жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көптілді білім берудегі педагогикалық амалдар мен технологиялар

Рыскулбекова Куралай Калдыбаевна
«Өрлеу» БАҰО филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы
және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын
республикалық институты
Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық
қолдау кафедрасының аға оқытушысы
Көптілді білім берудегі педагогикалық амалдар мен технологиялар
Білім беру – болашаққа бағдарланған адам қызметінің саласы болып
табылады. Сонымен қатар ӛзгеріс енгізуде, мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік дамуы үшін де басымдық білім беруге берілетініні сӛзсіз. Әлемдегі
білім беру жүйесі нәтижеге бағытталған қағидаларға негізделе құрылып отыр.
Бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақтың ӛзге тілдерді меңгеруі, еркін қарым-
қатынас жасай алуы маңызды. Сонымен қатар, қарқынды ӛзгеріп жатқан әлем
жағдайында білім беру бағдарламалары жаңартылған білім беру мазмұнына
кӛшуде. Бұл бүгінгі күннің талабы, сұранысы. Ал кӛптілді білім берудің осы
қажеттіліктен шығатыны анық. Яғни баланың эмоционалдық, әлеуметтік,
танымдық үйлесімде дамуын басты назарға ала отырып, ӛмірдің нақты
кезеңдерінде мәселені шешуге, шынайы әлем жағдайында шеберлікке
ұмтылатын құзыреттілік сапаларын арттыруға қолдау кӛрсету қажет. Бұл
тұлғаның ӛзін ӛзі реттеу, бақылау, бағалау, сараптамалық талдау және сыни
рефлексия жасауға мүмкіндік береді. Оның астарынан кӛптілді тұлғаны
дамытудың құндылық және тиімділік компоненттерін, қоғамдық қатынаста, іс
әрекетте тұлғаның ӛзін ӛзі ӛзектендіру, даралық, субъектілік, таңдау,
шығармашылық және жетістік, сенім мен қолдау секілді ұстанымдық
ерекшеліктері арқылы ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кӛптілді білім беруге қатысты тұжырымдамалық және
бағдарламалық құжаттарды дайындауда сараптамалық қолдау жасалып, кӛмек
кӛрсету маңызды. Осы ретте мұғалімдер сабақ жоспарлағанда тӛмендегі
жағдайларды ескеруі керек:
- оқу деңгейі: бастауыш, орта, жоғары;
- сабақтың тақырыбы;
- тірек сӛздер, тақырыптар;
- негізгі терминдер сӛздігі;
- ойлау мен талқылау дағдысы;
- топта жұмыс істей алуы;
- қажетті дидактикалық материалдар;
- іс-әрекетті дамыту тәсілдері;
- бағалау тәсілдері(талаптар әдіс-тәсілдер) [1.11-12]
Тілдік қарым-қатынасқа түсуде оқу материалы – оқылатын мәтін және сол
мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Таңда лған материалдың
оқушылардың жас ерекшелігіне, қабылдау қабілетіне, қалыптасқан тілдік білім
деңгейіне сәйкес болуы керек.

Оқушылардың тілдік дамуының негізгі құралы – ана тілінде және екінші
тілде әр сабақта қайталанып отыратын сӛйлеу құралдарының болуы маңызды.
Ал сӛйлеу құрылымдары әр түрде беріліп, тілдің түрлі коммуникативтік
қызметін кӛрсетуі шарт. Атап айтқанда:
- атау қызметі(санды, күнді, айды, табиғат құбылыстарын атау; уақыты,
фактілерді айту және т.б.);
- қарым-қатынас пен эмоцияны білдіру қызметі (ӛз ойын айту,
қызығушылығын білдіру, түсінгендері мен түсінбегендерін айту,
таңданысын айту және т.б.);
- байланысқа түсу(рұқсат сұрау, ӛтініш білдіру, алғыс айту және т.б.)
- ақпарат алмасу (ӛзіне қатысты сұрақтарға жауап беру, ниетін білдіру, іс
әрекетті, жағдайды баяндау, адамдарға мінездеме беру және т.б.)
- нұсқау жүргізу(ережелерді түсіндіру, қайталауын сұрау, әрекет ретін
хабарлау және т.б.).
Мысалы,оқушылардың жұмысын бағалауда тӛмендегі тәсілді қолдануға болады:
Маған жауап ұнады................, себебі.....................
Маған жауапқа күмәнім бар..............., себебі........
Мен келісемін......................., себебі.......................
Мен келіспеймін....................., себебі.....................
Сонымен қатар, мәтінмен жұмыс істеуде мәтін алды тапсырмалар мен
мәтіннен кейінгі тапсырмалар жүйесінің бірізділігі мен логикалық байланысы
болуы шарт. Себебі, оқушылар лексикамен жұмыс істегенде сол сӛздерді, сӛз
тіркестерін мәтіннің ішінде кездестіргенде біліп, түсінуі, сол мәтін бойынша
ӛздерінің қарапайым сұрақтар құрастыра алуы қажет.
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушылардың академиялық пәндері, қосымша
білім беру, бос уақытты ұйымдастыру және әлеуметтік ӛмірдің тәрбиелік әлеуеті
арқылы іске асырылады. Сонымен қатар тұлғаның негізгі сапалары отаншылдық,
тӛзімділік, сенімділік, жауапкершілік, креативтілік, тапқырлық, кӛшбасшылық,
яғни функционалдық сауатты тәртіп қалыптасады.Түпкі мақсат білім
алушылардың ӛзін ӛзі жетілдіру мен дамытуға жетелейтін, кез келген жағдайда
коммуникативтік-қызметтік әрекеттерді үш тілде кӛрсетуге мүмкіндік беретін
бірнеше тілді меңгеру, ӛзінің салт дәстүрі мен тарихын білетін, әлеуметтік және
саяси ӛзін ӛзі анықтауға қолдау кӛрсететін кӛпмәдениетті тұлғаны дамыту.
Ұйымдастыру формаларын айқындайтын негізгі идеялар, тәрбие үрдісінің
әдістері және оның жалпы заңдылықтары мен мақсаттарының кешені болып
табылатын мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстанымдарды
басшылыққа алу керек. Орта мектепте тәрбиелеудің ӛзекті ұстанымдары:
· Бағдарлы мақсат қою.
· Шәкірттің ықылыс-ынтасын, белсенділігін қолдау.
· Бірыңғай талап қою және тәрбиеленушілерге құрметпен қарау. Ізгі қарым
қатынас.
· Даралық және жас ерекшеліктерін ескеру.
· Еркіндік және сенім.
· Тәрбие тағылымдарын жүйелі, бір арнада, үздіксіз, қалыпты деңгейде
жүргізу.

· Тәрбиенің ӛмірімен, еңбекпен және практикалық іс әрекетпен байланысты
болуы.
· Оқу орындары мен жанұяның тәрбиелік бағдарын бір арнадан тоғысуы.
· Тек ұлттық мүддеге сәйкес келетін қажетті тәрбие беру.
Тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы оқушылармен жүргізілетін тӛмендегідей
жұмыстарды жүйелі жоспарлауды қажет етеді:
- Мектептің тәрбие орталығын құру.
- Мектептің оқу-тәрбие мазмұнын оқушының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құру және сыныптан тыс жүргізілетін
қолданбалы курстар, әр бағыттағы үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын құру.
- Оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту үшін пән сабақтарында және
сыныптан тыс іс шараларды (бастауыш сыныптарда - тіл ширату,
жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтарды қолдану; орта буын оқушылары үшін
мақалдар мен мәтелдер, балалар жырлары, мазақтамалық, ӛтірік ӛлеңдер, ойын
ӛлеңдерді; жоғары сыныптарда – шешендік сӛздер, термелер, ертегілер, аңыз
әңгімелер, жырларды, дала даналарының тәлімдік, ӛнегелері ойларын жүйелі
қолдау) ұйымдастыру.
- Ел-жер, ауыл аймақ тарихын, тұлғалар тарихын зерттейтін топтар, табиғат
құбылыстарын болжау орталықтары, ауыз әдебиеті мен батырлық жырлары,
дастандар т.б. құндылықтарды зерделейтін, насихаттайтын әр пәнге қатысты
үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
- Қазақтың қолданбалы қол ӛнері үйірмелерін құру, іскерлік сыныптарын,
топтарын ашу (кәсіпке қатысты – ұлттық ою ӛрнек, кесте, зергерлік ӛнім,
тоқыма, ұлттық тағам түрлері, оның құрамын білу, әрі дайындау технологиясы
т.б.; ӛнерге қатысты – айтыс, жыршылар, термешілер, әуесқой музыканттар
мектебін ашу, үйірме жұмыстары; драма үйірмелері – ауыз әдебиеті үлгілерін
сахналау; поэзия мен кӛркемсӛз ӛнеріне баулитын, әрі актерлік қабілетін
дамытатын, кӛркем оқуға жаттықтыратын үйірмелер; спортқа қатысты – «ұлттық
ойындар», «тоғызқұмалақ», «асық» және т.б.)
- Кітапхана жұмысын жандандыру. Кітапхана баланың кітапқа деген
қызығушылығын оята алатын іс шараларды ӛткізумен қатар, сыныптан тыс
қосымша білім берудің негізгі ошағы болуы шарт. Кітапханада тәрбие
саласының барлық бағыттары бойынша қызықты іс шаралар: әдеби оқулар,
қойылымдар, кештер, конференциялар, еңбекке баулу шаралары атқарылуы тиіс.
- Оқушылардың ӛзін ӛзі басқару жұмысын жетілдіру.
- Оқушыны еңбекке баулу – пән сабақтарын еңбекпен ұштастыру, негізгі
мектеп ережелері арқылы ӛзіне ӛзі қызмет жасау, қоғамдық пайдалы еңбекті
ұйымдастыру.
Осы ретте заманауи мектеп мұғалімдеріне оқу тәрбие үдерісін
ұйымдастыруда келесі міндеттерді ұсынамыз:
- оқушылар бойында ұлтжандылықты, азаматтылықты және намысқорлық
қасиеттерді және отаншылдық сананы қалыптастыру, Отанға деген мақтанышқа
тәрбиелеу.

- тұлғаның жалпыазаматтық құндылығын, белсенді азаматтық ұстанымын
қалыптастыруға ықпал етуі, рухани-адамгершілік дәстүрді сақтау және қайта
жаңғырту;
- жалпыадамзаттық қасиеттердің негізінде жан жақты мәдениетті, ӛзгермелі
ӛмір жағдайларына бейім тұлғаны қалыптастыру.
- оқушылардың білім алу уәждері мен танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыра отырып ойлау мүмкіндіктерін дамыту;
- ӛмірге, адамдарға құрметке тәрбиелеу;
- ӛзін ӛзі жетілдіру бағдарламаларының кӛмегімен мінез құлқын тәрбиелеу;
- ӛзінің ментальды әлемін құруға кӛмектесу,
- толеранттылық сезімі мен тұлғаның оң ұстанымына тәрбиелеу;
- салауатты ӛмір салты туралы кӛзқарысын қалыптастыру, мәдени-спорттық іс
шараларға қатысуға тарту.
Кӛптілді тұлға әлеуеті бір емес, үш емес бірнеше тілді меңгеруге жететіндігін
естен шығармаған дұрыс. Ӛз ресурстарымызды толыққанды жүзеге асырудың
қадамдарын жүйелі жүргізгенде ғана мүмкіндіктерін толыққанды ашуға қолдау
кӛрсетеді.
Пәндерді екінші және үшінші тіл арқылы оқытуда мұғалімдер CLIL әдісін
кеңінен қолдануда. CLIL, яғни пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін Еуропалық
комиссия 2004–2006 жылдарға арналған Еуропада кӛптілді білімді дамыту іс-
қимылдары шеңберінде ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз ӛзгеріс үстіндегі
жаһандану заманында мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктерінің бір
белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге
асыру үшін әзірленген. Тілді үйрену пән мазмұнын меңгеруде жүзеге асады.
Оқушылардың тілдік дағдысы «мақсатты» тілде (үйрететін тілде) кӛрнекі
құралдардың (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.) кӛмегімен дамиды.
Оқушылардың тілдік дағдыларын «мақсатты» тілде қарапайым оқыту
арқылы қалыптастыру аз, ол тілдік қажеттілігі туралы біліммен тұрады, осы
қажеттіліктерді пән мазмұнын сол тілде меңгерту арқылы қанағаттандырады
және қалыптастыруда дамытудың мониторингін жасайды. Оқушылардың оқу
дағдыларын қалыптастыру – тілді меңгеру мен пән мазмұнын игерудің маңызды
бӛлігі. Халықаралық практика мұндай әдістің орынды пайдаланған жағдайда
жақсы нәтиже беретінін кӛрсеткен. Ӛйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту ӛзара
терең байланыста болады. Екеуі де ойлау қабілеті мен оқуды жақсарту үшін
маңызды. Мағыналық мазмұнды талқылау мақсатымен басқалармен ӛзара
әрекеттесу үшін тілді пайдалана отырып, адамдар ӛздерінің ойлау қабілетін
жақсартады, бұл ӛз кезегінде олардың оқу қабілетін жақсартуына септігін тигізуі
мүмкін. Осылайша бала біріншіден, «математика», «тарих» немесе «химия»
сияқты пәндік салаларға тән академиялық тілді, оған тән терминология мен
грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден екінші немесе үшінші тілде тиісті
мәнмәтінде күнделікті ӛмірде тікелей араласу үшін пайдалануға үйренеді.
Бұдан басқа, жаңа тәсіл қолданылады – командалық оқыту(team teaching),
оның барысында бір сыныпта екі мұғалім бірлесіп сабақты жоспарлайды және
жүргізеді, оның біреуі бірінші тілде - қазақ немесе орыс тілде сабақ берсе,
екіншісі ағышын тілде сабақ береді. Осының негізінде қарым қатынасты қалаған

тілде жүргізіп пән бойынша тақырыптарды игеруге, материалды меңгерудегі
қиыншылықтар туындаған жағдайда ана тілде кӛмек алуға мүмкіндік береді.
Оқушының қалауы мен сұранысы ескеріледі.
Қорыта айтқанда, тұлға әлеуеті бір емес, үш емес бірнеше тілді меңгеруге
жететіндігін естен шығармаған дұрыс. Ӛз ресурстарымызды толыққанды жүзеге
асырудың қадамдарын жүйелі жүргізгенде ғана мүмкіндіктерін толыққанды
ашуға қолдау кӛрсетеді. Бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам, үш тіл
білген адам үш адам екені сӛзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Османова П.С., «Кӛптілді білім беруді оңтайлы жүзеге асырудағы «екінші
тілдің» қызметі» мақаласы. Сұхбат журналы №2, 2015.10-11 бб.
2. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі кӛптілді білім беруді дамытудың
әдіснамалық қамтамасыздығы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, әдістемелік нұсқаулық, 4 б. 2015 ж.
Аңдатпа
Мақалада кӛптілді тұлғаны дамыту мен кӛптілді білім берудің
маңыздылығы және де оның аясында тілді дамытудағы педагогикалық амалдар
және технологиялары қарастырылады. Бұл ӛз кезегінде әлемдік нарыққа,
экономиканың дамуына, білім кеңістігіне шығуға, озық тәжірибелермен
алмасуға, бәсекеге қабілетті болуға ықпал етеді. Айта кететініміз, кӛптілділікті
жүзеге асыруда басымдық ана тіліне берілетінігін кӛруге болады.
Түйін сөздер: кӛптілді білім беру, пән мен тілді кіріктіріп оқыту(CLIL),
ұжымдық оқыту(team teaching), билингвизм(қостілділік).
Аннотация
В статье рассматриваются вопросы развития многоязычной личности и
значение многоязычного образования, а также педагогических подходов и
технологий в развитии языка. Это в свою очередь влияет на мировой рынок,
экономическое развитие, прямому обмену инновационным опытом, выходу к
свободному образовательному пространству, конкуретноспособности. Это
является одним из главных требований на сегодняшний день. Необходимо
отметить, что при реализации полиязычного образования приоритетным должен
оставаться родной язык.
Ключевые слова: полиязычное образование, Предметно-Языковое
Интегрированное Обучение(CLIL), групповое обучение (team teaching),
билингвизм (двуязычие).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген