«Көңілді , тапқырлар, білгірлер!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілді , тапқырлар, білгірлер!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар математика ғылымының маңызын түсіндіру, математикаға қызығушылығын арттыру,белсенділікке,шапшаңдыққа, ойлай білуге,бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп- гимназия

ҚР Білім беру ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі Ихсанова Асия Тапашевна

Сыныптан тыс шара:

«Көңілді , тапқырлар, білгірлер!»

Мақсаты:

Оқушылар математика ғылымының маңызын түсіндіру, математикаға қызығушылығын арттыру,белсенділікке,шапшаңдыққа, ойлай білуге,бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды кештің жоспарымен таныстыру Кештің жоспары: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. 1.«Білімді мыңды жығар» 2.«100-ге жүйрік жетеді» 3.«Кім көп біледі?» 4.«Топбасшылар сайысы» 5.« Ойлан, тап» 6.«Тіл- өнер» III. Қорытынды.

Қызығушылығын ояту

I.Кіріспе. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша қадір–құрметке бөленген; мұның бірден - бір себебі оның қағидаларының абсолют ақиқаттығы мен даусыздығында жатыр. А. Эйнштейн

Математика адамға дұрыс ойлаудың, ой өрістетудің және орынды шешім қабылдаудың жолдарын үйретеді . Сонымен қатар ойлау – математиканың негізі. Математиканың әдістерінің арқасында басқа пәндер өзара бір-бірімен және ең бастысы әлеммен ұштасып тіл табысады. Математикасыз физика болуы мүмкін бе? Химия ше? Мүмкін емес. Физика мен химияны математикасыз елестету қаншалықты мүмкін емес болса, биологияны, көркемөнерді, музыканы, шаруашылықты, өнеркәсіпті, экономиканы, құқықты, астрономияны, компьютерді де математикадан тыс қарастыру мүмкін емес. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды математика қызықтарына арнаймыз, сайыста өз білімімізді ортаға салмақпыз.

Мағынаны тану

1.«Білімді мыңды жығар»

8л,5л, 3л ыдыстар берілсін.8 л ыдыс суға толы.Осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай бөлуге болады? (8-5=3 5-3=2 3+3=6 6-2=4)

2 . «100-ге жүйрік жетеді» Ортаға екі топтан 2 оқушы шығады.

1-9 дейінгі санды біреуі айтады, екіншісі тағы 1-9 дейінгі бір санды айтады, келесісі осы екі санның қосындысын айтады және бір сан айтады келесісі қосындыны айтады және бір сан айтады...... Ең бірінші кім 100-ге есепке жүйріктікпен жетеді?

3.«Кім көп біледі?»

    1. ының арифметикалық түбірі неге тең?

2. Қарама-қарсы қабырғалары параллеь болатын төртбұрыш.

3.«Сандар» туралы ғылым

4.Пифагор қай елдің математигі?

5.«Математика – ғылымдар патшасы» жолдарының авторы кім?

6.Тік төртбұрыштың неше симметрия өсі бар? 2

7.«жер өлшеу» туралы ғылым?

8.Шеңбердің екі радиусының қосындысы неге тең?

9. 14 санының кадраты неге тең?

10.Тригонометриялық неше функция бар?

11. Екі нүктенің арасындағы түзу?

12.Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

13.“Ақыл–ойды тәртіпке келтіретін - математика” кімнің сөзі?

14. 50-ді ½-ге бөліп, 3-ті қоссаңдар нешеге тең?(103)

15.Шаршының периметрі 104 см, қабырғасы нешеге тең? (26 см)

4.«Топбасшылар сайысы»

1. Сандықтың ішінде 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік, және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек? 8

2. Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы не деп аталады? Масштаб

3. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз: 289;169; 109; 79; 64; ?

5.« Ойлан,тап!»

1 сұрақ . Тірек сөздер: Италия, оқымысты, мектеп

Суретте бейнеленген оқымысты кім?

2 сұрақ. Тірек сөздер: еңбегі ,математика пәнінің бір бөлігі

Picture 2 Суретте бейнеленген кім?

3сұрақ. Тірек сөздер: вертолет, математика, физика

Ең алғаш вертолет жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз (Леонардо де Винчи)

6.«Тіл-өнер» Жұмбақ, мақал немесе есеп оқылады.Шешімін тауып осы сөзді орысша, ағылшынша айту керек.

1. 144 санының арифметикалық түбірі

2. Бойы екі қарыс. Сиып тұр оған 25 арыс.

3. 4 пен 5 –тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен үлкен, 5 тен кіші сан шығады?

4. Допты лақтырғанда ол ізімен кейін қайтып келу үшін оны қалай лақтыру керек?

5. Термометр 20° салқындықты көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

6. Футбол ойынына 9 команда қатысып, бір-бірімен бір ойыннан өткізді.Барлығы неше ойын болғанын анықтаңыз

Қорытынды

Сайысты қорытындылау. Оқушыларды марапаттау

Рефлексия

«Пікір ағашы»

Оқушылар бүгінгі сыныптантыс шараның өтуі туралы пікірлерін стикерге жазып «Пікір ағашына» жапсырады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1061
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі