Материалдар / Көнілді мәре
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көнілді мәре

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Тамыз 2022
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2.«Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Лагерьде бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, кері қайту.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: Ендеше ең соңғы ойынымыз « Жүйрік паровоз» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші: Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!