"Көңілді сөре" эстафеталық жарысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді сөре" эстафеталық жарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көңілді сөре" эстафеталық жарысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты : Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру

Ұраны: «Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұраны шырқалсын.

Мұғалім : Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. 

1. Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Айтжанова Жанар Абуқызы.
2.
Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі: Талманова Дамира Жумабекқызы..

3. Педогог ұйымдастырушы: Досмухамбетов Серік

4. Музыка жетекшісі: Темирбекова Ж.С
5. ГСМИ мейірбикесі: Жұмабаева А.Ж.

Топтар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын ағаларды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.


Мұғалім: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер» Қырандар. 
«Мергендер» 
Мерген, мерген, мергенбіз, 
Бәрін көздеп жеңгенбіз. 

«Жүйріктер» 
Топты бастап жүретін, 
Жүйріктерміз біз алды. 
Жеңісті қолдан бермейтін 
Жүйріктерміз біз мықты. 

«Қырандар»









Мұғалім: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 


Көңілді сөре жарысы 5ә,5а, 6 сыныптарға арналған
1. Жылдамдыққа жүгіру
Команда бөлініп 10-15 метрдей қашықтықта тұрған жарға қолын тигізіп қайтып келеді, ойын кезекпен жалға береді.
2. Ракеткамен алып жүру
Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек сап түзеп тұрады. Мұғалімнің белгі берісімен ракеткамен шарикті түсірмей ұрып 10-15 м жерден айналып келеді, белгі (жалауша) қойылады.
3. Қол күрес.

Топтын Ұлдары ортаға шығып үстелге отырып екі-екіден қол күрестіреді кезектесіп.
4. Иық күресі
Ортада шеңбер ішінде бір аяқтарын көтеріп ыйықтарымен бір-бірін шеңбердің ішінен шығарады, бірінші шығып кеткен жеңілген болып есептеледі, Ойын кезекпен жалғаса береді.
5. Көп болып жүгіру
Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.
Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп,тағы да өз командасына оралады.
6. Допты торға түсіру
Команда кезектесіп барып баскетбол шығыршығына допты түсіреді, қай команда коп түсіреді сол ойыншылар жеңіске жетеді.
7. Допты түсірме
Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келуі қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.
8. Қап киіп жарысу
Үш команда ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалімнің белгісімен саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секірмектей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
9. Кім жылдам
Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға,сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.
10. Қырқаяқ ойыны
Әр топ өз ойыншыларының белдеріне ұстап белгіленген жалаушадан айналады, қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.
11. Арқан тартыс
Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

Ал, құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.

Қортынды сөзді беру.
Құттықтау.
Сыйлықтарын тапсыру
.



Ойындардың атауы

Мергендер

Жүйріктер

Қырандар

Кедергілер арасымен жүгіру

5

3

4

«Доппен секіру»,

5

4

3

«Маятник»

5

3

4

«секіргішпен секіру»

4

3

5

«Ракеткамен шарикті апару»

3

5

4

Қап киіп жарысу

5

3

4

Кім жылдам

4

3

5

Қырқаяқ ойыны

4

4

3

Арқан тартыс

4

5

3

Допты торға түсіру

3

5

4

Иық күресі

4

3

5

Қорытынды ұпайлар:

46

41

45












ГСМИ директорының

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Айтжанова Ж.А.

_______________


7.11.2017




Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының


Сабақтан тыс жұмыс.



Тақырыбы:

«Жүзден жүйрік»



(Көңілді сөре, эстафеталық жарыс)

5ә, 5а, 6 сынып.









Дене шынықтыру нұсқаушы: Ниязалиев Д.Б

Дене шынықтыру мұғалімі: Исламов Т.Ф.

2017-2018






Қ.Р.М ән ұраны шырқалуда Қатысушылар өз топтарымен, ұранымен таныстыруда.

Жылдамдыққа жүгіру Допты түсірме ойыны Ракеткамен алып жүру

Кім жылдам ойыны Секіргішпен секіру Қап киіп жарысу Арқан тартыс

Picture 1

Қырқаяқ ойыны Қол күрес ойыны

Әділ қазылар ойындардын ұпайларымен таныстыруда

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі