Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданы Малыбай ауылы
Малыбай орта
мектебі
Султаниязова Гульмира
Кулпыбаевна
Қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәні мұғалімі
Көнерген сөздер
Сабақтың тақырыбы: Көнерген
сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып,
көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы
мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін
меңгерту.
Дамытушылық: сөз мағынасын ашу, суреттер бойынша
сөз атауларын табу, өз бетінше іздену арқылы оқушылар ойын дамытып,
тілдік танымын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ана тілін сүюге, сөздік қордың мол мұрасын еркін
пайдалануға баулу, ұлттық дәстүрден нәр алып, халық азаматы болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі;
интерактивті тақта, ойынды жүргізуге арналған
анимациялық суреттер, дыбысты жауаптар
Сабақтың түрі: «Алтын орда»
интерактивті ойын сабағы
Сабақтың әдістері: түсіндіру, ойын түріндегі ауызша тапсырмалар,
сурет бойынша жұмыс, жазбаша жаттығулар, ауызша әңгімелеу, сұрақ -
жауап
Сабақтың болжамды нәтижесі: көнерген сөздерді мағынасына қарай
талдап аша алатын, көнерген сөз түрлері жайлы тілдік дағдысы бар,
сауатты тұлға қалыптастыру
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару/ Біз бүгін тас түйін жиналып,
сарбаздарша нық әрекеттермен «Алтын ордаға» барамыз.
- Кім біледі, «Алтын орда» деген не?
(тарихпен байланыс)
Үй тапсырмасын тексеру
- Дұрыс, ендеше, сапарға жиналуымыз үшін үйде қалатындарға үй
тапсырмасын орындап береміз.
Бірдей сөздерден әр түрлі сөйлем шығу себебі неде? (ой мен
қосымшаның жалғануында)
Жаңа сабаққа
Кіріспе
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Міне, біз енді өткенге көз салып, алға
жылжуға дайынбыз. Ендеше, «Алтын орда» сапарына кеттік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көнерген сөздер
Көнерген
сөздер – күнделікті қарым-қатынаста
жиі қолданылмайтын, бірақ
тілдің сөздік
қорында сақталған, көпшілікке
түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және
қолданылу сипатына қарай
өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру
дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз
табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер
(бәйбіше, қатын,
мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне
қарай екіге бөлінеді: тарихи
сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі
лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен,
сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың
қолданыстан шығып қалуымен байланысты
(болыс, сұлтан, барымта, ақ
берен, айбалта). Архаизмдер халықтың
күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы,
дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып,
ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер
(жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір
көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді
сөздерге қосылуы мүмкін.
Мысалы, жасақ–
жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер
қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды.
Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық
құбылыс.
Тас қақпа
- Міне, алдымыздан тас қақпа көрінді, балалар.
Сендердің «Алтын ордаға» барар жолдарыңда аяулы
аталарың, балалар ақыны - М. Әлімбаев ақ жол тілеп, сауалдар
беріпті. Жауап беріп байқайық, бұл сөздерді ата - әжеден сұрап келу
тапсырылған.
(ата - анамен байланыс, іздену)
Тұқылдық (сиыр мүйізі)
Мұрақ (хандар қалпағы)
Наруан (түйе жүнінен тоқылған кілем)
Созақ (садақтың адырнасы)
Ғалисан (өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт)
Баран (қара түс)
Пыран (батырдың сауыты)
Сұмқұла (арам шөп)
Сәру (шынар тұқымдас ағаш)
-Шоқпар, соқа, сойыл, найза,
айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл,
әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан,
барымта, дабыл сөздерінің мағынасын табайық.(Оқушылар ұялы телефон
арқылы сөздерге мағлұмат береді)
Қорытынды: үй тапсырмасына оқушылар ата-аналарының көмегімен
көнерген сөздер жазып,олардың мән-мағынасын
түсіндіреді.