Конфликтілерді басқаруға арналған психологиялық жаттығулар
Конфликтілер күнделікті өмірдін бөлігі болып табылады.Әр күн сайын бұкаралық ақпарат құралдары әр тұрлі конфликтілер жайлы хабарлайды. Көптеген адамдар күн сайын қандай да бір конфликтіге қатысады.
Конфликт әлеуметтік салада екі жақтың таласы, конфликт ретінде олардың мүдделерінің, мақсаттарының қарама-қайшылығы ретінде болады. Келіссөздер саласындағы белгілі маман
Р. Фишердің айтуынша, әлем неғұрлым әр түрлі болған сайын, соғұрлым көп мүдделер қайшылығы ситуацияларына тап болуға тура келеді.
Американдық зерттеуші М. Дойч конфликт қоғам стагнациясын болдырмауға мүмкіндік береді, оның дамуына әкеледі, мәселелерді шешу ізденісіне себепші болады және т.с.с.дейді.Соңдай-ақ қарқыны аз, бейбіт жолмен шешілген конфликт анағұрлым күрделі конфликтілердің алдын алады. Осы айтылғандарға сүйене отырып, конфликтілердің олардың өршуімен, шешудің кұштеу формаларына өтумен және т.с.с. байланысты жағымсыз функциялары ғана емес, сондай-ақ жағымды жақтары да бар екен деген корытынды жасауға болады. Белгілі адамдардың пікірлерін пайдалана отырып, конфликтілер мен келісім бір медальдің екі жағы болып табылады, сондықтан "конфликтілерсіз қоғам бұл өлі қоғам" деп айтуға болады.
Мәселе конфликтілерді калай шешуде? Конфликтіні реттеу жолының немесе тәсілінің үш тұрі бар:
- конфликтіге қатысушы жақтардың біреуі (немесе барлығы) жеңіске жетуге талпынады (бір жакты әрекеттер);
конфликтіге қатысушы (қатысушылар) оның бар екенін елемейді және әрекетсіз қалады (бір жақты әрекеттер);
- үшінші жақтың көмегімен немесе олардың қатысуынсыз қатысушылар өзара тиімді шешім табу үшін конфликте туғызған проблеманы талқыға салады (бірлескен әрекеттер);
Алғашқьі жағдайда конфликтіге қатысушы жақтар ортақ мүдделердің жоқтығына икемделеді. Әрбір қатысушы басқасын күшпен бағындыруға тырысады. Мінез-құлықтың бұл типін өз уақытында Карл фон Клаузевиц егер қарсылас біздің ырқымызға көнбесе, онда біз оны одан да жаман ситуацияға қалдыруға тиіспіз деп жақсы айтып кетті. Жеңіске талпыну өз соңынан күштеуді туғызады, ал нәтижесінде, көбінесе мәселе шешімін таппай қалады. Екінші жол конфликтілі потенциалдың болуын мүлде елемеуді жөн көреді, бұл оның жинақталуына, ал кейін "тосыннан", стихиялы түрде шешілуіне әкеледі және көп жағдайда агрессияға ұласады.Үшінші тәсіл — келіссөздер арқылы өзара тиімді шешім табуға бағытталады. Көбінесе тәжірибеде үш тәсілдің бәрі бір мезетте іске асады, бірақ ішіндегі біреуі үстем болады.Тек шешімді бірлесіп іздеуге бағытталған соңғы жолды тандау кезінде ғана конфликтінің жағымды функцияларын іске асыруға болады. Сонымен, конфликтілерді реттеу мақсаты конфликтіні жою немесе елемеуде емес, қайшылықтарды шешудің деструктивті, кұштеу тәсілдерімен байланысты конфликтілі мінез-құлықты болдырмауда, қатысушыларды өзара тиімді шешім табуға бағыттауда.
Жаттығу: "Интервью".
Жаттығу мақсаты: серіктесті тындай білуді дамыту және коммуникативті дағдыларды жетілдіру;
- тренингке катысупшылар арасындағы коммуникативті дистанцияны қысқарту.
Қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді және 10 минут ішінде өз серігімен ол жайлы көбірек білуге тырыса отырып әңгімелеседі, одан соң әрқайсысы өзінің әңгімелесушісі жайында қысқаша түсінік береді. Басты міндет — оның жеке даралығына, өзгелерге ұқсамайтындығына, ерекшелігіне басты назар аудару. Бұдан соң қатысушылар кезектесіп бір-бірін таныстырады. Яғни өз серіктестері жайлы түсініктерін айтады.
Жаттығу: "Мүсін"
Топпен жүмыс.
Қатысушылар үш адамнан топқа бөлінеді және "Мүсіншіні" таңдайды. Ол "конфликт" мүсін тобын тұрғызады және ондағы өзінің тұратын орнын анықтайды.
Жаттығу барысындағы өз сезіміңізді айтып көріңіз.
"Мүсінші" денесінің қай жерінен ауырлық, күштену сезілді ? Сол және басқа қалыпта (поза) қандай сезімдер мен ассоциациялар пайда болды?
Эмоциялық және функциялық күштенудің байланысына көңіл аударылады.
Жаттығу: "Амандасу"
Әрбір қатысушы топ мүшелерінің әрқайсысымен мимика, жест, пантамималардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сөзсіз амандасуы керек. Егер амандасу біркелкі болып кетсе, амандасу тәсілдерін еске салу қажет.
Жаттығу: "Баспа машинкасы".
Жатығу мақсаты: сергіту, үйымшылдықпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушыларға сөз немесе фраза жасырылады. Мәтінді кұрайтын әріптер топ мүшелері арасында бөлініп беріледі. Кейін әркім өз әрпін атайды , фраза мүмкіндігінше жылдам айтылуы тиіс, ал сөздер арасындағы аралықта барлығы алақаңдарын соғып шапалақтайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз