Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Білім және менеджмент институты
«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Көкпар ойының ағзаға тигізер әсері
Орындаған: ФКС-311 тобының студенті Болатова Д.Б
Тексерген: PhD, қауымдастырылған профессор, Мендигалиева А.С
Орал 2024
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………... 3
1.Көкпар ……………………………………………………………….…………5
2.Көкпар ойынының шығу тарихы..……………………………………………8
3.Көкпар ойынының ережесі ..………………………………………………....10
4.Дүниежүзілік көкпар ойындары..……………………………………………..13
5.Батыс Қазақстан көкпар ойыншылары……………………….………………15
6. Көкпар ойынының ағзаға әсері ……………………………………………….19
Қорытынды ……………………………………………….………….…………..20
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………….…………..21
Кіріспе
Сағадан сап етіп жағадан алғанша қасам ішіп, қару ұмсынбас. Ол – қаһарман елдің қағидасы. Ал өмілдірігін үзердей алқынған аттар мен үзеңгісіне шірене отырып қиқуға қиқу қосқан қазақ азаматтарының бұл шабысы бөлек. Бұл – неше мыңжылдықтан бері жалғасқан ұлттық ойын - көкпарды білекті де жүректі жігіттердің тартқан сәтінің көрінісі.
Ұлы даланың төсіндегі будақ-будақ шаң, қиқулаған сайын құстай ұшқан тұлпар, адыр-бұдыр жерде омақасамын деген ойдан ада азаматтар... Алыстан барлаған адам жалпы көкпарға жарақтанған жігіттердің жанталасын, тебісінен теңселе жаздап топқа кірген қазан аттың қарқынын көргенде, құдды жер үшін айқасып жатқан сарбаздар екен дер. Осындай рух пен күшті қажет ететін ат спортын бабалардың қалай ойлап тапқанына таңданасың. Әлем халықтары киіз үйді көріп, жасалуы мен құрылуын зерттей келе қазақтың кемеңгерлігін еріксіз бағалаған еді. Ал көкпар ойыны әлемге таныла бастағанда, жағасын ұстап үріккендер мен таңданысын жеткізгендер де табылып жатты. Бұл батыр бабалардың бүгінгі ұрпағы үшін зор мақтаныш. Шындығында қазақ халқы көкпар ойынын қалай ойлап тапты деген заңды сұрақ туындайды. Тіпті, сол додаға шыдас беретін тек серке екенін дөп тапқандары бүгінгілер үшін тынып жатқан тылсым дүние.
Алайда әлімсақтан бүгінге жалғасқан дәстүрлі мерекеміздің көрігін қыздырар «көкпардың шығу тарихы әлі дүдәмалдау. Салт-санамызды сапырып, қалам ұшында ой тербеген ғалымдар «көк-бөрте» сөзінен, яғни терісі жыртылмайтын серке болғандықтан соған сай «көкпар» атауы берілген деп түсіндіруде. Көкпардың шығу тарихына дендеу үшін «Жазылмаған тарихымның жолдарын, Ауызекі аңызыңнан іздедім» – деп толғанған Мұқағалиша біз де аңызға бойлап көрелік. Мал баққан елдің тұрағы қыста қыстау, жазда жайлау болғаны белгілі. Сол қыстаудағы шопан тірлігінің түлені – қызыл көз, қанды азулы қасқыр. Ай қораланған күні қорасындағы тамақталған қойын көрген шопандар ширығып, талағы тарс айырылған деседі. Барлық қойшының басындағы нәубет болған соң, іргелес отыруға бекініп, түз тағысына не істеу керек деген сауал тастайды. Сөйтіп, тұрақтарын бір жерден сайлаған шопандар, қораға түскен қасқырды атпен омыраулата қуып, сілесі қатқанда тақымдап тартып, қолын қол, бұтын бұт етуге дағдыланады. Қайсар қазақтың арғы бабалары қасқырдан қасқыр қоймай тақымдап, қинап өлтіріп, бертін келе көксеркеге ауысқан деген деректер кездеседі. Осы айтылған аңыздың жаны бар іспетті. Мал баққан елдің жауының бірі қасқыр екені рас. Ал мылтықсыз заманда қазақ қойын қасқырға талатып қарап отырмағаны белгілі. Сондықтан да, көкпардың шығу тарихы осы аңызға саяды
1.Көкпар
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавишойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас атспорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығымотыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар– аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігінде сынайтын спорт. Көкпар жаппай және додатартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыстаәркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Додатартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұныкейде марта тарту деп те атайды.
Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысынарнаулы алаңда, командалық сипатта өткізубелгіленді. Ал 1958 жылданКөкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліпкеледі. Алаң көлемі қатысушылар санынабайланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екіжағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лікшеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарысбасталар сәтте командалар орталық шеңбердіңсыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешініңхабары бойынша басталады. Көкпар тартуқатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайтабасталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіскежетеді.

1-сурет .Көкпарды өз “отауына”жеткізу
Көкпар – қазақтың жаны. Үй іргесінен дүбірлетіп аттар өтсе қаны тулап, кермедегі тұлпарына тұрман салатын жұртпыз. Бұл ұлттық ат спортына жатқанымен, ойынның астары тереңде жатыр. Жаугершілік заманда батырлық пен ептілікке бейімдеу, сарбаз жолдасы ысқырып жеткен оқтан опат болған жағдайда, ат үстінен өңгеріп алып, жат жерге, жау табанында қалдырмауға машықтанудың ең ыңғайлы әдісі десек те болады. Өйткені шайқаста шейіт кеткен ақсүйек немесе қолбасының сүйегін жау қолына беру, жалауының жығылғанымен тең. Сондықтан да көкпар тартып, майдан даласында орын алған тосын оқиғада тосылып қалмау үшін машықтанған секілді. Бұл біз білетін бір ғана сипаты мен сыры.
Бүгінгі таңда көкпар ойыны қазақ сахарасында ғана емес, көршілес қырғыз, моңғол, өзбек сынды елдерде де ойналады. Баһадүр бабалардан қалған ғажайып ойынымыз «дода көкпар», «сайыс көкпар» және «жалпы көкпар» болып үшке бөлінетіні атқа мініп, қазақы қанын тулатып жүрген жандарға белгілі. Ал аймақтықтан бастап халықаралық жарыстарға дейін өтілетін түрі «сайыс көкпар». Бұл әлемдік аренаға сұранып тұрған спорт түрі десек те болады. Алайда, ат үстінде қазақтай қасқайып отыратын халық жоқ болғандықтан: «Бұл ойын емес, жабайылықтың асқан шегі», – деген сараң пікірге салынып жүрген елдер де бар. Ер қанаты ат деп білген қазақтың алты жасар баласы ат құлағында ойнап, додаға сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның өзі тіксінбей тура кіреді.
Алайда көкпарды қырғыз ағайындар бізден шыққан ойын деп байбалам салуда. Олар да атқа мініп, жамбы атқан жұрт болғандықтан таласқа түскісі келеді. Дегенмен, Сүйінбайдан жеңілген Қатағанды өмірде болмаған, бізде ондай ақын жоқ деп өткенін өшіргісі келетін қырғыздардың көкпарды табиғи қылып алғысы келгендігі де жалған. «Өркениет жоқ кезде өзгелерде, біздерде алтын, күміс, мыс та болған, темірін балқытып тұлпарына, үзеңгі соққан алғаш ұста қолдан», – деп айыскер Рүстем Қайыртайұлы айтқандай, әлемге шалбар кигізуді үйреткен қазақ еліне тән ойын екені даусыз. Сол себепті дәстүрін дәріптеп жүрген азаматтарымыз көкпарды насихаттау мақсатында үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастырып, жүйелі түрде жұмыс атқаруда. Мұның өзі егемен елдің ертеңі мен бабалар аманаты жолында істелініп жатқан ғибратты іс. [1]
2.Көкпар ойынының шығу тарихы
Көкпар – бұл екі топқа бөлінген ат үстіндегі шабандоздардың ешкі немесе қой тушасына таласу сайысы. Ойын жеңімпаздары командалардың тушаны қазандыққа салу есебімен анықталады.
«Көкпар» түрікше «кок бору» (көк бөрі) сөзінен аударылған. Ертеректе айтылған аңыздарға сүйенсек, қойды соққан қасқырлар бөлтіріктеріне тушасын апарып отырған, бөлтіріктер оған таласып, бірін-бірі қуып ойнаған. Содан кейін адамдар оны бөлтіріктер ойыны деп атаған немесе «көк бөрі» атауы осыдан шыққан. Ойын арқылы шабандоздың ғана емес, сонымен бірге аттың да мықтылығы сыналады. Көшпенділер бұл ойын кезінде физикалық қабілеттерін жетілдіруге аса мән берген. Сондықтан да ойын ел арасында кеңінен танылған. Жер, су, жем-шөп үшін талас көшпенділер арасында жиі болып тұратын еді. Ел арасында қақтығыстар болмаған кезде де, жас жігіттер өзін бабында ұстап, кез келген соғыста жауға тойтарыс беру үшін көкпарға қатысуды жөн санаған. Көкпар ептілікті шыңдап қана қоймай, ешбір жаттығу арқылы қозғай алмайтын бұлшықеттің де жұмысын жақсартады. Сонымен бірге ойын ауылдастар арасындағы ауызбіршіліктің сақталуына, ауылдың біртұтастығын демеп отыруға септігін тигізген. ХХ ғасырдың 70-жылдарына да дейін бұл ойынға мән берілмей, аса қауіпті ойын түрі ретінде қаралды. Ойынға ешқандай дәреже берілмей, тіпті спорт түрі ретінде еш реестрде тіркелмеді. Бірақ ауыл арасында ойын кеңінен тарап, әуелде тек қызығушылық ретінде ойналса, кейіннен дәстүрлі түрде мереке, тойларда ойнатылып, танымалдыққа ие бола бастады. 80-жылдарға қарай ойын түрі жаңа статусқа ие болып, тіпті ұлттық спорттың осы түрінің арқасында күрестен олимпиада чемпиондары шыға бастады. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық спорт түрлері одан әрі дамып, әлемдік деңгейге дейін көтерілді. 2001 жылы Бішкекте көкпардан Халықаралық федерацияның негізі қаланды. Бұл ұлттық спорт түрінің жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізді.
Ойынның «көкпар» атауы оның қалыптасуы мен тарихына дендеп бойлауға мүмкіндік беретін айғақтардың бірі. Алайда, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде көкпар ойынының басқаша атауы «лақ шап» - «чап ұлақ»түрінде кездеседі.

2-сурет. Шабандоздардың ешкі немесе қойға таласу сайысы
Мифологиялық құндылықтарға жатқызылып отырған кёк бёру, көк-бөрү, кюк бюре, кöк-бöрӱ, күк бүре – бұлардың барлығы да ежелгі дәуірдегі бөрінің киелік бейнесін паш ету көрінісін хабарлайтын сөздер екені анық. Алайда, қырғыз халқы көкпар ойынын халық арасында кең тараған «ұлақ тартыш» түрінде атағаны мәлім, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов өзінің «Қош бол, Гүлсары!» хикаясында «ұлақтартқыш» түріндегі атаудың орысша калькасы - «козлодрание» сөзін қолданады, бір де бір рет «көкбөрі» атамайды.
Атаулардың ішінде көкпар, кок-борувариациялары тарихи қалыптасқан. Осы «көкбор»-дан «көкбору», «көкбөрі» түріндегі туындысы бертін келе тіпті, 20-ғасырдың 80-жылдарға қарай көктүріктер аңызымен шендесіп кеткен деп есептейміз. «Көкпар» атауын көптеген зерделеушілер, «көк бөрі» сөзінен шыққан деуге әуес болып жүр және оның лингвистикалық құбылысын ашпаған күйі қалдырады. Шын мәнінде көк бөрі – көкбөр – көкбор – көкпартүріндегі тізбекке айналатындай, үндесім заңына бағынғыш түркі тілі «көк бөрі»-ден «көкпар» сөзін тудыруы екіталай. [2]
3.Көкпар ойынының ережесі
Көкпар ойыны байырғы дәстүр бойынша ойыншылардың барынша әділ ойнауы жөнінде уәде берулерінен басталады. Мұндай уәде беруге келіспегендер ойынға жіберілмейді.Уәдеге атүсті қарағандар төрешіден ескерту алып, тіпті болмағанда, ойыннан шығады. Әр топ он жігіттен тұрады. Бірақ ойын алаңына әр топтан атқа мінген 4 жігіттен ғана шығады. Ойында ойыншыларды алмастырудың да өз ережесі бар. тек ойыншыларды ғана емес, олар мінген атты да алмастыруға болады. Ойын әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Ойын ұзындығы 200 метр, ені 80 метрді құрайтын алаңда өтеді. Алаңның екі шетінде екі бірдей қазан орнатылады. Олардың әдеттегі көлемінің диаметрі 3,6 метр, биіктігі 1,5 метр болады. Ойыншылардың мақсаты жерден ешкі денесін алып, оны қарсылас тарап жаққа алып өтіп, олардың қазанына тастау керек.Ойыншылардың әрекетін 3 адамнан құралатын ат үстіндегі төрешілер тобы қадағалайды. Ойынға қатысушы жігіттер ойын барынша ойын тәртібін сақтауға тырысады. Заманауи көкпар ойынында оларға өрескел әрекеттерге баруға тыйым салынған. Мысалы, ойыншы жерден ешкі денесін көтеріп алып жатқан уақытта оған шабуыл жасауға болмайды.Сонымен қатар ойыншыны қамшымен ұруға қатаң тыйым салынған. Ойыншыларға көрермендер жаққа баруға болмайды. Ал көрермендер жердегі ешкі денесін ойыншыларға алып бере алмайды. Аталғандарға қоса, ешкі денесін алып бара жатқан ойыншыны аттан лақтыруға, ешкі денесін ойыншының арқа тұсынан жұлып алуға тыйым салынған. Хоккей ойынындағы сияқты, ойын ережесін бұзған ойыншы 2 минутқа ойыннан шеттетіледі. Топтағы ойыншыдан айырылу ойын есебіне әсер етпей қоймайды
Көкпар – бұл қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрі, ат үстінде ойнайтын командалық ойын. Ойын жылдамдықты, шеберлікті, төзімділікті және атқа міну дағдыларын қажет етеді. Көкпар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдерінде кең тараған.

3-сурет. Көкпар ойынының ережесі
Көкпар ойынының негізгі ережелері
1. Ойынның мақсаты:
Ойыншылар салмағы шамамен 30-50 кг тартатын серкені (немесе арнайы жасалған муляжды) алып, оны қарсыластың қазандығына (қоржынына) салуы қажет.
2. Ойынға қатысушылар:
Әр командада 5-12 ойыншы болады (алаңда 4-5 ойыншы ғана ойнайды, қалғандары ауыстырылатын құрамда болады).Әр ойыншы ат үстінде ойнайды.
3. Алаң:
Көкпар ойыны арнайы дайындалған алаңда өтеді. Алаңның ұзындығы – 200-300 метр, ені – 100-150 метр. Алаңның екі шетінде қазандықтар (қоржын салатын орындар) орналасады.
4. Ойын уақыты:
Ойынның ұзақтығы – 20-30 минуттық екі таймнан тұрады. Таймдар арасында 10 минуттық үзіліс беріледі.
5. Серке:
Серке – ойынның негізгі элементі. Ол бұрын шынайы серкенің денесі қолданылса, қазіргі таңда оның орнына арнайы жасалған муляж (қауіпсіздік үшін) пайдаланылады.
6. Ойын ережелері:
Ойыншылар серкені алаңның ортасынан алып, оны қарсыластың қазандығына апаруы тиіс. Серкені алып жүру үшін әр ойыншы тек өзінің физикалық күші мен атын пайдаланады. Қарсылас команда ойыншылары серкені қайтаруға тырысады, бірақ бұл кезде ат пен адамға зиян тигізетін әрекеттерге тыйым салынады. Серкені ұстап тұрған ойыншыны аттан құлату немесе оған қол жұмсау – ережені бұзу болып саналады.
7. Тыйым салынған әрекеттер:
Аттың жүгенін тарту немесе атқа зиян келтіру. Қарсыластың денесін ұру немесе итеру. Алаң шекарасынан тысқары шығу.
Ұпай санау:
Серкені қазандыққа салған команда бір ұпай алады. Ойын соңында ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып танылады.
Көкпар ойынының ерекшеліктері:
Көкпар тек спорт емес, сонымен бірге батылдықты, шеберлікті және ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін өнер. Ойын барысында командалық рух, ептілік және стратегиялық ойлау маңызды. Көкпарды тек ерлер емес, әйелдер арасында да ойнау дәстүрі қалыптасып келеді. [3]
4. Дүниежүзілік көкпар ойындары
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.
Көшпенділер ойындарына әлемнің 85-тен астам елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Астанада 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.
Ойындарды өткізу аясында Астанада "Көшпенділер әлемі" этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының және қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныса алады.
Команданың құрамы: 12 спортшы, 1 бапкер, 1 команда жетекшісі, 4 жылқышы, 1 мал дәрігері.Көкпар алаңы екі командаға тең бөлінеді. Көкпар алаңының пара- метрлері: ұзындығы 220 м, ені 70 м. Мәре алаңы 3 метрлік диаметрмен (шеңбер) орнатылған. Екі команданың «мәре» шеңберлерінің арасындағы қашықтық 180 м. Орталықтан «шеңберге» дейін 90 м. «Мәреден» ойын алаңының сыртқы сызығына дейін 20 м. «Шеңберден» айыппұл алаңына дейін 35 м, орталық шеңбер мен екі жақтағы шеңберлердің диаметрі 8 м. Команда капитандары жеребе тастау арқылы өз мәресін анықтайды да, мәре сызығына жалауын орнатады. Сайыс әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Кезеңдер арасында 10 минуттық үзіліс болады. Үзілістен кейін командалар мәре сызығын ауыстырады. Жарыс кезінде команданың жанында екі адамнан артық болмауы керек: 1 жаттықтырушы, 1 команда жетекшісі.Жеңіс өз шеңберіне (мәре сызығына) ең көп серке (нақпішін) тастаған командаға беріледі. Серкенің (нақпішін) салмағы 30-33 келіден аспауы керек.
Кездесудің негізгі уақыты біткенде екі команда тең түссе, 5 минуттық үзіліс беріледі, мәре кейінге шегеріледі және қосымша 10 минут уақыт беріледі. Осы уақытта шеңберге бірінші түсірген (салымды) топ жеңеді. Егер коман- далар белгіленген уақытта шеңберге түсіре алмаса, онда жеңімпаз жекпе- жек арқылы анықталады. Яғни, екі командадан бір-бір ойыншы ортадағы шеңбердің ішіне кіреді. Төреші серкені екі ойыншының ортасына лақтырады, қай ойыншы серкені ұстап алып, өз шеңберіне орналастырса, соған ұпай есептеледі. Бұл бағытта әр командадан үш ойыншыдан үш кездесу өт- кізіледі. Жеңімпаз топ ұпайлардың жалпы санымен анықталады. Әрбір сай- ыс әдісіне 3 минут уақыт беріледі, егер бұл уақытта ұпай жиналмаса, төреші жекпе-жекті тоқтатады да, келесі жұп шақырылып, жекпе-жекті бастайды. Жекпе-жек кезінде серке шектен шығып (сыртқа), ұрыс тоқтатылып, келесі жекпе-жек жалғасады. Ойындардың басталуына бір күн қалғанда спорт түрі бойынша төрешілер алқасы командалардың өкілдерімен бірлесіп тех- никалық кеңес өткізеді, онда жеребе тасталады және берілген өтінімдер санына байланысты жарысты өткізу тәртібі белгіленеді.
Жарыстар Қазақстан Республикасының «Көкпар» федерациясының ережелері бойынша өткізіледі.[4]
5.Батыс Қазақстан көкпар ойыншылары
|
Батыс Қазақстан облысы |
|
|||
|
1 |
Ғазезов Жанәділ |
29.09.1994 |
СШҮ |
|
|
2 |
Тілекқабылов Данат |
05.02.1996 |
СШҮ |
|
|
3 |
Иманғазыұлы Нармағамбет |
25.08.1999 |
СШҮ |
|
|
4 |
Бисекешов Жанайдар |
03.05.1988 |
СШҮ |
|
|
5 |
Бисекешов Жәнібек |
12.06.1990 |
СШ |
|
|
6 |
Уразбай Алмат |
27.01.1996 |
СШҮ |
|
|
7 |
Ғалым Мақсот |
21.11.1995 |
СШҮ |
|
|
8 |
Жеңісов Мағжан |
14.01.1997 |
СШҮ |
|
|
9 |
Оңғарбаев Аділ |
24.02.1998 |
СШҮ |
|
|
10 |
Бектияров Манарбек |
21.03.1982 |
СШ |
|
|
11 |
Қалиев Әнуарбек |
13.02.1998 |
СШҮ |
|
|
12 |
Сарсенов Ақтлек |
21.01.1990 |
СШҮ |
|
|
13 |
Сарсенбаев Мұхамеджан |
18.02.1974 |
СШ |
|
|
14 |
Дауренбеков Бақытжан |
28.01.1977 |
СШ |
|
|
15 |
Буздаев Нуралы |
11.01.1980 |
СШҮ |
|
|
16 |
Жидебеков Азат |
22.06.1986 |
СШҮ |
|
|
17 |
Амирекулов Нурсеит |
05.03.1989 |
СШҮ |
|

4-сурет.Ғазезов Жанәділ Аманұлы
Ғазезов Жанәділ Аманұлы. 1994 жылы 29 қыркүйекте Ақжайық ауданы Құрайлысай ауыл округі Әтібек елді-мекенінде дүниеге келген. 2010-2013 жылдары аралығында Орал политехникалық колледжінде «Құрылысшы» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2011жылдан «Облыстық ат спорты» мектебінде білім алып, БҚО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. 2012 жыл Шымкент қаласында Асанбай Асқар атындағы Халықаралық турнирде аударыспақтан жеңімпаз, 2013 жылы Республикалық «Ақ бидай» ауыл ойындарында Шымкент қаласында теңге ілеуден бас жүлде, 2014 жылы Түркістан қаласында ашық Республикалық турнирдің күміс жүлде иегері, 2015 жылы Талдықорған қаласында ҚР чемпионатында күміс жүлде иеленеді. 2013-2019 жылдар аралығында облыстық балалар жасөспірімдер мектебінде «Ат спорты» бөлімінде бапкер - жаттықтырушы, 2019 жылдан Ақжайық ауданында «Жігер» спорт клубында спорт - нұсқаушы болып жұмыс жасап, ұлттық спортқа облыс деңгейінде шәкірт тәрбиелеумен айналысуда.
6. Көкпар ойынының ағзаға тигізер әсері
Көкпар ойынының ағзаға тигізер әсері денсаулыққа байланысты көптеген оң және теріс жақтарды қамтиды. Бұл ойында физикалық белсенділік, психологиялық әсерлер және әлеуметтік ортаға ықпал ету негізгі рөл атқарады.Көкпар ойынының ағзаға тигізер әсері:
Физикалық денсаулықты нығайту:
Бұлшықеттерді дамыту: Ат үстінде ойнау барлық бұлшықет топтарын (аяқ, қол, арқа және іш бұлшықеттерін) нығайтады.
Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері:
Жоғары қарқынды физикалық белсенділік жүрек пен өкпенің жұмысын жақсартады, қан айналымын арттырады.
Координацияны дамыту: Ат үстінде тепе-теңдік сақтауға тырысу дененің үйлесімділігін жақсартады. Иілгіштік пен төзімділік: Атқа мініп, түрлі маневрлер жасау дененің икемділігін арттырып, жалпы төзімділікті күшейтеді.
Психологиялық денсаулыққа әсері:
Стрессті төмендету: Ойын кезінде эмоциялық босану және адреналиннің бөлінуі көңіл-күйді жақсартады. Өз-өзіне сенімділікті арттыру: Ойыншының қиындықтарды жеңуі және жетістікке жетуі оның психологиялық тұрақтылығын арттырады. Шоғырлану қабілетін дамыту: Көкпар кезінде ойыншының зейінін серкені ұстап, оны қазандыққа жеткізуге бағыттау шоғырлануды жақсартады.
Әлеуметтік әсерлер:
Командалық рухты дамыту: Топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Әлеуметтік байланыстар: Ойын барысында жаңа достар табу және қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі жоғары.
Қорытынды
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты. Көкпар – қазақтың жаны. Үй іргесінен дүбірлетіп аттар өтсе қаны тулап, кермедегі тұлпарына тұрман салатын жұртпыз.
Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді.
Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б. [1]
2. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б. [2]
3. Наурызбаев Ж. «Ұлттық ойын сипаттары», «Алматы» 1995 жыл,98б. [3]
4. Несіпбаев Б.К. «Ұлт ойын пайдалары», «Білім» 2003 жыл, 198 б. [4]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көкпар ойындарының ағзаға тигізер әсері

шағым қалдыра аласыз