Кітапхана ісінің тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітапхана ісінің тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл кешенде лекциялар, практикалық сабақтарға қоса, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) мен студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстарын (СОӨЖ) ұйымдастыруға арналған материалдар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ


«Филология, журналистика»

КАФЕДРАСЫ


«Келісілді»

Жұмыс беруші Ә.Тәжібаев атындағы

Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

директоры Мыңжас Н.К.


« ____»_____________ 2020ж.

«Бекітемін» Білім беру және педагогика жоғары мектебінің деканы, т.ғ.к.

__________А.Т.Еспенбетова


« ____»_____________ 2020 жыл










«КІТ 2205 Кітапхана ісінің тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(контент)







Қызылорда, 2020 жыл


Құрастырушы:


Бұл кешенде лекциялар, практикалық сабақтарға қоса, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) мен студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстарын (СОӨЖ) ұйымдастыруға арналған материалдар берілген.


Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «Филология, журналистика» кафедрасының мәжілісінде қаралды.


___ хаттама, «___» ______________ 2020 жыл


Кафедра меңгерушісі ______________Нұрсұлтанқызы Ж.



Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыты бойынша қаралып, бекітілді.


___ хаттама, «___» ______________ 2020 жыл


Академиялық Кеңестің төрайымы_________ Тайманова С.


Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (контенттің) электрондық нұсқасы университет сайтында (http://bolashak-edu.kz/) және Platonus (http://87.247.5.61:8080//) жүйесінде және https://classroom.google.com/u/0/h?hl салынған.


«Жахандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен ролі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (контент) 6В03203-«Кітапхана ісі» мамандығының білім алушыларына арналған.

























Пән: «Жахандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен ролі»


1 Негізгі мәліметтер

Жоғары мектеп

«Филология, журналистика»

Білім беру бағдарламасы атауы

6В03203 – Кітапхана ісі

Курс, семестр

2 курс, 1 семестр

Пән статусы

таңдау компоненті

Кредит саны

5

Сабақ өтетін орын

Интернет сілтемелер

Оқытушы (дәріс)

Аты-жөні: аға оқытушы К.М.Сражадинова, 87775688885

Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00-ге дейін

Platonus (http://87.247.5.61:8080//)

Практика, зертханалық сабақтарды, СОӨЖ, СӨЖ жүргізетін оқытушы

Аты-жөні: аға оқытушы К.М.Сражадинова, 87775688885

Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00-ге дейін

Platonus (http://87.247.5.61:8080//)

2 Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер

«Кітапханалық каталог»

Постреквизиттер

«Кітапхана ісінің техникалық құралдары»

  1. Пәннің сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері

Курстың сипаттамасы

«Жахандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен ролі» курсы оқу пәні кітапханатану циклі бойыншв өтіледі, жоғары квалификациялы мамандарды даярлаумен аяқталады. Пәннің құрылымы мен мазмұны кітапханалардың жаңа жағдайда жұмыс жүргізу жағдайымен анықталады, кітапхана-ақпараттық мекемелерді басқару териясы мен жетекшілік жасау тәжірибесінің аса маңызды ережелеріне сәйкес жаңа іс-әрекет жасау қажеттілігін түсінеді. Курстың басты мақсаты-студенттерге кітапхана қызметін басқарудың териясы мен тәжірибесінің маңызды жақтары туралы кәсіби білім беру, жахандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен ролін анықтау.

«Жахандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен ролі» пәнінің алдына қойған мақсаты: студенттерге кітапхана қызметін басқарудың териясы мен тәжірибесінің маңызды жақтары туралы кәсіби білім беру.

Мақсаттары

Пәннің мақсаты –Қазақстандағы кітапханалардың дамуын тарихи тұрғыдан зерделеу.

Міндеттері

- кітапхана ісін орталықтандыру, кітапханаларды халық игілігіне айналдыру шараларының іске асыру барысындағы қиыншылықтарының объективтік және субъективтік себептерінің мәнін ашу;

- кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және оқу-білім жолындағы жұмыстарын көрсету;

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалардың әскери патриоттық тәрбие берудегі жұмыс формалары мен мүмкіншіліктерін көрсету;

- соғыстан кейінгі жылдардағы (1946-1960) кітапханалардың типі мен материалдық техникалық базасындағы өзгерістерді көрсету және ондағы кемшіліктердің себептерін ашу;

- кітапханаларды жас мамандармен қамтамасыз етудің деңгейін, кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарының ашылуы және қызметін сараптау;

- кітапхана қызметкерлерінің әлеуметтік саяси белсенділігін сипаттау;

- кітапхана ісін дамытуда, мамандардың біліктілігін көтеруде жинақталған оң тәжірибелерді ескере отырып, тәуелсіздік мемлекет жағдайындағы кітапхана жұмыстарына жаңа талапқа сай нақты ұсыныстар жасау.

Пән мазмұны

Кітапханалардың құрылуы және кітапхана қызметкерлерінің қалыптасуының әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болу кезеңдерін ашу - XX ғасыр басындағы қазақ халқының европалық рухани байлықтан кенде қалуы оның табиғи болмыс-бітімінен емес, қоғамдық-саяси себептерден туындағанын көрсетуге мүмкіндік береді. Кітапхана қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелерді шешуде партиялық, өкіметтік органдардың қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін кітапхана мамандары қызметінің мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін нақты фактілермен көрсету, тақырыптың зерттеу объектісі бола алады. Тарихи тәжірибені объективті зерттеу практикада пайдасы бар құндылықты сақтау үшін қажет. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы бүгінгі мәдени процесстер үшін де маңызы бар.

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер

Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы мен оның материалдық базасының нығаюы, кітапханаларды құру және дамытудағы қызметі, кітапханалардың жалпы жүйесінің қалыптасуын және дамуын, оның жұмысының мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін, мамандар даярлаудың ерекшеліктері, кітапхана ісінің дамуы мен қалыптасу қиыншылықтары әр кезең бойынша жаңа деректер мен мұрағат материалдары, қазіргі нарықтық кезеңде кітапхана мамандарын жаңа талаптарға сай даярлаудың қажетілігі бүгінгі таңдағы зерделі көзқараспен студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, ғылыми тұрғыда түсіндіреді.

ПОЖН1/ПРОД1/PLOD1- курстың мәні, Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы мен оның материалдық базасының нығаюы, маңызы жөнінде біле отырып, қабілеттерін дамытады.

ПОЖН2/ПРОД2/PLOD2 – кітапханаларды құру және дамытудағы қызметі, кітапханалардың жалпы жүйесінің қалыптасуы және даму сипатын біліп, ғылыми-теориялық мағлұматтарды меңгереді.

ПОЖН3/ПРОД3/PLOD3 – кітапхана жұмысының мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері, мамандар даярлаудың ерекшеліктері, кітапхана ісінің дамуы мен қалыптасу бойынша жаңа деректер мен мұрағат материалдары жөнінде терең теориялық білім береді.

ПОЖН4/ПРОД4/PLOD4 – кітапхана мамандарын жаңа талаптарға сай даярлаудың қажетілігі бүгінгі таңдағы зерделі көзқараспен ғылыми тұрғыда түсіндіреді.

ПОЖН5/ПРОД5/PLOD5 – кітапханалардың құрылуы және кітапхана қызметкерлерінің қалыптасуының әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болуы туралы білім ала отырып, икем-дағдысы қалыптасады, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.



Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмысы


Сағаттардың жалпы саны

Академиялық сағаттар саны

Лекциялар

Практикалық

БӨЖ

БОӨЖ

Емтихан

150

10

30

100

10

+


І. Пән мазмұның жүзеге асыру Академиялық күнтізбесі


Апта

Тақырыптың атауы

Дәстүрлі, онлайн, гибридті

Оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша сағат саны


дәріс

практ

соөж

сөж

1

Алғашқы көне заманғы кітапханалар

онлайн

1

3

1

10

2

Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы


онлайн

1

3

1

10

3

Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы


онлайн

1

3

1

10

4

Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы


онлайн

1

3

1

10

5

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі Қазақстандағы кітапхана ісі (1917-1920 жж.)

Социализмнің кемелденген жағдайындағы кітапхана ісі (1960-1990 жж.)



онлайн

1

3

1

10

6

Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)


онлайн

1

3

1

10

7

Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

Социализмнің кемелденген жағдайындағы кітапхана ісі (1960-1990 жж.).



онлайн

1

3

1

10

8

Сауатсыздықты жою жылдарындағы мәдени-ағарту мекемелері .

Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор.


онлайн

1

3

1

10

9

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы кітапхана ісі (1941-1945 жж.)

Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор


онлайн

1

3

1

10

10

Соғыстан кейінгі кезеңдегі (19461960 жж.) Қазақстанда кітапхана ісі

Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор


онлайн

1

3

1

10

Барлығы


10

30

10

100


V. Әдебиеттер тізбесі

Негізгі әдебиеттер:

1. Абрамов, К.И., Дергачева М.Д. История библиотечного дела: состояние и перспективы развития, проблемы[Текст]. -В кн.: библиотековедение в 1970-1972 гг. – М., 1973. – С. 47-63.

2. Айтбаев, Е.С. Из истории библиотечного строительства в Казахстане (1917–1925 гг.) [Текст] : ученные записки. – Алма–Ата, 1976. – Вып. 9. – 47 с.

3. Библиотечное дело в Казахстане 1946–1975 [Текст] / сост. Н.С. Шакирова // Сб док. и мат. – Алма–Ата, 1991. – 342 с.

4. Библиотечное дело в Казахстане 1976-1991 [Текст] [Мәтін]: сб. документов. – Алматы. – 2004. – С. 203.

5. Библиотечное строительство в Советском Казахстане [Текст] // Казахстанская правда. –1940. – 13 ноябрь. – С. 2.

6. Боканов, Р. Исторический опыт подготовки и воспитания кадров сельских учреждений культуры Казахстана (1946–1960 гг.) [Текст]: автореф. ... к.и.н. – Алма–Ата, 1992. – 22 с.

7. Большаков, В.О. История халифата [Текст]. –Т. 2. –2000. –122 с.

8. Буров, А.К. В Казахстане [Текст] // Красный библиотекарь. – 1931. – № 3. – С.73 –74.

9. Ведомости Верховного Совета и Правительства Казахской ССР [Текст]. – Алма–Ата, 1959. – № 18. – 30 июня. – С. 25–26.

10. Вопросы истории Компартии Казахстана [Текст]. - Вып.3. - Алма-Ата: Казахстан, 1965.- 218 с.

11. Галиев, В.З. Библиотеки дореволюционного Семиречья [Текст]. – Алматы: Нац. б-ка РК.- 2003. – 250 с.

12. Галиев, В.З. Библиотечное дело в Казахстане (Вторая половина XIX-начало XX веков) [Текст].- Алматы, 1998. – 136 с.

13. Дәулетова, Н., Нұрахметова К. Қазақстандағы кітапхана тарихы [Мәтін].-Алматы, 1994.-88 б.

14. Декреты Советской власти [Текст]. – М.: Госиздат, 1957. – Т. 1. – 625 с.

15. Директивы ВКП(б) и постановление Советского прави-тельства о народном образовании [Текст]: сб. документов за 1917–1947 гг. – М–Л, 1947. – Вып. 2. – 303 с.

16. История Казахской ССР [Текст]: С древнейших времен до наших дней: в 5 т. –Алма – Ата: Наука, 1977. – Т.4. – 639 с.

17. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері:Оқу құралы.-А.: Санат,1997.-176б.

18. Елеукенов Ш, Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы:Ежелгі дәуірден 1917жылға дейін.-Алматы:Санат,1999.-199б.

19. Ельников М.П. Феномен книги.(теоретика- гносеологический аспект)// Книга.Исслед.и материалы.Сб.71.-М.:1995.-с.53-68.

20. Моргенштерн И.Г. Документ: информация или носитель.//Науч.техн. б-ки.-2003.-№2.-с.123-129.

21. Ульева Л. Откроем в мира безграничных возможностей. Библиотека. №11, 2009. 28-30с.

22. Столяров Ю.Н. Библиотековедение. –Санкт-Петербург, 2013.

23. Б.С.Асанова Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы. (көне дәуірден 1990 жылдың басына дейін)-А., 2014-60б.

24. Библиотечная профессия: проблемы и отражение в исследованиях / / Библиотечная энциклопедия / Рос. гос. б-ка ; под ред. Ю. А. Гриханова. -Москва, 2007. - С. 224-246.

25. Соколов А. В. Библиотечная интеллигенция в России : ист. очерки / А. В. Соколов. - Москва : Либерея-Бибинформ, 2007-2008. - Ч. 1-2. 4.

26. Соколов А. В. Постсоветские библиотекари : социал.-психол. очерки / А. В. Соколов. - Санкт-Петербург: КОСТА, 2008. - 296 с. 5.

27. Сукиасян Э. Р. Библиотечная профессия и кадровый менеджмент : избр. ст. 2004-2011 / Э. Р. Сукиасян. - Санкт-Петербург: Профессия, 2011. - 430 с.

28. Пашин А. И. Управление библиотечным делом: системный подход / А. И. Пашин. — Москва : Либерея-Бибинформ, 2008. — 164 с. 7.

29. Справочник библиотекаря / науч. ред. А. Н. Ванеев. — 4-е изд., перераб. и доп. - Санкт-Петербург: Профессия, 2010. — 640 с. - (Серия «Библиотека»)

30. Бартлетт С., Білім берудегі зерттеулер: Кіріспе / С. Бартлетт , Д. Бертон.- 4-басылым.- Нұр-сұлтан: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2020.- 464 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

31. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері және келешегі: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағы. 2017 жылғы 16 қараша=Актуальные проблемы и перспективы подготовки конкурентоспособных специалистов: Сборник трудов международной научно-практической конференции, посвященной 80-летию Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата. 16 ноября, 2017 г. / Ред. алқасының төрағасы Қ.А.Бисенов; Жауапты ред. Қ.Ә.Омаров.- Қызылорда, 2017.- 668 б.

32. Бейлис Дж., Әлемдік саясаттың жаһандануы: халықаралық қатынастарға кіріспе / ж. Бейлис Д.- 2 халықаралық басылым.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2020.- 652 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

33. Бове Куртланд., Қазіргі бизнес-коммуникация / К. Бове, Д. Тилл.- 14-басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.).

34. http://rmebrk.kz/book/1166485

35. http://rmebrk.kz/book/1164884

36. http://rmebrk.kz/book/1160372

37. http://rmebrk.kz/book/1164843

38. http://rmebrk.kz/book/24203

39. http://rmebrk.kz/book/9627

40. http://rmebrk.kz/book/1165236


Қосымша әдебиеттер:

1. Трофимова В.Б. Книгоиздание и развитие международных научных и культурных контактов.//Библиография.-2005.-№6.-с.102-106.

2. Филонов М.М. Взлеты и падения "Вестика Европы"(1802-1830)//Мир библиографии.-2004.-№3.-с.19-22.

3. Фонотов Г.П."Человек,любивший книгу и искавший истину"(Рубакин Н.А.)//Мир библиографии-2004.-№5.с.44-48,№6.-с.39-42,2005.-№2.-с.76-80,№3-с.74-77,№5.-с.72-77.№6-с.51-56.

4. Человек читающий:Писатели ХХ века о роли книги в жизни человеческого общества.-М.:Прогресс,1983-454с.

5. Шалгынбаева Ж.Ж. Проблемы изучения казахской национальной книги досоветского периода//Мир библиотеки.-2004.-№3.с.39-40.

6. Швецова-Водка Г.Н. Книга и документы.Соотношение понятий.//Книга:Исслед. и материалы.Сб.68,69.-М.:1994.-1995.

7. Шустрова Л.В. ЕХ-Libris- это значит "из книг"//Библиотека.-2005.-№12.-с.58-61.

8. Яцунок Е.И. Сохраним книгу как памятник истории и культуры.//Мир библиографии.-2000.-№1.-с.14-18.

9. Суслова И.Н. Управ.Учет в библиотеке. Учебное пособие. М., 2002.-121.

10. Шилов В.В. Теоретические аспекты проблемы безопасности бблиотечного фонда//НТБ.-1198.-3.с.62-75.

11. Библиотечное дело в Казахстане 1976-1991 [Текст] [Мәтін]: сб. документов. – Алматы. – 2004. – С. 203.

12. Дәулетова, Н., Нұрахметова К. Қазақстандағы кітапхана тарихы [Мәтін].-Алматы, 1994.-88 б.

13. Рысбай, К. Қазақстан Республикасының тарихы [Мәтін]. – Алматы, 2005. – 368 б.

14. http://rmebrk.kz/book/55920

15. http://rmebrk.kz/book/1164322

16. http://rmebrk.kz/book/22873

17. http://rmebrk.kz/book/24203

18. http://rmebrk.kz/book/9627

19. http://rmebrk.kz/book/1165236

20. http://rmebrk.kz/book/1166908



1-АПТА

Дәріс 1


Тақырып: Алғашқы көне заманғы кітапханалар

1.Александрия кітапханасы

2.Отырар кітапханасы

Практикалық сабақ 1

Тақырып: Алғашқы көне заманғы кітапханалар

1.Александрия кітапханасы

2.Отырар кітапханасы


БОӨЖ 1

Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдары кітапхана қызметкерлері жүргізген жұмыстар


2-АПТА

Дәріс 2

Тақырып:. Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы кітапхана істерінің жағдайы (1838-1916 жж)

2. Кітапхана ісі саласындағы қазақ ағартушылары

3. Орал облысының кітапханалары.

Практикалық сабақ 2

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы кітапхана істерінің жағдайы (1838-1916 жж)

2. Кітапхана ісі саласындағы қазақ ағартушылары

3. Орал облысының кітапханалары.

БОӨЖ 2

Тақырып: Кітапхана жүйесін нығайту және одан әрі дамыту барысындағы шаралар


3-АПТА

Дәріс 3

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Семей облысының кітапханаларыН.В. 2.Гоголь атындағы ақысыз кітапхана

3.Өскемен, Павлодар қалаларындағы кітапханалар.


Практикалық сабақ 3

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Семей облысының кітапханаларыН.В. 2.Гоголь атындағы ақысыз кітапхана

3.Өскемен, Павлодар қалаларындағы кітапханалар.

БОӨЖ 3

Тақырып: Александрия кітапханасы

4-АПТА

Дәріс 4

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1.Торғай облысының кітапханалары

2.Жетісу кітапханалары

3.Қоғамдық кітапханалар.

Практикалық сабақ 4

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1.Торғай облысының кітапханалары

2.Жетісу кітапханалары

3.Қоғамдық кітапханалар.

БОӨЖ 4

Тақырып: Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы кітапхана істерінің жағдайы

5-АПТА

Дәріс 5

Тақырып: Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі Қазақстандағы кітапхана ісі (1917-1920 жж.)

1.Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі кітапханалардың қалыптасу ерекшеліктері

2.Коммунистік партияның мәдени-ағарту және кітапхана жұмысындағы міндеті мен рөлі

3.Кітапхана мамандарын даярлауды ұйымдастыру.

4. Социализмнің кемелденген жағдайындағы кітапхана ісі (1960-1990 жж.)

Практикалық сабақ 5

Тақырып: Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі Қазақстандағы кітапхана ісі (1917-1920 жж.)

1.Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі кітапханалардың қалыптасу ерекшеліктері

2.Коммунистік партияның мәдени-ағарту және кітапхана жұмысындағы міндеті мен рөлі

3.Кітапхана мамандарын даярлауды ұйымдастыру.

БОӨЖ 5

Тақырып:Орал облысының кітапханалары


6-АПТА

Дәріс 6

Тақырып: Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Кітапхана жүйесін нығайту және одан әрі дамыту барысындағы шаралар

2.Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жағдайындағы кітапханалардың жұмысы.

3. Социализмнің кемелденген жағдайындағы кітапхана ісі (1960-1990 жж.)

Практикалық сабақ 6

Тақырып: Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Кітапхана жүйесін нығайту және одан әрі дамыту барысындағы шаралар

2.Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жағдайындағы кітапханалардың жұмысы.

БОӨЖ 6

Тақырып: Өскемен, Павлодар қалаларындағы кітапханалар

7-АПТА

Дәріс 7

Тақырып: Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Өкімет пен партияның кітапхана ісін көтерудегі шаралары

2.Кітапханалардың материалдық базасын нығайту және кітапхана мамандарын даярлау ісінің қиыншылықтары.

3. Социализмнің кемелденген жағдайындағы кітапхана ісі (1960-1990 жж.).


Практикалық сабақ 7

Тақырып: Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Өкімет пен партияның кітапхана ісін көтерудегі шаралары

2.Кітапханалардың материалдық базасын нығайту және кітапхана мамандарын даярлау ісінің қиыншылықтары.

БОӨЖ 7

Тақырып: Жетісу кітапханалары


8-АПТА

Дәріс 8

Тақырып: Сауатсыздықты жою жылдарындағы мәдени-ағарту мекемелері

1.Кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және сауатсыздықты жою жолындағы қызметі

2.Сауатсыздықты жою жолындағы қызыл отаулардың қызметі

3.Сауатсыздықты жою жолындағы мәдени жорық қызметі

4.Өкімет пен партияның сауатсыздықты жою жолындағы шаралары.

5. Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор.

Практикалық сабақ 8

Тақырып: Сауатсыздықты жою жылдарындағы мәдени-ағарту мекемелері

1.Кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және сауатсыздықты жою жолындағы қызметі

2.Сауатсыздықты жою жолындағы қызыл отаулардың қызметі

3.Сауатсыздықты жою жолындағы мәдени жорық қызметі

4.Өкімет пен партияның сауатсыздықты жою жолындағы шаралары.

БОӨЖ 8

Тақырып: Кітапхана жүйесін нығайту және одан әрі дамыту барысындағы шаралар


9-АПТА

Дәріс 9

Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы кітапхана ісі (1941-1945 жж.)

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда кітапханалардың дамуы.

2.Cоғыс кезеңі жағдайындағы кітапханалар жұмыстарының ерекшеліктері.

3.Кітапхана жүйелерін қайта қалпына келтірудің бастамасы.

4. Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор

Практикалық сабақ 9

Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы кітапхана ісі (1941-1945 жж.)

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда кітапханалардың дамуы.

2.Cоғыс кезеңі жағдайындағы кітапханалар жұмыстарының ерекшеліктері.

3.Кітапхана жүйелерін қайта қалпына келтірудің бастамасы.

БОӨЖ 9

Тақырып: Сауатсыздықты жою жолындағы мәдени жорық қызметі


10-АПТА

Дәріс 10

Тақырып Соғыстан кейінгі кезеңдегі (19461960 жж.) Қазақстанда кітапхана ісі

1.Кітапхана жүйелерінің қайта құрылуы.

2.Соғыстан кейінгі кезеңдегі кітапхана мамандарын даярлау курстарының жұмысы.

3.Кітапхана жұмысының идеялық-теоретикалық деңгейін көтеру шаралары.

4.Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби және қоғамдық белсенділігінің артуы.

5. Қазақстан кітапханалары – ғылыми-техникалық прогреске жәрдем беретін қуатты фактор

Практикалық сабақ 10

Тақырып: Соғыстан кейінгі кезеңдегі (19461960 жж.) Қазақстанда кітапхана ісі

1.Кітапхана жүйелерінің қайта құрылуы.

2.Соғыстан кейінгі кезеңдегі кітапхана мамандарын даярлау курстарының жұмысы.

3.Кітапхана жұмысының идеялық-теоретикалық деңгейін көтеру шаралары.

4.Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби және қоғамдық белсенділігінің артуы.

БОӨЖ 10

Тақырып: Соғыстан кейінгі кезеңдегі (19461960 жж.) Қазақстанда кітапхана ісі


1-АПТА

Дәріс 1


Тақырып: Алғашқы көне заманғы кітапханалар

1.Александрия кітапханасы

2.Отырар кітапханасы

Ең алғашқы кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалынған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды.Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген. Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген.Ал орта ғасырларда кітапханалар монастырлар мен университеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған.Сондай асыл қазыналарды күлтөбелер мен қорғандарға айналған «Даналық үйлерінің» үйіндісін заманалар бойы бауырына басып сақтап келген Ұлы Даланың өзі де табиғи кітапхананың міндетін атқарды. «Шығыстың гүлдену» дәуірі тұсында христиан уағыздаушылары мен тақуалары өртеген «Александрия кітапханасын» қайта түлету мақсатында араб халифтары Харун Әр-Рашид (786-809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» (Байт Әл-Хикма) ашып, оны аса бай кітапханамен обсерваториямен қамтамасыз етті. Дүние ықылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа шоғырландырып, ғылыми-зерттеу аударма, кітап шығару жұмыстарымен белсене айналысты. Еуропаның гүлденуіне жол ашқан ұлы ілім иесі деңгейіне көтерілді. Ол ықылым замандардың өзінде-ақ көбінесе территориясының кеңдігі, байлығының қисапсыз молдығы, әскери қуаттылығының күштілігімен ғана емес, қандай мәдениетті еншілегендігімен де айқындалған. Соның бір белгісі білім ғылымның қанат жаюы. Көне замандардағы ғылым мен білімнің қайнар көзі – кітап болғандығына ешкім күмән келтіре қоймас. Сондықтан болар әлем өркениетінде жұмыр басты пенде біткенді таң-тамаша қалдырған талай-талай оқиғалар, тіпті тұтас бір өркениеттің өзі адамзат жадынан ұмытылған кездер аз болмаған. Әлемнің сегізінші кереметі ретінде әлі күнге дейін кейде аңыз, кейде ақиқат ретінде бүгінгі күнге дейін жеткен мәдениет кереметтерінің бірі – Александрия кітапханасы Александрия мусейоны деп аталған антикалық дүниедегі ғылым мен мәдениеттің аса үлкен орталығының ажырамас бөлігі болған. Оның негізін әйгілі Аристотельдің шәкірті Деметрий Фалерский біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда қалапты. Мусейонның ел тарихындағы бет бедерінің күштілігі соншалық оны басшысын рим жаугершілігіне дейін Птоломейдің өзі, ал кейіннен Рим императорлары тағайындаған. Ұлы мәдениет қана ұлы тұлғаларды туғызатынын осы Александрия мусейонының тарихы айқын дәлелдеді. Сондықтан онда ұлы математиктер Архимед, Евклит, астроном Аристрах Самосский, философтар Филон мен Плотин, ақындар Калимах пен Феокриттер өзінің ғасырларды қойып, мыңжылдықтарды артқа тастап, бүгінгі күнге жеткен ұлы туындыларын дүниеге әкеледі.Міне, осы мусейонның атын әлемге әйгілеген мәдениет қызметтерінің бірі- оның атақты кітапханасы. Бұл кітапханада сол заманның өзінде 100 мыңнан 700 мыңға дейін кітаптар болған. Александрия кітапханасы біздің дәуіріміздегі 47 жылғы Александрия соғысында өртеніп кеткеніне қарамастан, араға біраз уақыт салып Перғам кітапханасының кітаптары негізінде қайта түледі. Арада тағы үш жарым ғасыр уақыт өткенде император I Феодосийдің тұсында сол ұлы кітапхана христиан-фанатиктерінің қолымен тағы да өртке оранды. Александрия кітапханасының бар ақиқаты осы. Ал оның феномендігі өз заманындағы ұлы перғауындар мен императорлардың бәрін артқа тастап, күні бүгінге дейін жетуі. Ұлы жаугершілік замандарда талай ұсақ мемлекеттер ірілердің табанында тапталып, тарих сахнасынан біржола жойылып кеткен кезеңдерде кітапхана сияқты құтхананың мемлекетттер тарихынан да, адамзат жадынан да өшпей қалуы Александрия кітапханасының ұлт, мемлекет сияқты ұғымдардың шеңберінде қалып қалмай, жалпы адамзаттық құндылық - феномен дәрежесіне көтерілгендігінің белгісі. Қазір батыстың бірқатар тарихшылары гүлденген Александрия кітапханасын екінші халифа болған Омардың (р.а.) тікелей нұсқауымен мұсылмандар қиратты деген аңызды айтып жүр. ХХ ғасыр басында Ресейде жарық көрген «Брокгауз бен Ефронның Кіші энциклопедиялық сөздігінде» былай дейді: «Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында 500 мың том кітап болған. Кітапхананың бір бөлігі б.э.д. 48 жылы Юлий Цезарьдің Александрияны қоршауға алған кезінде өртеніп кеткен. Қалған бөлігін 391 жылы христиан табынушылары құртып жіберген».  Ал «Үлкен Совет энциклопедиясында»: «Ежелгі дәуірдің ең әйгілі Александрия кітапханасы б.э.д. ІІІ ғасырда алғашқы Птолемейлер кезінде Александрия қаласында негізі қаланған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар онда 100 мыңнан 700 мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанымен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогы жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған. Александрия кітапханасының бір бөлігі б.э.д. 47 жылы Александрия соғысы кезінде жойылды, алайда, кейін Пергама кітапханасының қоры есебінен толықтырылып, қайта қалпына келтірілді. 391 жылы І Фердосияның императорлығы уақытында Серапис храмында болған кітапхананың үлкен бөлігі христиан табынушылары шабуылымен тып-типыл етілді», деп жазады.
Қарап отырсақ, осы және басқа да көптеген көне дерек көздері Александрия кітапханасын «мұсылмандар қиратты» деген мәлімет айтпайды. «Осыған орай, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақын серіктерінің бірі, кейін мұсылман мемлекетіне халифа болған Омардың (р.а.) мойнына таңылған әлемдік мәдениет алдындағы бұл ауыр күнәні алып тастаған жөн»,– дейді көптеген ислам ғалымдары. Батыстың көпшілік елдерінде осы аңыз нақты тарихи дерек ретінде оқытылып жүр. Тіпті, олар «Омар (р.а.): «Бұл кітаптар Құранға қайшы келмейтін болса да, олардың керегі шамалы, өйткені, Құранда білімнің бәрі айтылып қойған. Ал егер қайшы келсе, бәрін сөзсіз құрту керек», деп айтқан жалған деректі келтіреді. Алайда, арабтардың Египетке келуі жөнінде көп жазған Иоанн Никиуский де, Исламға қырын қарайтын бір де бір христиан тарихшысы да кітапхананың мұсылмандар қолымен өртелгені туралы айтқан емес. Кейбір ғалымдардың пікірінше, ислам діні пайда болған кезде аталмыш кітапхана болмаған да сияқты. Ол жаңа дәуір басталған тұста христиандардың пұтқа табынушылар ғылымымен күресі кезінде-ақ тарих сахнасынан жоғалған. Александрия кітапханасының бар ақиқаты осы. Ал оның феномендігі өз заманындағы ұлы перғауындар мен императорлардың бәрін артқа тастап, күні бүгінге дейін жетуі. Ұлы жаугершілік замандарда талай ұсақ мемлекеттер ірілердің табанында тапталып, тарих сахнасынан біржола жойылып кеткен кезеңдерде кітапхана сияқты құтхананың мемлекеттер тарихынан да, адамзат жадынан да өшпей қалуы. Бұл Ислам ықпалына көшкен Орта Азиядағы Мары, Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсерін тигізді. Халифтердің пәрменіен әр қаланың өз «Даналық үйі» дүниеге келді. «Жібек жолы бойымен» кіре тартқан көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды, тіпті, бұл мемлекеттік 
рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Бұқаралық ғұлама Рузбехан: «Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды тек қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы Сығанақ қаласының тұрғындар да пайдаланып отырды», деп жазады. Александрия кітапханасынан кейінгі «екінші Даналық үйі» атанған Отырар кітапханасының күлге айналуы ұлтымыздың рухани өміріндегі орны толмас өкініш Отырар шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған. Екінші жағынан Таразға 2000 жыл, Сайрамға 3000 деп есептесек, Отырардың сол шамалас болар, яғни кемі екі мың жыл. Себебі, Отырар ең қолайлы жерде, Арыстың Сырдария өзенінен құяр жерде орналасқан. Ол кітапхана бар болса, ондағы кітаптар - Вавилонның қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түрік Парсы және Қытай тіліндегі кітаптар болуы мүмкін. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққанды. Солардың ішіндегі ең атақтысы – біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана пұтқа табынушы шапқыншылардың аяғына тапталады. Бұл – 1218 жыл болатын. Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ та, оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде бүгінгі күні ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.




2-АПТА

Дәріс 2

Тақырып:. Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы кітапхана істерінің жағдайы (1838-1916 жж)

2. Кітапхана ісі саласындағы қазақ ағартушылары

3. Орал облысының кітапханалары.


ХХ ғасырдың басында революциялық қозғалыстың күшейе түсуі Ресейдің билеуші топтары арасында әжептәуір үрей туғызды, содан барып, прогрессивті бағыттағы мәдени мекемелерге қарсы қуғындаудың жаңа толқыны туды. Жұмысшылар мен шаруалардың самодержавияға қарсы саяси және революциялық күресін бәсеңдетіп, тіпті басқа жаққа бұрып кету мақсатымен үкімет реакциялық ниеттегі «Халықтық салауаттылық қамқорлық қоғамдарына» сүйеніп, «қаражүздік» ағарту ұйымдарын күштеп кіргізе бастады. Революцияға дейінгі Қазақстанның барлық облыстарында дерлік және уездік орталықтардың көпшілігі өз комитеттерін құрған. «Халықтық салауаттық қамқорлық қоғамының» жұмыстары барған сайын жандандырыла түсіп, шалғайдағы елді пункттерге дейін жетті. Бұл ұйымдар жұртшылықтың арақ-шарапты тым көп қолдануына қарсы күресеміз деген бүркемелеумен іс жүзінде халық арасында патша мен отанға деген сенімді сезімдерді барған сайын күшейте түсіп «патриоттық-монархиялық тәрбие беру бағытында жұмыс істеді. Сонымен, Қазақстанда мәдени өмірдің қайнар көзі ХХ ғасырдың басындағы революцияға дейінгі кезеңді атауға болады. XX ғасырдың басында Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы, Қазақстанда 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс, ақпан революциясы мен қазан төңкерісі болды. Уақиғалар аймақтағы елдің сана-сезімінің қалыптасуына әсер етті. Қалаларда, облыс орталықтарында мектеп, гимназиялар, мұғалім семинарлары, қалалық училищелері жұмыс істеді. Ауылдық жерлердегі қазақ елдерінде мектептер ашыла бастады. Бұл процесcтер қазақ халқының және қоныс аударған деревнядағы орыстар арасында сауаттылық деңгейін көтерді. Осы құбылыстар Қазақстан республикасында мәдениеттің дамуына айтарлықтай маңызды рөл атқарды. Халық өкілдері өлкенің әр 16 уездерінде ағарту жеке бағдарламаларын жасап, онда журналистика, медицина және т.б. ғылым салаларына арналған өткір әлеуметтік мәселелермен айналысты. Сонымен, ағарту ісінің дамуы - кітап және мерзімді баспа басылымдарының дамуын талап етті. Ал бұл байлықтардың жиналған жері кітапханалар болды.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы кітапханалардың бірі − Орал әскери кітапханасы. 1870 жылы қараша айында Орал қазақ әскерінің генерал-лейтенанты Вревкин Орынбор генералгубернаторына Орал әскери көпшілік кітапханасын ашу туралы өтініш етеді. Бұл шара-гимназия, юнкер училищелерін бітірген жастардың жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге даярлануына, жалпы барлық қоғамның Оралда және Орал облысының алыс жерлерінде тұратындардың жалпы білім алуына мүмкіндік береді», деп санаған. 1871 жылы 24-ші қазанда Орынбор генерал-губернаторының берген рұқсатымен, Орал әскери кітапханасы тұрғылықты елдерге қызмет көрсете бастады. Кітапхана бірінші күннен бастап Орал қаласының тұрғындарына кітапты ақысыз оқу залында пайдалануға, ақы төлегендерге үйге алып оқуына рұқсат етеді. Әскери кітапхананы ашарда, кітап қорында кітап саны 4750 дана болса, оның орыс тілінде 1560 дана, шет тілінде 1370 дана кітаптар және 1820 журналдар болған. Кейінгі жылдары кітапхана қарқынды түрде жаңа әдебиеттермен толықтырыла түскен. Кітапты Мәскеу, Петербург, Саратов қалаларынан жаздырып алып отырды. Кітапханада 3 адам жұмыс істеді: онда кітапхана меңгерушісі, кітапханашы және көмекшісі болды. Кітапхана оқырмандарға күн сайын 5 сағат қызмет көрсетіп, әр жыл сайын 500-дей оқырмандар ақы төлеп, абонемент арқылы кітап алып пайдаланды. Оқырмандары: офицерлер мен олардың отбасылары, жергілікті дворяндар мен чиновниктер, мұғалімдер т.б. интеллегенция өкілдері болды. Ал, 1894 жылғы сәуір айында Мәскеу сауаттандыру комитетінің жәрдемдесуімен Оралда қала тұрғындарына арнап халықтық кітапхана-оқу залы ашылады. Үш жылдан кейін кітапхана 1896 жылы құрылған «Орал бастауыш қазақ әскерінде бастауыш білім беру қамқорлық қоғамы» қарамағына берілді. Кітапханаға қаражаты жеке адамдардың жәрдем беруі, концерттерден, қойылымдардан, қоғам мүшелерінің ақылы лекция оқуларынан, мерзімді шығармаларға жаздыру, конверттер сату т.б. арқылы толықтырылып отырған. Халықтық кітапхананың жұмысына қоғамшыл-белсенділері күнделікті қатысып, халық 21 ағарту ісіне ақысыз қызмет етуге тырысқан. 1871 жылдан 1910 жылдар аралығында кітапхана қоры екі есеге өсті, яғни 300 мың данаға есептелінген. Кітапхана қорын ұйымдастыруда, кітаптарды әр бөлім бойынша орналастырудың өз принципі болды. Ең ірі бөлімдер өнер, көркем әдебиет, қолжазбалар, тарих, шығыс тілдерінде сирек кездесетін кітап бөлімдері болған. Кітапханада каталог болмады, сол себепті кітаптарды осылай орналастыру, оқырман сұранысын әр сала бойынша сұраған сұрақтарын қанағаттандырып отыруға жеңіл болды. Кітапхана ертеңгі 9-дан кешкі 5-ке дейін, ал қыс уақыттарында күн өз ұясына кіргенге дейін ашық болды. Аптасына бір рет, сағат 11-ден кешкі 20.00- ге дейін істеді. Оқу залы ертеңгі уақыттарда 3 сағаттай жұмыс істеді. Кітапхана алғаш қызмет көрсете бастаған кезде 200 оқырман жазылып, 860 кітап оқуға берілген.

3-АПТА

Дәріс 3

Тақырып: . Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1. Семей облысының кітапханаларыН.В.

2.Гоголь атындағы ақысыз кітапхана

3.Өскемен, Павлодар қалаларындағы кітапханалар.


Семей қоғамдық кітапханасы. Революцияға дейінгі Қазақстанда өзінің қызметі бойынша бірден бір үлкен кітапхананың бірі - Семей қоғамдық кітапханасы 1883 жылғы 22 қыркүйекте ашылады. Семей қоғамдық кітапхананы ұйымдастыруды қолдаушы, генералгубернатор А.П. Проценко кітапханаға көлемді ғылыми және көркем әдебиеттерді сыйлыққа беріп, кітапхананың материалдық жағдайын жақсартуға тұрақты қамқорлық жасап отырған. Сонымен бірге кітапхана тағдырына алаңдатушылық білдірген статистикалық комитеттің мүшелері - П.Е. Маковецкий, Н.И. Петухов, Н.Г. Чернышевскийдің шәкірті, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың досы - П.Е. Михаэлис араласып, көмектесіп отырады. Қоғамдық кітапхана қаражаты статистикалық комитеттің қаржы есебінен, жәрдем берушілердің, жеке адамдардың көмегімен толықтырылып отырды. Мысалы, далалық өлкесінің генерал-губернаторы кітапхана қорына 1500 сом қаржы бөлді. Сол бөлінген қаржыға кітап қорына Ч. Дарвиннің шығармаларымен толықтырды. 1883 жылғы 1 желтоқсанда кітапхананың алғашқы каталогы ұйымдастырылады. Каталог мазмұнында 272 данадан тұратын 174 атаулы әртүрлі шығармалар мен 45 атаулы мерзімді шығармалар енгізілінеді. Бір жылдан кейін қоғамдық кітапхана қызметкері - А.И. Зверев екінші жүйеленген каталог даярлап баспаға өткізеді. Бұл ка- 24 талогта 602 атаулы 944 кітап пен 54 газет, журналдар берілді. Қоғамдық кітапхананың құрылуына бір жыл толғанда ақылы жазылушылардың саны 130 оқырмандар болса, ал ақысыз қызмет көрсететін оқу залдарында бос орын болмады. Семей қоғамдық кітапхананың қаржысы жыл сайын облыстық статистикалық комитеттен, қалалық дума, кештерден, концерттерден, кітапханаға жазылушылардан, сауда төлемдерінен, жеке адамдардан бөлінген қаржы есебінен толықтырылып отырды.

Н.В. Гогольдің қайтыс болғанына 50 жыл толуына байланысты Семейдегі бастауыш білім беру қоғамы қалада ақысыз 26 пайдаланатын халықтық оқу залын ашуды және жазушының атын беруді ұйғарылады. 1902 жылдың 3 сәуірінде Семей қалалық думасының қаулысы бойынша ұлы жазушы Н.В. Гогольді есте қалдыру құрметіне байланысты қала қаражатынан жылына 120 сом кітапханаға бөлгендігін хабарлайды. Халықтық кітапхананың жарғысын 1902 жылы желтоқсан айынан бастап әскери губернатор бекіткеннен кейін, кітапхана қала тұрғындарына қызмет ете бастайды. Алғашқы қызмет істеген айында кітапхананың 695 оқырмандарына 1615 кітап берілген. 1903 жылы 1 қаңтарда кітапхана қорында 1256 кітаптар болса, оның көпшілігі көркем шығармалар, 15,5 пайызы дінге арналған, 6 пайызы тарих, 12 пайызы география, 7 пайызы ауыл шаруашылығы мен жаратылыстану, 2 пайызы медицина тақырыбындағы кітаптардан құралған. 1903 жылы Н.В. Гоголь атындағы ақысыз кітапханаға, Семей қоғамдық кітапханасы 300-дей дана кітап жібереді. 1905 жылы Н.В. Гоголь атындағы халықтық кітапхананың еңбекші халық арасында кеңінен таралуының дәлелі- жыл басында оқырмандар саны 468 болса, жыл аяғында 747-ге жетті. Бір жыл ішінде үйге 20814 кітаптар берілген. Алғашқы кезде Н.В. Гоголь атындағы халықтық кітапхана өз алдына жеке мекеме болып, кейін оған Семей қоғамдық кітапханасы қосылып, Н.В. Гоголь атындағы кітапхана деп аталады.

Семей облысының уездік қалаларында да кітапханалар ісі үлкен табыспен дами бастады. 1838 жылы Өскеменде 3 кластық қалалық училищеде ағарту министрлігі тәртібімен бекіткен ережесі бойынша қоғамдық кітапхана ашылады. Кітапхананың құрылғанына 5 жыл толса да кітапхананың материалдық жағдайы нашар болды, кітап қорында 68 данадан тұратын 268 том кітаптары және журналдары болды. Тұрғылықты елдер оның қызметімен қолдана алмады, кітапхана мектеп кітапханасымен қосылып педагогикалық ұжымға, мектеп оқушыларына ғана қызмет көрсетеді. Республика бойынша облыс кітапханалары- 27 ның ішінде 1838 жылы Өскеменде 3 кластық қалалық училищеде ағарту министрлігінің бекіткен ережесі бойынша А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан қоғамдық кітапханасы ашылады. Халық кітапханасының қоры қала зиялыларымен және саяси жер аударылғандардың жеке кітаптарымен толықтырылып және олар кітапханаға ақшалай көмектесіп отырды. Кітапханаға ақысыз келіп оқитын оқырмандармен қатар 500 адамнан артық ақы төлеп оқитындар болған.


4-АПТА

Дәріс 4

Тақырып: Қазақстандағы кітапхана ісінің құрылуы және дамуы

1.Торғай облысының кітапханалары

2.Жетісу кітапханалары

3.Қоғамдық кітапханалар.

Торғай облысында, Қостанай, Ақтөбе уездеріндегі қоныстанушылары арасында жергілікті халықтар арасында ағарту жұмысымен негізінен „Бастауыш білім беру“ қоғамы шұғылданды. 1892 жылы „Бастауыш білім беру“ қоғамы Қостанай қаласында ақысыз кітап беретін халықтық оқу залын ашады. Осы жылы кітапхананың кітап қорында бастауыш білімнің таралуына көшіп келген орыстар себепші болды. 1894 жылдары күнделікті кітапханаға 50-ден 100-ге дейін оқырмандар қатынап отырады. Кітапханада кітап қоры 467 атаулы 1120 дана кітаптар болды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітап беріп қана қоймай, оқулар жүргізіп отырады. Оқу залдарында оқырмандарға кітаптар ақысыз беріле бастайды. 1896 жылдары Қостанай қаласында қоғамдық ақылы және ақысыз халықтық кітапхана, оқу залы қызмет көрсете бастайды. 1897 жылы Ақтөбеде қалалық қоғамдық кітапхана ақысыз кітап беретін оқу залымен жұмыс істеді, ал келесі жылы қалалық буржуазиялық қоғамның кітапханасы құрылды. Соңғысында кітапхана каталогы болып, кітапхана ережесі бекітіледі. 1897 жылы Ақмола қаласында 50-дей кітапхана ашылып, ал 1913 жылы Қостанай қаласында 3 мың дана қоры бар қоғамдық кітапхана қызмет көрсете бастайды. Кітапханаға Торғайдағы «бастауыш білім беру қамқорлық қоғамы» 1913 жылы 1320 сом 63 тиын, ал 1914 жылы 1342 сом, 32 тиын қаражат бөледі.

Жетісу облысының мекемесінде 1867-1868 жылдары 2 кластық училище және 12 ауыл мектептері болды. 1868 жылдың екінші жартысынан кітапханалар жұмыс істей бастайды. ХХ ғасырдың басында Верный қаласында бірнеше кітапханалар болды, олардың өз жеке кітап қорлары болған. Олар мұғалім семинариясында, ерлер және әйелдер гимназиясында, әскери госпитальдарда, қалалық ауруханаларда, мектептерде болады. 1886 жылғы 15 наурыздағы Жетісу облыстық ақпарат беттерінде Жетісу облысының әскери губернаторының мақаласы жарық көреді. Ол: «Жалпы Орта Азия мемлекеті бойынша Түркістан иелігі жайында зерттелген ғылыми жұмысқа қажетті кітаптарды тек Ташкенттегі кітапханадан ғана табуға болады. Басқа уезд, облыстық кітапханаларда жалпы Түркістанға келген саяхатшылар үшін де өлке жайында маңызды деректер жоқ. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмай, алдын алу үшін Верный қаласында кітапхана құрып ондағы жинақталған кітап қоры Орталық Азия мемлекетіне қатысты болуы тиіс», деп жазады. Осындай талаптарға орай 1898 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанынан кітапхана ашылады. Жетісу облыстық статистикалық комитеті және оның мүшелері кітапхана арқылы үлкен қоғамдық және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді. Кітапхананың ашылуы - Верный, Жетісу қалалары жалпы барлық Қазақстан үшін мәдениет тарихында ең маңызды бет болады. Кітапхана қорына жүйелі түрде Жетісу өлкесіне, оның табиғат байлықтарына арналған әдебиеттер толықтырылып отырады. СОСК кітапханасының өзегі – Кульджинск кеңсесі жанында орналасқан Орталық Азия кітапханасының кітаптары болған. 1871-1881 жылғы аралықтағы орыс-қытай соғысы кезінде, 1879 жылы Кульджинск кеңсесінің кітапханасы 1878 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті болып құрылған Жетісу облыстық басқармасына сақтауға өткізілінеді, кейіннен 1887 жылғы жер сілкінісінен кейін көптеген кітаптары жоғалып кетеді. Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанындағы кітапхананы ұйымдастырушылар қалған кітаптарды тек сақтап қана қоймай, одан әрі толықтыруға барлық мүмкін- 30 діктерін жасайды. Олар әр-түрлі ғылыми-мәдени орталықтарға және Ресейге комитет кітапханасын толықтыруға өтініштер жазып жіберіп отырады. Осындай Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің жүргізген жұмыстары барысында кітапхана қоры жылдан-жылға көбейе бастайды. Кітапханаға түсіп жатқан кітаптар тек университет кітапханаларымен қатар, басқарма және қоғамдық мекемелерден және жәрдем берушілерден жинақталды. Жәрдем берушілер:

1. Ботаникалық бақ императорынан – 53,

2. Санкт-Петербург университетінің шет тілдері факультетінен – 23,

3. Николаев атындағы физика обсерваториясынан – 17

4. Профессор В.В. Сапожниковтан-2

5. Доктор М. Фридрихсен -1-у болды. Мерзімді басылымдарды Жетісу облыстық статистикалық комитетінің кітапханасы ғылыми қоғамдардан және Ресейдің жоғары оқу орындарынан: Орыс географиялық қоғамы, Түркістан, Орынбор, және Семей қоғамдары, Қазан, Харьков, Киев униврситеттерінен алады.

Қазақстанның басқа да қалаларында, Омбыда 1893 жылы, Қазалы, Арал, Әулие Атада 1900 жылдан бастап қоғамдық басқарманың кітапханалары жұмыс істей бастайды[19]. 1900 жылы Атбасарда, Маңғышлақтағы Александровск фортында кітапхана ашылады. 1902 жылы Көкшетау уездінің Владимирск ауылының тұрғындары оқу үйін ашуды өтінеді. Ақмола, Павлодар, Петропавловск, Көкшетауда бірнеше ауылшаруашылық кітапханалары орналасты. 1902 жылы Петропавлда бірінші кітапхана-оқу залы ашылып, ол пішен базарында орналасады. Оның кітапханашысы Герман Иванович Мазик тағайындалады. Кітапханада 1905 жылы кітапхана оқырмандары 2859–ды құрады. Кітапхана оқырмандарына 476 оқулар, жаңа қойылымдар өткізіп отырды. Кітапханада жыл сайын 13 тақырыпта мерзімді басылымдарды жаздыртып алып отырды: «Ремесленная газета», «Вестник знаний», «Деревня», «Журнал для всех» және т.б.. Кітапхана жыл бойында демалыс, мейрам күндерін қоспағанда таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеді. Кітапханаға күнделікті 70-80 оқырмандар қатынап отырды. Бірақта оқу залында бәрі ойдағыдай болмады. Кітапхананың жазып қалдырған естеліктері бойынша: кітапхананың орналасу жері өте көптеген 37 келеңсіз жағдайлар туындатты. Кітапхана-оқу үйінің орналасқан ғимаратының панасыздар үйіне жақын орналасуы, олардың теріс әрекеттері кітапхана жұмысына кедергі тигізіп отырды. Кітапхана-оқу үйіне келетін оқырмандар панасыздардың мас күйінде келіп ұрыс шығарып, олардың былапыт сөздерін амалсыз тыңдауға мәжбүр болатын. Оқырмандар абонемент бөлімінде кітап таңдап жүрген кезде, олардың сырттағы аяқ-киімдері ұрланып отырады. 1903 жылы Көкшетау қаласында кітапхана, оқу үйлері ашыла бастады. Көкшетау кітапхана-оқу үйінің кітапханашысы - В. Семенюк тағайындалды. 1905 жылдары оқырмандардың 5271 әдебиетке сұранысы болса, кітапханаға жазылушылар саны - 7360 болды. Кітапхана қоры 655 данаға өседі.


5-АПТА

Дәріс 5

Тақырып: Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі Қазақстандағы кітапхана ісі (1917-1920 жж.)

1.Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі кітапханалардың қалыптасу ерекшеліктері

2.Коммунистік партияның мәдени-ағарту және кітапхана жұмысындағы міндеті мен рөлі

3.Кітапхана мамандарын даярлауды ұйымдастыру.


Елде азамат соғысы аяқталғаннан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен күш керек болды. Қазақстан Кеңестік социалистік республикасында халық шаруашылығымен бірге мәдени-ағарту жұмыстары белсенді түрде дами бастайды. Кеңес үкіметі жылдарында қазақ халқының мәдениет деңгейі және саяси көзқарасы өсеі. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін қоғамның әлеуметтік қайта құрылуы, ағарту саласында қайта жаңа адам тәрбиелеуде үлкен жұмыстар талап етіледі. Коммунистік партия және Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруаларға болып жатқан жаңалықтарға саналы түрде түсініктерінің қалыптасуына үлкен көңіл бөлді. Халықтың саналы көзқарастарының пайда болуына мемлекет күшінің, пролетариат диктатурасының күші мығым болады. Халық арасында Қазан төңкерісі қазақ халқының мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кітапхана ісінің қалыптасуы қиын жағдайда өтті. Бұған көптеген қозғаушы факторлар әсер етті. Соның ішінде: біріншіден, республика аумағында ұзақ уақыт соғыстардың әсерінен кітапханалар жойылды. Екіншіден, кітапхана білімінің дамуы өте баяу өсті, кітапхана мамандары жоқтың қасы болды, сондықтан кітапхана жұмыстарын талапқа сай ұйымдастыруға мүмкіндік болмады. Үшіншіден, революцияға дейін кітапхана мамандарын даярлайтын және мамандығын көтеретін ешқандай жоғары оқу орындары болмады. Кітапхана жұмысын халық мектептердегі мұғалімдер қосымша жүргізіп отырады. Осы кезеңде кітапхана ісінің даму қарқыны өте әлсіз болды, себебі, көптеген қызметкерлердің материалдық жағдайының нашарлығынан кадрлардың жұмыстан кетуі себеп болды. Кітапханашылардың материалдық жағдайы туралы мәселелер сол жылдары баспа беттерінде, конференцияларда, съездерде, мәжі- 45 лістерде көтерілініп отырды. Кітапхана жұмысы сауатсыздықты жоюдың негізгі каналы ретінде болғандықтан, мектеп қызметкерлері кітапханаларда, оқу залдарында қосымша қызмет істейді. Халық комиссарлары бекіткен «РСФСР-да кітапхана ісін орталықтандыру» декретінде В.И. Лениннің «Халық ағарту комиссары жұмысы» мақаласында: «Елде 50 мың кітапхана құру мәселесін көтерді». Лениннің бұл тапсырысын орындауға үлкен ұйымдастырушылық жұмыстары талап етілді, ең алдымен жоғары және орта сатыда кітапхана-библиографиялық кадрларын даярлау. Декретке орай, кітапхана жүйелерінде мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, қысқа мерзім ішінде даярлаудың әр түрлері қолданылады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қалаларда, өндіріс орталықтарында тәрбие орталықтары: кітапханалар, жұмысшы клубтары, оқу үйлері, қызыл отаулар қызмет көрсетті. Олардың міндеті - көпшілікке саяси ағарту ұйымдарын құру керек болды. Азамат соғысы аяқталып, кеңес елі бейбіт құрылысқа көшкен кезде халық арасында жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыстарының маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Бұл істі басқаратын бірыңғай орталық құрудың қажеттілігі айқын сезіле бастады. Қазақ өлкелік комитеті шешімінде кітапхана желісін жетілдіру мақсатында, облыс орталықтарында кітапханалар ұйымдастыру қажеттілігі көрсетіліп, саяси-ағарту орындарының кітапханаларының кітап қорының сапасын, мазмұнын жақсартуға, ескірген, төмен идеялы кітаптарды анықтап, т.с.с. жұмыстарға көмек көрсетуін міндеттеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында республикада мәдени құрылыс жоспарын іске асыруға қажетті материалдық жағдайдың жоқтығы, ауылдардың бір-бірінен алшақтығы, оқыған және саяси даярлығы мол мамандардың жетікіліксіздігі, азамат соғысы, тағысын тағылар көп кедергі келтірді. Кеңес өкіметі орнасымен-ақ республикадағы кітапхана ісі мемлекеттік сипатқа ие болды. Басты мақсат барлық еңбекшілердің мәдени мұқтаждығын толығымен қанғаттандыра алатын кітапхана желісін құру. Осы кезеңде кітапхана жүйелерінен гөрі оқу үйлері дами бастайды. 46 Кеңес өкіметінің бірінші жылдары кітапхана желісін құруда оқу үйлерінің дамуы қарқынды жүргізілінді. Жалпы сауатсыздықты жою барысында халықтың білімі мен мәдениетін көтеруде жергілікті ауылдарда оқу үйлерінің маңызы зор болды. Кейінірек елде қайта құру кезінде жаңа талаптарды орындауға оқу үйлері әлсіз болды. Себебі, республиканың басшы ұйымдары оқу үйлерінің дамуына мән бермеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кітапхана мәселесі жайындағы саясат қалыптасып, оның мақсаттары мен міндеттері анықталып, халыққа кітап беру қызметінің мазмұны мен әдістері айқындалды. Республикадағы кітапхана ісі мемлекеттік сипатқа ие болды. Басты мақсат барлық еңбекшілердің мәдени мұқтаждығын толығымен қанағаттандыра алатын кітапхана желісін құру болды. Қазақ халқының тарихи қалыптасқан шаруашылық түрлерінің ерекшеліктері, өмір сүру сипаты жалпы көпшілікпен істелетін мәдени-саяси ағарту жұмыстарында ерекше формалар мен әдістерді қажет етті. Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда және қазақ ауылдарында мәдениеттің басты ошағы көшпелі - қызыл отаулар болды. Қызыл отаулар мен оқу үйлері саясиағарту жұмыстарымен қатар, күнделікті кітаптар мен мерзімді басылымдарды берумен айналысты. Кеңес өкіметі нығая түскен сайын кітапхана желісі де кеңінен тарала бастады.


6-АПТА

Дәріс 6

Тақырып: Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Кітапхана жүйесін нығайту және одан әрі дамыту барысындағы шаралар

2.Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жағдайындағы кітапханалардың жұмысы.

Коммунистік партия, кеңес үкіметі, кеңес ұйымдары мен халық ағарту бөлімдері кітапхана ісін ұйымдастыруда, кітапханаларда қызмет көрсетудің жүйесінің дамуының негізін салуға ықпал ете отырып, кітапханалар желісін қамтамасыз етуге көп күш-жігер жұмсады. Кітапханалар қоры “жеке меншік кітапханаларды ұлттықтандыру нәтижесінде” кітап саудагерлері және кітап дүкендеріндегі кітаптарды есепке алу арқылы толықтырылды. Кітапханаларды орталықтандыру тәртібіне орай кітапханаларды толықтырудың маңызды көзі – Халық ағарту комиссариаты ұйымдары және Орталық баспа агенттігінен кітаптар алу болды. Мәселен, 1920 жылы Орал уезінің 9 селосы 61 мен деревнясы Орталық баспа агенттігінен кітапханаларды толықтыруға 2 мың дана саяси, ғылыми және көркем әдебиеттер мен 2250 данадан газеттер алды. Мұндай фактілерді басқа да губерниялық кітапханалар есебінен келтіруге болады. Мысалы, ҚазАКСР саяси–ағарту Бас басқармасы барлығы 67 кітаптар бөлетін болғандықтан, ал Семей губерниялық атқару комитеті губерниялық кітапханаға 3500 сом мөлшерінде жәрдемақы бөледі. Бөлінген қаржымен жәрдемақы есебінен орыс тілінде 300 том, қазақ тілінде 340 том кітаптар сатып алынып, 2500 кітаптар қайта түптеліп, 73 атауда мерзімді басылымдарға жазылған. Кітапқа деген қажеттіліктің барған сайын орасан зор өсе түсуіне байланысты Халық Комиссарлары Кеңесі 1920 жылы 3 қараша айында “ РКФСР-да кітапхана ісін орталықтандыру туралы” декретін қабылдайды. Онда: 1. Халық ағарту комиссариатының қарамағындағы, сондай-ақ басқа да барлық ведомстволардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бүкіл кітапханалары жалпы көпшіліктің пайдалануына болады деп жарияланып, РКФСР біртұтас кітапхана жүйесіне біріктіріледі, сөйтіп Халық ағарту комиссариатының қарамағына (Бас саяси-ағарту комитетіне) берілсін. 2. Біртұтас кітапхана жүйесін іс жүзіне асыру және жұмыстарды реттеп отыру үшін Халық ағарту комиссариатының саяси-ағарту комитеті жанынан мына құрамда Орталық ведомствоаралық кітапхана комиссиясы құрылады: Халық ағарту комиссариатынан 4 адам (Саяси-ағарту бөлімі, мектеп және ғылыми секторлар және кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі Бас комитет), Бүкілресейліқ Кәсіподақтарының Орталық Кеңесінен 2 адам, Республиканың Революциялық соғыс кеңесі саяси басқармасынан 1 адам. Ескерту: Комиссия мүшелерін Халық ағарту комиссариаты бекітеді. 3. Комиссияның қарауына мыналар жатады: а) кітапханалардың түрлерін белгілеу және өзгерту; б) кітап қорларын қайта бөлудің жоспарларын жасау және бекіту; в) басқа ведомстволардың кітапханаларын Халық ағарту комиссариатының қарамағына көшіру тәртібін белгілеу; г) кітапхана жүйелерін ұлғайту; д) арнаулы техникалық сипаттағы кітапханаларды пайдалану 62 тәртібін белгілеу және мүдделі ведомстволармен келісім бойынша оларды толықтыру; е) мектеп кітапханаларын пайдалану тәртібін белгілеу және балалардың кітап оқуын ұйымдастыру. 4. Жергілікті комиссиялар мемлекеттік баспаның жергілікті бөлімдерінің жанынан ұйымдастырылады, оның құрамында: Саяси-ағарту бөлімінің, Соғыс комиссариатының, Халық ағарту бөлімнің және кәсіподақтарының жергілікті бірлестігінің өкілдері болады. 5. Біртұтас кітапхана жүйесіне кіретін барлық кітапханалар (арнауларынан басқасы) Мемлекеттік баспа жанындағы орталық бөлу комиссиясынан кітаптар алып отыратын жергілікті есеп бөлу комиссиясы арқылы жабдықталады. 6. Орталықта кітапхана бөлімшесінің жанынан Орталық кітапхана коллекторы ұйымдастырылады, ол жаңадан ұйымдастырылатын әр түрлі кітапханалар үшін уездік халық ағарту бөлімдерін кітап қорымен жабдықтайды. 7. Саяси-ағарту комитетінің кітапханалар секциялары жанынан кітапхана коллекторлары (кітап бөлушілері) ұйымдастырылады, оның штатында кітапханаларды кітаппен жабдықтау жөніндегі бүкіл жұмыстарды атқаратын нұсқаушылар болады. Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы - В.Ульянов (Ленин); Халық Комиссарлары Кеңесінің Іс басқарушысы - В.Бонч-Бруевич; Хатшысы – Л. Фотиева. 1920 жылғы 3 қарашадағы “РКФСР–да кітапхана ісін орталықтандыру“ декретіне сүйене отырып, 1921 жылы 2 ақпанда Қазақ АКСР саяси-ағарту ұйымы жанынан кітапхана бөлімшесі құрылды. Аудандардағы орталық комитет коммунистерінің мәдениет құрылысындағы жауынгерлік бағдарламасының бірі “Шығыс халықтары арасындағы жұмыс” деп аталатын хаты болды. Oнда орталық комитет жергілікті партия ұйымдарының негізгі міндеті: шаруаларды – партия, кәсіподақ, кеңес ұйымдарының қатарына тарту болды. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты өз кезегінде 1921 жылы 19 сәуірде “Қазақ АКСР-да кітапхана ісін орталықтандыру” декретін қабылдайды. Халық Ағарту Комиссариатының алқасы Қазақ АКСР комиссарлары Кеңесінің бекіткен декретінің жобасына 1921 жылы сәуір айында “Кітап қорын ұлтшылдықтандыру” ережесін енгізді.



7-АПТА

Дәріс 7

Тақырып: . Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру және индустриялық дамуы жылдарындағы кітапхана ісі (1921-1929 жж.)

1.Өкімет пен партияның кітапхана ісін көтерудегі шаралары

2.Кітапханалардың материалдық базасын нығайту және кітапхана мамандарын даярлау ісінің қиыншылықтары.

Соңғы 1924–1925 жылдары республикада кітапхана құрылысының жағдайы кішкене болса да ілгері жылжи бастады. Шаруашылық-экономикалық жағдайдың нығаюына байланысты Қазақстанның партия және басқару органдарының саяси-ағарту жұмыстарының мәселелеріне көңіл бөлуі күшейтілді. Губерния және қала кітапханалары толығымен мемлекеттік жүйеге қабылданды. Уездік және болыстық кітапханалар жергілікті кеңестердің қаржысына әдебиеттер алды. Бірақта, кітапханалардың жұмыстарына бөлінген қаржы әлі де болса жетіспеді. Сондықтан, 1924 жылы Қазақ АКСР–ның партия және өкімет органдары кітапханалардың түрлеріне қарай бірыңғай мөлшерді қабылдап, жыл сайын кітапхана қорына кететін шығынды қарастырып отырды.

Қазақ АКСР саяси-ағарту бас басқармасының 30 наурыз айындағы 1924 жылғы нұсқауына байланысты, 7 губерния және 2–3 уезд кітапханаларынан қазақ бөлімдері ашылып, ауылдарда алғашқы ретте бірінші қазақ кітапханалары құрыла бастады. Әрине, бұл жергілікті тұрғындардың талабын орындауға жеткіліксіз болды. Саяси-ағарту бас басқармасы кітапханаларды тек қазақ кітаптарымен жабдықтауға шаралар қабылдады. Бірақ, қазақ кітаптарының аз басылып шығуынан, бұл нәтижелер маңызды жетістіктер бермеді. Қазақстанда 1923–24 жылдары барлығы 25 қазақ, 196 орыс оқу-үйлері қызмет көрсетті. Кітапхана жүйесі 61 қалалық, 188 ауыл және 50 жылжымалы кітапханалардан құралды. 1924 жылы қалалық және ауылдық стационарлық кітапханалар жанынан қазақ бөлімдері ұйымдастырыла бастады.

Осы жылдары 30–дай орталық губерниялық және уездік кітапханаларға жылына 12145 сом жіберіледі. Көрсетілген қаржы толығымен қолданылмады, себебі, Қазақ АКСР-ның Халық ағарту комиссариатының ұйғарымымен өлкелік кеңес партия мектептерінің курсанттарының тамақтануына және стипендиясына жіберіліп отырды. Кітапханалардың басқа түрлері белгіленбеген жоспарсыз жергілікті ұйымдардан қаржыландырылып отырды. Кітапханаларға бөлінген қаржының тапшылығынан соңғы жаңа журналдар жеткілікті мөлшерде оқырман сұранысын қанағаттандыра алмады, бұның бір себебі, жылжымалы кітапханалар жұмысы нашар жүргізілінді. Орталық кітапханалардағы кітап қорынан ауылдық кітапханаларға кітаптарды бөлу әрекеті дұрыс шешім бермеді. Бұған бір жағынан орталық, уездік, және аудан кітапханаларындағы кітапхана қызметкерлерін жылжымалы кітапханаларға жіберу, кітапханалардың барлық түрлеріндегі жалпы штаттың аздығынан мүмкін болмады. 1924 жылдарда Халық комиссариаты кітапханаларға жыл сайын қаражат бөліп отырды.

Кететін барлық шығындарға губерния кітапханалары жылына 2500-ден 3000 сомға дейін, ал, уезд кітапханалары 800–ден 900 сомға дейін алуы тиіс болды. Қаржы органдары жергілікті жерлерде барлығы 30 губерниялық және уезд кітапханаларына бөлінген қаржы көлемі қысқартылғанын айтты. Мысалы, Орал губерния кітапханалары кітап қорын толықтыруға бөлінген 700 сомның орнына, тек 254 сом 8 тиын ғана қолданды. Ақтөбе кітапханалары 208 сомды мерзімді баспа жаздыруға және 125 сомға 135 дана кітаптар алады. 1923-1925 жылдар аралығында мәдени-ағарту ұйымдарының басшылығымен кітапханалардың қорларындағы мазмұны жағынан ескірген кітаптардан тазалау жұмысы жүргізілді. Тазартудан кейін жылдан-жылға кітапхана қорлары жаңартылып, маркс-ленин шығармаларымен, қоғамдық-саяси көркем әдебиеттермен толықтырылды. 1925 жылы кітапхана қорларын ауыл шаруашылық әдебиеттермен толықтыруға көңіл бөледі. Оқырмандардың кітапты дер уақытында әкелмегендерге шаралар қолданып отырды. Кітапханаларда ондық жүйені жүргізуге және каталогтарды құруға әдістемелік құралдар мен кітапхана техникасының (ондық жүйелеу таблицасы, каталог карточкалары) жоқтығы кедергі келтіреді. 1925 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ педагогикалық техникумының кітапханасы алдыңғы қатарда болды. Жылдың аяғында кітапхана қорында 7305 томнан тұратын кітаптар болды, осы жылы техникум кітапханасы 300 оқырмандарға қызмет көрсетіп, 6000 мыңнан аса кітаптар берілген. Кітапхана 14 қоғамдық–саяси және педагогикалық журналдар жаздыртып алды, жеке мекемесінің жоқтығынан оқу залы болмады. Көптеген орта мектептерде мұғалімдердің білімін көтеруде кітапханалар құрыла бастады. Жалпы, Республикада кітапхана ісінің дамуына партияның XIII съезінің “Селолардағы мәдени жұмыстар” қарары және РК(б)П Орталық Комитетінің 1925 жылғы 7 қыркүйектегі “Село кітапханаларының жұмысы және кітапхананы жалпыға түсінікті әдебиеттермен жабдықтау” қаулысы үлкен рөл атқарды. Қаулыда селолардағы кітапханалар құрылысының маңыздылығына мән бере отырып, селоның мәдени-ағарту өміріне кітапханалар- 80 да тірек пункттерін құру және кітапхана жүйесін кеңейтіп, нығайтып, жаңа кітапхана мамандарын даярлау, олардың материалдық жағдайының жақсарылуын және кітапханаларды көпшілік шаруаларға қажетті кітап инвентарымен қамтамасыз ету міндеттері – Орталық Комитетке тапсырылды. 1925 жылдың аяғында көпшілік кітапханалардың кітап қоры 467 мың томды құраса, болыстық, аудандық кітапханалардағы кітап қоры 127 мың, ауылдық кітапханалардағы кітап қорын 366 мың кітаптарды құрады. Осының ішінде қазақ әдебиеттері 15–16 пайыз болды. Кітапханалар есебі бойынша, кітаптардың көп бөлігі орталық губерния кітапханаларында шоғырланды: Қостанайда – 17828, Оралда – 11034, Ақмолада – 10569, Жетісуда – 39430, Семейде – 50000 дана кітаптар, Ақтөбе губерниясында 4634 кітап болса, оның 1217 данасы қазақ тілінде болды. Бұдан байқағанымыз, материалдық қиындықтарға қарамай кітапхана қорлары тез өсе бастады. Қазақстанға РКФСР үлкен көмек көрсетті. 1925 жылы Республика кеңес өкіметіне және жергілікті ұйымдарға мәдениет пен ағарту ісіне 35 пайыз көлемінде қаржы бөлуін тапсырды. Жинақталған қордан 1925 жылы Қазақстан республикасы 2 миллион сом алып, оның 75 пайызы ағарту ісі мен денсаулық сақтау ісіне бөлінді. РКФСР–дың облыстарында ағарту саласы бойынша 1924– 1925 жылдары кеткен шығын 30 тиынды құраса, ал, Қазақстан бойынша 69,9 тиынды құрады. Бұл артта қалған халықтың мәдениетінің тез өсуіне партия саясатының іске асқанын көреміз. Кітапхана ісінің дамуына республикада жеткен жетістіктері үлкен болды. Осы жылдары Қазақстанда саны 300–ді құрайтын, оның 61–і қалалық, 189–ы ауылдық және 50–і жылжымалы кітапханалар қызмет көрсетті, ондағы кітап қоры 100 мыңнан аса данадан тұрды.


8-АПТА

Дәріс 8

Тақырып: Сауатсыздықты жою жылдарындағы мәдени-ағарту мекемелері

1.Кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және сауатсыздықты жою жолындағы қызметі

2.Сауатсыздықты жою жолындағы қызыл отаулардың қызметі

3.Сауатсыздықты жою жолындағы мәдени жорық қызметі

4.Өкімет пен партияның сауатсыздықты жою жолындағы шаралары.


Әйткенмен, сауатсыздықты жоюда үлкен маңызы болған 20–шы жылдардың аяғына қарай Кеңестер елінде қалыптасқан ахуал – капиталистік елдерді жау көру, социализмнің артықшылықтарына қалың бұқараны қалтқысыз сендіру, жастарды әрқашан алдыңғы шептерден көрінуге итермелеу, идеологиялық психоз, т.б. – еңбек адамдарының мәдени байлықтан сусындауға шынайы ұмтылуы – бәрі қосылып келіп саужой ісіне айтарлықтай жаңа леп әкелді. Ол жаңа лептің аты комсомолдардың бастауымен туған “Мәдени жорық” болатын. Сауатсыздықты жою жұмысының көптеген мәселелеріне жан-жақты көмек көрсету мақсатымен 1928 жылы 3 шілдеде республиканың комсомолдар мен еңбекші жастарының басқаруымен мәдени жорық ұйымдастыру жайлы қаулы бекітілді. Мәдени жорық еліміздің қоғамдық өміріндегі зор өрлеуді көрсетті. Сауатсыздықты жою пункттері сауат ашудан басқа, бұқара арасында жан-жақты саяси-көпшілік мәдени-ағарту жұмысын жүргізді: үйірмелерге, мұражайларға, көрмелерге экскурсиялар ұйымдастыру, газет-журналдар оқу, пікірлесу кештерін өткізу т.с.с. жұмыстармен айналысты. Мәдени жорық күнделікті бұқаралық үгітпен жалғасты. Кең түсіндіру жұмысынан басқа баспасөз және радиохабарларын тарату мен баяндамалар оқу, митингілермен жиналыстар өткізу үндеулер мен плакаттар қолданылды. Қазақстанның комсомол ұйымдары ауыл мен селоларға мәдени жорық жасап, олар халықтың мәдениетін, сауатын көтеріп, әділетті өмір үшін, маскүнемділікке, қараңғылық– тұрпайылыққа, ескіліктің қалдығына қарсы және жеке бастың да қоғамдық орынның да тазалығы үшін күресті. Мәдени жорықты бастауға түрткі болған фактілер де осал емес еді. Айналып келгенде мәдени жорық елдің ішкі қажеттілі- 133 гінен туған құбылыс еді. Мәдени жорықтың басталуына комсомолдар түрткі болды. Мәдени жорық бірінші жылы –ақ өз нәтижесін берді. Егер 1927–1928 оқу жылында өлкеде 4,4 мың адам хат танып шықса, 1928-1929 оқу жылында олардың саны 140 мыңға жетті. Осының арқасында сауатсыздық үлесі қазақтар арасында 91,3 % – дан 89,5 % – ға, өзбектер арасында 95,6 % – дан 92 % – ға, ұйғырлар арасында 89,0 % -дан, 85,0 % -ға, орыстар мен басқа этностар арасында 50,0 % - дан 49,0 %-ға төмендеген. Мәдени жорықтың кейінгі тағдырына 1929 жылғы 17 мамырда қабылданған БК(б)П Орталық комитетінің «Сауатсыздықты жою жұмысы туралы» қаулысы айтарлықтай әсер етті. Мәдени жорық дүниеге әкеліп, өзінің өміршеңдігін көрсеткен жұмыс түрлері қатарында мыналар көрсетілді: а) сауатсыздықты жоюға мүшелерін тартып, қаладағы және ауыл-селолардағы интелигенцияның басқа да топтарын пайдалану, олардың жұмысына дәйекті басшылық көрсету. Бұл жұмысты партиялық тапсырма деп есептеу; б) қалалық және ауылдық кеңестер жанынан саужойға қолғабысты тигізетін топтар құру, мектеп жұмысына қоғамдық байқаулар ұйымдастыру, сауатсыздар мен шала сауаттылар конференцияларын шақыру, сауатты адамның сауатсызға шефтігін бекіту; в) сауатсыздықты жоюды саяси-ағарту жұмысының барлық түрлерін ұштастыру; г) оқыту түрлерін, оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын қаладағы және ауыл-селолардағы сауатсыздардың еңбек және тұрмыс жағдайына бейімдеу.

Кітапхана құрылысында да біраз кемшіліктер ашылып, жұмысын жақсартуға нақты шаралар жүргізілді. 1934 жылдың 22 наурызында кітапханалар жұмысы жайлы Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысы қабылданып, барлық аудандарда орталық кітапхана құрылатын тәртіп енгізілді. Қаулыда кітаптарды цехтарға, бригадаларға, жатақханаларға, пәтерлерге апару практикаға енгізілсін делінген. Кітапханалар өз жұмысында саужой талабын ескеріп отырды. Әсіресе, аз халықтардың оқу-біліммен сусындауы үшін бұл өте қажет еді. 1935 жылдары Жаркент, Еңбекшіқазақ, 138 Шелек, Ұйғыр аудандарын мекендеген ұйғырларға қажетті кітапты тауып беруде кітапханалар, оқу-үйлері, қызыл бұрыштар, клубтар біршама іскерлік танытты. Шелек аудандық оқу бөлімі ұйғыр тілінде шыққан кітаптарды сатып алып, оны 18 қызыл бұрышқа таратып берсе, Жаркент аудандық кітапханасының қорындағы кітаптардың 500 ұйғыр тілінде болды. Еңбекші қазақ аудандағы кітапханаларында 3 мыңға жуық ұйғыр әдебиеті жинақталыпты. Бірақ, осыншама кітапты оқуға жұртшылықтың келе бермейтіні де байқалды. Бір ғана Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасына жазылған 740 оқырманның 50 ұйғыр ұлтынан болды. Ал, Жаркент аудандық кітапханасына тіркелген 496 оқырмандардың 70-і ғана ұйғырлардан құралған.


9-АПТА

Дәріс 9

Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы кітапхана ісі (1941-1945 жж.)

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда кітапханалардың дамуы.

2.Cоғыс кезеңі жағдайындағы кітапханалар жұмыстарының ерекшеліктері.

3.Кітапхана жүйелерін қайта қалпына келтірудің бастамасы.


Соғыс мәдениет мекемелерінің, әсіресе, кітапханалар мен оқу-үйлерінің жұмысына зиянын тигізбей қойған жоқ. Фашистік Германия соғысы мәдениеттің дамуын уақытша баяулатып, көптеген қиындықтар туғызды. Бұл кітапханалардағы мамандар санының қысқаруына, біраз мәдениет мекемелерінің жабылуына әкеп соқты. Кітапханалардың желісі кеміді, олардағы кітап қоры азайды. Соғыс жылдары кітапханаларды әдебиеттермен толықтыру қиын болды. Алматыдан басқа жерлердегі кітапхана коллекторлары жұмыс істемеді. Көпшілігінің жаңа кітапты сатып алуға мүмкіндігі болмады. Жағдайдың ауыртпалығынан көптеген кітапханалар жабылды. Оттың, жарықтың жетіспеушілігінен кітапханалар тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істеді. Сөйтіп, кітапханалардың саны 3933–тен 1686–ға дейін азайды. 1939 жылы Өскемен кітапхана техникумы жабылып, ол Алматы техникумына қосылған еді, Ұлы Отан соғысының басталуымен техникум 1942 жылдары өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жыл аралығында кітапхана техникумын 34 кітапхана мамандары аяқтап шығады. Алайда, көптеген қиыншылықтарға қарамай, мәдени-ағарту мекемелеріндегі қызметкерлердің соғысқа кетуімен, қаржыландырудың қысқартылуына қарамай, жұмыс істеп тұрған мәдени-ағарту мекемелері өздерінің күнделікті жұмысын жүргізе берді. Қазақстан еңбекшілері барлық халықтармен бірге Отанды қорғауға шықты. Сұрапыл жылдардың алғашқы күндерінде-ақ мемлекетіміздің барлық мәдениет саласындағы мекемелердің қызметі соғыс жағдайына икемделіп қайта құрылды. Мәдениет қайраткерлері, халықтық интеллигенция армиясы осы кезеңде күшті де, айлалы жауды жеңуге өздерінің үлесін қосты. Ұлы Отан соғысы – Отанымыздың, соның ішінде, кітапхана қызметкерлері алдындағы үлкен сынақ болды. РКФСР 144 ғылым академиясының корреспондент мүшесі, кеңес шығыстанушысы А.Якубовский: “Біздің көбіміз, соғысқа байланысты Ташкентте бір жарым, екі жыл тұрып қалғанда кітапханадан үлкен көмек алдық. Ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, біршама бағалы ақпараттар алып отырдық”, – деп жазады. Ұлы Отан соғысы жылдары кітапхана мамандары жауды тез жеңіп шығудағы өздерінің міндеттерін дұрыс ажырата білді. Олар еңбекшілер арасында партия мен өкіметтің соғыс жағдайына байланысты шешімдерін түсіндіру, күнделікті хабарлармен таныстыру, жұртшылыққа соғыс ісінің негіздерін игеру, сол сияқты өндірістік кәсіпорындарда, колхоздар мен совхоздарда жаңа мамандықты меңгеруге, әскери білімді насихаттауға арнайы жұмыстар өткізді. Сонымен бірге, әскери бұрыштар, кеңестік және анықтамалық пункттер ұйымдастырды. Кітапхана мамандары өздерінің оқырмандарына КСРО халықтарының тарихынан үлгі өнеге боларлық материалдарды, тарихи көркем әдебиеттерді ұсыну арқылы көпшіліктің патриоттық сезімін көтеруге көмектесті. Алматы қаласындағы кітапханаларда, соның ішінде, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханада профессор, тарихшы – Н.М.Дружинин және академик – А.М.Панкратова “Соғыс барысы”, “Партизандар қозғалысының жауды жеңудегі ерлігі” тақырыптарына арнап лекциялар оқыды. Соғыс жылдары Қазақстан кітапхана қызметкерлері жауларымен күресуде өз үлестерін қосты. Олар еңбекші халыққа партия мен өкіметтің шешімін, әскери ісінің негізін насихаттап отырды. 1941 жылғы шілде-тамыз айларында республиканың көпшілік кітапханаларының жанынан 1120 насихат үйірмелері жұмыс істеді. Соғыс уақыты жағдайында жұмысты ұйымдастыру, жаңа қызмет көрсетудің жаңа түрлерін талап етті. Соғыстың алғашқы күндері-ақ кітапханашылар әскери бөлімдерге, госпитальдарға, демалыс орындарына кітаптар апарып, сол жерлерде оқу залын, анықтама столдарын ұйымдастырды. Осында соғыс жайындағы халықаралық жағдайларға байланысты оқулар, лекциялар, әңгімелер өткізіп отырды және кітап көрмелерін ұйымдастырып, плакаттар, қабырға газеттерін дайындады. Фашизммен күресте тез жеңіске жету жолдарында кітапхана қызметкерлері өз міндеттерін дұрыс анықтады. 1941 жылдың өзінде республика 145 кітапханалары пункттерде миллионнан астам адамдарды әдебиетпен, анықтамалармен, көпшілік шаралармен қамтамасыз етті. Әсіресе, соғыс кезінде үлкен жұмысты Мемлекеттік халықтық кітапхана жүргізді. Ол оқу залдары арқылы госпиталдарда, әскери бөлімдерде 15 миллионнан астам адамдарға қызмет көрсете отырып, оларды 2,5 миллион кітаптар, журналдармен қамтамасыз етіп, кітапханааралық абонемент арқылы 200-дей ұйымдарға қызмет ұйымдастырды. Жыл сайын 35 мың томға дейін кітаптар беріп отырды. Әсіресе, кеңес жазушыларының шығармаларын тұрақты қолданып отырды. Соның ішінде: Б.Л.Горбатованың “Непокоренные”, “Радуга”, В.Л.Василевскийдің “Панфиловцы на первом рубеже”, А.А.Бектің “Волокаламское шоссе” және баспа және радио арқылы М.А.Шолохов, А.Н.Толстой, И.Г.Эренбург және т.б. шығармалары оқылынып, тыңдалды. Соғыс халық шаруашылығына және мәдениет құрылысына, кітапхана ісінің дамуына үлкен зиянын әкелді. Кітапхана қызметкерлерінің бір бөлігі соғысқа аттанды. Соғыс зардаптары мәдени ошақтардың құлдырауына әкелді. 1941 жылы Ақмола облысының колхоздарында 370 оқуүйлері 150 қызыл бұрыштар жұмыс жасаса, Сталинск ауданының Свердлова атындағы колхозда жақсы оқу-үйін астық құятын қоймаға айналдырды. Осы ауданның Калинин колхозында соңғы үш ай бойы көпшілік шаралар (әңгімелер, кітап оқулары, кештер) өткізілінбеді. Макинск ауданында 17 оқу-үйлерінің 9 пәтерге беріліп, қалғандары астық қоймасына айналды. “КастаҚарағай”, “Ортокши”, “Ново-Киевск” және т.б. колхоздардың оқу-үйлерінде колхоз жұмысшыларының басшылары тұрды.


10-АПТА

Дәріс 10

Тақырып: Соғыстан кейінгі кезеңдегі (19461960 жж.) Қазақстанда кітапхана ісі

1.Кітапхана жүйелерінің қайта құрылуы.

2.Соғыстан кейінгі кезеңдегі кітапхана мамандарын даярлау курстарының жұмысы.

3.Кітапхана жұмысының идеялық-теоретикалық деңгейін көтеру шаралары.

4.Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби және қоғамдық белсенділігінің артуы.


Соғыстан кейінгі жылдары бірқатар партия және кеңес ұйымдарында мәдениет-тәрбие жұмысын жете бағалаушылық, бірыңғай шаруашылық істермен шұғылдану фактілері орын тепті. Көп жерлерде мәдениет мекемелеріне тек ағартушы ұйымдар ретінде қараушылық кездесіп жүрді. Коммунистік құрылыста жаңа табыстарға жету үшін идеологиялық жұмыстың барлық құралдарын, соның ішінде, кеңінен өріс алған мәдени мекемелерін неғұрлым толығырақ та орынды пайдалану қажет болды. Мәдени-ағарту мекемелері халықтың барлық топтарымен тікелей байланысты. Сондықтан, олардың еңбекшілер арасында нақты көпшілік-саяси жұмыстарды жүргізуге мүмкіншіліктері болды. Әрбір кеңес адамының идеялық-саяси дәрежесін көтеру үшін, буржуазиялық ұлтшылдыққа, адамдардың санасындағы ескіліктің қалдықтарына қарсы күресу үшін мәдениағарту мекемелерінің жұмысын жандандыра түсудің маңызы орасан зор болды. Саяси-қоғамдық өмірде идеологияның рөлі шектен тыс күшейтіліп, оның басты сипатына айналды. Онда мәдени құрылысты, мәдени қызметтің мектеп құрылысын өрістету, жоғары оқу орындарының қатарын ұлғайту, мәдени–ағарту жұмыстарын жандандыру, т.б. жекелеген түрлерінің қарапайым ғана қосындысы ретінде қарастырған мәдениеттің рөлі негізгі басшылыққа алынды. Оның үстіне мәдениеттің саясатпен байланыстылығы ешқашан да жеңілмейтін социализмнің басты кепілі саналды. Соғыстан кейінгі жылдарда соғысқа дейін басталған «Батыс елдері алдында бас ию және буржуазиялық 170 көріністерге» қарсы күрес одан әрі жалғасты. Бұл күрес ағарту, ғылым мен мәдениет саласын да қамтыды. Өкімет өз саясатының қуатты құралы ретінде клубтар, мәдениет үйлерімен қатар кітапханаларды пайдаланды. Олар шын мәнінде қоғамда болып жатқан жағдайларды әрбір еңбеккердің санасына сіңірудегі жалынды үгіт-насихат ошағына айналды. Ауыл мен селоларда жұртшылыққа коммунистік адамгершіліктің негізін үйретуге, оны бойларына қалыптастыруға кітапханалардың рөлі зор болды. Сондай-ақ, бұл мекемелердің негізгі атқаратын жұмыстары буржуазиялық идеология мен адамгершілік ымырасыз болып, жекеменшіктік психология, етектен тартатын ескі салт-сана, дәстүрмен, дінмен батыл күресуге арналды. Бұл міндеттер жаңа қоғам құрылысындағы мемлекет алға қойған саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосады деген үмітте болды. ҚКСР партия және Кеңес органдары, кітапхананың соғыс кезіндегі идеологиялық жұмыстарындағы үлкен рөл атқарғандығын ескере отырып, республикада кітапхана ісінің дамуына көп көңіл бөлді. Әр аудан орталықтарында оқу залымен қоса, балалар бөлімдерін қамтыған кітапханаларды ашу және құралжабдықтармен қамтамасыз ету көзделді. Оқырман сұранысын қанағаттандыру барысында кітапханааралық абонемент, кітап беру пункттерін көбірек қолдану қажет болды. Коммунистік партия ОК-нің 1946–1951 жылдар аралығында кітапханалар ісін нығайтуға бағыттаған “Ауылдағы мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарының күйі және жақсарту шаралары” туралы шешім қабылдады. Соғыстан кейінгі жылдары республикада партия басшылығының ұйымдастыруымен ауылдар мен селолардың мәдениетін көтеруге коммунистер белсенді кірісті. Коммунистердің көмекшілері – ауыл комсомолдары болды. Комсомолдар мәдени-ағарту мекемелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын абыройлы орындап жатты. Мысалы, Жамбыл облысында 1946 жылдың басында 35 клуб және оқу-үйлері жұмыс істемеді, ал қызмет көрсетіп отырған мекемелері тиянақты жөндеуді қажет етті. Комсомолдар іске кірісіп, жаз айларында 126 клубтар мен кітапханалар, оқу-үйлерін жөндеуден өткізді. Ал, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы- 171 ның Ярославль атындағы артель комсомолдары жергілікті партия мен колхоздың көмегімен 40 орынды жақсы кітапхана ұйымдастырды. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі 1946 жылдың 2 ақпандағы, № 1315 жарлығына сай, ҚКСР мәдени-ағарту мекемелері ісінің комитетіне 1946 жылғы бюджетті қайта қарап, даярлық курстарын өткізуге кететін шығындарды бөлуді тапсырды: а) 150–дей шамада 2 ай мерзім ішінде кітапханашыларды даярлау; б) 300–дей шамасында оқу-үйін басқарушыларды жарты ай мерзім ішінде оқыту; в) 500–дей шамада оқу-үйін басқарушыларды жарты ай мерзімі ішінде дайындықтан өткізу; г) Облыстық Атқару Комитеті кітапханашыларды, клуб жұмысшыларын және оқу-үйін басқарушыларды қайта даярлықтан өткізіп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; д) ҚКСР мәдени-ағарту мекемелері ісінің комитетіне курс тыңдаушыларын саяси-ағарту мекемелерінің бос орындарына қызметпен қамтамасыз ету; ж) даярлық курсында оқығандарға 50 % жалақысын төлеу, ал қайта даярлау курсында оқығандардың еңбек ақысын жыл бойына сақтау, сырттан келгендерге 100 сом көлемінде ақшасын төлеу міндеттейді. ҚКСР Министрлер Кеңесі осы курстарды ұйымдастыруды 1 маусымнан бастады. Әр облыстарда 561 адамға есептелінген оқу залдары меңгерушілерінің курстары өз жұмыстарын 15 шілде және 1 тамыз айларында бітірді. Курстарды–114 кітапханашы мен 651 оқу-үйі меңгерушілері аяқтап шығады.



Глоссарий


Индекс – кітaпхaнaлық библиогрaфиялық жіктеу- дегі әрбір айдарғa берілген шaртты белгі.

Индекстеу – кітaпхaнaлық-библиогрaфиялық жік- теу ісіндегі шaртты белгілер жүйесі, бұл жүйе мынaдaй қызметтерді aтқaрaды

Қaрaпaйым индекс – кітaпхaнaлық библиогрaфиялық жіктеу кестесіндегі негізгі индекс.

Күрделі индекс қaрaпaйым индекске көмекші кестелерде- гі (aнықтaғыштaр, типтік бөлінулер) белгілерді қосу aрқылы жaсaлaды.

Толық индекс жүйелі кaтaлогтің осы кітaп көрсетілуге тиіс- ті бөлімінің немесе бөлімдерінің индексі.

Aльтернaтивті индекс – жіктеу кестелерінде қaрaстырыл- ғaн, жүйелерге кітaпхaнa ерекшелігіне қaрaй мaтериaлды ай- дарлaрдың қaйсысындa көрсету керектігін өз бетімен шешуге мүмкіндік беретін индекс.

Қосымшa индекс – толық индекс құрaмындaғы екінші және одaн кейінгі индекстер, ол бaспa шығaрмaлaрын жүйелі кaтaлог- тің бірнеше бөлімінде көрсету үшін қолдaнылaды. Негізгі инде- кстен кейінгі бaрлық қосымшa индекстердің реті жіктеу әдісте- месінің ережелеріне сәйкес aнықтaлaды, ол болмaғaн жaғдaйдa жіктеу кестесінде көрсетілген ретпен беріледі.

Кaтaлогтік индекс – жүйелі кaтaлог бөлімінің индексі, ондa көрсетілген кaтaлогтегі кaрточкaлaр болуғa тиіс, ол кітaптың то- лық индексі негізінде белгіленеді.

Құрaмa индекс – өзaрa қaтыстылықты білдіретін белгімен жaлғaсып, екі немесе одaн дa көп қaрaпaйым және күрделі инде- кстерден жaсaлaды.

Сөрелік индекс – кітaпты жүйелі орнaлaстыру жaғдaйындa белгілі бір кітaптың сөредегі тұрaтын орнын белгілейтін индекс, ол шифрдің құрaмынa енеді.

Резервті индекс – жіктелу қaтaрындaғы белгілі бір бөлімнен кейін жaңa айдар жaсaу үшін әдейі қaлдырып кетуі.

Қосaқтaлғaн индекс – белгілі бір шығaрмaның қaтaр тұрғaн бірнеше қaрaпaйым индекске қaтысы бaрын білдіретін, қисық сы- зық aрқылы белгіленетін индекстер құрaмы. Ол индекстерді тізіп жaтпaй, қысқaртып беру үшін пaйдaлaнылaды. Қосaқтaлғaн ин- дексті сол сияқты бір сaтыдaғы бірнеше индекстердің логикaлық бірізділігін сaқтaу үшін де пaйдaлaнуғa болaды, ол қaбылдaнғaн индекстaр бaзaсы бойыншa жaсaлaды.

Aқпaрaттық-іздеу тілі – құжaттaрды және (немесе) олaрды іздестіру мaқсaтындa өтініштердің мaзмұнын білдіруге aрнaлғaн aрнaйы жaсaлғaн жaсaнды тіл.

Көп өлшемділік бұл құжaттың мaзмұнының бaрлық мaңыз-

ды сипaттaмaлaрын индекстеу мерзімінде көрсетілу дәрежесі.

Пәндестіру – мaзмұнынa сәйкес құжaттaр үшін пәндік aй- дaрды белгілеу. Пәндестіруші – пәндік aйдaрлaрды белгілейтін, құжaттaрды пәндейтін, ұйымдaстырaтын, пәндік кaтaлогтaрды жүргізіп, редaкциялaйтын (тізімді, көрсеткішті) мaмaн.

Пәндестіру – әртүрлі сaлaдa қолдaнылaтын көп мaғынaлы термин. Пәндестіру кітaпхaнaлық кaтaлогтaрдa қолдaнылaды. Пәндестірудің объектісі ретінде құжaт қолдaнылсa, ондa пән- дестірудің мaқсaтынa айдарлaрды реттеу, пәндік мaғынaсынa бaйлaнысты қордың мaзмұнын aшу, пәндік іздестіру әдісі бойын- шa құжaттaрды тaбу жұмыстaры кіреді.

Пәндік aйдaр бaспa шығaрмaсындaғы пәнді, оның негіз- гі зерттеу aспектілерін және формaсы мен кімге aрнaлғaндығын қысқa сөзбен бейнелеу. Пәндік aйдaр – пәндік кешеннің (комп- лекс) негізгі құрылымдық бөлімшесі.

Пәндік комплекс пәндік кaтaлогтa белгілі бір пәннің, тaқырыптың, мәселенің мaзмұнын жaн-жaқты aшып көрсететін, солaрдың жaлпылaмa ұғымы бойыншa біріктірілген айдарлaрдың жиынтығы. Мaзмұнынa қaрaй, сaлaлық және сaлaaрaлық пәндік комплекс жaсaлaды. Пәндік комплекстің тaр және кең ұғымды түрлері бaр. Тaр ұғымды пәңдік комплекс дегеніміз өзіне қaтыс- ты бaрлық қосымшa aйдaрды қaмтиды. Кең ұғымды пәндік комп- лекс екі типті болaды: біріншісі – бір жетекші сөзден бaстaлып, комплекстеу қызметін aтқaрaтын пәндік aйдaрдың aлфaвиттік қaтaры. Екіншісі – пәндік кaтaлогтың әр жерінде орнaлaсқaн, бірaқ aрaсы пәндік кaтaлогтің aнықтaмa-сілтеме aппaрaтының көмегімен бaйлaнысып, үйлесетін пәндік aйдaрдың жиынтығы.

Пәндік кaтaлог (ПК) – aқпaрaтты сaқтaу және іздеу үшін aр- нaлғaн aқпaрaттық іздеу жүйелерінің бір түрі. ПК кітaптaрдың библиогрaфиялық сипaттaмaсы, денсaулық сaқтaу сaуaлдaры бойыншa журнaлдық мaқaлaлaрдың aнaлитикaлық сипaттaмaсы- мен мaзмұндaлғaн. Пәндік кaтaлог кітaпхaнaдa aқпaрaттық жә- не іздестіру қызметін aтқaрaды.

ҒТAМР – ғылыми техникaлық ортaлықтaрындa құжaттaрды жүйелеуге aрнaлғaн әмбебaп комбинaциялық жіктеу жүйесі. Ол сондaй-aқ aвтомaттaндырылғaн aқпaрaттық жүйелерде қолдaнылaтын бaсқa жіктелімдер aрaсындaғы делдaл-тіл функ- циясын орындaйды

ҒТAМР – aқпaрaттық ортaлықтaрдaғы жергілікті (сaлaлық, тaқырыптық, проблемaлық) aйдaрлaрдың жүйесін әзірлеу және жетілдіру үшін бaзa. ҒТAМР құрылымы, пaйдaлaну және жүргізу ережелері мемлекеттік стaндaрттaрмен реглaменттелген.

ДОЖ негізгі бөліністерінің бaзaсындa Интернетте ресур- стaрды іздеу үшін брaузер құрылып, тиісті көптілді брaузер әзірленуде. Осылaйшa, ДОЖ-ін енді электрондық ресурстaрды ұйымдaстыру жүйесі ретінде де қaрaстыруғa болaды.

«Aннотaция» лaтын тілінен aудaрғaндa «annotatie» «ескер- тпе» деген мaғынa береді. Ол – кітaптың, мaқaлaның мaзмұнын, сaяси-идеялық бaғытын, құндылығын түсіндіретін қысқaшa си- пaттaмa. Aннотaцияның негізгі мaқсaты – кітaптың немесе мa- қaлaның жaлпылaнғaн көзқaрaсын қaлыптaстырып, оқырмaн- дaрғa мaзмұн мен жұмыстың сипaтын хaбaрлaу болып тaбылaды. Шығaрмaның мaзмұны, зерттелетін пәні жaйлы, құжaттaрды жaлпылaй сипaттaу – aннотaцияның міндеті.

Aннотaция – шығaрмaның мaзмұны, дизaйны, бaғыты, шық- қaн жері бойыншa қысқaшa сипaттaмaсы. Aннотaция жұмыстың мaзмұнын қысқaшa aшып көрсетеді. Aннотaция бұл беріл- ген құжaттың негізгі мaзмұны. Ол – үнемдік, белгілік, әрлеуші ерекшеліктері мен лингвистикaлық және құрылымдық сипaттa- мaлaрғa ие.

Aнықтaмaлық aннотaцияғa келетін болсaқ, библиогрaфия- лық сипaттaмaғa, негізінен, бaспa құрылғысынa қойылaтын зa- мaнaуи тaлaптaрмен, библиогрaфиялық сипaттaмaлaрдың бі- рыңғaй ережелерімен толығымен aқпaрaттық сигнaл беруге мүм- кіндік береді.














29


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.08.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі