Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген зерттеу сабақтарының нәтижесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріктірілген сабақтардың маңыздылығы, нәтижелілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген зерттеу сабақтарының нәтижесі

Маңғыстау аудандық білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінің жас және білікті мамандары, оқушылармен бірлесе отырып, қызығы мен тәлімі көп керемет күн өткіздік. Тілге тиек етіп отырған керемет күн – Жанбибі апай мен Жантөре апайлардың арқасында өте жоғарғы деңгейде өтті. Апайлар біздің мектебімізге ғылыми жобаның жүйелі жазылу жолдарын түсіндіріп, оқушылардың қызығушылығына қарай тақырып таңдауларына бағыт бағдар беру үшін келді.

Біздің күніміз жиналыспен басталды. Мақсаты оқушыларымыздың қызығушылығын анықтау, бастағалы отырған тақырыптарының қаншалықты өзекті екендігін саралау болатын. Апайлар мектепке келу мақсаттарымен таныстырып, жиналған мұғалімдер мен оқушыларды бастап Қараман ата жер асты мешітіне экскурсия жасайтындығын, және оған дейін Артқапы жеріне аялдайтынымызды айтып қызығушылығымызды одан әрі арттырды.

Жолға шықтық. Бес қаруымызды сайлап, керек деген нәрселеріміз жинап, мектеп автобусына отырдық. Қолда қалам мен дәптер. Ғылыми кеңесші апайларымыз автобуста жұмысын бастап кетті. «Тез жаттату» тәсілімен бір шумақ өлең жолдарын 4-5 минутта жаттап алдық.

Бұл жерде кімдер кетіп, кім қалмаған,

Қара жер қаза келсе, кімді алмаған?

Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,

Айладыр алтау болса, Қалмақ жетеу,

Ерлерден ертедегі қалынған жер...

Бұл өлең жолдарына біз Маңғыстауға жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен кімдер екенін білдік. Осылай көңілді саяхатқа шыққан автобусымыз Артқапы жеріне келіп тоқтады.

Артқапы тауы Ақтау-Шетпе жолы бойында орналасқан екен. Ақтау қаласына жол жүргенде қасынан өтіп жүрген таныс жер. Бірақ бұл жердің сырын, тауының құпиясын білмейді екенмін. Экскурсияға шыққан топ тау баурайына барып, апайлардың нұсқауымен үш топқа бөліндік. Топтар жай бақылау, салыстыру, зерделеу топтары болып аталды. Үш топқа үш түрлі тапсырма берілді, бірақ түпкі мақсат Артқапы жерінің қыры мен сырын түсіну. Мен жай бақылау тобында болдым. Тапсырма бойынша біздің топ жан-жаққа жай бақылау жасап, не көріп тұрмыз, келген кезде не байқадық, соны нақтылап басқа топтарға түсіндіру болды. Тапсырма орындалды. Мақсатымызға жеттік, Артқапы жай тау болғанымен, тауда орналасқан кеуектер өткен ғасырларда малға пана, қора қызметін атқарғанын білдім. Осындай қызықтармен саяхатымыз әрі қарай жалғасты. Ендігі аялдама қаһарлы Қараман ата жерасты мешіті.

Білуге құштар зеріттеушілер тобы бұл аялдамаға де жетті. Кеңесші апайларымыз жол бойы Қараман ата туралы көптеген мәліметпен таныстырды. Жерасты мешітіне түспес бұрын, атаның бейітінің басына барып құран бағыштап, шырақ жағып, тілек тіледік. Бұл қауымда көптеген ерекше нәрселермен таныс болдым. Атап айтсам, Ана әулие деген зиратқа бардық. Неге ана әулие? Себебі бір зиратта қазақ, орыс, өзбек ұлттарынан шыққан аналар жерленіпті. Бұлай жерлеудің үлкен бір құпиясы бар деп ойлаймын. Қауым басындағы зират тастарында әр түрлі таңбалар бар. Мысалы, тарақ, қайшы – бұл шебер әйел адам, жылқы, қылыш – бұл жауынгер ер адам дегендерді білдіреді екен.

Маған ең әсерлі болғаны Қараман ата зиратында «анттасатын, ақ пен қараны айыратын әділетті, айбарлы әулие» деген жазу. Сонда ата сол заманда соттың жұмысын атқарған болған ғой шамасы деп ой түйдім. Әділдігін сипаттайтын аңыз әңгімелерді тыңдап, таңдандым да, тамсандым.

Одан соң «Бисмиллях» деп атаның жер-асты мешітіне түстік. Жердің астында үйлесімді механизіммен салынған. Іші жарық, әрі салқын. Бұл жер қазіргі мектеп тәріздес, бала оқытып, шәкірт тәрбиелеуге арналған. Ішінде жылқы биіктігіндей биіктікпен қазылған жерасты жолы бар. Бірақ қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған. Мешіт ішінде тілек тілейтін бөлме бар екен. Менде отырып тілек тіледім «деніміздің саулығын, еліміздің амандыңын, жұртымыздың тыныштығын». Осындай тылсым дүниелермен танысып, кері қайттық.

Жол бойында, Бекі ауылы маңында орналасқан «Күзембай шыңырауы» деп аталатын құдыққа аялдадық. Сырт көзге мал суаруға арналған қарапайым құдық көрінеді. Ал жақынырақ барып, тереңіне көз тастасаң, қырық құлаш тереңдіктен, ішіне тас өрілген, асқан шеберлікпен қазылған құдықты және жер қойнауынан өз деңгейін жоғалтпай толығып тұратын мөлдір суға назарың ауады. Бұл құдық сан ғасырлардың куәсі, шын шебердің қолынан шыққаны анық, себебі тастары мүжілмей, суы сарқылмай әлі елге қызмет етіп тұр. Құдықтың жер үстіндегі бейнесі өзгерген, пайдаланушылар тас астауын алып, ыңғайларына келтіріп өзгерткен. Бірақ ішкі құрылысы сол қалпы.

Бүгінгі күн осындай қызықты, пайдалы саяхатпен аяқталды. Танысқан тарихи жерлердің барлығында да ғылыми кеңесші апайлар кіріктірілген сабақтар өткізіп, тапсырмалар беріп отырды. Оқушылармен біріге отырып, барлық тапсырмаларды орындап, мақсатымызға жетіп, көп мәліметтерге қанық болдық. Кіріктірілген зерттеу сабағы нәтижелі болды.

Осы экскурсияны ұйымдастырған мектеп басшысына, жол бастаған кеңесші апайларға үлкен рақметімді айтамын.

Гүлнұр Мұхамбетова, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінің мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12