жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Конвергентті журналистика және технологиялар
Бисенғали Айяулы Ниязбекқызы
«Тұран» университеті
Ғылыми жетекші: Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы
КОНВЕРГЕНТТІ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Аңдатпа. Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты журналистика саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістердің басты бағыты-конвергентті журналистика феномені. Конвергентті журналистика -бұл дәстүрлі БАҚ (газет, радио, теледидар) пен цифрлық медиа құралдарының өзара ықпалдасуы негізінде қалыптасқан жаңа медиа форматы. Аталған үрдіс ақпарат таратудың жылдамдығын арттырып, аудиториямен кері байланысты күшейтеді.Бүгінде журналист тек бір платформада ғана емес, бірнеше арнада бір мезгілде жұмыс істеуге мәжбүр. Ол жаңалықты жазады, видео түсіреді, монтаждайды, әлеуметтік желіге жариялайды. Бұл әмбебаптылықтың артында заманауи технологиялардың ықпалы жатыр. Смартфондар, интернет, арнайы қолданбалар мен жасанды интеллект журналистиканың жаңа мүмкіндіктерін ашуда.Конвергентті журналистиканың басты ерекшелігі – контенттің бір оқиғаға негізделіп, әртүрлі платформада түрлі форматта ұсынылуы.Мұндай тәсіл оқырманның, көрерменнің немесе тыңдаушының ақпаратты өзіне ыңғайлы форматта тұтынуына мүмкіндік береді.Сонымен қатар, жасанды интеллект пен деректерді талдау технологиялары журналистиканың жаңа қырларын ашуда. Мысалы, автоматтандырылған жаңалық генерациялау, фейк ақпаратты анықтау, аудитория талдау сияқты функциялар ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Дегенмен, бұл үдерістің өз кемшіліктері де бар. Конвергентті журналистикада жылдамдық пен сапа арасында тепе-теңдік сақтау қиын.
Түйін сөздер: конвергентті журналистика, мультимедиалық контент, цифрлық платформа, жаңалық тарату,ақпараттық технологиялар, цифрлық медиа, деректер талдауы, бұлттық сақтау.
Конвергентная журналистика и технологии
Аннотация. С развитием информационного общества журналистика переживает эпоху трансформации. Одним из ключевых направлений этих изменений становится конвергентная журналистика-интеграция традиционных СМИ (газеты, телевидение, радио) с цифровыми технологиями и онлайн-платформами. Такой подход позволяет не только ускорить передачу информации, но и обеспечить более активную вовлечённость аудитории. Современный журналист-это универсальный специалист. Он пишет текст, снимает и монтирует видео, ведёт репортажи в прямом эфире и публикует контент в социальных сетях. Такая многозадачность стала возможной благодаря развитию технологий: смартфоны, приложения для редактирования, доступ в интернет и искусственный интеллект открывают новые горизонты. Конвергентная журналистика базируется на принципе мультиплатформенности. Это позволяет охватить разную аудиторию и удовлетворить её информационные предпочтения. Особую роль играют технологии анализа данных и искусственный интеллект. Уже сегодня возможны автоматическая генерация новостей, детекция фейковых новостей и таргетирование контента. Журналистика становится точнее и персонализированнее, но и требования к специалистам возрастают. Однако конвергентность несёт с собой и вызовы.
Ключевые слова: конвергентная журналистика, мультимедийный контент, цифровая платформа, распространение новостей,информационные технологии, цифровые медиа, анализ данных, облачное хранение.
Convergent journalism and technologies
Abstract. In the era of the digital information society, journalism is undergoing a major transformation. At the core of this evolution lies convergent journalism — the integration of traditional media (print, radio, television) with digital technologies and online platforms. This approach enables faster news delivery and fosters more dynamic interaction with audiences.Modern journalists are no longer confined to a single medium. They are expected to be versatile: writing articles, shooting and editing video, livestreaming, and sharing updates on social media. This shift is powered by technological advancements such as smartphones, editing apps, cloud services, and AI tools.Convergent journalism operates on a multi-platform strategy. This model maximizes audience reach by catering to varying content consumption preferences.
AI and data analytics are also redefining the field. Newsrooms increasingly rely on automation for content generation, fake news detection, and personalized content delivery. These innovations help improve accuracy, engagement, and efficiency. However, they also demand journalists possess a broader skillset and technical literacy.Despite its benefits, convergence brings challenges. The pressure to deliver content rapidly across platforms can compromise journalistic quality.
Keywords: convergent journalism, multimedia content, digital platform, news dissemination,information technologies, digital media, data analysis, cloud storage.
Кіріспе. XXI ғасыр – технологиялық серпілістер мен ақпараттық қоғамның қарқынды даму дәуірі. Қазіргі заманда ақпарат алу мен тарату процесі бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырап, бұқаралық коммуникация құралдары мен журналистика саласы түбегейлі трансформацияға бет алды. Әсіресе интернеттің, сандық технологиялардың және мобильді құрылғылардың дамуы журналистиканың дәстүрлі пішіндеріне үлкен әсер етіп, жаңа ұғым конвергентті журналистика пайда болуына негіз болды.Конвергентті журналистика – бұл тек қана жаңа форматтағы журналистік өнім емес, сонымен қатар журналистикадағы кәсіптік, технологиялық, редакциялық және мәдени өзгерістердің күрделі үйлесімі (Әбдіжәділқызы, 2018:1).Ол әртүрлі медиаплатформаларды (газет, радио, теледидар, интернет) бір арнаға тоғыстыра отырып, ақпаратты көпарналы форматта ұсынуды көздейді. Қазіргі таңда бұл ұғым тек журналистердің жұмысына ғана емес, ақпаратты тұтынушы аудиторияның да сұранысына тікелей әсер етуде.Ақпараттық технологиялардың дамуы мен интернеттің кең таралуы аудиториямен тікелей кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Бұл, өз кезегінде, классикалық журналистиканың біржақты хабар тарату моделін өзгертіп, көпвекторлы коммуникация жүйесін қалыптастырды. Енді ақпарат тек редакциядан халыққа емес, сонымен бірге аудиториядан редакцияға, тіпті аудиториядан аудиторияға еркін түрде тарап отыр. Бұл құбылыс медиа салада жұмыс істейтін мамандардан жаңа қабілеттер мен дағдыларды талап етеді. Журналист тек мәтін жазып қоймай, фото және видео түсіру, материалды онлайн платформаға бейімдеу, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу секілді міндеттерді де қатар атқаруға мәжбүр (Қуатова, 2021:2).Конвергентті журналистиканың қалыптасуына әсер еткен негізгі факторлардың бірі – цифрлық технологиялардың журналистика саласына енуі. Компьютерлік бағдарламалар, мультимедиалық құралдар мен интернет платформалар ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату ісін оңтайландырды. Журналист тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар контент өндіруші, редактор, дизайнер әрі продюсер рөлін қатар атқаруға бейімделді. Бұл- медианарықтағы жаңа бәсекеге сай болудың алғышарты.Жалпы алғанда, конвергентті журналистика-дәстүрлі журналистика мен жаңа технологиялардың тоғысуынан пайда болған құбылыс. Ол тек контент форматын ғана емес, журналистік кәсіптің өз құрылымын, тәсілдерін, өндіріс процестерін өзгертуге алып келді. Бұл үрдіс ақпаратты тұтыну мәдениетінің өзгеруімен де тығыз байланысты. Бұрын халық ақпаратты газет пен теледидар арқылы уақытпен шектеліп тұтынса, қазір кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген құрылғы арқылы жаңалықтарды қарап, пікір білдіре алады.
Осы өзгерістердің барлығы конвергентті журналистиканың дамуына түрткі болды (Еркебұланова , 2019:3). Қазіргі таңда әлемдік медиа кеңістікте бұл бағыт белсенді дамуда. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония сынды алпауыт елдердің жетекші медиа ұйымдары мультимедиялық журналистикаға бет бұрып, цифрлық редакцияларды қалыптастыруда. Қазақстанда да бұл үрдіс белсенді жүруде. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары сандық форматқа көшу, мультимедиялық контент өндіру, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу бағытында қадамдар жасауда.Алайда бұл процестің өзіне тән қиындықтары мен қайшылықтары да жоқ емес. Конвергентті журналистиканың дамуы ақпараттың сапасына, оның тексерілу деңгейіне, журналистиканың этикасына белгілі бір дәрежеде әсер етуде. Жылдамдық пен бәсеке бірінші орынға шыққан заманда фактіні тексеру мен объективтілік қағидалары екінші орынға сырғымауы керек. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа технологияларды тиімді пайдалану мен кәсіби этиканы сақтау арасындағы тепе-теңдік-бүгінгі журналистиканың өзекті мәселесі.Сонымен қатар, жас журналистерді даярлау ісінде де өзгерістер қажет етілуде. Қазіргі журналистке тек жазу қабілеті жеткіліксіз -ол мультимедиалық құралдарды меңгеріп, цифрлық ортада жұмыс істеудің қыр-сырын білуі тиіс. Сондықтан да конвергентті журналистиканың дамуымен қатар, журналистік білім беру жүйесі де жаңартылып, заман талабына бейімделуі қажет (Баймұхаметов, 2020:4).
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – конвергентті журналистиканың мәні мен мазмұнын, даму ерекшеліктерін, технологиялық және кәсіби аспектілерін саралау. Сонымен қатар, бұл бағыттың Қазақстан медиасаласындағы орнын айқындап, оның болашағына болжам жасау көзделеді.
Жұмыс барысында мынадай негізгі міндеттер қойылады:
1.Конвергентті журналистиканың теориялық негіздерін зерттеу;
2.Сандық технологиялардың журналистикаға әсерін талдау;
3.Конвергентті редакциялардың құрылымы мен жұмыс жүйесін сипаттау;
4.Қазақстандағы конвергентті журналистиканың даму деңгейін анықтау;
5.Бұл саладағы басты қиындықтар мен мүмкіндіктерді айқындау;
6.Жаңа медианың этикалық және кәсіби талаптарын қарастыру.
Зерттеу жұмысы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, журналистік тәжірибеге, медиа сараптамалар мен статистикалық деректерге сүйене отырып жазылады. Сонымен қатар, нақты мысалдар мен кейс-талдаулар арқылы мәселенің практикалық жағы да ашылады.Осы тақырыпты зерттеу өзекті, себебі қазіргі медиа саласының келешегі тікелей осы конвергентті журналистиканың дамуымен байланысты. Ақпарат тасқынының үздіксіз жүріп жатқан заманында сапалы, шынайы, бейтарап журналистика қоғам үшін бұрынғыдан да маңызды. Ал оны жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар мен кәсіби шеберліктің үйлесімі қажет (Сейтқазиева, 2022: 5).
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы және интернеттің күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы журналистика саласында да үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде ерекше атап өтуге болатын құбылыс конвергентті журналистика. Бұл – бүгінгі медианың негізгі бағытына айналып келе жатқан кешенді ұғым.
Негізгі бөлім. Конвергентті журналистика-бұл түрлі медиаплатформаларда (телевидение, радио, газет, онлайн БАҚ, әлеуметтік желілер) ақпарат тарату құралдарының бірігуін, тоғысуын білдіретін ұғым. Яғни, бұл бұрынғыдай бір ғана арнада ақпарат тарату емес, керісінше бір жаңалықты бірнеше платформа арқылы ұсыну тәсілі.
2. Конвергенцияның түрлері:
Техникалық конвергенция-ақпаратты тарату құралдарының (камера, смартфон, интернет) бірігуі;
Контенттік конвергенция-бір жаңалықты түрлі пішінде ұсыну (мәтін, видео, аудио, инфографика);
Институционалдық конвергенция-әртүрлі медиақұрылымдардың бірігіп жұмыс істеуі (мысалы, газет пен теларнаның бір медиахолдингке бірігуі);
Кәсіби конвергенция - әмбебап журналистиканың дамуы, яғни журналист бір мезетте мәтін жазып, видео түсіріп, оны монтаждап, әлеуметтік желіге жариялай алады.
3. Конвергентті журналистиканың артықшылықтары:
Ақпаратты жылдам әрі кең аудиторияға тарату мүмкіндігі;
Көп форматтылық- әр оқырман өзіне ыңғайлы форматта тұтына алады;
Әмбебап журналистердің қалыптасуы – еңбек нарығында сұранысқа ие болу;
Оқырманмен кері байланыстың күшеюі (комментарий, лайк, бөлісу т.б.)
Қазақстанда да бұл бағыт дамып келеді. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары өз жаңалықтарын тек дәстүрлі форматта ғана емес, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда, сайттарда жариялап отыр. Мысалы, «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Tengrinews», «Informburo» сынды медиа ресурстар – конвергентті журналистиканың жарқын мысалдары.Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дәстүрлі журналистиканың мазмұны мен тәсілдерін түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Соның нәтижесінде «конвергентті журналистика» ұғымы пайда болып, медиа саласында кең қолданысқа енуде. Бұл-мәтін, бейне, аудио және инфографика сияқты түрлі форматтағы контенттердің бір платформада біріктірілуі арқылы ақпарат тарату үлгісі. Бүгінде конвергентті журналистика – медиа саласының негізгі бағытына айналып отыр[6-22б]. Сондықтан оны оқып-үйрену болашақ журналистер үшін аса маңызды.Конвергентті журналист болу – бұл тек мақала жазып қана қоймай, бейнематериал түсіріп, аудио подкаст жазып, фото және инфографика жасау мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Мұндай жан-жақты біліктілік аудиторияға ақпаратты барынша тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Университет қабырғасында осы дағдыларды меңгеру – еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.Қазіргі медиа нарығы конвергентті форматтағы контентке басымдық береді. Баспасөз, радио, теледидар және интернет журналистикасы бір арнаға тоғысып, жаңалықтар бірнеше платформалар арқылы таратылады. Бұл үрдіске ілесу үшін студенттерге жаңа технологиялар мен цифрлық құралдарды меңгеру аса қажет.Конвергентті журналистика -тек журналистік қабілетті дамытып қана қоймай, шығармашылық ойлау, техногиялық сауаттылық және жобамен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастырады. Мұндай білім болашақ маманның креативті, жан-жақты, жаңалыққа бейім болуына ықпал етеді.Бүгінгі оқырман-цифрлық дәуірдің өкілі. Олар ақпаратты жылдам, ықшам, әрі түрлі форматта қабылдауды жөн көреді. Конвергентті журналистика аудиторияның осы талабын ескеріп, оқырманмен тұрақты байланыс орнатуға жол ашады.Конвергентті журналистиканы меңгеру -бұл бүгінгі заман талабы. Медиа саласында сапалы контент жасап, қоғамды дер кезінде ақпаратпен қамту үшін болашақ журналистерге осы бағыттағы білім мен дағдыны жетік игеру қажет. Сондықтан оқу орындары осы саланы тереңдетіп оқытуға мән бергені абзал.
Технологиялардың конвергентті журналистикаға ықпалы - бұл қазіргі заманғы медиа саласындағы маңызды тақырыптардың бірі. Конвергентті журналистика түрлі медиа платформалардың (газет, теледидар, радио, интернет) бір арнада тоғысып, ақпаратты таратуда бір-бірімен интеграциялануы. Бұл құбылыс технологиялардың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Енді оның негізгі ықпалдарын қарастырайық (Вартанова,2019: 7).
1. Ақпарат тарату жылдамдығы артты
Цифрлық технологиялардың дамуы журналистерге жаңалықтарды онлайн режимде, тікелей эфирде және әлеуметтік желілер арқылы бірден таратуға мүмкіндік берді. Бұл аудиториямен тез әрі тиімді байланыс орнатуға жол ашты.
2. Мультимедиялық мазмұн жасау мүмкіндігі
Тек мәтінмен шектелмей, фото, видео, аудио және инфографика сынды мультимедиялық элементтерді қосу – жаңалықты қабылдауды жеңілдетіп, қызықты етеді. Бұл-оқырман мен көрерменнің назарын аударудың тиімді тәсілі.
3. Аудиториямен кері байланыс
Интернет пен әлеуметтік желілер журналистерге оқырманмен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Комментарийлер, лайктар, шерулер арқылы қоғам пікірі ескеріледі, бұл журналистік материалдардың сапасына әсер етеді.
4. Кросс-платформалық жұмыс
Бір жаңалық түрлі форматта - сайтта мақала, YouTube-та видео, Instagram-да сторис, подкаст ретінде жариялана алады. Бұл-аудиторияның түрлі сегменттеріне жетудің жолы.
5. Мобильді журналистика
Смартфон мен қосымшалар арқылы журналист оқиға орнынан репортаж жасап, оны бірден жариялай алады. Бұл-конвергентті журналистиканың жылдам әрі икемді болуына әсер етті.Технологиялар конвергентті журналистиканың дамуына зор серпін берді. Олар ақпаратты жылдам, қолжетімді, әрі креативті түрде таратуға мүмкіндік жасап, дәстүрлі медианың трансформациялануына себеп болды(Трушкин, 2017: 8).
Қорытынды. Ақпараттық қоғам мен цифрлық технологиялар дәуірінде журналистиканың формасы, мазмұны мен функциялары түбегейлі өзгеріске ұшырады. Соның ішінде ерекше назар аударатын құбылыс – конвергентті журналистика. Бұл ұғым қазіргі медиасаланың даму заңдылықтарын, медиатұтынушылардың сұранысын, журналистиканың болашақ моделін түсінуге мүмкіндік береді.Конвергентті журналистика-бұл жай ғана технологиялық құралдарды біріктіру емес. Бұл-ақпарат өндіру, тарату және тұтыну тәсілдерінің өзгеруі, медиааралық шекаралардың жойылуы, журналист пен аудитория арасындағы өзара байланыстың жаңа деңгейі. Телевидение, радио, баспасөз және интернеттің бір арнаға тоғысуы – конвергентті процестің айқын көрінісі.
Зерттеу барысында бірнеше маңызды тұжырымдарға келдім:
1.Конвергентті журналистика-заман талабы. Классикалық журналистика қазіргі қоғам сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Аудитория ақпаратты тез, жан-жақты әрі интерактивті түрде қабылдағысы келеді. Бұл сұранысты тек конвергентті тәсіл арқылы өтеуге болады.
2.Журналистің рөлі мен функциясы өзгереді. Қазіргі медиажурналист тек мәтін жазып қана қоймайды. Ол-фотограф, видеооператор, SMM маман, редактор және продюсер. Яғни бір маман бірнеше медиақұралмен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек.
3.Медиатұтынушы-белсенді қатысушы. Әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар әрбір адамға ақпарат көзі болуға мүмкіндік берді. Журналистика енді біржақты ақпарат тарату формасынан шығып, аудиториямен диалог құру, кері байланыс орнату форматына өтті.
4.Медиаұйымдар үшін жаңа бизнес модельдер қажет. Ақпараттық кеңістіктегі бәсекелестік күшейіп, дәстүрлі табыс көздері тиімсіз бола бастады. Сондықтан медиакәсіпорындар жаңа монетизация жолдарын (жазылым, нативті жарнама, контент сату) іздеуге мәжбүр(Качкаева, 2021:11).
5.Қазақстанда конвергентті журналистиканың дамуы баяу, бірақ қарқынды. Соңғы жылдары қазақстандық БАҚ цифрлық трансформация кезеңіне аяқ басты. «Хабар», «Қазақ радиосы», «ҚазАқпарат», «Egemen Qazaqstan» сияқты дәстүрлі медиалар да интернет-платформаларға бет бұрып жатыр. Бірақ кадрлық жетіспеушілік, техникалық база мен заңнамалық тосқауылдар бұл процесті тежейді.
6.Білім беру жүйесінде жаңа стандарттар қажет. Журналист мамандарын дайындау бағдарламалары ескіріп барады. Конвергентті журналистикаға икемделген, кросс-платформалық жұмысқа қабілетті, мультимедиалық құралдарды меңгерген жас журналистерді даярлау – уақыт талабы.
Осы орайда, конвергентті журналистиканың дамуына ықпал ету үшін келесі ұсыныстарды атап өтуге болады:
Журналистерге арналған қайта даярлау курстарын көбейту;
Жоғары оқу орындарында мультимедиалық журналистика бағытын күшейту;
Медиақұрылымдардың цифрлық трансформациясын жеделдету;
Интернет журналистикасын заңнамалық тұрғыда қолдау;
Жаңа технологияларды – AI, big data, VR – журналистиканың қызметіне енгізу.
Қорыта айтқанда, конвергентті журналистика – тек қазіргі журналистиканың форматы ғана емес, бұл – ақпарат кеңістігінің келешегі, журналистиканың болашағы. Бұл үрдіс барлық медиа құрылымдарды қайта қарауға, аудиториямен жұмыс істеу тәсілін өзгертуге, мазмұнды түрлендіруге мәжбүрлейді. Осы өзгерістерге бейімделген БАҚ қана алдағы уақытта өміршең болмақ(Гладкий, 2018:10).
1.Әбдіжәділқызы Ж. (2018). Жаңа медианың дамуы және журналистиканың трансформациясы. Алматы: Қазақ университеті.
2.Қуатова А. (2021). Конвергентті журналистика: теория және тәжірибе. Нұр-Сұлтан: ЕҰУ баспасы.
3.Еркебұланова Г. (2019). Цифрлық медиажурналистика: даму үдерісі мен болашағы. Алматы.
4.Баймұхаметов Н. (2020). Мультимедиалық журналистика негіздері. Алматы: Раритет.
5.Сейтқазиева А. (2022). Жаңа медиа: журналистиканың трансформациясы. Түркістан.
6.Вартанова Е. Л. (2019). Конвергентная журналистика. Москва: Аспект Пресс.
7.Пономарев А. А. (2020). Новые медиа и цифровая журналистика. Санкт-Петербург.
8.Трушкин С. В. (2017). Мультимедийная журналистика: теория и практика. Москва.
9.Качкаева А. Г. (2021). Медиа в цифровую эпоху: вызовы и перспективы. Москва.
10.Гладкий Ю. Н. (2018). Журналистика в условиях цифровой трансформации. Екатеринбург.
11.Pavlik J. V. (2013). Media in the Digital Age. Columbia University Press.
12.Quinn S. (2005). Convergent Journalism: The Fundamentals of Multimedia Reporting. Peter Lang.
13.Singer J. B. et al. (2011). Participatory Journalism: Guarding Open Gates at Online Newspapers. Wiley-Blackwell.
14.Deuze M. (2007). Media Work. Polity Press.
15.Friend C., & Singer, J. B. (2007). Online Journalism Ethics: Traditions and Transitions. M.E. Sharpe.
16.Jenkins H. (2006). Convergence Culture: Where Old and New Media Collide. NYU Press.
17.Domingo D., & Paterson, C. (2011). Making Online News: Newsroom Ethnographies in the Second Decade of Internet Journalism. Peter Lang.
18.Bradshaw P., & Rohumaa, L. (2011). The Online Journalism Handbook. Routledge.
19.Küng L. (2015). Innovators in Digital News. I.B. Tauris.
20.Franklin B. (Ed.). (2013). The Future of Journalism: In an Age of Digital Media and Economic Uncertainty. Routledge.

