Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Кітапханашының өзін ұстау және сөйлеу мәдениеті" жас кітапханашылармен әңгімелесу
Материал туралы қысқаша түсінік
Жас кітапханашылармен кездесу ұйымдастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
1421
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«КІТАПХАНАШЫНЫҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ» жас кітапханашылармен әңгімелесу Мақсаты: Сөз құдіреті, әдеби сөйлеу, кітапханашының оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру; сөйлеу шеберліктерін, ойлау белсенділіктерін, тіл мәдениетін дамыту. Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, қорытындылау. Жоспары: I. Кіріспе.II.Негізгі бөлім. II. 1. Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі.II. 2.Кітапханадағы «кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым-қатынас сөйлеу мәдениетінің негізі. II. 3. Кітапханада өткізілетін іс-шаралардың сөйлеу ерекшеліктері.II. 4.Кітапханашының сөйлеу мәдениеті және өзін ұстау этикасы. III. Қорытынды. Ойын-тренингIV. Қолданылған әдебиеттер. Өту барысы: I.Кіріспе.«Сөйлеу мәдениеті» ұғымына адамның сезімі мен жүрегіне қозғау салып, оларды белгілі бір мақсатқа жұмылдыра білу өнерін жатқызуға болады. Дұрыс сөйлей білу - өмірдегі жетістіктердің бастауы, кәсіптік деңгейдің жоғарылығын көрсетеді. 1893 жылы орыстың жазушысы А.П.Чехов Москва университетіне риторика пәнінің енгізілетінін естіп қолдау көрсетеді. А.П.Чехов зиялы адамның дұрыс сөйлей алмауы, дұрыс жаза және оқи алмауымен бірдей деген. Сөйлеу мәдениетін меңгерген адам, өзінің ойын дұрыс жеткізе алады, тыңдаушының ойын басқа арнаға бұрып әкететіндей артық сөз айтпайды. Өз уақытында және орнымен айтылған сөз қандай жағдайлардан да жол тауып кетуге көмектесетіні сөзсіз. Көптеген атақты жазушылар, кітапханатанушылар сөз – дұрыс пайдаланушының қолында болса, мықты қару болып есептеледі, ешқандай кітап, плакат адамның сөзін алмастыра алмайды деп есептейді. Гете кітап көп нәрсеге үйретеді, бірақ ұстаз бен уағыздаушының күшіне жетпейді деген. Орыс жазушысы А.Гончаров болса, қандай да бір керемет кітаптар өзінің дұрыс насихаттаушысын таппаса, ол сол беті өлі дүние болып қалады дейді. Сөйлей білу кітапханашы маманға аса қажет, себебі ол оқырмандармен, әріптестермен, қоғамдық мекемелермен үнемі қарым-қатынаста болады. Сөйлеу мәдениетінің түп-тамыры Көне Грециядан бастау алады. Біздің эрамызга дейінгі V ғасырда Элладада сопылардың мектебі ашылады, олар сөзді жоғары деңгейге көтеруге күш салады, азаматтарды өз сөздерін дұрыс жеткізе білуге, сотта сөз сайысына түсуге үйретеді, себебі ол кезде сотта әркім өзін-өзі қорғайтын. Сопылардың оқуы шындықты айтуга негізделмеген, тек сөзбен иландыруға гана негізделетін. Сопылардың оқуы Платон мен Сократтың сынына ұшырады.Әрине әр ғасырда көптеген шешендер өмір сүрген, олардың барлығын мысал ретінде айта беруге болады. Жалпы, сөз өнеріне бейімділікті әр адамның жеке қасиеті деуге болады, бірақ та мына мысалға қараңыздаршы. Тарихта Демосфеннен артық шешен жоқ деп айтады. Бала күнінде қамқоршыларының әкесінен қалған үлкен мұраны дұрыс бөлмегеніне ыза болған Демосфен кәмелетке толғаннан кейін сотта өз мұрасын даулап алмақ болады, бірақ ол ісі іске аспайды. Себебі, ол дұрыс сөйлей алмайтын еді, тұтығып, сөзінің аяғын жұтып қойған Демосфенді тыңдаушылар күлкіге айналдырады. Оның кескін-келбеті де адамды тартпайтын, ол өте арық, еңкіш тартқан денесіне қолын орынсыз сермегенін қоссаңыз өте күлкілі жағдайға кенелесіз.Осы жағдайдың барлығы болашақтағы ұлы шешенді тоқтатпайды. Ол жердің астынан өзіне орын жасап алып шешендік өнерге үйрене бастайды. Сыртқа шықпау үшін шашын жартылай алып тастайды. Алдын ала дайындап алған сөздерді ол сағаттап сөйлейді, тілін күрмеп сөйлейтін кемшілігін жою үшін, дем алмастан тауға күніне неше рет шығады, теңіз жағасына келіп, тілі мен тіс еттерінің қанағанына қарамай аузына ұсақ тастарды толтырып алып теңіз шуынан да қатты айғайлап тілінің кемшілігін жоюға тырысады. Ал иығы өз қалпынан төмен түсіп кетсе, алдын ала дайындап қойған өткір семсер арқасына қадалатын. Міне, осындай жанқиярлық еңбектің арқасында Демосфен өзінің алдына қойған мақсатына жетіп өзіне тиесілі әкесінен қалған мұраны даулап алады. Ол кереметтей шешен болып шығады, мыңдаған тындаушылардың құрметіне ие болып, сөз құдіретінің арқасында қаншама мемлекеттердің тағдырына ықпал етеді. Бұл мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады, өзіңді өзің тәрбиелесең, еңбектенсең сөз сөйлеу өнерін де меңгеруге болатынын көрсетеді. Қазақ халқы да сөз өнеріне үлкен мән берген. Қандай да бір даулы мәселелерде Төле бидің сөзіне тоқтап мәмлеге келген, әсіресе өздерініңшешендігімен, даналықтарымен қазақ халқының тарихында есімдері өшпес із қалдырған үш жүздің шешендері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер еді. II. Негізгі бөлім. 1. Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі.Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі және ақпарат пен білім әлемі ретінде онда жұмыс істеген адамнан еріксіз жоғары стильді талап етеді. Кітапхана бар білімнің қазынасын жинақтап, ақпаратты қызмет жүргізетін білім ордасы. Сондықтан кітапханаға келген әр адам, кітапханашыдан ерекше біліктілік пен мәдениеттілікті талап етеді. Кітапхана мәдени-ағарту мекемесі болғандықтан, біздің бойымыздан ешкімге ұқсамайтын мәдениеттілік желі есіп түру керек.Әр адамның бір-бірімен қарым-қатынасы сөз, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тылсым тыныштықта, білім қазынасының ортасында отырған кітапханашыдан біліктілік пен ізгіліктің, инабаттылық пен әдептіліктің нұры шомылып тұруы керек. Сөйлей білу де өнер, ол табиғи дарын. Ал біздің қызметте бойыңа дарындылықты бермесе, үйреніп, оқып, ізденіп, тіпті түрлі тіл жаттығулары арқылы сөйлеу мәдениетін игергеніміз жөн. Журналист, мұғалім мамандықтары тәрізді кітапханашы маманына да сөйлеу мәдениетін, сөз өнерін меңгеріп, жоғары кәсіби деңгейде белгілі бір кітапты насихаттау, болмаса, өзінің көзқарасын білдіріп, адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін білім гана жеткіліксіз, кітапханашыға сөйлеу мәдениетінің негізі аса қажет. Жақсы сөзді дайындау өз алдына, оның мазмұнын тындаушылардың жаны мен жүрегіне дұрыс жеткізе білу басқа шаруа. Осының барлығына дұрыс жолға қойылған сөйлеу мәнері арқылы қол жеткізуге болады. Әр оқырман кітапханашының алдына келгенде, оның бойынан парасаттылық пен біліктілікті көргісі келеді. 80% оқырман кітапханашыға кітап таңдауда ақылшы, көмекші ретінде үміт артып келеді. Осы ізгі ниетін жоғалтпас үшін кітапханашы оқырманға ерекше ықыласпен назар аударып, сөйлесу барысында адамның көзіне қарап, жылы жүзбен, ілтипатпен сөйлескенідұрыс. Ұлы Абай сөз құдіретін: Өткірдің жүзі,Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас -деп тамсана бағалаған.Кітапханашы өз оқырманының мінез-құлқын, мәдени деңгейін, тағы да басқа ерекшеліктерін сұхбат барысында ескергені жөн. Бір ауыз сөз арқылысіздер біреуді риза етуге, көңілін жайландыруға, іздеген кітабын таба алмаса да жігерлендіріп, үміттендіріп мейірімділікпен шығарып салғандарыңыздұрыс. Жазушы З.Қабдолов «Көп біліп-дөп сөйлеген шешен, аз біліп көп сөйлеген-мылжың» деп әдемі түйіндеген. Осы бір қағида бізге керек-ақ. Алкөп сөйлеудін қазығы - кітапта. Менің айтарым қазақ тіліндегі шығармаларды көп оқып, әдеби тілдеріңді дамытып, дұрыс сөйлесе білу. Кітапханашының басты мақсаты елдің үрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет ету.Кітапхана өмірі - сырт көзге біліне, байқала бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Сол өмірге бойлап, дендеп енген адам ғана бұл шаңырақтың қасиеттілігін, кітапханашы мамандығының қыры мен сырын аңғара алмақ. Сол мамандықты өміріне серік еткен адам ғана сана-сезімге тән ләззат сыйларға, рухани байлыққа кенеліп, жан дүниесі толысады. Ендігі жерде кітапхана мамандарының білімдерін тұрақты жетілдіру арқылы олардың ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттерін қалыптастыру, олардың мемлекеттік тіл мен шет ел тілдерін білуі, жаңа технологиямен жұмыс істей білуі, жоспарлауды үйренуі, бағдарлама жасауды игеруі талап етіледі. Кітапханашыларымыз осындай бесаспап маман болғанда ғана бүгінгі күннің биік талаптарын орындай алмақ. Уақыттың талап-тілегіне сай оқырмандарды ақпараттық қажеттіліктермен өз дәрежесінде қамтамасыз ету үшін кітапхана ісін жүргізу мен басқарудың жаңа тәсілдері керек екені даусыз. Осындай өрелі міндетті жүзеге асыру барысында ең алдымен бұл саладағы әлемдік тәжірибеге назар аударуымыз керек. Сонымен қатар ақыл-ойды, сана мен парасатты саптан өткізудің маңызы өте зор. Кітапханашы кітапхананың қожасы, оқырманның ең жақын досы. Кітапханашының адам тұлғасының қалыптасуында алатын рөлі өте ерекше, сондықтан да олардан кең түрде саяси білім талап етіледі. Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның ойына дарығанда ғана нұрлы болмақ. Кітаппен кездесе отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға болады. Егер кітапханада адамға деген жылы шырай танылмаса, ол кітап тарататын, сақтайтын жерге айналады. Кітапқа көбіне кішкентай балалар ғашық болады. Есейген сайын кітапсыз өздерін жаман сезіне бастайды. Қандайда өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды. ІІ.2. Кітапханадағы « кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым- қатынас сөйлеу мәдениетінің негізі. Кітапханадағы қарым-қатынастың өзіне тән маңызы бар, олар:-коммуникативтік - бұл кітапханалық қарым-қатынастың түрі; кітапханалар ортасындағы қарым-қатынастық қызметтің құралы болып есептеледі; -ақпараттық - кітапхана оқырманға ақпарат беріп отырады. Ақпарат пайдаланушыға беріледі, пайдаланушы мен ақпараттың арасында байланыс болмаса ақпарат өзінің маңыздылығын жоғалтады. Сонымен бірге кітапханашы өзінің білімін үнемі көтеріп отыруы қажет. Осы мақсатпен кітапханашылар әр түрлі әдістемелік ғылыми семинарларға, өндірістік кеңестерге, іс-тәжірибе алмасу шараларына, кітапхана ассоциациясының отырыстарына қатысып, баспасөз беттері арқылы өз іс-тәжірибелерін бөлісіп отыруы керек; -реттеушілік қызмет - кітапханашыға кітапхана ортасында қарым- қатынасын реттеп, кәсіби ұжымда өз орнын табуға, пайдаланушымен қызметтік қарым-қатынас шекарасын орнатып, этикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектеседі; - тәрбиелік қызмет - кітапханадағы орнықты әрі лайықты қарым-қатынас оған қатысушыларға жақсы әсер етеді, кітапханашы оқырманмен қарым- қатынас кезінде қызмет көрсетуді жақсартуға ақпарат алады, оқырманның білімі мен мәдениетінен өзіне қажетті жақтарын пайдалана алады, сол сияқты оқырман да кітапханашыдан тәрбиелік әсер алады: ақпарат беруде, оны іздестіруде, кітапхана қабырғасында өзін қалай ұстау қажеттігі және қарым-қатынас нәтижесінде екеуінің істері бір мақсатқа тоғысады. Бірақ, үнемі олай бола да бермейді, кейде әр түрлі даулы мәселелер туындап жатады. Кітапхананың тәрбиелік қызметі кітапханада жұмыс дұрыс жолға қойылған ортада жүзеге асады. Кітапханада әр түрлі келеңсіз жағдайлар да ұшырасады, олар кітапханашының немесе оқырманның дөрекілігі, оқырманға қажетті кітаптың болмауы, оқырманға дұрыс ақпарат берілмеуі, міне осы жағдайлар оқырман мен кітапханашының ортасын алшақтатып, оқырман кітапханаға жолағысы келмей, кітапханашы оқырман жайлы бөтен ойда қалатын кездер де кездеседі.Кітапханадағы сөйлеу қарым-қатынасы үш алғы шартты басшылыққа алуы қажет: адамдарды дұрыс тани білуі, олардың іс-әрекеті неге бағытталғанын түсініп, оқырмандар мен әріптестердің әркайсысына жеке ерекшелігіне қарай қарым-қатынасты таңдап алса, тіпті қүба- қүп. «Кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым-қатынас еңбек қарым-қатынас жүйесі болып құрылады. Оқырман кітапханашыны барлығын білетін, білімді, қайырымды, кез-келген уақытта көмекке келетін маман ретінде қабылдайды. Осы түсініктенауытқыған жағдайда «кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым-қатынас қайшылыққа ұшырап, оқырман кітапханашыға сыни көзқараспен қарай бастайды.
- Әріптестер, қызмет барысында оқырманмен қайшылықтар кездесті ме? Егер болса, оны қалай шештіңіздер?
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)