400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

кмж

Материал туралы қысқаша түсінік
....
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме cабағының тақырыбы: 1. Көгалдандыруды жоспарлау негіздері. Жобаны

орындау әдістері.

2.Практикалық жұмыс: Қазіргі заманғы гүлошақтарды

жобалау.Миксобордюр, клумба, рабатка жобасын құру.

Үйірме сабағының мақсаты:

Білімділік: үйірме мүшелеріне аула мен бақша аймағын көгалдандыру жобасын құру туралы түсінік беру,үлгілері мен жолын үйрету

Тәрбиелілік: көгалдандыру жұмыстарына тарта отырып , еңбекке деген ынталарын арттыру, қызығушылығын ояту;

Дамытушылық: жобаны құру, жоспарлау негізін үйрете отырып, кәсіби мамандықтың бір түрі ретіндегі көзқарас қалыптастыру

Әдістері: баяндау , көрнекілік,

Көрнекілігі: интеракт. тақта, бейнетаспа,құрал- жабдықтар,тастар, жасанды шөптер жасанды және табиғи гүлдер ,суреттер;

Жүру барысы

1.Ұйымдастыру: Оқушылардың қатынас деңгейін тексеру

Қажетті құралдарын тексеру, жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті

пысықтау

2.Өткен тақырыпты пысықтау

Клумба дегеніміз не?

Рабатка дегеніміз не?

Миксбордер дегеніміз не?

Альпинарий дегеніміз не?

Контейнер дегеніміз не?

Бейнежазба «Менің арманымдағы аула» (жаңа сабаққа үйірмемүшелерінің назарын аударып қызығушылықтарын оятуға негізделген, жоспарланған көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығынан хабардар ету);

(Сұрақтарға жауап беру, аталған гүлзарларға қысқаша сипаттама беру)

Жаңа тақырып: Ертеде бір данышпан былай деген екен: «Қандай да бір іс әрекет кез –келген жерде емес ,сол істі тындыратын адамның басының ішіндегі мида басталуы керек» Бұл сөз өте дұрыс айтылғанын баршамызда мойындаймыз. Шындығында да кез-келген қадам алдын –ала жан-жақты ойластырылуы керек. Сол сияқты көгалдандыру жұмыстарында да ең алдымен жоспар және жоба қажет. Жоспар дегеніміз-жасалатын әрекетті алдын-ала жазып қағаз бетіне түсіруі. Алдымен жоспарға талдау жасайық.Ол мына бөлімдерден тұрады:

1.Жер телімінің көлемі

2.Топырақ сапасы

3.Жерді пайдалану талаптары

Жоспар алдын- ала көгалдандыру жұмыстарын бастамас бұрын жасақталады.Жан жақты өлшеп , ойластырып құрылады.Дәлірек айтқанда ол жерді кімдер пайдаланады үлкендер ме , балалар ма, оларға не қажет.Мысалы мектепте спорт алаңы міндетті болса, бала –бақшада аулаға өскен өсімдіктердің зиянсыз болуына көңіл бөлінеді.Ал қазіргі ірі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер де өз істерінің алға басуына жайнап тұрған аула жағымды әсер етеді деп есептейді екен. Жоспар дайын болған соң жоба басталады. Жоба –жоспардың сызба сурет түріндегі үлгісі. Ол екі түрлі сызбадан тұрады:

1.Жер телімін бөлу сызбасы,ол шамамен мына бөлімдерден тұрады:

(тұрғын нысаны-үй)

шаруашылық нысаны (гараж, септик т.б.)

демалыс нысаны( ойын алаңы, сутоған, беседка)

көгалдандыру (орны бау-бақша, көгал)

2.Көгалдандыру жұмысының сызбасы 2 бөлімнен тұрады:

1-ші сызбада негізгі нысандар, жолдар, олардың өлшемдері көрсетіледі.

2-ші сызбада егілетін ағаш немесе гүлдер көшеттерінің түрі, саны,гүлзарлар мен көгалдың орны көрсетіледі.Ондағы отырғызылатын ағаштар мен гүлдер желге төзімділігі,жылу мен жарықты қажет ету ұқсастығы және бояу үйлесіміне қарай топтастырылады.

Барлығын нақтылап алған соң қаржының қажетті мөлшері осыған сай есептеледі. Қаражат мөлшері есептелініп дайын болғаннан кейін қажетті құралдар мен материалдар, көшет түрлері сатып алынады.Барлығын толық дайындап алған соң істі бастаймыз. Жобаны іске асыру да ол әр адамның қалауына, қаражатына байланысты шешіледі:

  1. Арнайы мамандарға тапсыру арқылы орындалады.

  2. Жер иесінің өзі орындайды.

Жобаның орындалу барысы:

Жер телімін артық қоқыстан тазарту.

Бұрын отырғызылған ескі қажетсіз өсімдіктерден тазарту, бұрынғы ағаштарды түзету, бұталарын кесу.

Топырақ бетін тегістеу.

Одан соң құрылыс жұмыстары жүреді:

Шалғын, түрлі гүлзарлар т.б. нысандардың керекті қоршаулары жасақталады.

Көгалдандыру нысандарын егу және отырғызу.

Оларға қажетті күтім жасақтап отыру

Осы аталған қадамдар толығымен орындалған кезде сол жобаның иесі қалаған сәнді аулаға немесе бау бақшаға қол жеткізе алады. Осыған мысал ретінде бейнежазбаны тамашалап өтейік.

3.Бекіту тапсырмалары:

«Сарапшы» білімді пысықтау:

Суретпен жұмыс Тақтада пайда болған суретке мұқият қарап осы сурет бойынша пікір жазу,тірек сұрақтары:

Бұл қандай жер?

Мұнда сен қандай нысандарды көріп тұрсың?

Саған ұнайды ма,несімен ?

Саған ұнамайтын жері бар ма , болса көрсет, өз пікіріңмен бөліс?

4.Қорытынды: Сұрақтарға жауап беру

Жоспар дегеніміз не?

Жоспар неден тұрады:

Жоба дегеніміз не?

Жобаны неше бөлімге бөлуге болады?

Жұмысты неден бастаймыз?

Міне балалар біз жоспар құру және жоба жасақтау оның қажеттілігі туралы танысып білдік.Бүгінгі сабақта біздің үйірме мүшелерінен мына оқушылар белсенділік танытты.Ол тек алғашқы түсініктер ғана, болашақта осы іспен тереңірек айналысар ойларыңыз болса үйірме сабақтарынан қалмаңыздар, сондай-ақ өз білімдеріңізді тереңдету үшін ғаламтор желісінің арнайы сайттарын да пайдалануларыңызға болады, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
01.09.2023
230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі