Материалдар / Көкжар жәрмеңкесі-тарихи мұра
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көкжар жәрмеңкесі-тарихи мұра

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкжар жәрмеңкесі тарихы туралы айтылады.Жәрмеңке жыл мезгіліне қарай өткізіледі.Қазір тарихи орынды қорғау керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
551
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көкжар жәрмеңкесі кейбір дерек көздерінде Ойыл жәрмеңкесі деп жазылып жүр.Республиканың батыс өңірінде ноғайлы жұрты қонысы болғандықтан, бұл туысқандар «биік», «жоғары» деген сөздерді «Көкияр» деген сөзбен береді.Ресейдің атақты 10 жәрмеңкесінің, Қазақстандағы атақты 3 жәрмеңкенің бірі болған, өз заманында атағы айшылық алыс жерлерге жеткен Көкжар жәрмеңкесі тарихта Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі сауда орталығының бірі ретінде айтылады. Тарих ғылымдарының кандидаты, марқұм Беркін Құрманбековтің «Ойыл жәрмеңкесі» атты еңбегіндегі деректерге сүйенсек, Көкжар жәрмеңкесі туралы негізгі ережелер 1866 жылдың 7 қыркүйегінде Ресей ішкі істер министрлігінде бекітілген. Ол ресми түрде 1867 жылы көктемде Орал облысының Қазбек болысында ашылған. Екі жылдан кейін Қазбекте ашылған Ойыл жәрмеңкесі «орыс көпестерінің қауіпсіздігін, емін-еркін қозғалысын және тауарларының тезірек әрі толығымен сатылуын» қамтамасыз етуге қолайлы орын ретінде Ойыл бекінісінің жанына Барқын шатқалына көшірілген. Жаңа орындағы алғашқы 1869 жылғы күзгі жәрмеңке өте табысты өткен. «Тауар айналымының өсуіне байла­нысты Ойыл жәрмеңкесінің сауда алаңына 18 тас корпус салынып, олардың әрқай­­­сы­сында 9 лавка орналастырылған. Ойыл жәр­меңкесі қарама-қарсы орналасқан ұзын­­­дығы 400-500 метрге созыла салынған сауда ғимараттарында өткізілетін болған. Осы қатарда екі үлкен сауда корпустары, 30-дан астам дүкеншелер (ларектар) орналасқан», деп жазады тарихшы Беркін Құрманбеков. 2011 жылы шыққан «Ойыл ауданы» ұжымдық анықтамалық жинағында Б.Рысбаева мен Д.Исабаев Көкжар жәрмең­кесіне қазақтар, орыс, татар Орта Азия көпестері әкелген тауарларға: мата, ыдыс-аяқ, кептірілген жеміс, т.б, мал және мал шаруашылығының өнімдерін (түйе, қой жүндерін, ешкі түбітін, мал және аң тері­­­ле­рін, елтірі, ішік-тон, т.б.) айыр­­бас­таға­нын келтіреді. Жылына екі рет, жазда15 мамырдан 15 шілдеге дейін және күзде 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін өткізілген жәрмеңкеде саудагерлер мен жергілікті қазақтар арасындағы сауда айыр­бас түрінде жүргізілгені де осы еңбекте жазылған. Авторлар Орынбор өлкесіндегі жәрмеңкелердің ішінде «Базарбасы» қызметінің алғаш рет осы Көкжар жәрмеңкесінде енгізілгенінен хабардар етеді. Бұған нақты дәлел ретінде Орынбор генерал-губернаторының сауда министріне жіберген хабарламасынан үзінді келтіреді. Онда «Өлкедегі дала жәрмеңкелерінің ішінде «Базарбасы» қызметі алғаш рет Көкжар жәрмеңкесінде өз қызметін бас­тады, Көкжар жәрмеңкесінің базарбасы болып Ашықпай Лепесов тағайындалды», деп жазылған. 1870 жылдан бастап Көкжар жәрмеңкесінің төрағасы болған Меңдібай Күмісбаев бұл қызметті 40 жылдай атқарған. Ресей ста­­тистикалық комитетінің 1911 жылғы дерек­­­­­тері бойынша Көкжар жәрмеңкесінің сауда айналымы 2 млн. 140 мың сомға жетіп, ең ірі 13 жәрмеңкенің арасында 9-орын алған. Мешіт, жәрмеңке комитеті, сауда дүкендері инженерлік өлшеммен, сәулеттік өнермен салынған, қызыл кірпіштен және қарағайдан тұрғызылған көпестердің үйлері түзу көшелерді құраған. Міне, тұрғызылғанына біржарым ға­сырға жуық уақыт өтсе де, күйдірілген сапалы кірпіштен өріліп салынған жәр­мең­­­кенің сау­да қатарлары әлі күнге дейін сынын бермей тұр. Ал сауда қатарларының ортасында орналасқан ескі қызыл кірпішті ғимарат кезінде жәрмеңке комитетінің үйі болған. Жәрмеңкенің жұмысын ұйымдастыруға қатысқан комитет басшылары отырған ғимарат қазір облыстық маңызы бар тарихи ескерткіштердің қатарында. Дерек көздерінен белгілі болғанындай, қазақ жерінде үлкенді-кішілі 150 жәрмеңке болған, бірақ соның бір де біреуінің орны осы Көкжар сияқты сақталмаған, дейді мамандар. Қазір бұл ғимарат Ойыл ауыл шаруашылығы колледжінің жатақханасы есебінде пайдаланылады. Кезінде бірнеше жыл Ойыл ауданының әкімі, кейін осы оқу орнының директоры қызметін атқарған, қазір зейнеткерлікке шықса да ұстаздық етіп жүрген Ғазиз Займолдин Көкжар жәрмеңкесі комитеті ғимараттары мен сауда қатарларының қолды болып кетпей, осы күйінде сақталуына елеулі үлес қосқан азамат. Есік-терезелері қақырап, әне-міне талан-таражға түскелі тұрған тарихи ғимараттар қалпына келтіріледі.Жалпы, Көкжар жәрмеңкесінің екі сауда қатарларында 90 дүңгіршек бар деп есептеледі. Соның бір қатарындағы дүңгіршектер жөнделіп, қалпына келті­­­­­рілген. Әрине, сол кездегі елдің жағдайымен салыстырғанда бұл да аз еңбек емес.Екінші қатардағы сауда дүңгіршектерінің есік-терезелері аудандық мекемелер қызметкерлерінің күшімен бітеліп, ретке келтірілген. Комитет ғимаратының терезелері, шатырлары, есіктері алмастырылған. Кір­піштері сол күйінде тұр. Қабырға­­­­лары­­ның қалыңдығы бір метрге жуық десек артық айтқандық болмас. Әлі күнге дейін құрамы белгісіз болып келген күйдірілген қызыл кірпіштердің сапалылығына таңғалмасқа шараң жоқ. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де міні құрымаған ғимараттың іші ұядай, таза да жылы. Ғимаратқа осыншама уақыт болды деп ойламайсың да. Сауда дүңгіршектерінің төбелері тас­тама ағашсыз қызыл кірпіштен өріліп жабылған. Бұл да құрылыс өнерінің бірегей жетістігі екені даусыз. Бұрын шаруашылық қажетіне пайдаланып, кейін иесіз қалған бұл сауда қатарларындағы дүңгіршектер қазір Ойыл аграрлық колледжінің қарамағында көрінеді. Әр дүкенге темір есік орнатылып, жабылып қойылған. Қазір де бір кәдеге асыруға болады. Әзірге бұған тек тарихи ескерткіш ретінде қараушылық басым. Осы жәрмеңкенің ортасындағы мешіт үйі қазір де имандылыққа қызмет етуде. 1893 жылы жәрмеңкеге келген саудагерлердің сұра­­­­­нысы бойынша «Көкжар» мешітінің та­­­­баны шикі кірпіштен қаланып, тастама ағаштары Орынбордан түйе арбамен жеткізілген. Мешіттің алғашқы бас имамы Мәди­нада дәріс алған Сағидолла Ізтілеуов бол­ған. Ол да қуғын-сүргіннің құрығына ілігіп кеткен. Көкжарда мал соятын қасапхана, диірмен, жүн жуатын орын жұмыс істеген. Қасапхана ғимараты күні кешеге дейін сақталып келді, таяу жылдары бұзылған. Мұнда кәріз жүйесі де болған дегенді айтады. Осы жәрмеңке ғимараттарының кірпіштері де осы маңда күйдіріліп, дайындалған. Көпес Красавиннің үйі де көне Көкжардың тарихын көз алдыңа әкелгендей сол кездегі сәулет өнерінің туындысы ретінде бағалы. Бұл ғимараттың да шатыры қайта жабылыпты. «…Кезінде керуен жолдары жан-жаққа кеткен Ойыл жәрмеңкесі сауда-саттықтың ірі орталығы болды. Тауар айналымы үш миллион сомнан асқан. Азия елдерінің тау­арлары Ойыл жәрмеңкесі арқылы Жәңгір хан жәрмеңкесіне жеткізіліп, бүкіл Ордаға тарайтын болған. Ескі керуен жолдары Көкжарды Орынбордың айырбас сарайымен жалғастырған. Ойылдан Жайықтың арғы бетіндегі далалық алқапқа тарайтын керуен жолдарының сауда үшін маңызы зор болды. Ойыл жәрмеңкесі сонымен қатар, Ырғыз, Маңғыстау өңірлерімен және Орта Азия көпестерімен сауда-саттық байланыс­тарын орнатқан. Бұл жәрмеңкеге Хиуа, Бұқара, Қарақалпақстаннан саудагерлер көп жиналған. Ауғанстан, Парсы жерлерінен келген түйе керуендері бұл өңірге таңсық тауарлар әкелген», деп жазады өз еңбегінде тарихшы Беркін Құрманбеков. Бұл пікірді «Ойыл ауданы» ұжымдық анықтамалық кітабына жазған алғы сөзінде аудан әкімі Мавр Абдул­лин былай тірілтеді. «Ертедегі саяхатшылар мен зерттеушілердің мәлімдемелері бойынша сол кезде Ойылдан сыртқа он екі тарам жол шыққан және сондай он екі жол осында қарай құлайтын болған. Ойылдан Сарайшық, Ұлытау, Арқаға баратын жолдармен қатар Қоңырат пен Хиуаға, одан әрі Бұқараға барып ұласатын төте жол атақты Жібек жолының бір тармағы болған» дейді. Мұның өзі Көкжар жәрмеңкесіне Орынбор, Орал, Саратов, Самара, Мәскеу, Ақтөбе, Аты­­­­­рау көпестері, өзбек, түркімен, Иран, үнді саудагерлері келген дегенді дәлелдей түссе керек. Қазақ даласында жәрмеңкелер тек сауда-саттықтың ғана емес, сонымен қатар, өнердің де ордасы болған. Қазақ өнерінің дамуында зор рөл атқарған жәрмеңкелерге ақын-жыраулар, жыршылар, күйшілер, әншілер келген. Тарихи деректерге қара­ғанда, Көкжар жәрмеңкесіне ақын Кердері Әбубәкір, Тәңірберген Молдабай келген, күйшілер Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Сәулебай, Әміреш домбыра шанағынан күй төгілдірген, Қашаған, Нұрым, Ақтан, Нұрпейіс Байғанин сынды жыраулар, ақындар таңды таңға ұрып жыр-дастандарымен, өлеңдерімен тыңдаған жұрттың құлақ құрышын қандырған, Мұхит Мералыұлы, Қызыл Тұрдалыұлы сынды әншілер жәрмеңкенің сәні мен салтанатын арттырған, елдің көңілін көтеріп, халықты өнерлерімен сусындатқан. Кезінде Көкжарда қазақтың атақты заңгері Бақытжан Қаратаев, Петербордың әскери медициналық институтын алтын медальмен бітірген ғалым, халқының қамын жеген Алаштың біртуар азаматы Халел Досмұхамедов атбасын тірегені белгілі. Осында қазақтың тұңғыш атты әскер училищесі ашылған. Ақтөбе төңірегіндегі орта ғасырдағы екі қаланың бірі халық Қырықоба атап кеткен Мәулімберді қаласы, Барқын құмындағы Ойыл орманы, Көкжар жәрмеңкесінің ғимараттары, Ойылдың тұмса табиғаты туристерді қызықтыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, күнде көріп жүрген жәрмеңке ғимараттары мен көпестердің ескі үйлері ғой демей, оларды өркениетті елдердегідей күтіп, тарихи ескерткіштер ретінде сақталып, қорғалса ұрпаққа жеткізер тарихи мұра болары сөзсіз!

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қызылқоға ауданы энциклопедиясы,2002 жыл

  2. Жангелдин ауылының тарихи – шежірелік энциклопедиясы, 2009 жыл

  3. Атырау энциклопедиясы, 2000 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!