«Кітап оқуды қолдаймыз!» акциясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кітап оқуды қолдаймыз!» акциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты мәңгілік сенімді серігіміз
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің кітапханашысы Шаукарова Гулсим Кумаргалиевна







«Кітап оқуды қолдаймыз!» акциясы

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде «Кітап – ақыл-ой маржаны» атты «Кітап оқуды қолдаймыз!» акциясы өтті.

«Picture 8 Picture 10 Кітап – білім бұлағы», «Кітап – оқығандікі, білім – тоқығандікі», «Күш білімде, білім кітапта» деген мақал-мәтелдерді әр қазақ баласы күн сайын ата-анасынан, мұғалімдерінен естіп отырады. Бірақ, әр үйдің төрінде ғаламторға қосылған компьютері бар заманда кітап оқитын баланы кездестіру қиын-ақ. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, кітаптың пайдасы мен маңызы туралы мағлұмат беру мақсатында мектебімізде 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен акцияда М.Әуезовтің “Абай жолы ” кітабын бір-біріне жалғап, осы ұлы шығармаға қолдау көрсетті. 10 -сынып оқушылары , сынып жетекшісімен бірігіп еріктілер тобы дәуірнаманы сыныптан-сыныпқа табыстай келе 8«б» сынып оқушылары мектеп кітапханашысына кітапты табыстады. Мектеп кітапханашысы қабылдап алған соң кітап арқылы адамзаттың ақыл-ой маржанының бойға жинайтынын айтып, кітап оқудың пайдасы туралы сыр шертті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжихан Үмбетқызы әл-Фараби бабамыздың өлең шумақтарын мысалға келтіре отырып, балалардың кітап оқу арқылы қандай ойлы азамат болатындығын түсіндіріп өтті. «Кітап –біздің досымыз! Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! Мен оқимын! Біз оқимыз!





Барлығымыз оқимыз!» деп ұрандатқан оқушылар өз үндеулерімен ортаға шығып, еріктілер тобының жетекшілігімен әр сынып оқушылары флешмоб арқылы өз өнерлерін көрсетті. Шараға қатысушылар «Кітап оқу сізге не береді?», «Қазіргі кезде қандай кітап оқып жатырсыз?» деген сұрақтарға жауап беріп, бір-бірімен пікір алмасты. Арнайы шақырылған қонағымыз, Х.Есенжанов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі Ақмарал Кеңесқызы өзінің пікірімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері, оқушылар, барлық кітапсүйер оқырман қатысқан бұл акцияның соңы бір кісідей жұмылып, флешмоб билеумен аяқталды. Құнды пікірлер айтылып, бір-бірінің ойымен келіскен оқушылар бұл шарадан көп мәлімет алып, ерекше әсермен тарасты.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2018
1527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі