Тақырып бойынша 11 материал табылды

Командалық жұмыс - мектеп дамуының бірегей ресурсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесінде мектептің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – командалық жұмыстың мәні мен маңызы аналар арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен әрекеттердің нәтижесінде білім сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді құрал ретінде сипатталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Командалық жұмыс - мектеп дамуының бірегей ресурсы
Манкеева Ардақ Белекқызы

«№16 орта мектеп» КММ директоры, Алатау қаласы,

ardak.mankieva@mail.ru\

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесінде мектептің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – командалық жұмыстың мәні мен маңызы аналар арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен әрекеттердің нәтижесінде білім сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді құрал ретінде сипатталады. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі – мектептердің дамуы мен инновациялық тәсілдерді енгізу. Мектеп дамуы тек жеке тұлғалардың жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың ортақ жұмысымен де байланысты. Осы орайда командалық жұмыс мектептің дамуы үшін маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Командалық жұмыс – бұл бірлескен күш-жігердің нәтижесінде ортақ мақсатқа жетуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Әсіресе, білім беру саласында командалық жұмыстың маңызы артып келеді. Мектеп директоры тек жалғыз өзі барлық проблеманы шеше алмайды. «Табысты команда құру үшін ортақ көзқарас, мақсат және стратегия болуы керек. Онсыз үйлесімділік пен жетістік жоқ" – деген екен Джон Максвелл /көшбасшылық туралы кітаптардың авторы/.

Осы мақсатта команданың даму стратегияларын айқындап алдық: 1. Жоспарлау. 2. Рөлдер мен міндеттерді нақты анықтау. 3. Ашық қарым-қатынас. 4. Кері байланыс.Тапсырмаларды бөлу. 5. Сенім және қолдау. 6. Нәтиже көрсету

2024-2025 оқу жылында Алатау қаласы, №16 орта мектеп ұжымы 2024-2025 оқу жылында «Жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту – уақыт талабы» атты өзекті мәселемен жұмыс жасады.

Командалық жұмыстың мәні мен маңызы
Командалық жұмыс – бұл жеке тұлғалардың білімі мен дағдыларын біріктіру арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізуге бағытталған үдеріс. Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара түсіністік пен серіктестік орнату,оқу процесін тиімді ұйымдастыру, оқу сапасын арттыру–осының бәрі командалық жұмыс арқылы жүзеге асыруды мақсат қойдық. Мұғалімдер командасының ортақ мақсаты – білім сапасын көтеру болды. «Үздіктен үйрен» жобасын бастадық. Ашық сабақтар, жиналыстар өткізіп, пән мұғалімдері білім берудегі инновациялық трендтермен бөлісті.

ІІ. Мұғалімдер арасындағы командалық жұмыс
Мұғалімдер арасында әріптестік және бірлескен жұмыс мектептің бі - лім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер бір – бірі - мен пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізе алады. Бұл оқушылардың білімін арттыруға, мұға - лімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал етеді.
«Нысаналы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында негізгі пәндер бойынша директордан бастап, барлығы 27 педагог курс оқыды. Оның ішінде 4 мұғалім /мектеп директорының орынбасарлары/ курстан босатылды. Қазан айында 23 педагог тестілеуге барды. Мектеп директоры, 20 педагог тестілеуден өтті, 3 педагог өтпеді. Бұл курс пән мұғалімдерінің білімін жетілдіруде маңызды роль атқарды.

Оқу жылы

Мұғалімдер саны

Педагог - зерттеуші

Педагог – сарапшы

Педагог – модератор

Педагог

2022 – 2023

48

9

12

13

2

2023 – 2024

43

10

14

11

1

2024-2025

44

12

13

12

7

Педагог-зерттеушілер мен педагог-сарапшылардың санының үлесі 56,8%. Салыстырмалы кесте бойынша барлық пәндерден оқушылардың үлгерімі екі жыл ағымында 100%-ды құрайды. Білім сапасы тұрақты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті. Білім сапасы төмендеген пәндер: орыс тілі – 3,7%, биология – 3,7%, география - 4%, химия – 1,4%, информатика - 6%. Білім сапасы көтерілген пәндер: орыс әдебиеті - 12%, ағылшын тілі -1,3%, алгебра - 1%, геометрия - 3%, физика - 6%, тарих - 6%, құқық - 2%, (1-сурет)

Білім сапасын көтеру үшін командалық жұмысты ұйымдастырудағы нақты әдіс-тәсілдер мен жобалар

1. Lesson Study әдісі – бұл мұғалімдердің бірлесіп сабақ жоспарлап, оны өткізіп, кейін бірлесіп талдау жасайтын тәсіл екені бәрімізге таныс. Бұл әдіс мұғалімдерге өз сабақтарын жетілдіруге, оқушылардың оқуына әсер ететін факторларды терең зерттеуге мүмкіндік берді. мұғалімдері Lesson Study тобын құрды. Олар "оқушылардың мәтінді түсінуін дамыту" тақырыбын зерттеді. Бір мұғалім сабақ өткізді, екіншісі бақылаушы болды, ал үшіншісі рефлексия жүргізді. Бірнеше циклдан кейін орыс тілі пәнінен оқушылардың мәтінді түсіну көрсеткіші 20%-ға, информатика, химия, биология, география пәндерінде оқу мақсаттарын меңгерту 7-8 %-ға артқаны байқалды.2. "Critical Friends Group" (Сындарлы серіктестер тобы) Бұл тәсіл бойынша мұғалімдер бір-бірінің жұмысын талдады, кері байланыс берді, бірақ сын емес, қолдау және жетілдіру мақсатында жасалды. Ай сайын кездесулер ұйымдастырылды. Мұғалімдер өз сабақ жоспарларын, қиындықтарын, жетістіктерін ортаға салып, әріптестерінен ұсыныс алды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда білім сапасы едәуір артты. (3-сурет). 3.Табысты білім беру ұйымының моделі жобасы «Заманауи мектеп» және «Жаңа ұрпақ» кешенді бағдарламаларынан тұрады. 1. «Шебер ұстаз - сәтті сабақ» жобасы 2. «Цифрлы мектеп»жобасы 3. «Біз біргеміз» жобасы (2-сурет).

Білім сапа көрсеткіші (3-сурет)

ІІ.Оқушылар арасындағы командалық жұмыс
Республикалық «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасы бойынша  жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Оқушыларға топта жұмыс істеу дағдыларын үйрету, олардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту мен қатар ынтымақтастыққа баулиды.. Олар бір-бірімен пікір алмасып, ортақ мақсатқа жету үшін ынтымақтаса жұмыс істеді. Сонымен бірге, буллингтің, құқық бұзушылық пен балалар арасындағы қауіптің алдын алуға бағытталған жобалар өз жұмысын жалғастырды. Олар:«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам». Бұл жұмыс түрі оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларын жақсартуға көмектесті. Сондай - ақ, оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар өткізілді. Жалпы бұл жұмыс балаларға құқықтық кеңес, психологиялық көмек көрсетуден басталды. Мектеп бойынша мектепішілік, аудандық ОДН есептерінде тұратын оқушы жоқ. Бірақ жоспарлы жұмыс үнемі жүргізіліп отырды. «Прокурордың жас көмекшілері» тобы құрылып, оқушылар арасында «Заң және тәртіп», «Сен құқығыңды білесің бе? " пікірсайыс, дебаттар өткізді. «Қалалық экологиялық жобалар" тақырыбындағы топтық жұмыс барысында әрбір оқушы өз қызметін анықтап, топ ішінде бірлесіп әрекет етті. Олар мектеп ауласын көгалдандыру бойынша жоба жасап, қала әкімдігімен бірлесе жұмыс істеді. Нәтижесінде, оқушылар экологиялық білімді тереңірек игеріп қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілік сезімін дамытты. Оқушылар жетістігі

Оқу жылы



Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

Жалпы

2022-2023

14

34

23

55

136

2023-2024

12

13

66

69

167

2024-2025

13

63

158

71

292



Көрсетілген кестеге талдау жасайтын болсақ, салыстырмалы үш жылдың ішінде шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орынға ие болған білім алушылардың санын артқанын көруге болады.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы – Батыр Ернұр







Облыстық байқаулар Г.К.Желдыбаева – облыстық «Үздік сынып сағаты» - 2 орын;Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының Құрмет грамотасы - 2а сынып жетекшісі М.О.Абдраманова; Қалалық байқауларГ.К.Желдыбаева – «Үздік сынып сағаты» - 1 орын;Т.С.Мусаева – «Мектептің үздік ата – аналар комитеті» -1 орын; Қ.Т. Несипбаева - «Мектептің үздік қамқоршылық кеңес комитеті» - 2 орын; «Адал Ұрпақ» қалалық байқауда -1 орын, 8а, 10а сынып оқушылары, сынып жетекшілері Г.К.Кажгалиева, .О.Кенжекулова.

«Адал Ұрпақ» Алатау қаласы бойынша өткізілген байқауда - 3 орын, 8а, 10а сынып оқушылары, сынып жетекшілері Г.К.Кажгалиева, Ж.О.Кенжекулова. «Мектеп президенті Алатау қаласы бойынша І орын Мұрзағазы Амина, 9а сынып оқушысы.Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының Құрмет грамотасыМектепішілік байқаулар Мектепішілік «Қауіпсіз дөңгелек» - Г.Кажгалиева, Ж.Садирова, «Денсаулық» фестивалі – бастауыш сынып жетекшілері «Қайырылымдылық» акциясы - 1-11 сынып жетекшілері.«Сапта жүру» байқауы – 4-9 сынып, «Жас полиция көмекшілері» - 4-9 сынып, «Шахмат» турнирінің жеңімпаздары – 8б,9б сынып оқушылары; «Абай - шыншыл ақын» мәнерлеп оқу байқауы – 1 орын. «Менің рәміздерім-менің мақтанышым» шығарма байқауы – 10-11 сыныптар.

ІІІ.Ата-аналар мен мектеп арасындағы серіктестік
Мектептің дамуы тек мұғалімдер мен оқушылардың ғана емес, ата-аналардың да белсенді қатысуымен жүзеге асырылады.
Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы тиімді коммуникация оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырады, білім сапасын жақсартады. Мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестік оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмыс істейді. «Ашық есік күні» өткізіліп, ата аналармен тығыз байланыс орнатылды. Бағдарламаны жүзеге асыруда кездескен нақты мәселе ата-аналардың уақыт тапшылығы, оқушылар мектепішілік іс шараларға белсене қатысады. Ата - аналар оқушылардың қызығушылығы, үлгерімі, тәртібі туралы сынып жетекшілер арқылы біліп отырады. Отбасылық құндылықтарды насихаттауда «Әке мектебі» «Ақсақалдар кеңесі» «Жеңге мектебі» құрылған.

Білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 1786 ата-ана қамтылды. Ата-аналар арасында сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанатын ата-аналар саны -1780 ата-ана6 ол 99,2 % құрайды. Сондай-ақ қанағаттанбайтын 6 ата-ана анықтаол 0,8 % -ды құрайды.





Сауалнама сұрақтары

Толық келісемін

Келісемін

Келіспеймін

Толық келіспеймін

11.



Менің балам мектепке қуана барады.



68%

30%

0

2%

12.

Сыныпта қолайлы атмосфера бар.

64%

35%

0

1%

13.

Мектеп сапалы білім береді.

69%

24%

2%

5%

14.

Мен мектептегісабақтан тыс жұмыс бағдарламасына ризамын

45%

48%

6%

1%

15.

Мен баламның сынып жетекшісінің жұмысына қанағаттанамын

76%

22%

0%

2%

16.

Мектепте біздің баламыз үшін пайдалы және қызықты іс-шаралар өткізіледі

49%

41%

5%

5%

17.

Мен мектеп асханасы/буфет жұмысына қанағаттанамын

36%

53%

7%

4%

18.

Педагогтар педагогикалық этика нормаларын сақтайды

61%

34%

2%

3%

19.

Менің балам мектепте қауіпсіздікте

60%

38%

1%

1%

20.

Мектепте олар біздің баламыздыңденсаулығына қамқорлық жасайды

51%

46%

2%

1%




Қорытынды
Командалық жұмыс – бұл тек білім беру мекемесінің дамуы үшін емес, сонымен бірге барлық қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) жеке дамуына да ықпал ететін маңызды құрал.
Мектептерде командалық жұмысты белсенді түрде қолданып, одан жақсы нәтиже алу үшін әрбір педагог, оқушы және ата-ана бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Әрбір мектеп командалық жұмыстың тиімділігін түсініп, оны дамыту арқылы сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізе алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Әбенова, З. Ә. (2020). Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық ұжымның бірлескен қызметі. – Алматы: Қазақ университеті.

  2. Жұмабаев, С. Б. (2019). Білім берудегі инновациялық технологиялар. – Нұр-Сұлтан: Фолиант.

  3. Хайруллина, Г. Н. (2018). Командалық жұмыс – табысты мектеп дамуының кепілі // Білім беру кеңістігіндегі инновациялар, №3, 45–49 б.

  4. Серікбаева, А. Т. (2022). Мұғалімдер арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың білім сапасына әсері // Педагогика және психология журналы, №2 (81), 22–27 б.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12