КІтапханалық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КІтапханалық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханалық сабақ 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітапханаға саяхат

/1 сынып оқушыларына арналған кітапханаға экскурсия/

Мақсаты: Оқушыларды кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

Дайындық кезеңі:, «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесін ұйымдастыру.

Кітапханашы: Сәлеметсіңдерме оқушылар! Мен сендерді қызықты саяхатқа шақыру үшін келдім.

Кітапханашы: Балалар кім біледі кітапхана деген не және ол не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

Кітапханашы: Кітапханада әртүрлі кітаптар, журналдар сақталады. Оларды алып қарауға және оқуға болады.

Қане балалар Жұмбақты шешейік

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

/Кітап/

  1. Дос қылатын өзіңді,

Тосын-тосын әріпке.

Суреттері көзіңді,

/Әліппе/


3.Yнciз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.
/Кітап/


4. Қойған жеріңде жатады,

Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.

/Кітап/


5. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
/Кітап/


6. Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін.

/Кітап/


7. Сай бойында сары алтын.
/Білім/


8. Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.


/Білім/


9. Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.


 (Бiлiм)


Кітапханашы: Кімнің үйінде көп кітап бар? Кімде жеке кітап бөлмесі бар? Біздің кітапханамызда кітаптар ашық стеллаждарда орналасқан.

Кітапханашы: Біздің кітапханамызда көптеген кітаптар бар.

Қазір мен сендерге бір құпияның сырын ашамын.Кітапханадағы әрбір кітаптың өз құжаты болады.

Кітапханашы: Жарайсыңдар! Ал енді кітапхананың қолдану ережесімен танысайық:

  • Кітапхана оқырмандарға уақытша қолдануға кітаптарды беруге міндетті;

  • Кітапхананы оқушылар мен мектеп қызметкерлері қолдануға құқықты;

  • Кітапхананы қолдану тегін;

  • Кітаптарды үйге алып оқуға болады, ал оқырман залындағы әдебиеттер үйге берілмейді.

  • Энциклопедиалар, сөздіктер, анықтамалар тек оқырман залында беріледі;

  • Әр оқырманға жеке оқу формуляры беріледі;

  • Оқырман формуляры кітаптарды қашан және қай мерзімде қайтару туралы жазылатын құжат ретінде сақталады;

  • Оқырман кітапхана кітаптарын жоғалқан немесе жыртқан кезде олардың ақысын немесе дәл сондай кітап беруге тиіс;

  • Үйге берілген оқулықтар шектеулі уақыт арасында қайтарылуы керек.

Оқырмандар міндетті:

  • Кітапхананы қолдану ережесін сақтауға;

  • Кітапханадан алған әдебиеттерді берілген мерзімде қайтаруға;

  • Кітапханадан кітапханашының рұқсатынсыз кітап алып кетпеуге;

  • Кітаптарды бүлдірмеуге, оларға жазбауға, беттерін жыртпауға;

  • Кітапханаға үлкен портфельмен, сөмкемен, сырт киіммен және тамақпен кірмеуге.

Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан:

  • Кітапты ұқыпты ұста.

  • Кітап таза, әрі тысқалған болуы тиіс.

  • Кітапты таза қолмен оқы.

  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

  • Кітаптың беттерін бүктеме.

  • Кітаптың ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.

  • Жыртылған кітапты желімде.

  • Кітапқа жазулар жазба.

  • Кітапты шкафта немесе сөреде сақта.

  • Алған кітапты уақытында тапсыр.

Кітапханашы: Балалар көрмеге қараңдаршы (кітапханашы балаларға арналған көрмені көрсетеді). Қалай ойлайсыңдар бұл көрме кімдерге арналған?

(Балалардың жауабы)

Кітапханашы: Қандай ақылды баласыңдар! Кітапханаға бірінші келіп тұрсыңдар, ал кітапты тез тауып алдыңдар. Сендер кітапханаға әлі көп келесіңдер. Егер кітап керек болса сендерге кітапхананың есігі әрдайым ашық. Сау болыңдар балалар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2023
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі