400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көлік тізгіндеу және жөндеу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға машина жүргізуге және жөндуге көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1
Ф 7.01-93
8D01601 «ТАРИХ ПЕДАГОГІН ДАЯ РЛАУ»

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім беру саласының коды және атауы: 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағытының коды және атауы: 8D016 Гуманитарлық пәндер
бойынша педагогтарды даярлау

Берілетін дәрежесі: 8D01601 «Тарих педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы
бойынша философия докторы (PhD)

Бағдарламаның типі: докторантура, 8 деңгей ҰБШ/СБШ/ХСБЖ

Жалпы кредит кӛлемі: 180 академиялық кредит/180 ECTS

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТ Ы
1.1 Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
Білім беру бағдарламасының түлегі өз кәсіби қызметін:
- орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарында және өндірістік қызмет;
- білім беру саласында және өндірісте, мамандандыруға сәйкес біліктілікті арттыру саласында ғылыми-зерттеу қызметі;
- PhD докторы алған біліктілігіне сәйкес басқару қызметі салаларында жүзеге асыра алады.

1.2 Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары:
- жоғары және орта кәсіптік оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-құрастырушы ұйымдар;
- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
- негізгі, бейіндік және кәсіптік мектептер;
- педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мекемелер (институт, орталық, ұйымдар);


Page 2

2
Ф 7.01-93
- кәсіптік білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
1.3 Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері:
- интерактивтік орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (педагогикалық);
- педагогикалық және өзге де білім беру ұйымдарында білім беру (педагогикалық);
- зерттеу;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- әлеуметтік және коммуникативтік;
- өндірістік-технологиялық.
1.4 Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері
Оқытушылық:
- білім алушыларды оқыту мен дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;
- заманауи тарих әдіснамасын тиімді пайдалану;
- кәсіби дамуды жоспарлау және болжау;
- педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау, коррекциялау және диагностикалау;
- жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ
жоғары білім беру ұйымдарында педагог қызметін атқару;
- кәсіптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдану.
Зерттеушілік:
- Кәсіби саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеу;
- ғылым, білім саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау;
- білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеу және білім ортасын зерттеу;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;
- жаңа жағдайларда зерттеу мәселелерін шешу үшін әр түрлі пәндер аясында алынған білімді интеграциялау;
- кәсіптік салада ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізу және орындау мониторингтік зерттеулер жүргізу арқылы білім беру
бағдарламаларының тиімділігін бағалау.
Ұйымдастыру-басқару:
- ұйымның стратегиялық басқаруын ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориясы негіздерін меңгеру;
- әр түрлі деңгейде оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістерін анықтау және мазмұнын жоспарлау;
- кәсіпорындардың экономикалық қызметін ұйымдастыру және басқарудағы практикалық проблемаларды шешу;
- түрлі ұйымдармен, соның ішінде мемлекеттік қызмет органдарымен өндірістік байланыстарды жүзеге асыру;
Әлеуметтік-коммуникативтік:
- кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен
өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;


Page 3

3
Ф 7.01-93
- білім алушылардың тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсету;
- кәсіби қарым-қатынасты және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.
Тәрбиелік:
- білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту;
- педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын іске
асыру;
- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- нақты тәрбиелік міндеттерді шешу,
- ұйымда жұмыс істейтін әріптестермен және білім алушылармен, серіктестермен сыйластық, ашықтық және өзара түсіністік
қағидалары негізінде жақсы қарым-қатынас орнату.
Ӛндірістік-технологиялық:
- оқыту процесінде жаңа педагогикалық және IT - технологияларды қолдану;
- мониторингтік зерттеулер жүргізу арқылы білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамаларының нормаларын практикада қолдану.

БІТІРУШІНІҢ МОДЕЛІ

1. Пәндік білімі: өзінің пәндік саласын терең және толық түсінеді, кәсіби қызметінде білімін қолданады.
2. Ұйымдастырушы-әдістемелік қабілеті: кәсіби қызметін жоспарлауда, ұйымдастыру мен басқаруда инновациялық технологияларды
қолданады, кешенді проблемаларды шешуде сыни ойлау мен креативтілік танытады.
3. Зерттеушілік дағдысы: ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми-ізденіс жұмыстарына шәкірттерін баулиды.
4. Кӛшбасшылық және кәсіпкерлік дағдысы: команда да жұмыс істей алады, қоғамды жаңартуда белсенділік танытады.
5. Мәдени құзыреттілік: өз елінің мәдениетті және толерантты азаматы болу қабілетіне ие.
6. Ӛмір бойы оқу қабілеті: өз қабілеті мен мүддесін қоғам сұранысымен үйлестіреді.
7. Ақпараттық дағдысы: ақпараттық қоғамның мәнін түсінеді, кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдаланады.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КҤТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін бітіруші келесі қабілеттерге ие болуы тиіс:
ON1 – Тарихты оқыту саласында пайдаланылатын зерттеулердің әдістері мен дағдыларын меңгеруін, жүйелі түсінуін көрсетеді;
ON2 – тарихи зерттеулердің кешенді процесін жоспарлайды, әзірлейді, іске асырады және түзетеді;
ON3 – өзіндік зерттеулерімен ұлттық және халықаралық деңгейде жариялауға лайық зерттеулерімен ғылыми шекара аясын кеңейтуге
үлесін қосады;
ON4 – тарих ғылымындағы жаңа идеяларды жинақтайды және бағалайды, сыни тұрғыдан талдайды;
ON5 – қоғамның дамуына гуманитарлық ғылымдардан алынған біліміне сүйеніп ықпал етеді.


Page 4

4
Ф 7.01-93

Пәндер туралы мәліметтер

№ Пәндердің атауы Пәндердің қысқаша сипаттамасы
(30-50 сӛз)
Кред
ит
саны
Қалыптастырылатын ОН
(коды)
О
N
1

О
N
2

О
N
3

О
N
4

О
N
5


БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР ЦИКЛІ
Жоғары оқу орны компоненті
1 Педагогиканың
философиясы және
әдіснамасы
Педагогиканың философиялық негіздері, педагогикадағы әдіснамалық
метабілімнің ірі блоктары (педагогикалық әдіснама туралы жалпы түсінік,
оны анықтауға қажет тұғырлар; ұғымдық аппараты; қызметтері және
әдіснамалық білімдер құрылымы; әдіснамалық бағдарлар жиынтығы,
педагогикалық әдіснаманың даму кезеңдері және үрдістері) туралы жүйелі
ғылыми білімдер қалыптастырады.
6
+
БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР ЦИКЛЫ
Таңдау компоненті
2

Тарихи
тұлғатанудың
теориясы мен
практикасы
Тарихи тұлғаның тарихтағы ролін теориялық тұрғыдан бағалайды.
Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғалар, ХІХ ғасырдағы
ұлт-азаттық көтеріліс басшылары, ұлт зиялылары, Ұлы Отан соғысы
батырлары, кеңестік кезеңнің қайраткерлері туралы деректер қазіргі
көзқарас тұрғысынан сыни талданып, дүниежүзі тарихының контексінде
синтезделеді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұлғаларын қазіргі дерек
көздері арқылы қарастырады.
5

+ + + +
Отандық тарих
ғылымындағы тарих
психологиясы
Тарихи психологияның теориялық мәнін анықтайды. Адамзат қауымын
тарихи нормалар мен құндылықтарды тасымалдаушы ретінде қарастырады.
Әлеуметтік-тарихи сана-сезімді адамды қоғаммен, өркениетпен, жалпы
тарихпен шындық ретінде зерттеп, байланыстырады. Адамның даму тарихы
мен оның психикалық әлемінің адамзат тарихымен арақатынасын зерттейді.
Отандық тарих психологиясының ерекшеліктерін зерттейді, әлемдік тарих
психологиясының жетістіктерімен салыстырады.
БЕЙІНДЕУШІ ПӘНДЕР ЦИКЛІ
Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті
3 Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы мен теориясының басым бағыттарын, 6 + + +


Page 5

5
Ф 7.01-93
халық-азаттық
қозғалыстары:
зерттеудің теориясы,
методологиясы,
тарихнамасы
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихын оқытудың теориялық-
методологиялық мәселелерін жүйелі түсінеді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың
тарихи, әлеуметтік-экономикалық индикаторларын, Қазақстандағы ұлт-
азаттық көтерілістің зерттеу типологиясы мен әдістері тұжырымдалады.
Ұлттық тарихнаманы жандандыру жағдайында халық-азаттық қозғалыс
тарихын талдау дағдыларын қалыптастырады.

ХХ ғ. Орталық
Азиядағы саяси
қозғалыстар тарихы
ХХ ғ. Орталық Азиядағы қоғамдық-саяси үдерістерді өткен тарихи
кезеңдермен салыстырады. Орта Азиядағы панисламизм мен
пантүркішілдік идеясын талдайды, Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-
демократиялық қозғалыстардың себеп-салдарын түсіндіреді. Мемлекеттік
Дума жұмысына қырғыз (қазақ) өкілдерінің қатысуының маңызы н
анықтайды. Тарихнамадағы саяси қозғалыстар тарихының мәселелерін
бағалайды.
4 Қазақтың тарихи
мифологиясы
Қазақтың мифтері мен аңыздары, олардың айырмашылығы, мифтер
мазмұнындағы халықтың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-
түсініктері зерделенеді. Қазақ халқының дүниетанымдық негізі
философиялық, танымдық тұрғыдан зерделенеді. Қазақ мифтерінің
қоғамдық-әлеуметтік даму сатылары, тарихи деңгейлері мен тақырыптық
аясы ұлттық деңгейде қарастырылады.
6 + + +
Адамзаттың тарихи
ой-білімі
Адамзат баласының жүріп өткен жолындағы тарихи ой-білімдерін
адамзаттың ақыл-ой қазынасы ретінде қарастырады. Әр замандағы тарихи
сана дамуындағы ой-пікірлер, тарихи көзқарастардың бағыттары мен
мектептерінің қол жеткізген жетістіктері, тарихи шығармалар мен тарихи
теориялар талданып, сарапқа салынады.
5 Қазақстан
тарихының кеңес
деректері
ХХ ғ. деректері корпусының типологиялық өзгерістері, кеңес деректерінің
ерекшеліктері, деректерді бұрмалау мәселелері зерттелінеді. Статистикалық
деректерді, заңнамалық құжаттарды, дипломатиялық деректерді, саяси
партиялар мен қоғамдық ұйымдардың құжаттарын, мерзімді басылымдар
мен мемуарлық деректерді деректік талдаудың ерекшеліктері сипатталады.
6 + + +
Қазақстан тарихы
бойынша шетел
деректері
Қазақстан тарихына қатысты мәліметтері бар ежелгі шығыс және
антикалық, ортағасырлық араб, қытай және түркі деректері айқындалады.
Орыс және батысеуропалық деректерді қазақ тарихы бойынша дерек көзі
ретінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан зерттейді және сипаттайды.
Мұрағат және картографиялық материалдар Қазақстан тарихы бойынша
маңызды оқиғалардың құнды тарихи дерегі ретінде қарастырылады.


Page 6

6
Ф 7.01-93
6 Тағылымдамадан
ӛтуді және
докторлық
диссертацияны
орындауды
қамтитын
докторанттың
ғылыми-зерттеу
жұмысы (ДҒЗЖ)
Жаңа ғылыми зерттеулерге негізделген теориялық, эксперименталды,
қолданбалы тапсырмаларды немесе нақты ғылыми бағытты дамытудың
жетістігі болып табылатын нәтижелерді алу жолдары қарастырылады.
Ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік жетістіктерін зерттейді.
Компьютерлік технология мен заманауи ғылыми әдістерді қолдана отырып
мәліметтерді интерпретациялау мен өңдеу дағдыларын дамытады.
115 + + + + +


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі