400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кітапхана киелі мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Кітап – алтын қазына» десек, кітапхана іші қазынаға толы алтын сандық іспеттес. Тағылымы мол тәрбие ошағы саналатын кітапхананың алар орны орасан зор. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі орда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІТАПХАНАШЫ – КИЕЛІ МАМАНДЫҚ

«Кітап – алтын қазына» десек, кітапхана іші қазынаға толы алтын сандық іспеттес. Тағылымы мол тәрбие ошағы саналатын кітапхананың алар орны орасан зор. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі орда. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын» деген екен. Иә, қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі мол. Оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана дейтін болсақ, кітапханашылар бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, оқырмандардың сұранысы мен талаптарына сай барынша толыққанды ақпараттармен қанағаттандырып, оқырмандардың оқуына қажетті жағдай жасап, келешек жас ұрпақтың өз Отанын, туған жерін шексіз сүйетін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан –жақты дамыған, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, оқырмандардың тұлға болып қалыптасуына, рухани дамуына өз үлестерін қосуда. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Өйткені кітапхананың – әлемдік өркениетте алатын орны ерекше деп нық сеніммен айта аламын. Кітапхана – этика алаңы. Рухани құндылықтарға бай кітапхана өз бағасын жоғалтпаған. Озық технологиялар дамып, қарыштаған кезеңде де өз оқырманымен бағалы. Адамға білім азығын беріп қана қоймай, ішкі мәдениетін байытады. Жан сарайыңды ашып, үнсіздікте кітап оқу арқылы айналаңызда отырған жандарды сыйлауға жетелейді. Кітапты парақтап оқығанға ештеңе жетпейді. Қолыңа кітапты алып қарағаныңның өзіңде көзбен есте сақтауды арттырады. Кітап оқитын жастар жоқ деген сөзге қарсымын. Оған дәлел біздің оқырмандар. Жаңашылдыққа жаны құмартып тұрған кітапханаға келушілерді көргенде жаның жылиды. Кітап – білім бұлағы екенін ұмытпайық. Ол арқылы керек ақпаратты алып қана қоймай, өскелең ұрпаққа насихаттаймыз. Насихат үйден бастау алады. Ата-ана кітап оқыса, өсіп келе жатқан ұл-қыздары да қолына кітапты алары сөзсіз.

Гүлхан Лұқпанқызы

«Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
98
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі