Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
көптілділік заман талабы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Көптілділік заман талабы
Әскерхан Жанболат (6СЭЗСО тобы, қаптаушы мамандығы)
Ғылыми жетекші – Кекубаева Еркежан Ахметовна, қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы
Жұмыстың мақсаты – еліміздің көптілділік мәселесі жөнінде ой қозғау. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік екендігін көрсету.
Міндеті - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Биылғы жылы 30 жасқа толғалы отырған елдің егемендігінің басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл болғандықтан, Қазақстан Республикасының әр азаматының мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі еліміздің болашағын айқындауға маңызды ықпал жасайтындығы сөзсіз. Тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.
Тілдерді оқытудың әдістемесі сөздер мен синтаксистік конструкцияларды қолдану ережелер жүйесін қамтамасыз ететін лексикалық қор мен грамматикаға негізделе отырып, тілдің ішкі құрылымдық сипатын белгілейді. Ал тілдің іс жүзіндегі қолданылуы сөйлеушілердің әлеуметтік сипаттамасымен және тілдік қарым-қатынас жағдайында болып жатқан шарттармен реттеледі. Сондықтан да тілді оқытуда лингвистикалық ережелер, нұсқаулар, ұсыныстармен қатар түрлі сыртқы факторлар да ескерілуі тиіс. Әлеуметтік лингвистикалық ақпарат мемлекеттің тілдік саясатын құрайтын мәселелер мен шараларды қарастыруда да аса маңызды.
Көпұлтты ел жағдайындағы тілдік саясат түрлі этностардың қалыпты жағдайда бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғамда ұлтаралық төзімділікті қалыптастыруға және интеграциялық процестердің дамуына мүмкіндік береді. Халықтар арасындағы саяси, мәдени және әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын тілдің коммуникативтік қызметі де күшейе түседі, ол, әрине қостілділік мәселесіне әкеліп соғады.Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпұлтты тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. [1: 345] Қазақстан Республикасындағы тіл жағдаяты мынадай белгілермен сипатталады: көптілділік, туыстас тілдер және туыстас емес тілдердің қостілділігі.
Алфавитті ауыстыру мәселесінің қозғалуы орынды. Ағылшын тілі латын алфавитіне негізделген. Ал ағылшын тілі болса, Қазақстанда 1930 жылдардан бері шет тілінің бірі ретінде оқытылады. Оның үстіне, 1930-1940 жылдар арасында Қазақ КСР-нде латын графикасына негізделген қазақ жазуы қолданылды. Яғни, тарихи тәжірибеміз бар. «Үштілділік» мәселесі бірден шешіле салмайды. Тілді үйрену – өте күрделі. Белгілі бір тілді меңгеру үшін практикада жиі қолдану керек және оны қолданатын орта қажет. Тілді үйренушінің тілді үйренуге деген пейілі мен ынта-ықыласы, табиғи бейімділігі де көп маңызға ие. Бәрінің басын біріктіретін – мемлекеттік қажеттілік, мемлекеттік мүдде. Дамыған, тәуелсіз Қазақстанның болашағы – көптілділік саясатында. Қазақ тілін меңгертуді жақсарта отырып, орыс, ағылшын тілін үйрету – бүгінгі күннің талабы. Көптілділік мәселесі – көпұлтты мемлекеттерге тән сипат. Мемлекет – біреу, оның құрамындағы ұлттар мен ұлыстар жүздеген болса, этностардың тілдерінің дамуына жағдай туғыза отырып, мемлекеттік тілді, ресми тілді және әлемдік тіл– ағылшын тілін үйретуді дамытудың жағдайы жақсартылады. Дүние жүзінің 60 - 70% ы латын графикасын қолданады, сол арқылы ағылшын тілін меңгерудің жолдары жеңілдетілген, біз де сол әлемнің бір бөлшегіміз. Дамыған 50 мемлекеттің көбінің негізгі тілі – ағылшын тілі. Бізде сол тұғырға көтерілуге даярмыз.
Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану идеясын көксейді. Үштұғырлы тілдерге: қазақ тілі– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі жатады. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл өмірлік сұраныстан туындаған қажеттілік болып отыр. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық мүмкіндіктерін дамытып отырған. Жалпы бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы болмақ. Осылайша бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Сонымен қатар елімізде орыс тіліне ерекше назар салынып келеді. Өткен ғасырлардың тарих беттерінде біз орыс тілі арқылы Еуропаға есік ашқанымыз белгілі. Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде: «Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар 18 бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз», – деп атап өтті. Ал ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу салды. Мемлекет басшысы барлығын, әсіресе жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды. Президент дәл ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді. Жалпы өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрды. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген екен.
Қазақстандағы «Тілдердің үштұғырлылығы» туралы ойды ең алғаш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», – деп атап көрсетті.
Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда негізгі баспалдағы, өйткені бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналды.
«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың легіне қосылу.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Көптілділік – заман талабы. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етуі үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта мектептер, ЖОО өз үлесін қосуда.
Бұл бағдарламалардың басты идеясы – Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Түйсігіміздегі нысана
– қазақ тілді дамыту, орыс тілін қолдану және ағылшын тілін үйрену. Күтілетін нәтиже:
– Үштілді білім беруді енгізу негізінде полимәдениетті тұлға, бәсекеге қабілетті маман даярланады;
– Тұңғыш Президентіміз айтқандай, әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылады;
– Ағылшын тілін меңгерту арқылы – халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін- еркін жұмыс жасай алатын ұрпақ даярланып, тәрбиеленеді;
– 2050 жылғы қазақстандықтар ــ үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы.
Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады.
Өркениетті елдердің қатарына кіру үшін сауатты да, экономикасы жоғары ел болып қалыптасуымызға көптілді білім беру мамандарын даярлауымыз қажет.
Біздің колледжіміз осы мәселе ішінде үш тілді толық меңгерген сауатты да, білімді, тәрбиелі, білікті мамандарды даярлауда.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .
2.«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы.
2