400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрісу күні – ұлттық бірліктің жарқын көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының дәстүрлері мен салт-саналары ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осы дәстүрлердің бірі болып табылатын Көрісу күні – адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, жақсылық тілейтін, реніштерін ұмытып, жаңа бастамаларға қадам басатын ерекше күн. Көрісу күні қазақ халқының татулығы мен бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілетін мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне игі тілек айтып, өзара сыйластық пен мейірімділік танытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көрісу күні – ұлттық бірліктің жарқын көрінісі

Қазақ халқының дәстүрлері мен салт-саналары ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осы дәстүрлердің бірі болып табылатын Көрісу күні – адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, жақсылық тілейтін, реніштерін ұмытып, жаңа бастамаларға қадам басатын ерекше күн. Көрісу күні қазақ халқының татулығы мен бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілетін мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне игі тілек айтып, өзара сыйластық пен мейірімділік танытады.

Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде көрісу күніне орай іс -шара өткізілген болатын. Мен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінінің 1-курс магистранты жетекшім Козгамбаева Гүлнар Бестібайқызы бастамасымен көрісу күніне арналған іс-шараға қатыстым. 14 наурыз күні университетімізде арнайы ұйымдастырылған бұл шарада, біздер ұлттық нақыштағы киімдерімізді киіп, халқымыздың дәстүріне сай бір-бірімізбен көрістік. Шараға жиналған студенттер мен оқытушылар арасында ұлттық мәдениетіміздің терең маңызы мен оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы пікірлер айтылды. Магистранттар мен студенттер, ұлттық киімдерімізді киіп, дәстүрге сай бір-бірімізге игі тілектер айттық. Осындай шаралар арқылы халқымыздың бай мұрасын және ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жастарды бірлікке, татулыққа шақыру маңызды.

Көрісу күні – тек жаңа жылдың басталуын білдіретін күн ғана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы татулық пен мейірімділіктің белгісі. Бұл күнде халық қыстан аман-есен шыққанына шүкіршілік айтып, жасы үлкен кісілерге сәлем беріп, батасын алады. Көрісудің басты мақсаты – араздықты ұмытып, ренжіскен жандардың татуласуына мүмкіндік беру.

Көрісу күні Наурыз мерекесінің бастамасы ретінде саналады. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесі бойынша, наурыз айының 14-і – жаңа жылдың алғашқы күні. Бұл кезеңде табиғат жаңарып, күн жылына бастайды. Малшылар үшін бұл жаңа маусымның, көктемгі тіршіліктің басталуымен тұспа-тұс келеді.

Көрісу күні ерекше салт-дәстүрлермен ерекшеленеді:

1. Көрісу – адамдар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, төс қағыстырып амандасады. Бұл тек отбасы мүшелері мен жақын достар арасында ғана емес, ауылдастар мен алыстағы туыстар арасында да жасалады.

2. Үлкендерге құрмет көрсету – жасы кіші адамдар ауыл ақсақалдарына барып, амандасып, батасын алады.

3. Араздықты ұмыту – бұрын ренжіскен адамдар осы күні татуласып, өкпе-назды кешіруі тиіс.

4. Дастарқан жаю – әр үйде арнайы тағамдар дайындалып, көрші-қолаң мен қонақтарға дастарқан жайылады. Дәстүрлі тағамдар: бауырсақ, қымыз, қазы-қарта, ет, шелпек және т.б. дайындалады.

5. Жақсылық жасау – мереке күні мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау – басты дәстүрлердің бірі.

Көрісу күні – қазақ халқының бірлігін, бауырмалдық қасиетін, мейірімділігін көрсететін ұлттық мереке. Бұл – үлкен-кіші арасындағы сыйластықты нығайтып, халықты біріктіретін маңызды дәстүр. Қазіргі уақытта бұл мереке тек батыс өңірлерде ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да кеңінен атап өтіліп келеді.Көрісу күні – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрлерін жалғастырушы, ұлттық рухымызды жаңғыртатын ерекше мейрам. Бұл күні адамдар риясыз күлкісімен, ізгі тілектерімен бір-біріне қуаныш сыйлап, жақсылықтың бастауы болады. Осылайша, Көрісу күні – бірліктің, татулықтың, бауырмалдықтың символына айналған ерекше күн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
т.ғ.к.,профессор Қозғамбаева Г.Б
тарих факультетінің 1- курс магистранты Нағашыбай К.Ж

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі