, шабыт, уақыт, материал фурнитура, деталь, бөлшек, шеберлік жұмсалады десеңмі. Қиял тербеген үлгілеумілеріміз көз алдында небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың бітімін, болмысын, бояуын, бедерін беруге тырысады. Содан кейін қоғаздағы тамаша суреттер нақты киімге айналу үшін тағы да үлгілеу, пішу, тігу, қиыстыру жұмыстары басталады. Осылайша қиялдағы қағазға, қағаздағы киімге айналғанша тыным жоқ.
Бұл үлгілер Қазақ ұлттық киімдерімен, үрдісіне дүниеге келген бұл үлгіге жасанды маталар пайдаланылады. Комзолға әрі жұмсақ болып табылатын матасынан халқымыз небір киімдер мен тұрмыстық заттар жасағаны белгілі. Сонымен қатар түске келетін болсақ,қазақтың қыздары қадірлейтін түстер көйлекке, дәстүр негізінде алынды.Осы ережелерді, формаларды, силуетті,фактураны,түсті,негізгі элементтерді көңілге алынып бүтін бір костюмдерден қазақ қыздарына арналған салтанатты, әрі күнделікті киюге болатын сәнді ұлттық киім үлгісі жасалды. Ұлттық киім адам денесіне қонымды және қолайлы болып келеді. Адамның ажарын ашу, дене сұлулығын айғақтап тұрады. Сәнді ұлттық киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді.

3.2.Киім жиынтығынның фор-эскиздерімен жұмыс.


Костюм композициясы жан-жақты ұғымды қамтиды (латын сөзінің composition-шығару,құрастыру) басқа да өнер туындылар секілді костюм белгілі бір ережеле сәйкес қолданылатын өзіне тән (мәнерлі құрал) әдістердің көмегімен тігімді. Бұл жайында толық мағлумат алу үшін бірнеше кітап ақтару қажет, ал біз костюм композициясының элементтері жайлы жалпылама түсінік беріп. Мамандардың бірнеше кеңесін ұсынамыз.
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалауда сызықтар үлкен роль атқарады, себебі, өте маңызды ерекшілікке ие. Ол көлемдік форманың бетінде біздің көзқарасымызда қозғалыс, динамикалық құра отырып жүреді. 
Сұлба (силуэт). Біз журналдардың мақалдарды, сурет асты сөздерін оқи отыра «силуэт» (сұлба) сөзін жиі кездестіреміз.Ол –заттардың сыртқы сұлбасы, көлеңкесі деген мағынада айтылатын француз сөзі. Костюм сұлбасын айналдыра қарағанда –ақ бұрынғы ғасырлардағы костюмдерден біздің ғасырымыздың өткен онжылдығындағы костюмдерді оңай ажыратамыз. Қазіргі заманғы костюмдер сияқты барлық өзіндік қайталанбас ерекшеліктеріне қарамастан, оларды тік бұршты трапециясы.үшбұрышты, сопақша тәрізді биіктігі мен көлденеңі адам сұлбасының пропорциясына жақын қарапайым геометрия фигуралардың біріне жатқызуға болады.Сонымен қатар, мәселен тік сұлба дегеніміз сызықтарды мен бұрыштары тіп-тік кәдімгі тік-төртбұрыш емес. Бұл жерде костюмге бір қарағанда адамға пайда болатын жалпы әсерді айтамыз. Сұлбаны үлгі, пішім секілді киім жиынтықтарына қатысты түсініктермен әсте шатастыруға болмайды. Сондай-ақ қонымды сұлба немесе кең сұлба деп атау дұрыс емес, өткені бұйымның қонымдылығы сұлбаның емес, оның пішімі мен пішімінің ерекшелігі.  Тік сұлба өте кең тараған, ол етек жағына қарай адап кеңейе түсіп, трапеция түріне келетін киімдер сияқты. Оны барлық жастағы және әр түрлі тұлғалы адамдарға ұсынуға болады. Киімнің етек жағы немесе иығы біршама кеудеу келуі көзге үшбырышты елестетеді және бұл негізінен сұңғақ, арықша тұлғаға өте жарасады. Қынама бел сұлба екі трапецияның немесе екі үшбұрыштың бір-біріне қарама-қарсы төбелерімен жапсырылған түріне келеді,бұл түр жіңішке бел мен киімнің жоғарғы және төменгі жақтарының көтерінкі, кеңдеу және мүсідік дәлдіктері (ерлер костюмі сияқты) пішін үйлесім тапқан жағдайда әдемі көрінеді. Сопақша «толық» сұлбаны ән өте сирек ұсынады және ол дене бітімінің табиғи пропорцияларына кереғар, көзге жағымсыз көрінгендіктен,көп тұрақталмайды. Сұлбалық шешімдердің белгілі бір геометриялық түрлерінен басқа,аталуынан-ақ пішінін көзге елестетуге болатын бейнелі атауларында бар: «сыбызғы» ,«сигарет», «гаучо». Оңтүстік Американың таулы ,өмір сүретін чаучо бақташылары киетін,тұтас бір юбканың көлемі тәріздес кең балақ шалбар «баландар .

Тепе-теңдік.
Тепе-теңдік –костюм бөліктерінің өзара және адам тұлғасымен салыстырғандағы,кеңдігі,көкірекше мен юбканың жеңнің,жағаның бас киімнің ,ұсақ бөлшектердің көлемдері костюмде тұлғаны сырт көздің қабылдауына,оның денеге тура екендігін ойша бағалауына әсер етеді. Адам тұлғасының табиғи пропорциясына жақын арақатынас ең әдемі, жетілген «дұрыс» арақатынас болып есептеледі. Адамның төбесіне дейінгі биіктігі 8 рет «бүктіледі», ал мықын сызығы тұлғаны шамамен 3:5 қатынасында екіше бөледі. Көптеген ертедегі суретшілердің, сәулетшілерді ғалымдардың табиғат пен өнер арасындағы үйлесімділікті әр түрлі жолмен табуға тырысқан зерттеулерінде, сызбалары мен есептеулерінде біз математикада 3:5, 5:89, 8:13, 13: 21 және т.б сандардың қатынасы түрінде берілген «тең қима» ұғымын кездестіреміз. Мұнда кіші санның үлкен санға қатынасы үкен санның бүтін санға, былайша айтқанда 3:5= 5:8, 5:8=8, 8:13=13:21 және т.б сандар жиынтығы қатынасын құрайды.
«Тең қима» пропорциялары көбінесе сәулет өнерінің туындыларына қайталанып отырады, тірі табиғатта көп кездеседі, басқаша айтқанда қалыпты,тұрақты нәрке болып табылады. Адам тұлғасы сол уақытта пропорциональды болады, егер бұл пропорциялар жеке бөліктерінің арақатынасында қайталанса. Бұл костюмге де қатысты. Костюмде қалыпты пропорциямен қатар әдейі өзгертілген пропорцияларды да қолдануға болады. Бұл жерде әр түрлі нұсқаларды мұқият талдау заңдарын зер сала үйрену қажет. Әдетте табиғи пропорция қандай тұлға болса да қалайлы. Сонымен бірге кейбір кемістіктерін өлшем алу кезінде қажетті сызықтарды ептет жылжыту (мәселен, бел, тігісіназдап көтеру немесе төмен түсіру,етек, жең, ұзындылықтарын, жаға , қалта, белдік көлемдерін өзгерту) арқылы жасыруға болады. Нақ осы жерде пропорция туралы сөз болғанда Ежелгі орыс және Греция Сәулет өнерінің мәңгі өлмес сұлулығын еске түсіргініз келеді, бұлар бір-бірмен соншама ұқсамайды және сонымен бірге өзінің үйлесімімен, пропорциялардың,сызықтың, әшекейлерінің керемет көркемді шешімі табиғатқа етене туыстағы өза жақын. Костюм адаммен бірге үнемі ғимарат мекен-жай қоршауында болады. Ал ғимарат,әрине қаладағы сәулет өнерінің туындысы, кәдімгі табиғат аясында болады. Сондықтан әртүрлі дәуірлерде сәулет өнері мен костюм өз уақытының көркем стилін бейнеледі ал халықтық костюм ол стильдің ең бір жақсысын, неғұрлым жетілгенін, мәңгі жасайтын бойына сіңіріп, ғасырлар бойы сақтап келеді.
Костюм массасы, оның ауыр немесе жеңіл секіді болып көрініп әр түрлі себептерге байланысты. Киімде сызықтар қосымша бөлшектер, әшекейлер, неғұрлым көп болған сайын, тұлға солғурым зор болып көрінеді, ал артық ештеңе жоқ кезде тудсынан ауыр тұлғаның өз еркін, жеңіл болып көрінеді. Тігісті бірдей болғанымен тығыз, қоңырқай, бедерлі, түкта маталар жеңіл, ақшыл, жұқа, тігіс,жылтыр маталарға қарағанда адамды ірілендіріп көрсетеді. Сондай-ақ ашық түстер көлемді ұлғайтып, жеңіл көрінед ал қоңырқай түс керісінше. Осындай келіп тәжірибелік қортынды шығарамыз толық адамдар ашық тустен қашпай, ондай тігілген киімдерді көбіне жоғары жағына киюіне (блузка плащ) болады.


Симметрия түрлі аспектілерде қаралады философиялық және эстетикалы категория, адам денесінің құрлысы және адамдар жасаған бұлымдар категориясы, композиция құрылымы және құүрамды категориялар.
«Симметрия» деген сөздің өзі грек тіліне аударғанда «өлшемдердің сәйкестігі деген ұшымды білдіреді.» Симметрияның көктеген аспектілерін зерттей келе, математикалық заңдылықтармен симметрияның адамдар өмірінде тиянақтылық пен әдемілікке жетелейтін дәлелдеген. Кәзіргі заманда ғылыми және көркемдік практикада симметрия мен ассиметрияны сыртқы форманы келістіру, үйлестіру бағытында қарайды. Симметрия мен ассиметрия ұғымын өнер саласында кеңстіктегі көркем форманың аспектісі ретінде қарайды. Сол себептен де мұндай принциптер дизайн, сәулет, ою-өрнек және қолтаңбалы өнер саласында кең түрде қолданылады. Костюмдегі симметрия-композиция құрылымының жарқын формасы және композиция заңдылықтарының негізгі болып саналады. Костюмдегі симметрия деп оның оң жағы мен сол жағын орталық вертикал сызығы арқылы бөлгенде бір-бірімен тең және сәйкес бөліктерге бөлінеді.  Ал ассиметрия ұғымы симметрияға қара –қарсы ұғымды білдіреді. Форманың екі бөлігі бір-біріне қарама-қайшы. Демек костюм композициясы мен оның құрылымы табиғи симметриялы заңдылықтарға сүйеніп тігіледі, мұндай бұрылыста (повтор) мұндай жүйе (система) ешқандай өзгеріске түспейді.Нәтижесінде жазықтық симметриясындағы эквалентті көрінісі табады. Мұнан шығатын нәтиже бірінші кезеңдегі айна осі жазықтық симметриясы мен симметрия элементі болады. Ал егер бірінші жүйедегі форма 180 0 бұрышта орналасса, онда форма қос оське ие болады. Симметрияның өміршеңдігіне орай, костюм формасының қолданысына қарай бірнеше топқа бірікті. Олар классикалық аффиная және қисықсызықты түрлер еді. Классикалық симметрияда теңдіктің үш түрі пайда болады. Олар осьтік бұрылыстың және орнықтылық. Айнадағы тепе-теңдік-форма немесе формадағы детальдық теңдігі болып есептеледі.Мұндай жағдайда жазықтық симметриясы осы не қатысты болады. Сонда форма өзінің қалпында қалып, тек орны ғана ауысады. Оң жақтағы форма сол жағына,ал сол жағындағы форма оң жағына ауысады. 
Айналық симметрия (зеркальная симметрия) жалпы форманың табиғи объектісі болып, қалады және адамның көркем туындысы болып саналады. Олар өсімдік пен кристалл формасында байқалып, оның ішінде адам фигурасы өрнекті өнерде бейнеленеді. Орнықты немесе тасмалды теңдік шынадай жағдайда орындалады теңдік шынадай жағдай орындалады. Егер формалар өзінің барлық нүктелерімен 


3.3. Форма және пластикалық ұйымдастыру

Пропорция жеке пластикалық жүйеде яғни, басты форманы, пішінді құрайтын сызықтарды үйлесімді қоса білгенде ғана қол жеткізіледі. Костюм композициясын жоғарыда қарайтын негізгі заңдары объективті және жалпылама болып табылады. Себебі адамзат өз табиғатында өз формасын өз қажеттілігіне тағайындалу түріне сай келушілік зиандылықтарын тәрбиелеген. Осындай заңдылықтар мен неорганикалық және органикалық табиғаттың гормониясы мазмұндағы. Адамның психо-физиологиялық ерекшелігі жүйесінде эстетикалық қанағаттандыру сезімі тиімді және гормониялы үйлесімді бұйымдарды талап етеді.Жетілдірілген заттарды құру суретінден тек қана заңдылықтарды және гормонияның түрлі құралдарын білуді талап етпейді,сонымен қатар форма,инструкциясының, сезімінің және шеберліктің нақты дамуы қажет етеді. Костюм формасы, пішім-өте күрделі және көп деңгейлі ұғым «Форма» ұғымына түрлі позициялардан қарауға болады,оны философияның категория, символ, объект қызметін, іс-әрекетінің нәтижелері ретінде қарастыруға болады. Философия ілімінде объект формасын заттың өмір сүру тәсілі ретінде, мазмұнын ішкі ұйымдасуы түріде қарастырылады қозғалыс динамикалық құра отырып жүреді. Сондай ақ сызықтардың көмегімен біз өзіміздің көзқарасымызды тоқтата және әрі қарай жүргізіп тұжырымдай аламыз. Композиция түзу, қисық және сынған сызықтар көмегімен құрылды. Костюм сызықтарының жұмсақтығыны мен қатаңдығы материалдың сапалық сипаттамасымен негізделеді. Композицияның сипаттамасы және костюмның формасы сызықтармен айшықталады.  Композициялық әсерленіп нығаюынына фигуралық беті үлкен негізі болып есептелінеді. Құрылымына, өңделуіне,жаратылуына байланыс-фактура беті деп аталады. Фактура мүмкіндігіне орай әр түрлі тігіс, бедерлі. Алғашқы жағдайда элементтің фактурасының көлемі өте аз, аспапсыз көзге байқалмайтын әрбір беттің құрамы маңызды.  Фактураға бедердің көлемі үлкен болады да, элемент саны өте болады. Кейде элемент фактурасы қаншама белгілі болғанымен, өз формасын табу керек.
Матаны тығыздығымен немесе бастау тоқылуымен, ауырлық және жеңілдігімен мата бетін анықтауға болады. Фактураның әртүрлі болуы түрлі формаларына да байланысты. Геометриялық формадағы түрі, материалға қолданылатын ірі элеметтердің де өзгереді. Фоктура айқын бейнесімен белгілі әсерлену арқылы үндеседі. Фактор күшінің әсерінен пасивті беті тегіс бір бағытта, өте кішкентай өрнегі бар активті, бетінде бадырайған қиын ірі өрнектермен көрермендер ажыратуға болады.Активті фактура өте сәнді, қосымша сәндеуді қолданбауға болады. Пассивті фактурада фоны активті фактурадағыдай болса да қосымшалар қолданылады. Түрлі фактурадағы материалдар мен камзолдағы матаның сыртқы пішімі бұлымға қосымша мәнер беріп тұрады. Камзолға пайдаланылатын мата түсінің үйлесімділігі, түрі әсіресе фактурасына айрықша әсер беріп тұрады. Түсінің тез өзгеруі мата бетінің тығыздығына, сапасына, байланысты.  Әр текті факторларды қолдану арқылы түсін өзгетуге болады. Бұл әдісті суретшілерде жиі қолданады . Өзіндік әдемі комзол түсі мен түстік шешімдеріне байланысты. Мысалы: Ұлттық киімдер өз ерекшелігімен айқындалады.Практика жүзінде фактрлары үйлеспес қолданылмайды егерде бір-бірімен байланыстырғанда, оларда шатасып бір-бірінің үйлесімділігін жояды. Әсіресе бір –біріне байланыспайтын факторларды пайдалану өте қиын, матаның өрнегі салынған суреттері әр түрлі болған жағдайда. Әр түрлі фактрда да белгілі бір дұрыс шешім болады.

Ұзың түкті теріден дайындалған костюм денеде дөңгелектенген пішінді береді. Ал негізгі бір тегіс фактура киімге фомасының ерекшелігі мен көз тартады.

Фактура беті түстердің өзгерумен де болады: кедір-ұдырлы, ірі өрнектер қолданылады, бетінде ауыр күңгірт түс байқалады:күңгірт, орташа өрнектер қолданады, бұрыштарына қарай шашырап қарай шашырап түседі (тартымды түс): жылтыр, айнадай жылтылдап, майда өрнектерді қолданады жарқыраған күндей жылтылдап, бетіне түскен бұрыштарын жасырып,бөлектеп түрады.
Факторлардың бір-біріне қабылдауын суретші ерекше назарға алу керек,өткені костюм пішімі жобасының өзгешілігімен бұным көрермен көзіне жарқырап түсуі керек. Біз тек көзбен көру арқылы ғана емес, сипалап тегістігін, созылғыштығын, бедерлігіән, бадырайған беттерін анықтау арқылы фактура аймыршалығын білуге болады.
Мата бетінің сапасы тоқуына, өңделуіне, өндірісте пайдалынатын өніміне және басқа да материалдарға. Айта кететін болсақ табиғи және жасанды материалдарға, теріге, былғарыға мехна және апсырмалы материалдарына байланысты. Әрқайсысы өз фактурасына қарай тігілетін матаға сәйкес келуі керек.Суретінің жұмысына барысындағы негізгі қиыншылығы матамен жұмыс жасауда беттерінің түрлі-түсті болуынан,бір-біріне өз ойлағанындай сәйкестендіріп қолдануы.
Костюм композициясын қабылдауда архитектоника немесе техтоника ерекше роль атқарады. Кез келген құрастырылған заттың көркем кірінуіне бұлар ерекше көрініс береді. Қәзіргі кезде бұл барлық техника құрылыстары мен сәулет өнерінде және табиғат құрылымдарын әрлеу-безіндіру жұмыстарында кең түрде қолданылып келеді.
Архитиктоника-композициялық құрылымының негізгі бастамасы болып табылады. Көркем жобалау барысында формалардың бір-бірімен үйлесімі және жеке детальдардың өзара үндестігі архитиктоникалықтығына байланысты . Кез келген құрастырылған бұйымның тектоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып, қолдануға қолайлы, әрі ыңғайлы болуы тиіс. 
Суретшінің жұмысы барысындағы негізгі қиыншылығы матамен жұмыс жасауда беттерінің түрлі-түсті болуынан, бір-біріне өз ойлағанындай сәйкестендіріп қолдануы.
Архитиктоника- композициялық –композициялық құрылымының негізгі бастамасы болып табылады. Көркем жобалау барысында формалардың бір-бірімен үйлесімі және жеке детальдардың өзара үндестігі архитиктоникалықтығына байланысты. Кез келген құрастырылған бұйымның техтоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып,қолдануға қолайлы, әрі ыңғайлы болуы тиіс.
Костюм техтоникасы-структуралы элементтердің өзара байланысы, пропорция мен ырғақтылығы, формадағы пластика және түсті шешімі, материалдың құрамы арқылы шешіледі.
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау үлгісінде мата фактурасының түрлері мен сапасын, жобасын, ескере отырып жасанды ''тафта, кристалон'' матасын, көйлекке арганза маталар пайдаланды. Қалың маталар сырт киімнің формасын және силуэтін сақтап, ал ішіндегі нәзік мата жеңілдікті, нәзіктікті білдіреді. Осы үш түрлі мата фактура қосылып, бір бүтін композицияның құрайды.


3.4. Колористикалық шешім

Ежелден бастап күні бүгінге дейін түс адам өмірінен, адамның психологиялық, эмотционалдық және рухани ерекшеліктерінен тығыз байланысты. Түстердің үйлесімділігі колорист ерекшеленеді. Колорист суретшінің өнер шығармасымен байланысты. Колорист түсті үйлесіндік сипатыжағынан бір қалыпты не суық, не жылы,ашық не күңгірт болады. Ол қоюлығы мен түстің күштілік сатысы жағынан ашық ұстамды болады. Түс гормониясын заңдары әсіресе киімде жылдамырақ тексеріледі. Біздің түс туралы жалпы білетініміз киім киінгенімізден тікелей күшіне енеді.
Костюм тігін мамандырының сол немесе басқа түстің (түс гаммасының) белгілі бір жерде адамның жұмысқа,үй тұрмысында, театырда, мейрамда, оған көрерменнің көзқарасынна, яғни костюмді көріп қабылдау заңдылығына байланыстылығын білу маңызды. Костюмде түстің мәні зор, себебі түсті эмоционалды дәрежеде қабылдау адамның және бір ерекшеліктерін айқындауға немесе жасыруға көмектеседі, екіншіден үлкен немесе құрылымдық өзгертулер негізінде көпнесе костюмдегі түсті шешімдер арқасында оның әртүрлігіне қол жеткізеді. 
Костюмның түсі ұқсастық (туыстық) немесе контраст принцпі бойынша темпераментіне, көздің, шаштың,терінің түсне сәйкес таңдап алынады Түспен киімнің маусымдылығын білдіруге болады. Көбінесе жазда колориті бойынша бір-біріне сәйкес ашық түстер қолданылады, қыста бір-біріне қарама – қарсы түстердің қатынасын пайдалынады (ақ пен қара түс). Көктемдегі колорит әдетте нәзік түстер мен туыстық- контрасты үйлесіммен алынған қанық түстердің ерекше бірігуімен өзгешелетіндей жеңіл болады. Костюмның күзгі түстері табиғаттағы жапырақтар тәрізді туыстық үйлесімділіктің сан алуандылығымен ерекшеленеді. Күнделікті киімде көбінесе пастельді, тұнық түстер пайдалынадыал сәнді киімдерде әртүрлі 

Фактуралы маталарды парша тәрізді жылтыр немесе түн сияқты барқытты қолданып тігілген түстердің контрасты қосылуы орынды. 

Түстердің кейбір классикалық үйлесімін күнделікті өмірде сәндіне қарамастан біз жиі таңдап аламыз. Осыған қарамастан біз жыл сайын костюмдегі қазіргі кездегі басым болып келетін түстің негізгі пропорциялары мен силуэттерін беретін сәннің жаңа бағытына кезігеміз.

Егер түс костюм және оның бейне құрамы туралы түрлі мәлімет беретін болса, түстің мәні күшейеді. Түспен костюм жасалған материал мен оның қасиеттері тұралы әсер өзара байланысты, түс костюмді қоршаған ортадан (мысалы, темір жол құрлысшыларының және т.б жұмыс киімдері) ажырата отырып, оның мәнін береді. (әсемді эстрада үшін) костюмның неге арналғаның неге арналғанын көрсет алады. Сонымен бірге костюм туралы белгі ретінде береді (салтанатты әсем костюмдерде отан белгісі түрінде көгілдір түс болады).
Түс тек қана костюмнің неге арналғандығына емес, сонымен бірге жыны сына (еркек, әйел) жасына (бала, бозбала,жас, орта және кәрілік жасқа арналған костюмдер) баланысты.
Костюмның түсіне материалдың фактурасы әсер етеді, костюмді эмоция алды түрде байытады немесе керісінше эмоционалды жүкті азайта отырып түсін өзгертеді. Костюмдегі гармония адамның жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мұнда тігілген костюм адамның ерекшеліктерімен костюмнің түсі мен бейнесі сәйкес болуын сезу және білу маңызды. Бұл жыл уақытының өзгеруіне ғана емес сонымен бірге сәулет өнеріндегі, өнердегі дизайындағы және т.б. жалпы теңденцияларына байланысты. Түстердің араласуы туралы мәселесе негізгі сұрақтардың бірі. Суретшілер түсті үнемі іздеуде жеке түстерге ғана емес, сонымен қатар түстердің қатынасына мән береді.Түстік қатынастар немесе түстік гаммалар киімде және суретшінің басқа да шығармшылық қызметінде қолданылады. Түстік гамма белгілі бір принцип бойынша бір-бірімен біріктірілетін түстерден құрылады. Табиғаттағы түсіне сәйкес алынған түс басқа түстермен біріктірілген болулардың өзара қатынасы түстік қатынасы түстік қатынастар-деп атайды. Жиынтықтағы барлық түстер әдеп әбден зерттелініп таңдап алынды сондықтан ұлттық киім үлгісіде түс шешім толық заңдылықты қамтамасыз етіп тұр деседе болады.


3.5.Киім жиынтығындағы ою-өрнек.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өнерін өркендетуге едәуір көңіл бөліне бастады.Өрнек атауы (латынның – ornamentum-әшекейлеу) деген сөзіне шыққан. Ою және өрнек деген сөздің ырғақтық деген термендер қолданылады. 
Мотив деп екі не одан да көп, біркелкі және әртүрлі элементтердің құрылымы.
Сюжет деп мотивтен күрделірек ою-өрнек бірлігінен тұратын нашар зерттеу. 
Композиция деген термин ою-өрнек өнерінде, қолдануға оған ұғым болып.есптеледі, осы төбедегі үш терминнің қосылысын айтады.
Ырғақтық деп ою-өрнек біркелкі элементтердің қайталануын атаймыз. Жалпы өрнектің символдық бейнесі ретінде ежелгі дәуірден белгіленіп келеді. Бірнеше ғасырлар өткен соң ирек белгісімен жануар өсімдік элементтердің әр түрлі өрнектер жасалған.
Өсімдік тектес ою-өрнектердің оншалықты көне жергілікті дәстүрлері жоқ оның басты әуендері қатарында лотостың түйіндері мен гулдері, шырмауық өсімдіктердің өрмесі, гүл түзбесі, үш салалы жапырақтар түрінде болады.
Символдық ою-өрнектің негізгі табиғат күштері мен аспан шырақтарына сиынушылықтан туды. Шебер, бұрыша, айқыш-ұйқыш сызық үлгісіндегі фигуралар күннің эмблемасы болады; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түріндегі қисық сызық белгілерімен, S-тәріздес фигуралармен беріледі.
Костюмдегі декор-бұл көркемдік жүйе, ол сәндеу бөліктерінің жиынтығы, практикалық мағынада байланысы жоқ ондағы құр тәжірибеге сүйенбей, киімдегі сәндік бөлшектердің болуы шарт емес мысалыға конструктивті сызықтар. Олар костюмнің қолданылуына қарай ыңғайлы, сондықтан да көркімділігімен бағаланады.
Адам баласының костюмдегі сәндеу әдістерінің қолданылуы бірегей осы мың жылдықта да дамыған. Оны ішінде ерекше көзге түсетін бояуы, кездеме бедері матаға сурет түсірілген, батник түрлі техникада мата бетіне өрнек түсіру, көркем тоқма, кесте, бастырмалау,құүрғақ өнерімен мата қиындыларынан сәндеп құрастыру, квит өнерімен тігісті өрнектеп түсіру, теріні құрастыру,тоқу және т.б. Барлық техникалық түрлі әдістермен сәндеуде көркемдік бұйымның жағымсыз тоқылуын өзгертуге, көрермен ге нақты ойындағысын эстетикалық тұрғыдан хабарлама жасауға болады. Алдымен, дененің негізгі бөліктерінәдемелеп – көркемдеп, одан кейін бейнені туар еді.Киімнің сәндік бөлігі үшін кесте заман ағымына қарай өзгертіп,жаңарып отырады. Адамдар кестені түрлі әдістермен тоқиды. Сол кезде жай шаруаларда да, бай аристократтардың үстіне қол кестенің кестелеген костюмдерін көруге болады. 
Кестеленген түрлі-түсті жүн жіптерді мата және жібек жіптерді және т.б. қолданылады. Кестер қазіргі кезде де өз ақтуальдылығын жоғалтпайды қазіргі кезде кестені машина тігісімен де кестелеп орындайды.Сәндік әдістерді қолданғанда қандай да болсын киімді көркмдеп –сәндеу орындалады. Суретші ескер ерде, декор неге міндетті: костюм стилі белгілі байланыспен орнықты етіп орындау: қандайда бір қиыншылық болса да костюм формасына баса көңіл аудару: суретке игілікпен қарап,түсін шыраймен таба білу керек.
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау жиынтығында қолданылған декор - әсемдік, көркемдік жүйесі, затты безендіретін және көркемдейтін элементтерден тұрады. Олар киім жиынтығыма әсем, сәнді, көркемдік құндылық береді.

Костюмді мыңжылдан бері даму кезңінде адамзат декоративтеу, әсемдеу, көркемдеудің сансыз түрлерін тапса да кестен көбіне пайдаланған. Яғни, кестелеп көркемдеу жүйелі түрде дамыды.























Қорытынды


Негізгі қазақ халқының ұлттық қалындық киімдерін қазіргі сән нақышымен байланыстырып жасалынды.

Қазіргі ұлттық үлгідегі киімдердігі теңдеулерді басқаша атау мүмкін емес. Өзінің тарихына қарай ұлттық киімдерді талай киім үлгілерін мұра етіп қалдыруы ғажап нәрсе, сән ағысына қарай бағып бағдарды да анықтау оңай емес. Көптеген ізденістер арқылы халықтың салт-дәстүрін киім үлгілерін және мәдениетін таныдық. 

Диссертациялық жобада біз ең алдымен бұрынан ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен сәнді қолданбалы өнер туындыларымен таныстық және көне киімдерді пішініне зерттеу жасай отырып, қазіргі заманға сай киім үлгілеріне жана сызықтар мен формаларды зерттеп жаңадан сипаттама беріп отырмыз.

Қазақстанның экономикасы дамып келе жатқанданда қазақ халқаның киімдеріне жаппай назар аударған кезеңі басталып отыр, соның ішінде халықтық үлгінің конструктивті технологиялық ерекшелігі бірінші орынға қойылады.

Жастарға арналған толық композициялы, әрі ұнасымды жаңа үлгімен пішілуі жағынан оқшауланатын әсем комплект. толық композициялы шешілген ою - өрнек көрінісі жастардың қазіргі заманғы киімдерінің дәстүрлі қазақ киімдерінен келіп шыққандығында көрсетеді. Барлық бөліктерінде қабылған ою - өрнектер салмақтық пен салауаттылықты беріп тұрады. Әсем силуэтті, жұқа торлы ою - өрнектермен орындалған біз кестелер тамаша бір үйлесімділік тауып тұр. 

Болашақта мен жұртшылықты ұнасымды әрі әдемі, ең бастысы қазіргі заманға лайық етіп киіндіруге және қабу әдісін дамытуға бар күш жігерімді жұмсаймын. Курстық жұмысымды орындау бағытында бес жыл алған білімімді жұмсадым: технология өндірісі, композициялық шешім, ою - өрнекті орындау және конструктивтік шешім.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақтың ою - өрнектері энциклопедия» 

Маргарита Өмірбекова, Алматы 2003ж. 

2. «Костюм тарихы», Жолдасбекова С.А. Алматы 2004ж.

3. «Қазақ киімі», Жәнібеков, Алматы 2004ж. 

4. Интернет, Шығармашылық топ In cub, 2004y.

5. Журнал. «Модели сезона», М. 10/2004 г.

6. Журнал. «Бурда», М. 01/2005 г. 

7. «Қазақ киімі». Жәнібеков, Алматы - Өнер 2005 ж. 

01 Сәуір 2025
150
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі