Кітаптың кілті - білімде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітаптың кілті - білімде

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім кілті – кітапта

« Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге»

( Абай)

Кітап – бүкіл білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы. Қазіргі білімді ,ой-өрісі кең, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани нәрін алады. Көптің ойын байытып, білімін молайтып, оқу нәрімен сусындатар рухани орда – кітапхана деп түсінуге тиіспіз.

Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан – жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір рухани орын. Кітапханашы оқырманның талап – тілектерін қанағаттандырып, оқумен тәрбиелеп, қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді үйретуге тиіс.

Оқушының ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Оқушылардың білімге қызығушылығын оятуға не әсер етеді? Осы сияқты сұрақтардың шешімін табуда тек педагогтар ғана емес, кітапханашылардың да қосар үлесі мол.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашы оқырманды жылы жүзбен қарсы алып,жақсы ілтипат көрсетуі тиіс.

Біздің мектебіміздің кітапханасы – жас ұрпаққа тәлім – тәрбие берумен қатар, рухани жан – дүниесін байытып, толықтырып отыратын орын. Ал кітапханашымыз Ибрагимова Фатима апай оқушылармен тығыз байланыста болып, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірігіп, түрлі іс – шаралар өткізіп тұрады. Оқушылар кітапханаға қажетті кітабын тауып оқитындығына сеніммен келеді.

Мектебімізде әр мерекеге байланысты іс- шаралар кітапханада да өткізіледі. Бұл іс- шаралар оқушылардың кітапты қызығып оқуына айтарлықтай септігін тигізе алады.Кітап оқу көп уақытты алады деген түсініктен аулақ болуымыз керек. Кітап қашан да жан азығы,тәрбиенің қайнар көзі.Кітапты оқыған кезде сол кітаптағы кейіпкерлермен бірге күн кешіп жүргендей сезінесің. Кітаптағы кейіпкермен бірге қуанып, бірге мұңаясың. Бұл бір ғажап сезім емес пе?! Сол кейіпкермен бірге өзіңді тәрбиелеп, түзей аласың. Кітаптың әрбір бетінің исі сен үшін қымбат болып қалары сөзсіз.

« Наданмен қас болғанша,

Кітаппен дос бол » , — деген Баусттың сөзіне ден қойсақ, ақыл мен білімнің бастауы – кітапта екенін ұғамыз. Кітаптың әлемдік өркениетте үлесі шексіз. Қазіргі кезде ғаламтор, теледидар, радио, т.б.түрлі ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырады. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды, өйткені адамның жан дүниесін, армандарын,сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. Сондықтан кітап әрқашан басты рухани байлығымыз болып қала бермек.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі