Корея мен Қазақстан: мәдениет пен құндылықтар арасындағы үндестік
Мәдениет пен рухани құндылық – әр халықтың болмысын айқындайтын терең дүниелердің бірі. Мәдени тақырыптарға деген ішкі қызығушылығым Корея мен Қазақстан арасындағы рухани байланысты зерттеуге себеп болды. Осы тақырып мені тереңірек ойлануға итермелеп, өзімше шағын зерттеу жүргізуге шешім қабылдадым. Түрлі дереккөздермен танысып, мәдени іс-шараларға қатысып, корей мәдениетімен жақын таныс адамдардың пікірлерін тыңдап, ұлттық музыканы зерттеу арқылы екі ел арасындағы рухани үндестікті түсінуге тырыстым. Байқағанымдай, тарихи ерекшеліктеріне қарамастан, екі ел арасында айтарлықтай рухани жақындық бар.
Отбасы мен үлкенге құрмет
Зерттеу барысында корей халқының отбасындағы тәрбие мен үлкенге деген қарым-қатынасы туралы түрлі кітаптар мен мақалаларды оқыдым. Әсіресе, олардың дәстүрлі көзқарастары мен қазіргі қоғамдағы өзгерістер жайлы мәліметтер мені ерекше ойландырды. Бұл тақырыпқа қызығушылығымның артуы – өз халқымызда да үлкенге құрмет, ата-анаға қамқорлық сияқты құндылықтардың маңыздылығымен байланысты. Кореяда бұл “효” (хё) деп аталады – үлкендерге деген құрмет пен жауапкершілікті сезіну мәдениеті. Бұл ұғым қазақ қоғамындағы “жасы үлкенді сыйлау” дәстүрімен үндесіп жатыр. Оқыған материалдар арқылы мен екі елдің тәрбиелік ұстанымдарының бір-біріне жақын екенін байқадым.
Менің байқауымша, бұл ұқсастық жастардың өмір салтында, үлкендермен сөйлесу әдебінде, отбасылық дәстүрлерде айқын көрініс табады. Екі халықтың да түп негізінде отбасына деген құрмет пен ұрпақ сабақтастығы маңызды орын алады.
Салт-дәстүрге деген құрмет
Екі елдің ұлттық мерекелері мен киімдеріне көз жүгірте отырып, ортақтықтар көп екенін аңғардым. Мәселен, қазақтың шапаны мен камзолы, корейдің ханбогы – екеуі де тек киім емес, халықтың тарихи жадын сақтаушы белгі. Сонымен қатар, біздегі Наурыз мейрамы мен Кореядағы Чусок мерекесі – екеуі де отбасы жиналып, бірге ас ішіп, бір-біріне ізгі тілек айтуға арналған мейрамдар. Бұл – бізді жақындататын тағы бір ортақ құндылық.
Білім мен еңбекке көзқарас
Кореядағы білім беру жүйесі мен жастар арасындағы еңбекқорлық туралы деректерді оқи отырып, олардың тәртібі мен табандылығына таңдандым. Онлайн платформа арқылы бірнеше корей студентімен сөйлесіп, олардың күнделікті оқу кестесі мен дайындық деңгейі туралы білдім. Тіпті демалыс күндері де қосымша сабақтарға қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізетіндерін айтты.
Салыстырмалы түрде қарағанда, біздің елімізде де жастар білімге ұмтылады, бірақ мотивация мен тәртіп жағынан әлі де жетілдіру қажет екенін байқадым. Бұл орайда, Корея тәжірибесінен үйренуге болатынын түсіндім. Менің ойымша, бұл — жеке бастың дамуымен қатар, ұлттың да дамуына жол ашатын маңызды фактор.
Қазіргі заман және мәдени алмасу
Зерттеу жұмысымның қызықты бөлігі – дәстүрлі музыка болды. Мен арнайы корей ұлттық аспаптары туралы бейнематериалдар қарап, олардың дыбысы мен қолдану әдістерін зерттедім. Қазақтың қобыз бен домбырасын жақсы білетіндіктен, корейдің гомунго, кэңгари және пхири аспаптарының үнін салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды аңғардым.
Музыка — ұлттан тыс, жанға жақын өнер. Екі халықтың да музыкалық туындыларында табиғатқа жақындық, ішкі сезімді жеткізу, баяу басталып, біртіндеп өрбитін ырғақ сынды ортақ ерекшеліктер бар. Бұл байқауымды Алматыда өткен корей мәдени кешінде көзбен көріп, нақты сезіндім. Корей аспаптарының әуені мен біздің күйлеріміздің арасында рухани байланыс жатқанын анық байқадым.
Жеке тәжірибем мен шағын зерттеуім көрсеткендей, Корея мен Қазақстан – географиялық тұрғыдан шалғай орналасса да, рухани жағынан бір-біріне жақын елдер. Отбасына құрмет, салт-дәстүрді сақтау, білім мен еңбекке бейім болу – бұл екі елдің де ұлттық болмысының негізі. Дәстүрлі музыкадан бастап, күнделікті өмір салтына дейін осындай ұқсастықтарды байқай отырып, мен шынайы мәдени алмасудың маңызын түсіндім. Бұл зерттеу маған тек танымдық тәжірибе ғана емес, халықтар арасындағы түсіністік пен достықты тереңірек бағалауға жол ашты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз