Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көң Сиыр жапасы ғылыми жоба
ШЕТ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
« АҚОЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Көң құрамы,пайдасы
Орындаған: Төлеген Думан
8 сынып оқушысы.
2023 жыл
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының сипаты: Зерттеу жұмысы барысында мал шаруашылығы саласындағы көңнің құрамы, оның ұшан-теңіз пайдасы жайында анықтау жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ даласы ежелден-ақ табиғи байлыққа да, әсем табиғатқа да, жер қойнауындағы қазбаларға да, бестүлік малға да бай .Тәуелсіздік алған жылдардан кейін осылардың барлығының пайдасын көріп келеміз.Еліміздің экономикасының басым бөлігін осы санаттағы байлықтар толықтырып отыр. Біз мынау арыға кетпей-ақ қазақ халқының көшпенді тұрмыс-тіршілігімен қатар жасасып келе жатқан бестүлік мал шаруашылығына аса назар аударатын кез жетті . Қазіргі таңда дамыған мемлекеттерде малдың таза өніміне деген сұраныс жылдан-жылға өсуде. Ет пен сүтін , жүн-жұрқа терісін айтпаған күннің өзінде оның нәжіс , көңінің өзі үлкен зерттеуді талап ететін дүние деп ойлаймын. Осыған орай сиыр жапасы, мал көңі деген тақырыптар кеңінен зерттелсе, ол күнделікті адам өмірінде өзінің пайдасын берсе , шаруашылықта қолданылса нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан да біз осы тақырыпты жете зерттеп , кішігірім болса да ғылымда өз өзектілігін табатын тың тақырып болса екен деген ойдамын.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Көң – өте құнарлы органикалық тыңайтқыш болғандықтан біз өз ауылымыздағы көң құрамын жете зерттей отырып, оның осыған дейін белгісіз болып келген тұстарын немесе пайдасын анықтау негізгі мақсатымыз болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Ауылымдағы көң құрамын зерттеу
- Көңді құрылыс немесе тыңайтқыш. отын ретінде қолданудың артықшылқтары
-сиыр жапасын зерттеу
- Көң және сиыр жапасының адам денсаулығына пайдасы қандай , анықтау
- шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көңқұрамы
Көң – өте құнарлы
органикалық тыңайтқыш.
Ол мал астына
төселген сабан (не
сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық
қасиеті жануарлардың
түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не
шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады.
Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы
40% органикалық
заттары, 50 –
70% азоты,
80%-ы фосфор,
90% калий көңге айналады. Тәулігіне әрбір
жануардан алынатын көң мөлшері (килограммға шаққанда,
төсенішсіз): өгіз –
40, сиыр –
55, бойдақ
мал –
27, бордақыланған
төл – 14 – 35
(жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) –
11,1, мегежін –
8,8. Көң төсеніш араласқан көң және таза көң болып бөлінеді.
Төсеніш араласқан көңнің шамамен алғандағы құрамында: 0,5% N, 0,25%
P2O5, 0,6% K2O, 0,35% CaO, 0,15% MgO болады. Бұл көңнің құрамы оны
сақтау тәсіліне тәуелді. Таза көң суды араластыру дәрежесіне қарай:
жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға
дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза көңнің құрамы
экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және
жем беру түріне байланысты болады. Орташа есеппен сиырлар нәжісі
құрамында: 0,43% N, 0,28% P2O5, 0,5% K2O бар; осыған
сәйкесті қойларда –
0,95%, 0,22% және
0,75%; тауықтың кеппеген саңғырығында – 2,2%, 2,44%
және 0,64%. Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау
және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында
текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органик. заттар
мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас
көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала
шіріген көңде органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге
пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органик. заттың 50%-ы
жоғалады. Қарашірік–борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе,
көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ,
капуста, т.б.) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен
сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады. Көң сақтатйтын орын –
көң қоймасы деп аталады.[1]
Төсенішті көң қатты‚ сұйық
бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамындағы
органикалық заттың 40‚ азоттың 50‚ фосфордың 80 және калийдің 95
пайызы көңге ауысады.
Көңнің құрамы мал түріне‚ оның жасына‚ азық түріне қарай өзгеріп
тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық
бөліктердің арақатынасына да әсер етеді.
Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық
құрамы бірдей емес (41-кесте). Мұнда айта кететін бір жағдай - мал
денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса‚ азоттың
50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат‚ азот
және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде
жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңнің сапасын
жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын
төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан‚ шымтезек‚ ағаш
үгіндісі т.б заттардыпайдаланады.
Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң
мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік
элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің
әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады.
Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты
азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады.
Мысалы‚ сабанның бір бөлігі 2-3‚ ойпатты жердің шым-тезегінің бір
бөлігі 5-7‚ қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 10-15 бөлік
малдың сұйық экскрементін сіңіреді.
Төсеніш көңнің физикалық‚ физика-химиялық және биологиялық
қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда‚ көңнің ылғалдылығы
азды-көпті төмендейді‚ онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл
ыдырайды.
Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң
алынады.
Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне‚ сапасына‚ малдың түрі мен
жасына‚ азықтың мөлшері мен сапасына байланысты (42-кесте).
КӨҢСАДЫРАСЫ
Бұл тыңайтқыш мал денесінен бөлінетін сұйық заттардан тұрады. Орта
есеппен оның құрамында 0‚25-0‚30% азот‚ 0‚03-0‚06% фосфор және
0‚4-0‚5% калий болады. Көң садырасы негізінен азотты-калийлі
тыңайтқышқа жатады.
Төсенішті көңді әртүрлі әдіспен сақтағанда бірдей мөлшерде садыра
бөлінбейді. Мысалы‚ 10 тонна жас төсенішті көңді төрт ай тығыздап
сақтаса 170 л‚ қопсытып-тығыздаса 450 л‚ қопсытылған күйде сақталса
1000 л садыра бөлінеді. Жас көң жылдам ыдыраған сайын бөлінетін
садыра мөлшері көбірек болады. Орта есеппен жас көң массасының
10-15 пайызы садырадан тұрады. Жиналатын садыраның жалпы көлемі
малды қолда ұстау мерзімінің ұзақтығына‚ төсеніш пен азықтың
мөлшері мен сапасына‚ тағы басқа жағдайларға байланысты болады.
Мысалы‚ ірі қарадан бір жылда (220-240 күн) орта есеппен 2-2‚5
м3садыра жиналады.
Садыра құрамындағы азоттың ысыраптануын азайту үшін төсенішті
молырақ пайдаланады және ұнтақ суперфосфат қосады. Мұнда садыраның
аммиакты азоты суперфосфатпен әрекеттесіп ыдырамайтын тұрақты
қосылыс түзіледі:
Көң садырасын көбірек жинау үшін мал қорасына жақын жерден оны
сақтайтын орын жасайды. Садыра үстіне машинада пайдаланылған май
шашып қою керек‚ бұл азотты ысырап болудан сақтайды.
Көктемде және жазда көң садырасын ауыл шаруашылығы дақылдарын үстеп
қоректендіру үшін пайдаланады. Бір гектар отамалы дақыл егісінің
қатар аралығының 10-12 см тереңдігіне 5-10 тонна көң садырасы
еңгізіледі. Күздік егістігі мен жайылым жерлерді тырмалар алдында
әр гектарға 4-5 тонна есебінен көң садырасымен үстеп
қоректендіреді. Жаздық дәнді дақыл‚ картоп‚ тамыр жемістілерге
гектарына 15-20 тонна‚ көкөніс егістігіне 20-30 тонна көң садырасын
топырақты жыртар алдында еңгізеді.
Сиыр жапасы күйікке шипа:
Сиырдың жапасының құдіреті
Ұмытпасам, 1982 жылдың маусым айының басы. Жаркент өңірінде Қастеев атындағы мектепте мұғалім боп жүрген кезім. Сабақ аяқталып, оқушылар каникулға шыққан, тек 8 және 10 сынып оқушылары емтихан тапсыруда.
Бір күні түстен кейін жасы үлкен ағайлар «Имяров деген оқушының әкесі «Ұлымның емтиханды кілең «беске» тапсырғанын жуып беремін! Ер мұғалімдер сол үшін үйрек базасына келсін!» деп сәлем айтып жіберіпті. Кеттік сол жаққа!» деп мені де өздерімен бірге алып кетті. Мектепте бірінші жыл жұмыс істеуім болғандықтан менде ағайларға қарсы уәж айтатындай қауқар да жоқ еді. Директордың орынбасары Мұқаш ағай бастаған 15 шақты ер мұғалім 3 машинаға отырып айтылған жерге жөнелдік.
Үйрек фермасы ауылдан 5-6 шақырымдай жер екен. Шақырған кісі ферманың меңгерушісі екен. Бізді жақсы күтті. Қуырылған үйрек етін тау қылып үйіп тастады, көкөніс пен ішімдік те жетерліктей. Әңгімеміз жарасып, екі жарым сағаттай уақыт дастархан басында отырып қалдық. Күн ыстық. Бір кезде ағайлар «Суға түсейік!» деп бәріміз қайтадан көліктерге отырып, ауылдың сыртында Бабилян деп аталатын каналға келдік. Бір жерде аққан су арнаның бетон қалыптарынан жерге құйылып, әрі қарай арық болып ағады екен. Су жоғарыдан түскен жер ойылып, кішігірім тоған секілді болып қалыпты, сонда шомылдық.
Бастапқыда суға түспей жағада тұрған интернат меңгерушісі Баймұрат ағай «Су рахат екен! Түспейсіз бе?!» деп елдің шақыруына көніп, бір кезде жейдесін шеше бастады. Сонда байқадық: ол кісінің оң жақ иығы мен жауырыны бұжыр-бұжыр тыртық екен. Математик Қалибек ағай таңырқап: «Баймұрат, қолыңа не болған?!» деп сұрады. Баймұрат ағай:
- Ә, бұл ма? Бала кезде үй ішінде жүгіремін деп үстіме пештің үстінде қайнап тұрған шәугімді аударып алғанмын. Соның кеселінен үстімнің бәрі жара болып, бітелмей кетті! – деп жауап қатты.
Бәріміз де жамырасып «Әттегене-ай! Қиын болған екен!» дегендей бастарымызды шайқап, Баймұрат ағайға жанымыз ашығандығын білдіріп жаттық.
Осы кезде Тоқтамыш деген жасы бәрімізден де үлкен ұйғыр ұлтты ағай былай деді:
- Сендер қазақ болсаңдар да күйгенге қарсы қазақтың қолданатын емін білмейді екенсіңдер! Оны қолданғанда денеде тыртық тұрмақ, бір де бір дақ та қалмас еді! – деді.
Тоқтамыш ағайдың сөзіне бәріміздің де құлағымыз елең ете қалды.
- Ол қандай ем еді? – деп сұрадық.
- Тыңдасаңдар, мен сендерге бір қызық әңгіме айтып берейін! – деді Тоқтамыш ағайымыз. Әрине, бәріміз де:
- Айтыңыз! Тыңдаймыз! – дедік.
Ол кісінің әңгіме айтқанда, маңғаздана, майын тамызып айтатыны бар еді, сол әдетіне салып мынандай қызық хикая айтып берді.
- Бала кезімде мені қазақтар асырады. Асыраған әке-шешем мал бағушы еді. Бірде мынандай оқиға болды. Жазғы күні жайлаудамыз. Шамамен мен ол кезде 12-13 жаста едім. Бір күні әдеттегідей мені асыраған әке-шешем малда болып, 70-тен асқан атамызбен бірге үйде ұсақ балалар ғана қалғанбыз. Түс уақытында көрші үй жақтан қатты айғай шығып, іле-шала екі көзі шарасынан шығып кеткен сол үйдің мен қатарлы Сәрсен деген баласы табалдырықтан сүріне жүгіріп кірді. Оның аптыққан сөзінен біз сол үйдің 10 жастағы қызы мосыдан қайнап тұрған бір шелектік шәугімді түсіремін дегенде ыстық суды үстіне қотарып алғанын білдік. Ол үйде де ересектерден ешкім жоқ екен.
Атам «Ойбай, кеттік!» деген соң жүгіріп көрші үйге бардық. Суға күйген қыз есінен танып жерде жатыр. Басынан басқа денесінің барлығы дерлік күйген секілді, көйлегі денесіне жабысып қалыпты. Не істеу керек? Ең жақын емхана бұл жерден 100 шақырым жерде. Хабар беретін жайлауда телефон да жоқ.
Сол кезде атам жерді сызып көрсетіп, Сәрсен екеуімізге тездетіп қыздың бойымен бірдей болатындай шұңқыр қазуды бұйырды. Ұзындығы бір жарым метрдей, ал ені мен тереңдігі екі қарыстай болатын шұңқырды жан ұшыра қаздық. Екеуміз де қорқыныш пен үрейден де, қызды аяғанымыздан да жылап жүрміз. Жұмыс аяқталған соң атам бізге шұңқырға сиырдың жас жапасын әкеп тастауды бұйырды. Қолымызға кішірек арбашаны алып, ол жұмысты да жүгіре жүріп жасадық. Малдың бәрін әке-шешеміз өріске айдап кеткендіктен қораның бәрі де бос тұр, оларда не көп: әрине, сиырдың жапасы көп.
Біз шұңқырды жапаға толтыруға аз қалғанда, атам бізді тоқтатты да, жерде сұлық жатқан қызды көтеріп, әлгі шұңқырға жатқызды. Қыздың денесі толығымен жапаға шөгіп кетті, тек шұңқырдан басы ғана қылтиып жатты. Үшеуміз кезек-кезек қыздың басын төмен түсіп кетпесін деп сүйемелдеп, ымырт үйірілгенше отырдық. Біз кезде қыз да көзін ашты, су сұрады. Атамыз оған шәйнекпен салқын су берді, бірақ шұңқырдан шығармады.
Атамның айтуы бойынша біз Сәрсен екеуіміз су мен сүлгі әзірлеп қойдық. Бір кезде атам қызды шұңқырдан көтеріп шығарып, шөптің үстіне жатқызып, көйлегін шешіп тастап, біз берген сумен үстін жуып, сүлгімен жуып, көрпеге орап, үйдің іргесіне жатқызып қойды. Сол кезде байқағаным, қыздың денесінің бәрі де сүттей ағарып, сөлінің бәрін де жапа сорып алғандай болып көрінді маған. Тек жапа тимеген мойны мен басы ғана қарайып тұр.
Кейінірек, жоғары сыныпта сол қызбен бірге оқыдым. Көріп жүрдік: денесінің киімнен ашық жерлерінде бір де бір тыртық пен жара көрінбейді. Бір сұрағанымда ол қыз денесінде күйіктің еш табы қалмағанын айтқан еді.
Міне, халықтық медицинаның құдіреті! Баймұрат, сені де сол кезде сиырдың жас жапасына түсіргенде, денеңде тыртық түгел, бірде бір дақ қалмас еді! – деп аяқтады әңгімесін Тоқтамыш ағай.
Бәріміз де бұл әңгімені қызыға тыңдадық. Біреулеріміз оған сендік, екіншілеріміз сенбедік. Даурығысып, біраз уақытқа дейін Тоқтамыш ағайдың айтқандарын талқыладық та...
Кеш бата үйге қайттық. Ол кезде жаңадан үйленгенмін. Келіншегіміз екеуіміз Әлімғожа мен Шекерхан есімді ақжарқын кісілердің ауласындағы екіауызды тоқалтамда тұратынбыз. Үйге келсем, келіншегім мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Шекерхан апаймен, ол кісілердің балалары мен Әлімғожа ағаның әкесімен бірге далада кешкі тамақ ішіп отыр екен. Мен де асқа қосылдым.
Әлімғожа аға колхоздың кәсіподақ комитетінде жұмыс жасайтын. Жаз айлары колхозда ең қауырт шақ еді ғой. Жұмысқа әбден берілген Әлімғожа ағамыз қызметіне таң атқанда кетіп, қараңғы түскенде бірақ келетін. Кейде ол кісіні көрмейтін де едік. Міне, қазір де ол кісі үйде жоқ екен.
Әлімғожа ағайдың анасы осыдан 5-6 жыл бұрын қайтыс болған. Әкесі Сейітжан ата – соғыс ардагері еді, сол кезде жасы мөлшерлеп 85-ке келген. Көп сөйлемейтін, біртоға кісі болатұғын. Күні бойы үйде ұсақ немерелерімен бірге қалатын. Сейтжан ата мені жақсы көруші еді. Екеуміз күнде ең құрығанда бір отырып әңгімелесіп алатынбыз.
Әдетте қария мені көріп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін «Бала, жақсы сигаретің бар ма?» деп сұрайтын. Ол кісі темекіні тек менімен отырып ермек болсын деп шегетін, басқа уақытта темекі тартқанын көрген жоқ едім. Екеуіміз орындыққа отырып, ащы түтінге оранып, әңгіме-дүкен құратынбыз. Негізінен мен сұрақ қоятынмын, ал ақсақал жауап беретін. Мен көпті көрген көнетоз қариядан көбіне-көп ауыл туралы, бала-шағасы туралы, шежіре туралы, колхоздастыру мен ашаршылық туралы, соғыс туралы көп сұрайтынмын.
Бүгін де Сейітжан атамыз келіндермен бірге отырып, үндемей тамағын ішіп болған соң менің қасыма келді. Екеуміз темекі тұтаттық. Қария менен жөн сұрады. Мен үйрек фермасына барғанымызды, ол жерде Тоқтамыш ағайдан естігенімді айтып, ол әңгімеге нанбағанымды жеткіздім:
- Ата, шынымды айтамын, мен ол кісінің айтқанына сенбедім! Дәрігерлер де күйген жерді толығымен емдей алмайды емес пе? Менен бір жас үлкен Ерлік деген нағашы ағам бала кезінде арқасында жейдесі өртеніп, жарты сағатқа жетер-жетпестей уақытта ауылдағы ауруханаға жедел жеткізіліп, дәрігерлерден дер кезінде ем-дом көрсе де, әлі күнге дейін арқасы бұжыр-бұжыр тыртық болып қалған! Ал сиырдың жапасынан кейін денеде еш дақ қалмайды дегенге сеніңкіремей отырмын! Бұл туралы сіз не ойлайсыз? – дедім.
Ақсақал шүңірек көздерін жерге қадап біраз кідіріп отырды да:
- Онысын білмедім... – деп жауап қатты. – Олай да болуы мүмкін...
Темекіні бір сорды да, өзіне тән баяу қалыппен дауысын еш көтерместен бір әңгімені бастап кетті:
- Менің мынандай әңгіме естігенім бар. Соны айтып берейін...
Баяғы заманда бір бай жас жігіттерді жалшылыққа алып, аяқтарына аппақ теріден жасалған мәсі кигізіп, оларға мынандай шарт қояды екен: «Бес жыл малымды бағасың. Егерде бес жылда мына мәсіні тоздыратын болсаң, онда саған қалағаныңды беремін: басыңа үй тігіп, әйел алып беремін, алдыңа мал салып, қыста малыңды қыстатын, ал жазда жайлауға шығаратын жайылым жер беремін! Бірақ бес жылда бұл мәсіні тоздыра алмасаң – ештеңе де бермеймін: менен құр қол кетесің! Осыған келісесің бе?» деп.
Жұқалтаң теріден жасалған мәсіні қолына алып, байға келген жігіттердің барлығының да ойы бірдей болады екен: «Тәйірі! Осы мәсіні бес жылда тоздырып жібермеймін бе?!» Осы ойға алданып, талай жігіт келісіп, байға қызмет жасаған екен. Жұмысқа тұрған бойда жігіттер мәсіні қысы-жазы суға да салады, тасқа да салады. Алайда олардың біреуі де аталған уақытта мәсіні тоздырмақ түгіл, оған сызат та түсіре қоймапты. Әрине, жалданған жігіттің бәрі де бес жылдан соң еш кеткен уақыттарын жоқтап, бастары ауған жаққа кете барған деседі.
Жағалтай есімді бір сіңірі шыққан кедей жігіт те сол байға жалданған екен. Ол да не жасаса да әлгі мәсіні тоздыра алмаған дейді. Уәделенген уақыт жақындаған сайын малдың артынан жүрген жігіттің ұнжырғасы түсіп, басы салбырап, күні бойы терең ойға шомып отырады. Бірде жапан түзде оған жолаушылап жүрген бейтаныс қария кезігіп қалады. Екеуі амандасып, жөн сұрасады. Жағалтай жолдан шаршап келген шалды қосқа түсіріп, сусын беріп, қолдағы барымен тамақтандырады. Біраз отырған соң байқампаз қария жігіттен:
- Балам, көңілің бір нәрсеге құлазып жүрген секілді ғой! «Қуанышыңмен бөліссең – қуанышың артады, қайғыңмен бөліссең – қайғың кемиді» деген сөз бар. Нендей нәрсеге қапаланып жүрсің? Айт, менің де бір септігім тиіп қалар! – деп сұрапты.
Жігіт жауап беруден қашқақтаса да, үлкен кісі қолқа салуын қоймапты. Шал болмаған соң жігіт өзінің мұңын қарияға шағып, болған істің мән-жайын тәптіштеп айтып беріпті. Ақсақал қолын созыпты:
- Бері әпкелші аяғыңдағы мәсіні, көрейін! – деп.
Жігіт ұсынған мәсіні әрі-бері ұстаған қария былай депті:
- Шырағым, бұл мәсі тегін мәсі емес! Бұл мәсі адамның терісінен жасалған! Сондықтан да бұны еш тоздыра алмайсың. Оны тоздырудың бір ғана амалы бар: күнде таңертең мәсіні сиырдың жапасына салып, жас тезекті кешіп жүр, сонда ғана мәсіні тоздырасың!
Қария осыны айтып, қош айтысып өз жолымен жүріп кеткен екен.
Жағалтай ертеңінен бастап таңертең малды өріске айдар алдында сиырдың жапасын кешеді екен. Бейтаныс қария айтқандай-ақ 3-4 күннің ішінде әлгі мәсінің сау тамтығы қалмай, тоз-тозы шығып кетіпті. Бұны көрген бай жеңілгенін мойындап, уәдесінің бәрін орындаған дейді. Осылайша Жағалтай мұратына жеткен екен, - деп Сейітжан ата әңгімесін аяқтады...
Мен ойланып қалдым... Шындығында да сиырдың жапасы адам терісіне мықты ықпал жасайтын сияқты ғой, ә?
Осындай әңгімелерді ел арасынан үлкендерден көп еститінбіз.Соған қарағанда сиыр жапасын зерттеу нысанына айналдырсақ деген ойым бар

