Компьютерлік желі баяндама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік желі баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік желі тақырыбы бойынша баяндама.РЕФЕРАТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тағайна» жалпы білім беретін мектебі















Баяндама

Тақырып: «Компьютерлік желілер»















Орындаушы: Лутфиллаев Ш.

Қабылдаушы: Самадалиева Ф.















2023-2024 оқу жылы

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.



Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің  және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation — ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

  • физикалық деңгей;

  • арналық деңгей;

  • желілік деңгей;

  • көліктік деңгей;

  • сеанстық деңгей;

  • көрсетімдік деңгей;

  • қолданбалы деңгей .

Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген.

Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір–бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Шағын аумақты алатын және бір-бірімен ортақ желілік ортамен байланысқан  компьютерлер  тобы жергілікті  есептеу желісі (ЖЕЖ) деп аталады. Желідегі әрбір компьютер түйін (узел) деп аталады. Желі  негізгі үш атрибутпен сипатталады: топологиясы, ортасы және хаттамалары.

Компьютерлік желілердің басты мақсаты–ортақ компьютерлік ресурстарды бірлесе қолдануды қамтамасыз ету.

Компьютерлік ресурстар 3 түрге бөлінеді:

1) аппараттық ( мысалы: принтер);

2) бағдарламалық;

3) ақпараттық

Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады:

деректерді;

принтерлерді;

модемдерді;

факстерді;

басқа да қондырғыларды.

Компьютерлік желі үш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келісімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді.

Көп адамдар, әсіресе интернет қолданушылары оның адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге әсері мол. Оған қоса, интернеттің тағы бір артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббаттарын да тауып жатады.

Интернеттің пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес. Оның ең бірінші зияны – тәуелділік. Бұл аңыздан алынған термин емес. Интернет қолданушыларының 10%-ы оған тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, бірқатары үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда интернетке тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де, оның зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да интернеттің зиянды жағына қоса аламыз. Интернет арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Қазіргі таңда адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласың. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіңе керектіні сатып алуыңа болады. Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақ әр заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа, бір жағынан санаға әсер етеді. Тіпті, кейбіреулері «интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың» деп. Ия, ол да дұрыс. Бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатса құба-құп. Егер ол күні-түні ойын ойнаса, онда оған тыйым салу қажет. Қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал, бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Сабақ жайына қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойын да жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді. Әрине, мұны барлығы да біледі. Алайда, компьютерге, интернетке тәуелділіктің адам өміріне тигізетін зиянын естен шығармаған абзал. Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалмай, керегімізге ғана пайдаланайық.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
64
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі