Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көркем әдебиет әдістемелік нұсқау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ә.С. Әмірова, К. Анартаева, Г.Ә. Кубекова
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102 Ә 58
Әмірова Ә.С., т.б.
Ә 58 Көркем әдебиет. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған/Ә.С. Әмірова, К. Анартаева, Г.Ә. Кубекова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 48 бет.
-
ISBN 9786010130746
ISBN 978-601-01-3074-6
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
© Әмірова Ә.С., Анартаева К.,
Кубекова Г.Ә., 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
КІРІСПЕ
Жаңа буын «Көркем әдебиет» оқуәдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Рес публикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
-
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
«Көркем әдебиет» оқуәдістемелік кешені «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» сабағына негізделіп жазылған.
«Көркем әдебиет» ОӘКнің құрамы:
-
Әліппедәптер
-
Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаудан тұрады.
Әдістемелік нұсқауда:
-
Ұзақмерзімді жоспар;
-
Қысқамерзімді жоспар;
-
Қосымша материалдар берілген.
Бағдарламада «Көркем әдебиет» сабағының мақсаты: тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-
көркем әдебиеттің ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
-
әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру;
-
түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту;
-
әдеби шығармаға эмоциялық көңіл күйін қалыптастыру;
-
әдептілік біліктері және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
«Көркем әдебиет» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге, өнердің түрі ретінде әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, сауатты оқырман тәрбиелеуге, қазақстандық және шетелдік авторлардың заманауи көркем шығармаларын енгізу арқылы балалардың оқу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
-
-
Бөлім
Бөлімше
1. Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.1 Көркем шығарманың мазмұнын түсіну
1.2 Жатқа айту
1.3 Тыңдағанын мазмұндау
1.4 Сұрақтар мен жауаптарды құрастыру
1.5 Оқиғаларды болжау
2. Талдау және түсіндіру
2.1 Ұсынудың түрлі нысандарын қолдану
2.2 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
2.3 Кейіпкерлерге мінездеме беру
2.4 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу
-
«Көркем әдебиеттің» алдына қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Әліппедәптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыптары таңдалды:
-
Мен кіммін және қандаймын?
-
Мектепке не үшін барамыз?
-
Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым) 4. Менің айналамды не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)
-
Жолдар бізді қайда бастайды?
-
Салтдәстүрді білу не үшін керек?
-
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
-
Денсаулықты қалай күту керек?
Әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауда берілген ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сәйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 22 маусымда бекіткен №391 бұйрығына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында бағдарламада берілген «Көркем әдебиет» ҰОҚ ұзақ және қысқамерзімді 16 сағатқа үлгілік сабақ жоспары ұсынылды.
Үлгілік сабақ жоспарында педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыратын интербелсенді әдістер мен ақпараттықкоммуникациялық технологиялар қолданылады.
Әліппедәптердегі суреттер бойынша тәрбиеленушілердің тақырып бойынша толық әңгіме құрастыруына мүмкіндік туғызылады.
Ол үшін педагог мына мәселелерді жүзеге асыруы тиіс:
-
Көркем әдебиет сабағын ұйымдастыруда интербелсенді әдістер мен ойын, ақпараттықкоммуникациялық технологияларын қолдану арқылы тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті калыптастыру.
-
Оқу құралының ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін сабақты ұйымдастыру негізінде қалыптастыру.
-
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыра білу үшін әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру.
-
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білуге, шағын фольклор жанрларын, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуға баули отырып, түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту.
-
Сурет топтамалары бойынша өзінің эмоциялық күйін ауызша жеткізе білу (әдеби кейіпкерге жанашырлық білдіру, тілектес болу), өз шығармашылығымен әңгіме құрастыруда әдеби шығармаға эмоциялық жанашырлығын қалыптастыру.
-
Оқылған шығарма, ертегі, өлең, әңгіме, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді, жанрларды ажырату (жұмбақ, ертегі, өлең және т.б.), олар туралы өздігінен қорытынды жасату.
-
Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізуді практикалық жолмен меңгерту.
ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша тақырыптық жоспар
Ортақ тақырып |
Тақырыпша |
Оқу мақсаттары |
1. Мен кіммін және қандаймын? 2 сағат |
Кім болғым келеді? |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) |
Алтын бала (әңгіме) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) |
|
2. Мектепке не үшін барамыз? 2 сағат |
Оқу құралдары хикаясы (ертегі) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) 0.1.4.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
Өзім барам мектепке (өлең) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
|
3. Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым) 2 сағат |
Тату доспыз бәріміз (өлең) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақт.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
Айтшы, әжетай! (өлең) |
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айту 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) |
-
4. Менің айналамды
не қоршап тұр?
(Өсімдіктер, жануарлар)
2 сағат
Жыл басына таласқан
жануарлар
(ертегі)
0.1.1.1. Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту
(ұнайды, неліктен ұнамайды)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
0.2.4.1. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру
Президенттік шырша
(өлең)
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
(жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
0.1.5.1. Өлең мазмұнын кіріспесі бойынша болжау.
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
5. Жолдар бізді қайда бастайды? 2 сағат
Сәруәр
(ертегі)
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау
0.1.4.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру
0.2.2.1 Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту
(ұнайды, неліктен ұнамайды)
Автобуста
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.1.2 Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.3.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру.
0.1.5.1. Әңгіменің мазмұнын иллюстрация, әңгіменің кіріспесі бойынша болжау
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)
6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
2 сағат
Төлдер айтысы (ертегі)
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
(жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту
(ұнайды, неліктен ұнамайды)
0.2.3.1.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
Тұсау кесу (өлең)
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын жатқа айту
0.1.1.2. Эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.3.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру.
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
7. Мен үшін не дәмді және пайдалы? 2 сағат |
Тиімді тамақтану |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
Қайырымды қоян (ертегі) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) 0.2.4.1 Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру |
|
8. Денсаулықты қалай күту керек? 2 сағат |
Тазалық пен ұқыптылық |
0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
Өс, ұлан! (өлең) |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) 0.2.1.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
№ 1
-
ТАҚЫРЫБЫ:
«Кім болғым келеді» (өлең)
(М. Құрманалин)
Мектеп/ МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.
Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қалай? неге? не үшін? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.
Кім болғысы келетіні туралы әңгімелеседі.
Әдеби жанрларды ажыратады.
Көптілділік: мамандық – профессия – profession
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: құрылысшы, темір ұстасы.
Пікір алмасу сұрақтары:
Мамандығы бойынша жұмыс істеу адам бойындағы жақсы қасиет пе?
Әр мамандық иесі қандай құралдарды пайдаланады?
Әр мамандық иесінің бойында қандай қасиеттер болу керек?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Мамандықтардың әртүрлілігі туралы баяндайды. Кім болатыны туралы түсініп жауап беру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) ҰОҚде жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады.
Жұмбақ шешу:
Кірпіштен сарай үй салады,
Ол адам кім болады? (Құрылысшы)
Шекарада сақ тұрып, көз ілмей кім шығады? (Шегарашы) – Қандай мамандықтарды білесің?
– Өзіңе қандай мамандық ұнайды?
Жұмбақ
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Ортада тұрған бала кім болғысы келетінін қалай армандап тұр?
-
Ал сен кім болғың келеді?
-
Суретте қандай мамандықтар бейнеленген?
-
Мұғалім не істейді?
-
Аспаз не істейді?
-
Комбайншы, механик қандай жұмыстар атқарады?
(Ұ) Бейнетаспадан әртүрлі мамандықтар бойынша үзінді көру.
-
Бізде мамандықтың түрлері неге көп?
Әліппедәптер
Бейнетаспа
-
|
Бүгін біз өлең жанрымен танысамыз. Педагог М. Құрманалиннің «Кім болғым келеді?» өлеңін ұсынады. Талқылау: Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.
Сергіту сәті. (Т) Саусақ жаттығуы: Тас қалаушы жарайды, Қабырғасын үйдің қалайды, (оң қолды сол қолдың үстіне, сол қолды оң қолдың үстіне қойып, осылайша жоғары көтерілеміз) Сырлаушы боп мен енді, (босаңсыған қол білезігін жоғары-төмен сермеу) Сырладым төбе, еденді. (төбені, еденді сырлаймыз) Мен электршішам жаққыш, (сөндіргішті басып, жарықты өшіреміз) Бұрап шамды жақтым. (шамды бұраймыз – оң қолдың білезігін айналдырамыз) Жаңа үйге кір көшіп, (екі алақанды бір-біріне түйістіріп, үй жасау) Бақытты өмір жүр кешіп. (қолдарын екі жаққа созу) Өлеңнің мазмұнын балалар естеріне сақтау үшін педагог екінші қайтара оқып береді. Балаларға өлеңді жатқа айтуды ұсынады. (34 балаға). (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Суретпен жұмыс:
Еңбек адамды өсіреді, Жалқаулық адамды өшіреді. Көптілділік: мамандық – профессия – profession (Т) Д/ойын «Мамандықтың бәрі жақсы». Әртүрлі мамандық туралы суреттер беріледі. Бала қалаған мамандығы туралы өз ойын айтады. |
Саусақ жаттығуы Әліппедәптер |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды. Бүгін не туралы әңгімеледік? (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді: Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№ 2
-
ТАҚЫРЫБЫ:
Алтын бала (әңгіме)
Мектеп/ МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Әңгіме мазмұнының жүйесін сақтай отырып шағын шығармаларды айтып бере алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Әдеби жанрларды ажыратады.
Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер:
Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады.
Өздерінің қатынасын эмоциялық түрде білдіреді.
Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио Пікір алмасу сұрақтары:
Қандай әңгімелерді білесіңдер? Есімізге түсірейік.
Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?
Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Өткен әңгімелерді естеріне түсіріп атау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін
тәрбиеленушілерге өлең жолдарын қимылқозғалыс арқылы айтады.
Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай,
Болайықшы, досымай.
(Т) Педагог шағын фольклор – мақалмен таныстырады.
«Алғыспен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер».
-
Балалар, қалай ойлайсыңдар, алғысты қандай балаларға айтады?Тәрбиеленушілер алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжамдайды. Алғысты жақсы ісәрекет жасаған немесе көмек көрсеткен балаларға айтады.
-
Сен өзің басқа бір адамдардан алғыс естідің бе?
Музыкалық сүйемелдеумен Мақал
-
ҰОҚ ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.
(Ұ) – Балалар, бүгін «Алтын бала» әңгімесімен танысамыз. (Қосымша материалды қара). Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді. Мұқият тыңдаңдар. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.
Балалардың сұраққа толық жауап беруіне көңіл бөлінеді. Сергіту сәті: Ата менен ананың айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын. Төсекті өзім жинаймын, ешкімді де ренжітпеймін. Ешкім маған тимейді, Мен де бәрін сыйлаймын. (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімеле:
Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (56 бала айтады). Бір бала әңгіменің басын бастайды. Екінші бала әңгімені педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады. Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy (Т) Жұмбақ шешу: Өзі тас, өзі ақ, Дәмін татсаң ащыақ. (Тұз) Мақал: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды. |
Әліппедәптер Музыкалық сүйемелдеу Әліппедәптер |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚде өзінің жұмысына баға береді: Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№ 3
-
ТАҚЫРЫБЫ:
Оқу құралдары хикаясы (ертегі)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)
0.1.4.1 Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба, түрінде безендіру
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әдеби жанрларын ажырата алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Кейіпкерлердің қылығына баға береді және олардың қылығын бірбірімен сәйкестендіреді. Өз ойын сөзбен жеткізе алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба, түрінде береді және өзінің жұмысын түсіндіреді.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Мазмұнының жүйесін сақтай отырып ертегіні айтып бере алады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер:
Сүрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Ертегі бойынша әңгімелеседі.
Көптілділік: оқу – учиться – teach
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: мектеп, оқу құралдары, қаламсауыт, біздің иеміз, шимайлап тастады.
Пікір алмасу сұрақтары:
Ертегіні қызыға тыңдау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? Қандай оқу құралдарын білесіңдер?
Оларды қалай ұстау керек?
Мектеп балаларға не береді?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Өтілген ертегілерді естеріне түсіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Педагог балаларға жақсы көңіл күй туғызу мақсатында сиқырлы таяқшаны қолына алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.
Балалар бірбіріне ертегі кейіпкерлері атынан тілек айтады.
Мысалы:
-
Мен Бауырсақпын, сендердің көңілді жүрулеріңе тілектеспін.
-
Мен Ханшайыммын, сендердің сыпайы болуларыңа тілектеспін.т.б.
-
Балалар, сендер білесіңдер ме, ертегінің басқа жанрлардан айырмашылығы қандай?
-
Оның ерекшелігі құрастырылған ертегілер, авторлық ертегілер, халық ертегілері болады. Оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталады.
Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
Енді біз «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен танысамыз.
Ертегіні оқу.
Мазмұны бойынша сұрақтар.
-
Ертегі ұнады ма?
-
Ертегідегі баланың ісәрекеті сендерге ұнады ма?
-
|
Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз. (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме.
(Ж) 1. Жұбыңмен бірге сурет бойынша бірбіріңе сұрақ қойып, оған жауап беріңдер. Жұмбақ – адамның ойөрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүниежүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Жұмбақтың шешуі болатын суретті тап. Сансыз ойлар бетінде Сайрап жатыр бар тілде. Керекпін мен әр күнде, Өшпейді бір әрпім де. (Кітап) Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (Қалам) Қате жазып жаңылсаң, Тазалайды ол барын сап. (Өшіргіш) 2. Сөмкеге заттарды жинау. Тапсырманы үзік сызықтармен қосу. Салынған заттарды атау, оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Артық заттарды ата. Олар не үшін қажет? Көптілділік: оқу – учиться – teach Педагог мақалмен таныстырады. Мақалды есіңе сақта! «Кітап – асыл дос». – Кітаптың суреттерін қарағанды жақсы көресіңдер ме? Мектепте сенің ең жақын досың кітап болады. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітап ақылшы, досың, серігің болып табылады. Кітаппен достассаң, білімді азамат боласың. |
Музыкалық сүйемелдеу Әліппедәптер |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№4
-
ТАҚЫРЫБЫ:
«Өзім барам мектепке» (өлең)
(Тұманбай Молдағалиев)
Мектеп/ МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Шағын мәтін, тақпақ мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып қайталап айтып береді.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлеңді саналы, эмоциялық түрде жатқа айтады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қайсы? қалай? қайда?
не үшін? деген сұрақтарды пайдалана алады.
Әдеби жанрларды ажыратады.
Көптілділік: мектеп – школа – school, кітап – книга – book Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: уақытымды бөлемін, әрледі.
Пікір алмасу сұрақтары:
Мектепте оқу несімен жақсы?
Жақсы оқу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Өткен ҰОҚдегі ертегі кейіпкерлерін естеріне түсіреді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) ҰОҚде жұмыс жасау барысында балалардың көңіл күйін қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілермен шаттық шеңберін жасайды.
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.
(Ұ) Педагог мектеп туралы білетіндерін ортаға салуға мүмкіндік тудырады.
Көптілділік: мектеп – школа – school, кітап – книга – book
Шеңбер құру
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Қараңдаршы, балалар, суреттен не көріп отырмыз?
-
Суретте балалар не істеп отыр?
-
Үстел үстінде қандай құралдар бар?
-
Ағасы інісі екеуі не туралы әңгімелесіп отыр деп ойлайсың?Педагог Тұманбай Молдағалиевтың «Өзім барам мектепке» өлеңімен таныстырады. Педагог өлеңді оқиды.
(Т) Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.
-
Өлең қалай аталады? Не туралы айтылған?
-
Бала нені армандады?– Қайда барғысы келді?
Әліппедәптер
-
Оқып жүрген балаларда қандай заттар болады?
-
Не себепті баланың мектепке барғысы келді?
Педагог өлеңді мәнерлеп екінші қайтара оқып береді.
Өлеңді хормен 23 рет жоғары, орта төмен дауыспен қайталай отырып балалармен бірге жаттатады.
Сергіту сәті:
Таудан да биік талабы Азамат өсіп келеді. Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді. Ұқыпты барлық ісіне, Азамат өсіп келеді.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1. Педагог жұмбақ айтады. Суреттерін табу.
Арқалап асынамын,
Мектепке асығамын. (Арқақоржын)
Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Қабатқабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап) 2. Мектептің суретін салу.
3. Есіңе сақта!
Мектебім – алтын бесігім.
– Неліктен біз мектепті алтын бесік деп атаймыз?
Қалай ойлайсыңдар?
Мектептен біз білім аламыз, көп нәрсені үйренеміз. Мектеп біз үшін ыстық, сондықтан да «алтын бесігім» деп айта аламыз.
23 рет қайталай отырып жаттап алу.
Музыкалық сүйемелдеу
Әліппедәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Өлең қалай аталады? Кім туралы айтылады?
-
Сендердің мектепте оқығыларың келе ме?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппе– дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 5
ТАҚЫРЫБЫ: Тату доспыз бәріміз (өлең) (Фариза Оңғарсынова) |
Мектеп/ МҰ: |
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Сынып/ топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтін, тақпақ және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Достық, татулық туралы тереңірек біледі. Сурет бойынша достық туралы әңгімелейді. Сурет бойынша достық, татулық туралы сұрақтарға жауап бере алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. |
-
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.
Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? неге? не үшін? қалай? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.
Әдеби жанрларды ажыратады.
Көптілділік: достық – дружба – friendship
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: әркез, біргеміз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Дос болу, тату болу адам бойындағы қандай қасиет?
Дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Сенің досың бар ма?
Досыңмен татусың ба?
Досыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар?
Достық, татулық туралы өз ойларын айтады.
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып береді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Балалар, достық туралы өлеңімізді есімізге түсірейік.
Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр сәніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.
Әнімен айтып, бірбіріне жылы лебіздерін білдіреді.
-
Сен қандай әдемісің? Өйткені...
-
Сен менің досымсың! Өйткені...
(Ұ) Педагог мақалмен таныстырады.
«Достық, татулық бәрінен де қымбат»
Мәтіннің достық, татулық туралы болатынын болжамдайды. «Дос» деп қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп, қиналғанда бірбірінің жанынан табылатын адамдарды айтамыз.
Көптілділік: достық – дружба – friendship
Шеңбер құру
Мақал
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Суретте не болып жатыр?
-
Суретке тақырып ойлап тап.
-
Суретте ұлдар мен қыздар не істеп жүр?
-
Олар бірбірімен қалай ойнап жатыр?
-
Балалардың қолдарында қандай ойыншықтар бар?
-
Олардың көңіл күйлері қандай?
-
Сендер достарыңмен қалай ойнайсыңдар?
(Ұ) Педагог Фариза Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз» өлеңін ұсынады.
Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар.
-
Өлең қалай аталады?
-
Өлеңде не туралы айтылған? Сендерге ұнады ма?
-
Сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар?
-
Сендер «тату достар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Татулық – достар арасындағы ең керемет қасиет.
Тату балалар бірбірін тыңдайды.
Әліппедәптер
Ойыншықтарымен, кітаптарымен т.б. бөліседі.
Ренжіспейді, татутәтті ойнайды.
Өлеңді бірге жаттайық.
Сергіту сәті:
Достар татутәттіміз,
Болса қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз.
Педагог өлеңді екінші қайтара оқиды.
Балалармен қайталап, өлеңді бірге жаттайды.
34 балаға өлеңді жатқа айтуды ұсынады.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
Досыңа не сыйлайсың? Суретін салу.
Балалар педагогпен бірге «Достық ережесін» құрастырады.
Жолдастарыңа көмектес.
Егер қолыңнан бір нәрсе келсе, оларға да үйрет.
Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса, тоқтатып, дұрыс еместігін түсіндір.
Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол.
Тату ойна, мақтанып кетпе.
Жолдасыңның жетістігіне қуан.
(Т) Ойын: «Менің досым»
«Сенің досың қандай?» Мен бір балаға гүл беремін, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын, ол гүлді алып, толық сөйлеммен өз досының қандай екенін айтып, келесі балаға гүлді ұсынады.
Мысалы: Менің досым батыр, өйткені...
Менің досым әдемі, өйткені...
Менің досым адал, өйткені...
Музыкалық сүйемелдеу
Әліппедәптер
Ойын
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
– Біз бүгін не туралы әңгімеледік? Сабақ сендерге ұнады ма?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 6
ТАҚЫРЫБЫ: Айтшы, әжетай! (өлең) (Жақан Смақов) |
|
Мектеп/МҰ: |
|
Күні: |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
Сынып/ топ: |
|
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.2.1 Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айту 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.2.1 Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Өз әулеті туралы айта алады. Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айтады. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады. |
-
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қайсы? қалай? қай? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.
Әдеби жанрды ажыратады.
Көптілділік: апа – бабушка – grandmother, ата – дедушка – grandfather
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қаракөл қой, табын, жылқышы, нағашы.
Пікір алмасу сұрақтары:
Отбасы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?
Отбасы болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?
Сенің әжең, атаң бірге тұра ма?
Әкең, анаң қайда жұмыс істейді?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Татулық, достық туралы айтып береді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Педагог балаларды шеңберге тұрғызады. Бір шаңырақ астында, Татутәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Достықты үлгі санаған, Бір үйде біз тұрамыз.
Әр адамның өз отбасы болады. Олар кез келген істі бірігіп атқарады.
Отбасында біз апамызға, атамызға көмектесеміз.
Балалар әңгімелесу арқылы не жайында болатыны туралы болжамдайды.
Шеңбер құру
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) Педагог Жақан Смақовтың «Айтшы, әжетай!» өлеңін ұсынады.
Сөздік жұмыс:
Қаракөл қой – қойдың бір түрі.
Табын – көп жылқы.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
-
Балалар, өлең сендерге ұнады ма?
-
Өлеңде кімдер туралы айтылған?
-
Өлеңдегі қай кейіпкер саған ұнады?
-
Бала әжесінен нені сұрады?
-
Әжесі қалай жауап берді?
-
Атасы кім болып жұмыс істейді?
-
«Жылқышы» деп кімді айтамыз?
-
Анасы кім болып жұмыс істейді?
-
Сендердің аналарың қандай жұмыс істейді?Көптілділік: әже – бабушка – grandmother, ата – дедушка – grandfather
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Әжесі мен немересі не туралы әңгімелесіп отыр деп ойлайсың?
-
Жылқышы нені бағады?
-
Бақташы нені бағады?
-
Комбайншы не істейді?
-
Тәрбиеші балаларға не үйретіп жатыр?
-
Сенің атаанаң кім болып істейді?
Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»
(балалар саусақтарын бүге отырып орындайды) Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Cуретті материал
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен, Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
Педагог өлеңді мәнерлеп қайталап оқиды. Өлеңді қайталай отырып жаттатады. (45 баладан сұрайды.) (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
-
Әжеге не сыйлауға болады? Қоршап көрсет.
-
Жылқышыға қажетті заттарды үзік сызықпен қосу.
(Т) Д/ойын «Кім жоқ?»
Педагог тақтаға бақташы, жылқышы, тәрбиеші, комбайншы, апаның және баланың суретін іліп қояды. Балалар көздерін жұмады. Педагог тақтадағы суреттің біреуін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін табады. Оның не істейтінін, немен айналысатынын баяндайды.
Әліппедәптер
Ойын
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
ҰОҚде не ұнады?
-
Өлең қалай аталады?
-
Атасы кім болып жұмыс істейді?
-
Жылқышы деп кімдерді айтамыз?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 7
ТАҚЫРЫБЫ: Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі) |
Мектеп/ МҰ: |
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Сынып/ топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру 0.2.4.1. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру. |
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Ертегінің мазмұнын тыңдайды, сұрақтарға жауап бере алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады. Кейбір тәрбиеленушілер: Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстырады. |
|
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Ертегіні талқылау барысында қандай жануар? қайсы? қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелейді. Көптілділік: жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, сиыр – корова – cow, ит – собака – dog, тышқан – мышь – mouse Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жусан, жабағы, бақташы, өркеш. |
-
Пікір алмасу сұрақтары:
Ертегіні қызыға тыңдау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Қандай ертегілерді білесіңдер? Есімізге түсірейік.
Қандай кейіпкерлерді білдіңдер?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Өтілген ертегілерді естеріне түсіріп атау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдайды. Педагог қолына «сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.
Балалар бірбіріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады:
«Мен Бауырсақпын, бірбіріңді құрметтеп жүрулеріңе тілектеспін... Мен Ханшайыммын, сендерге қайырымды, сыпайы болуды тілеймін...»
(Т) Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Апанапан, ескі шапан,
Иір қобыз, жарық жұлдыз. (Түйе)
-
Қандай ертегілерді білесіңдер, есімізге түсірейік.
«Мен ертегіні жақсы көремін, өйткені...» деп жағымды қасиеттерін айтады.
-
Ертегінің соңы жақсылықпен аяқталады.
-
Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.
Музыкалық сүйемелдеу
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) Көркем әдебиет жанры бойынша ертегімен танысамыз.
Ертегіні адамдар қиял арқылы құрастырады. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам істейтін нәрселерді істей алуы мүмкін.
Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін ұсынады.
Ертегіні оқу. Сөздік жұмыс.
Педагог балаларға ертегіде кездесетін жусан, жабағы, өркеш, бақташы сөздеріне түсінік береді:
Жусан – дәмі ащы, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.
Өркеш – түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.
Жабағы деп жылқының бір түрін айтады.
Бақташы деп мал бағатын адамдарды айтамыз.
Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар.
-
Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?
-
Жылқы не айтты?
-
Түйе не деді?
-
Сиыр несімен мақтанды?
-
Қой өзінің қандай пайдасы бар екенін айтты?
-
Ит не деді?
-
Тауық өзін қалай айтып жеткізді?
-
Тышқан қандай қулық жасады?
-
Түйе неге сенді?
-
Жылды бірінші болып не көрді?
Сергіту сәті: (саусақтармен орындайды) Саусақтарым, бірбірімен амандасайық, Саусақтардан гүл ашайық.
Саусақтарды ашыпжұмып,
Аә, гғ, үұ, нң, кқ, оө дыбыстарын дұрыс айтайық.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-
Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген?
-
Ертегіде не туралы айтылған?
-
Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?
-
Жылды бірінші болып не көрді?
Музыкалық сүйемелдеу
Әліппедәптер
Көптілділік: жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, сиыр – корова – cow, ит – собака – dog, тышқан – мышь – mouse (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
-
Суреттегі жануарларды жыл аттары бойынша ретімен атап үйренеміз.
-
Ертегіге қатысты кейіпкердің қылығына баға бер. Бастырып сыз, боя.
(Т) Д/ойын: «Не қайда өмір сүреді?»
Суреттен көргендерін атап, олардың қайда өмір сүретінін айтады. Сол жануар немесе құстарды қайда көргендерін, ол туралы білетіндерін әңгімелейді.
Әліппедәптер
Ойын
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Қандай жанрмен таныстық?
-
Ертегі қалай аталады? Сендерге ұнады ма?
-
Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
-
Түйе неге жыл басы бола алмады?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 8
ТАҚЫРЫБЫ: Президенттік шырша (өлең) (Өтепберген Ақыпбекұлы) |
Мектеп/ МҰ: |
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Сынып/ топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) 0.1.5.1. Өлең мазмұнын кіріспесі бойынша болжау 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру. |
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды. Көпшілік тәрбиеленушілер: Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Кейбір тәрбиеленушілер: Өлең мазмұнын кіріспесі бойынша болжамдайды. |
|
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қайсы? қандай? қашан? қайда? қай? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Әдеби жанрларды ажыратады. Көптілділік: шырша – елка – fir-tree Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: бәрі ыстық, ауыл, алыс түп. Пікір алмасу сұрақтары: Президенттік шыршаны қай жерден көрдіңдер? Президенттік шыршаға қандай балалар қатысады? |
|
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
Сендер жаңа жыл мерекесіне қалай дайындаласыңдар? Президенттік шырша деп қандай шыршаны айтамыз? |
-
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Ұ) Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілермен «ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады.
Педагог балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы сурет топтамаларын көрсетеді.
Жұмбақ жасырады.
Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің. (Шырша)
Көптілділік: шырша – елка – fir– tree
(Ұ) Оқиғаның не жайында болатыны туралы болжамдайды.
Шеңбер құру
III. Тақырып бойынша жұмыс
627 мин.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
-
Шырша айналасында кімдер жүр?
-
Балалар жаңа жыл мерекесіне қандай дайындықпен келген?
-
Сендер жаңа жыл мерекесіне қалай дайындалып жатырсыңдар?Педагог Өтепберген Ақыпбекұлының «Президенттік шырша» өлеңін ұсынады.
Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
-
Өлең ұнады ма?
-
Өлең қалай аталады? – Не туралы айтылған?
-
«Туған жердің бәрі ыстық» деп неге айтамыз?
-
Президенттік шыршада балалар кімдермен танысады?
(Т) Саусақ жаттығуы:
Шыршалы өзен жағасы, (ауада шырша салу)
Аққалаға толы арасы,
(екі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен аяқ жасап, әр жаққа жүру)
Әр аққала бірбірін іздейді, (қолды шекесіне қою)
Және шақырады, (алақандарын сәл жұмып, аузына апару) Шаттық биін билеуге. (ауада аққаланың суретін салу) Педагог өлеңді екінші рет қайталап оқиды.
-
Өлеңнің бірінші жолы қалай басталады?
Өлеңді эмоциялық күймен 23 рет қайталайды, бірге жаттайды. 56 бала өлеңді жатқа айтады.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
-
Теледидардан Президенттік шыршаны тамашаладың ба?
-
Саған қандай әсер қалдырды?
-
Президенттік шыршадан қандай сыйлық алғың келеді?
Сол сыйлықтың суретін салу.
Әліппедәптер
Әліппедәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
– Өлең қалай аталады? – Не туралы айтылған?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
№9
ТАҚЫРЫБЫ: «Сәруәр» (ертегі) (С. Оспанов) |
Мектеп/ МҰ: |
|
|||||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Сынып/ топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
||||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.1.4.1. Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру 0.2.2.1 Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) |
|
|||||
Күтілетін нәтиже |
Тәрбиеленушілер орындай алады: Өз Отанын атай алады. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады (ұнайды, неліктен ұнамайды). Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды. Кейбір тәрбиеленушілер: Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастырады және оларға жауап береді. |
|
|||||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қай? қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Көптілділік: аю – медведь – bear, қасқыр – волк – wolf, түлкі – лиса – fox Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Сәруәр Айға ұшпақ болды. Пікір алмасу сұрақтары: Ғарыш кемесімен қайда баруға болады? Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Білетін ертегілерді естеріне түсіреді. Ғарыш кемесі, ғарышкер туралы өз ойларын айтады. |
|
|||||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
Білетін ертегілерді естеріне түсіреді. |
|
|||||
Жоспар |
|
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
||||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
ҰОҚде жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады. Көздерін жұмып ғажайып аспан әлеміне саяхатқа баруға шақырады. Ол үшін қолдарыңды жайып, көз алдарыңа үлкен ғарыш әлемін елестетіңдер. Жарқыраған сан алуан жұлдыздар. Сендер аспанда ғарышкер болып ұшып жүрсіңдер... Ғарыш кемесімен аспанға ұшуға болатынын, аспан әлемі туралы ойлайды. |
|
|
||||
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–28 мин. |
Педагог С. Оспановтың «Сәруәр» ертегісін ұсынады. Ертегіні айтып береді. Талқылау.
Қорытынды жасай отырып балалардың былай түсіндіруіне жетелеу. |
|
|
||||
|
|
Бұл ертегіде аңдар тамақтары үшін өмір сүретінін, ал мысық пен күшік Сәруәрдің нағыз достары екенін көрсетті. Сәруәрдің Айға ұшқысы келетін тілегінің орындалуына көмектесті. (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс.
Ертегінің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (56 бала айтады.) Бір бала ертегінің басын бастайды. Екінші бала ертегіні жалғастырады. Көптілділік: аю – медведь – bear, қасқыр – волк – wolf, түлкі – лиса – fox Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз, Бірге балық аулаймыз, Міне біздер қандаймыз! Әрқашанда тілектес Досыңа көмектес. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
Ертегідегі кездесетін аңдардың сүйікті асын атап беріңдер. |
Әліппедәптер Әліппедәптер |
||||
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№ 10
-
Тақырыбы:
Автобуста
(Әбді Шынбатыров)
Мектеп/ МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.3.1. Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру.
0.1.5.1. Әңгіменің мазмұнын иллюстрация/әңгіменің кіріспесі бойынша болжау
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
Әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кейіпкерлерге мінездеме бере алады (ұнайды, неліктен ұнамайды).
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Әңгіменің мазмұнын иллюстрация/әңгіменің кіріспесі бойынша болжайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Эмоциямен мазмұндайды, қатысушы тұлғалардың диалогтерін түрлі интонациямен бере алады.
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында сұрақтарға жауап бере алады. қандай? қай? қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Мұнда отырыңыз, кішіпейілдігі үшін. Көптілділік: автобус – автобус – bus Пікір алмасу сұрақтары:
|
|
||||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
Үлкендерге көмек көрсету, қамқор болу. Жақсылық жасаған адамдарға рақмет айту. |
|
||||
Жоспар |
|
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 1–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызады. Біз қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжуді білмейміз. (Т ) Әңгімелесу.
Көптілділік: автобус – автобус – bus |
Интерактивті тақтадан слайд |
|
|||
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
Ә. Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен таныстыру. Әңгімені педагог мәнерлеп оқиды. Педагог «кішіпейілділік» сөзіне түсінік береді. Кішіпейілділік – қамқорлық, үлкенді сыйлау, орын беру. Талқылау:
Сергіту сәті: Қызыл көзін ашқанда, Сынақ сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. 1. Сурет бойынша әңгіме.
Педагог балалармен бірге көлікпен жүру ережесін құрастырады. |
Әліппедәптер |
|
|||
|
|
(Т) Д/ойын «Бағдаршам» Шарты: Бағдаршамның түстері бойынша: Қызыл түсті көрсеткенде – орындарынан тұру. Сары түсті көрсеткенде – дайындалу. Жасыл түсті көрсеткенде – жүреді. |
|
|||
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 26–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды. – Сабақ ұнады ма? Несімен қызықты болды? (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
|
№ 11
-
ТАҚЫРЫБЫ:
Төлдер айтысы (ертегі)
Мектеп /МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)
0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға ретін сақтап баяндайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады (ұнайды, неліктен ұнамайды).
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында не үшін? не істеді? не деді? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.
Ертегіні айтып береді.
Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: төрт түлік, төл, үй жануарлары.
Пікір алмасу сұрақтары:
Үй жануарлары қатысқан қандай ертегілерді білесіңдер?
Үй жануарларын қалай шақырамыз?
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Үй жануарларын ажыратып айта алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.
(Ұ) Педагог тәрбиеленушілерді шеңбер бойына тұрғызып, үйде аналары қандай сөздермен еркелететінін айтуды ұсынады.
Мысалы:
-
Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» дейді.
-
Менің атым Әмина, мені анам «ботам, ботақаным» дейді т.б.
-
Балалар, үй жануарларына не жатады?
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
(Т) Д/ойын «Қателесіп қалма»
Педагог түрлі жануарларды атайды, балалар ішінен тек қана үй жануарларын теріп айтады.
Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
Педагог балаларға «Төлдер айтысы» ертегісін ұсынады. Педагог ертегіні айтып береді.
Талқылау:
-
Ертегі ұнады ма?
-
Ертегі не туралы?
-
Ертегідегі жануарлардың саған қайсысы ұнады?
-
Төлдер бірбірімен не үшін айтысты?
-
Лақ не деп мақтанды?
-
Бұзау, бота, құлын лаққа қандай жауап айтты?
Сергіту сәті:
Жаңа туған бұзауқан,
Қорқып алыс ұзаудан,
Қалтаңқалтаң етеді, Енесіне жетеді.
Кейіпкерлерді естеріне ала отырып ертегіні қайталап оқиды.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Ертегінің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (56 бала айтады.)
Бір бала ертегінің басын бастайды. Екінші бала ертегіні педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады.
(Ж) 1. Балаларға лақ пен құлын диалогін ойнауды ұсынады.
-
Төлдер туралы жұмбақ шешу: «Мәәмәә» деген әні бар, Жібек тоны сәні бар.
Өзі сондай момақан,
Сүйкімді қай жануар? (Қозы) «Беебее» деген әні бар, Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді, сүйкімді,
Мөлдір көзді қай жануар? (Ботақан)
-
Төлдердің енесі қалай атаймыз, оларды сызық арқылы қос.
Әліппедәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Үй жануарларының пайдасы қандай?
-
Сабақ ұнады ма? Ертегіні өзіңнің отбасыңа айтып бер.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар
-
№ 12
ТАҚЫРЫБЫ: Тұсаукесер (өлең) (Оразақын Асқар) |
Мектеп/МҰ: |
|||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|||
Сынып/ топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.2.1 Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын жатқа айту 0.1.1.2. Эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу 0.1.3.1. Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
-
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлеңді жатқа айтады. Эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Иллюстрациялар бойынша сұрақ қояды және оған жауап береді.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер:
Халықтың салтдәстүрін біледі.
Тұсау кесу рәсімін әңгімелей алады.
Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тәйтәй басты, қаз тұрды.
Пікір алмасу сұрақтары:
Тұсау кесу рәсімі қанша жастағы балаға жасалады?
Тұсау кесу рәсіміне қандай заттар қажет? Не үшін қажет?
Тұсау кеу рәсімінде аталатын сөздерді білесіңдер ме?
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Салтдәстүріміздің бірі – тұсау кесу рәсімі туралы баяндайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
ҰОҚде жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады.
Педагог тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне тұрғызады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.
Тәрбиеленушілер бірбіріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін айтады.
(Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сурет бойынша бірбіріңе сұрақтар қойып, оған жауап беріңдер. – Суреттегі салтдәстүр саған таныс па?
-
Тұсау кесу рәсімін қанша жаста істейді?
-
Баланың тұсауын қандай адамға кескізеді?
-
Тұсау кесу рәсімінде қандай тілектер айтылады?
-
Тұсау кескенде қандай заттар керек?
Балалармен бірге талқылап, педагог қорытынды жасайды.
-
Атабабамыздан келе жатқан салтдәстүріміздің бірі – тұсау кесу. – Тұсау кесу рәсіміне, атабабамыздан келе жатқан дәстүр ретінде құрметпен қарау керек.
-
Тұсау кесу рәсімі – бала тәйтәй басып келе жатқанда міндетті түрде қыз балаға да, ұл балаға да жасалынады.
-
Сенің отбасында қандай салтдәстүрлер бар?
Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps
Әліппедәптер
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
Педагог шағын фольклор жанрына жататын Оразақын Асқардың «Тұсау кесу» өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқып береді. Сөздік жұмыс: асулардан асуға, жүйрік, ептілік.
Талқылау:
-
Өлең ұнады ма?
-
Өлең қалай аталады? – Не туралы айтылған?
-
Өлеңде қандай ғажайып сөз есіңде қалды?
-
Баланы неге епті, жүйрік деп атаймыз?
Педагог өлеңді мәнерлеп екінші қайтара оқып береді. Өлеңді жаттап алу ұсынылады (45 баладан сұрайды).
Қазақ халқының салтдәстүрлері. Энциклопедия.
Алматыкітап баспасы, 2014 ж.
Сергіту сәті:
Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін Көк майсасын төседі.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребусты шешу.
– Тұсау кесу рәсімі кезінде балақайға қандай заттарды сыйлар едің? Суретін сал.
Әліппедәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
Сендерге сабақ ұнады ма? Не қызықты болды?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 13
ТАҚЫРЫБЫ: Тиімді тамақтану |
|
Мектеп/ МҰ: |
|||
Күні: |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|||
Сынып/ топ: |
|
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
|
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
|||
Күтілетін нәтиже |
|
Тәрбиеленушілер орындай алады: Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. Кейбір тәрбиеленушілер: Дауыс ырғағымен мәнерлей оқығанға, үзілістермен жаттауға қатысады. |
|||
Тілдік мақсат |
|
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қай? қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Тамақтану туралы пікірлесу. Көптілділік: тамақ – еда – food Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: анамның сөзін ұғамын. Пікір алмасу сұрақтары: Дұрыс тамақтануды қалай түсінесің? Сендер күнде не ішіп, жейсіңдер? Тамақтан соң үлкендерге не деу керек? |
|||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
|
Тамақтанудың ерекшеліктері. |
|||
|
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. |
(Ұ) Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызады. Біз қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжуді білмейміз. Балалар қимылқозғалыс жасап көрсетеді. |
|
-
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Педагог:
Сендер тамақтанғанда өздерің қалаған асты ішкілерің келе ме? Тамақтану кезінде дәруменге бай тағам, жемісжидекпен тамақтансаңдар, бойларың да, ойларың да тез өсіп жетіледі. Ағзаларыңда дәрумен көп болса, денсаулықтарың да мықты болады, ауырмайсыңдар.
Көптілділік: тамақ – еда – food
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
(Ұ) – Тиімді тамақтану дегенді қалай түсінесің?
Педагог шағын фольклор жанрындағы Оразақын Асқардың «Тамақтанамын» өлеңімен танысуды ұсынады. Өлеңді оқиды.
Талқылау:
-
Өлең қалай аталады? – Не туралы айтылған?
-
Өлеңдегі қандай сөздер есіңде сақталды?
-
Өлеңнің бірінші жолы қандай сөздермен басталады?
-
Тамақтану кезінде неге көңіл бөлеміз?
-
Неліктен дұрыс тамақтану керек?
Өлеңді екінші рет қайталап оқып, бірге жаттайды.
Педагог балаларға өлең жолдарын көңілді және шабытты түрде айтқызады.
Сергіту сәті:
Мен жақсы тамақтандым,
Сергекпін және күштімін!
Көңіл күйім көтеріңкі,
Өзімді жақсы сезінемін!
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1. Педагог балаларға үстел басындағы тамақтану ережесін құрастыруды ұсынады.
Тамақтану ережесін есіңе сақта.
-
Тамақтанар алдыңда қолыңды жу.
-
Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды ұмытпа.
-
Тамақтанғаннан кейін ауызыңды шай.
2. Мақалдың мазмұнын түсіндір:
Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
Педагог балалармен бірге мақалдың мазмұнын талқылайды. Пайдалы тағамдарды көк түспен, зиянды тағамдарды қызыл түспен қоршап белгіле.
Әліппедәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Тамақтанудың ережелерін атаңдар.
-
Күн тәртібін сақтайсыңдар ма?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
№ 14
Тақырыбы: Қайырымды қоян (ертегі) |
Мектеп/МҰ: |
|
||||||
Күні: |
Педагогтің аты-жоні: |
|
||||||
Сынып/топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|||||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) 0.2.4.1. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру |
|
||||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Тыңдалған материалдың мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Кейіпкерлердің ісәрекетіне байланысты өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді /ұнайды, ұнамайды, себебі.../ Кейбір тәрбиеленушілер: Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға ретін сақтап баяндайды. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстырады. |
|
||||||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Ертегі бойынша сұрақтар құрастырады. Әңгіме туралы өз пікірлерін айтады. Көптілділік: қайырымды – милосердный – мerciful Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қайырымдылық, кішіпейілділік. Пікір алмасу сұрақтары:
|
|
||||||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
|
|
||||||
Жоспар |
|
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 1–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Педагог балалармен шаттық шеңберін құрып, бірбіріне жақсы көңіл күй сыйлайды. Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді) Досымызды табамыз. (тоқтайды) Сәлемет пе! Міне, мен (қолдарын екі жаққа сермейді) Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады) Педагог балалармен сұрақ – жауап арқылы әңгімелеседі.
Көптілділік: қайырымды – милосердный – мerciful |
|
|
|||||
|
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
Педагог «Қайырымды қоян» ертегісімен таныстырады. Ертегіні мәнерлеп айтып береді. Талқылау:
Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлықырлы жерлермен Ытқыпытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Ж) 1. Суретте не бейнеленген? Әр сурет бойынша жұбыңмен бірге ертегінің эпизодымен салыстырып, сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баянда. 2. Мақалды мазмұнына қарай түсіндіре отырып жаттату. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. – Ертегілер бізді батыл, адал, еңбекқор болуға жетелейді. 3. Сен де достарыңды қонаққа шақыр. Дастарқанға түрлі тағам суретін сал. |
Әліппедәптер |
|||||
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№15
-
Тақырыбы: Тазалық пен ұқыптылық
(өлең)
(Ермек Өтетілеуұлы)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Өлеңді эмоциялық түрде жатқа айта алады. Көпшілік тәрбиеленушілер: Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды. Кейбір тәрбиеленушілер: Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіре алады. |
|
||||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Адам өмірі үшін ең пайдалысы тазалық екенін біледі. Көптілділік: су – вода – water Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: судың тазасы – дерттің қазасы. Пікір алмасу сұрақтары: Судың бізге беретін пайдасы туралы әңгімеле. Тазалық не үшін қажет? Ұқыптылық дегенді қалай ұғасыңдар? |
|
||||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
Күн тәртібінің денсаулыққа пайдасы туралы. |
|
||||
Жоспар |
|
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 1–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызып, «Мен ұқыпты баламын!» ойынын ойнатады. Педагог допты лақтырған балалар өздері жайлы айтып өтеді. Мысалы: Мен ұқыпты баламын, т.б. Шынығу туралы бейнефильм көрсетіледі. Педагог: Балалар, денсаулықтарың мықты болу үшін суық сумен шынығудың пайдасы зор, өйткені ол сергу. Шынығудың ең жеңіл түрі – суға түсу. Көптілділік: су – вода – water |
Шаттық шеңбері |
|
|||
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
Педагог Е. Өтетілеуұлының «Тазалық пен ұқыптылық» өлеңімен таныстырады. Талқылау:
Педагог өлеңді екінші рет қайталап оқып, балаларға ұнаған өлеңнің шумағын бірге жаттатады. (45 баладан сұрайды.) Сергіту сәті: Мен жақсы тынықтым, Сергекпін және күштімін! Көңіл күйім көтеріңкі, Өзімдіөзім жақсы көремін. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме. 1. Қыз балаға сабын, сүлгі не үшін қажет деп ойлайсың? – Киімдерін жинаған бала дұрыс әрекет етіп жатыр ма? – Таза болып жүретін балаларды қалай атаймыз? |
Интерактивті тақта Әліппедәптер |
|
|||
|
|
Сүртеді қолыңды, Сүртеді жоныңды. Бұл не? (Орамал) Дымқылдап күнде сен, Қолыңда сүйкесең. Кетіп кірласың, Таптаза боласың. Бұл не? (Сабын)
|
|
|||
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. |
Әліппедәптер, түрлі түсті қарындаштар |
№ 16
-
Тақырыбы:
«Өс, ұлан!» (өлең)
(Өтебай Тұрманжанов)
Мектеп/ МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Әңгіменің не туралы екенін айта алады.
Өлен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады
Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қалай? неге? не үшін? сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.
Әңгіме туралы өз пікірлерін айту.
Көптілділік: денсаулық – здоровье – health
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ұлан, тыңда сыр, болып қыран Пікір алмасу сұрақтары:
Балалардың ісәрекетін бақылай отырып өз ойларын айтып жеткізу.
Өткен ҰОҚ-де алған білім
Шынықтырудың түрлерін ажыратып айтады.
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Педагог тәрбиеленушілерге дөңгеленіп тұрып, терең тыныс алып, біртіндеп сыртқа шығаруды және не байқағандары туралы сұрайды.
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме.
Көптілділік: денсаулық – здоровье – health |
Әліппедәптер |
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
Педагог Өтебай Тұрманжановтың «Өс, ұлан!» өлеңімен таныстырады. Педагог ұлан, тыңда сыр, қыран сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар. Талқылау:
Өлеңді қайталап оқып, жаттап алуларына жағдай жасау. 45 баланы шақырып, өлеңді жатқа айтып беруін сұрау. Сергіту сәті: Жарқын біздің күніміз, Бойшаң болып келеміз. Салмағымыз, Бойымыз Өсті, өсе береміз. Педагог әңгіме өткізеді.
Сұрақтарды талқылауды тақырып бойынша слайдтар көрсетумен толықтыруға болады. Педагог сөздің қорытындысында спортшылар ерікжігері мықты, тәртіпті, жауапкершілігі мол, күшті, епті, жылдам адамдар екенін түсіндіреді. Олар олимпиадалық ойындар кезінде өз Отанының абыройын қорғап, жанқиярлық танытады. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Олардың атыжөнін есіңе сақта. |
ҚР спортшылары туралы слайдтар |
-
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Денің сау болу үшін не істеу керек?
-
Отбасымен бірге қай спортпен айналысуды ұнатасыңдар?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
Әліппедәптер, түрлі түсті
қарындаштар
-
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
КіМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДі?
Тау мен тасты қопарар, Кеншi болғым келедi. Достық сәлем апарар, Елшi болғым келедi.
Темiр жонар екпiндi, Токарь болғым келедi. Жолда өткiзер көп күндi, Шопыр болғым келедi.
Ұлағатты атанған Ұстаз болғым келедi. Бармағынан бал тамған Аспаз болғым келедi.
Елiм үшiн аянбай
Еңбек еткiм келедi!
Мұрат Құрманалин
АЛТЫН БАЛА
(әңгіме)
Анасы: Қап, ұмытып кетіппінау!.. Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы!..
Баласы: «Жарайды», – деп тұра жөнелді.
Анасы әрі күтті, бері күтті. Шыдамы таусылып, анасы далаға шықты. Зәукен қарсы жолықты.
Анасы: Тұз қайда?
Баласы: Апатай, ұмытып кетіппін... – деді де қайта жүгірді.
Үйдің алдында Зәукеннің анасымен қарт кісі кездесіп қалып еді.
Қарт: Зәукен үштөрт күннен бері сөйлемей тұрған радиомды жөндеп берді. Ой, азамат екен өзі!..
Көрші апа да: Біздің Зәукеннің қолынан бәрі келеді, алтын бала! – деп мақтай кетті.
Зәукеннің анасы тұзды әкеліп қолына ұстата салған баласына мейірлене қарады.
ОҚу ҚҰРАЛДАРЫ ХИКАяСЫ
Биыл Жанатбек бiрiншi сыныпқа барады. Анасы оған оқу құралдарын сатып әпердi. Жаңа сөмке, қызыл қабы бар әдемi қаламсауыты болды. Дәптердi әкелген күнiақ шимайлап сурет салып тастады.
Анасы оған ұрысып едi, атасы:
-
Жанатжан кiшкентай ғой. Қайдан бiлсiн, – дедi қорғаштап.
Түн болды. Бәрi ұйқыға кеттi. Оқу құралдары үстел үстiнде қалды. Қалам дәптердi мазақ етiп күлдi. Дәптер жылап қоя бердi.
Қаламсауыт:
-
Бiздiң иемiз оған сурет салды ма?!
-
Салды?! – дедi бәрi хормен.
-
Салса немен салды? – дедi Қаламсауыт.
-
Қаламмен! – дедi Қалам.
-
Ендеше, мiне, сенiң жауың! – дедi Қаламсауыт.
-
Қарындаш пен Қалам Қаламсауытта жатады. Қаламсауыт болмаса Қарындаш пен Қалам жоғалады. Мен оларды өшiремiн, – дедi өшiргiш.
-
Мен болмасам, сен де жоғаласың, – дедi Қаламсауыт.
-
Сенiң досың – Кiтап. Ал иемiз оны алған жоқ. Сондықтан сенiң сөзiңдi жақтайтын жанашыр да жоқ, – дедi Қалам. Сөйтiп Дәптерге бәрi үстемдiк көрсеттi.
Таң атты. Бүгiн Жанатбек мектепке барады. Ол өте қуанышты едi. Жанатбек киiнiп, оқу құралдарын алып, атасымен мектепке келдi. Мұғалiмдермен танысты. Мұғалiм балаларға кiтаптар таратты. Жанатбек кiтаптарды сөмкесiне салды. Кiтаптар Қаламсауытты басып қалды. Дәптер оған күлдi. Кiтап:
-
Дәптер, сен неге күлесiң?
Дәптер кешегi оқиғаны баяндады. Кiтап өзiнiң олардан ақылдылығын көрсетiп:
-
Сендер, бәрiң бiр адамның затысыңдар. Бiрiңмен бiрiң байланыстысыңдар. Дәптерге жазусызу үшiн қалам, қарындаш керек. Керек емес сызықты өшiруге өшiргiш керек. Бiз барлығымыз оқу құралдарымыз. Иемiздiң жақсы оқушы болуына бiрлесiп көмек берейiк, – деді.
Кiтаптың ақылын бәрi мақұлдап, ендi бiрбiрiн тыңдап, тату болуға келiстi. «Бiрлiк болмай, тiрлiк болмас» деген осы.
ӨЗіМ БАРАМ МЕКТЕПКЕ
Кітаптарым бар менің Дәптерлерім және бар.
Суретімді әрледі Оқып жүрген ағалар.
Әріптерді тануды Кеше өзім үйде өткем.
Ал суретті салуды Балабақша үйреткен.
Әріптерді тіземін, Өзім жаза аламын. Жазуымды түзедім Айтуымен ағаның.
Есепке де, ертекке уақытымды бөлемін. Өзім барып мектепке, Өзім үйге келемін.
Тұманбай Молдағалиев
АйТШЫ, ӘЖЕТАй!
-
Айтшы, әжетай, әжетай! Атам осы кім менің?
-
Атаң атты баптаған, Бәйге бермес Ақтабан.
Құстай сергек ұйқысы, Атаң сенің – жылқышы.
-
Айтшы, әжетай, әжетай!
Ағатайым кім менің?
-
Қаймақ, тоқаш, ақ нанның,
Білесің тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал,
Ағаң сенің – егінші.
-
Айтшы, әжетай, әжетай!
Апатайым кім менің?
-
Мақтансаң сен басқаға,
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы, Тәрбиеші ол бақшада.
-
Айтшы, әжетай, әжетай! Нағашым осы кім менің?
-
Әдемі пәлте жағасын,Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп, Әперген сенің нағашың.
-
Айтшы, әжетай, әжетай! Жеңгем осы кім менің?
-
Табынтабын тау іші, Жеңгең сенің сауыншы. ірімшік, құрт, қаймақ, май Жеңгеңнен келген ойлап қой.
Құлыным, ботам, көжегім! Кім боласың сен өзің?
Жақан Смақов
ЖЫЛ БАСЫНА ТАЛАСҚАН ЖАНуАРЛАР
(ертегі)
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ит, тауық, тышқан және басқа жанжануарлардың бәрі де жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы айтты:
-
Менің үстіме адам мінсе, алысты жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін арқан еседі, менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді Түйе айтты:
-
Сен адам жұмысын қылсаң, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлге шыдап жүре беремін. Жыл ағасы болу маған лайық, – деді.
Сиыр айтты:
-
Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді.
Қой айтты:
-
Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күбі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, – деді.
Ит айтты:
-
Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұры алып, не қасқыр жеп тауысар еді. Бәріңнің мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтты:
-
Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен таңертең ерте тұрып шақырып, хабар айтамын, таң атты деп. Көп отырса, жұмысыңнан қаларсың, жатар уақыт болды деп түн ортасында да шақырамын, демалар мезгіл болды деп, – деді.
Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір қулық ойлап, жиналған көпке айтты:
-
Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, – деді.
Түйе бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрады.
Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Сонымен бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болады. «Түйе бойына сеніп құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.
ПРЕЗИДЕНТТіК ШЫРША
Шеткері ауыл – алыс түп, Туған жердің бәрі ыстық.
Президенттік шыршада Талай доспен таныстық.
Жасқанбадық жатырқап, Араластық жарқылдап. Елбасымен бір болған Ұмытылмас асыл сәт!
Өтепберген Ақыпбекұлы
СӘРуӘР
(ертегі)
Бір Сәруәр деген батыл бала Айға ұшпақ болады. Сөйтіп, ол Айға өзімен бірге ұшатын жолдас іздейді. Алғаш «Осы денелі ғой, батыр да батыл әрі күшті ғой» деген оймен Аюға келіп:
-
Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды. Аю біраз ойланып отырады да:
-
Ол жақта мен жейтін бал бар ма екен? – дейді. Сәруәр бұған ренжіп:
-
Денең дәу болғанмен, баланың сөзін айтасың, қорбаңбай неме, қорқақ екенсің ғой, – деп оны қайрай түседі.
Аю:
-
Мен қорықпаймын, бірақ ол жақта бал болмаса, несіне барамын, – деп ақталады.
Сәруәр:
-
Қой, түйедей болғанша тәттіден басқа түк ойламайтын бұдан ештеңе шықпас, – деп, басқа дос іздеп, қайтадан жолға шығады.
Сөйтіп, тәттіқұмар қорбаңбай аюға ренжіп келе жатқанда, алдынан қасқыр кездеседі. Сәруәр оны көргенде қуанып: «Азуы алты қарыс, тісі күректей, осы батыр да батыл шығар, бәлкім, осы барып қалар» деп ойлайды. Сосын қасқырға жақындап:
-
Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды.
Қасқыр шоқиып отыра қалып біраз ойланып алады да, Сәруәрдың өзіне қарсы сұрақ қояды:
-
Немен ұшамыз, үлкен самұрық құс ұстап алып, сонымен ұшамыз ба?
-
Жоқ, кәдімгі Айға ұшатын ғарыш кемесімен ұшамыз.
-
Оның ішінде тамақ бар ма?
-
Әрине, бар!
-
Қандай тамақ?
-
Айға дейін біз екі күн ұшамыз, қайтуымызға да тағы екі күн керек. Сонда барып қайтуымыз төрт күнге созылады. Ал бізге бір айға жететін тамақ береді. Ол кәдімгі дәрі сияқты. Тек біреуін жесең болды, бір күн бойы тамақ ішпейсің, қарның да ашпайды, тойып қаласың.
-
Жожоқ, бұл маған ұнамайды, маған қарнымды шығарар қой мен қозы керек, бағлан керек, құлын керек!
-
Әй, Қасекеай, етет деп сеніңақ тісің қышиды да тұрады екен. Егер саған тамаққа бір қой алып шықтық делік, сол жете ме?
-
Төрт күнге ме? Төрт күнге бірақ қой ма, ойбайау, аштан өлемін ғой. Былай келіселік, төрт күнге төрт марқа! Басқа ештеңе керек емес!
Осыны айтып қасекең ұзын сүйір қызыл тілімен екі езуін алмакезек жалапжалап қояды. Екі көзі оттай жайнап, қызарып шыға келіпті. Түнгі жарықтай жылтжылт етеді.
-
Жоқ, болмайды, Қасеке, төрт күнге төрт қой алсақ, өзіміз кішкене кеменің қай жеріне отырамыз, сыймаймыз ғой!
-
Мен ендеше қампиып қарным тоймайтын жерге бара алмаймын, балақай!
Сәруәр қасқырдан да береке болмасын білген соң, өзіне лайықты серік іздеп тағы да жолға шығады.
Бәріне ренжіп, шаршап келе жатқан батыр бала Сәруәрдың алдынан Түкең, кәдімгі түлкі кездесе кетеді.
-
Сәлем, балақай!
Ол өзі бірінші болып сәлем беріп, ұзын сұлу құйрығын бұлғаңбұлғаң еткізіп, ойнатып қойды.
-
Иә, жол болсын, есімің кім, жолаушы бала, жақсы бала?
-
Әлей болсын, есімім – Сәруәр, әкем аты – Дәуіp.
-
Қандай шаруамен қайда барасың, айта отыр, қалқам, қөмегім тиіп қалар?
-
Айға сапар шекпек едім. Соған өзіммен бірге серік болып баратын жолдас іздеп келемін. Сіз маған серік болмас па екенсіз?
Түкең екі көзін жұмып жіберіп, шоқиып отыра қалады да, біраз ойланып көреді. Содан жұлып алғандай:
-
Онда тауықтар бар ма екен? – деп сұрайды. Өзі қайтақайта жұтына береді, екі көзі от боп жайнап кеткен.
-
Айда тауық бар ма, жоқ па, оны барған соң көреміз. Біздің негізгі мақсатымыз да сол – Айға барып, онда тіршіліктің баржоғын анықтау. Бар болса, оны зерттеу.
-
Қойыңыз, балақай, ол жақта тіршілік болмаса, аштан өліп қалып жүрермін. Бірер тауық ала барсақ қайтеді. Семізінен таңдап алайық. Онда барар едім...
Сәруәр Түкеңнің ойын түсініп қалады. Түлкінің ойы тегін тамақ жеп, қыдырып қайту ғана еді.
Сондықтан да оған:
-
Айға менімен бірге ұшасың ба, ұшпайсың ба, бұлаңдатпай турасын айт! – дейді.
Түлкі ойланбастан:
-
Ол жақта тауық болса ғана барамын! – деп міңгірлейді.
-
Тауық жоқ!
-
Тауықсыз жерге мен де бармаймын!
Сәруәр балдан басқа ойлайтыны жоқ қорбаңбай аюдың, азуы алты қарыс ашқарақ қасқырдың, алпыс айлалы қу түлкінің тек өз бастарының ғана қамын ойлайтынына қатты ашуланады. Сөйтіп, ренжіп келе жатқанында, алдынан желаяқ қоян кездесе кетеді. Екі көзі адырайып, екі құлағы едірейіп, мұрты мен мұрны қоса жыбырлап тұр. Өзі аптыға сөйлейді.
-
Сәсә... Сә... сәлеметсіз бе?
-
Амансың ба, сұр көжек, қайда асығып барасың?
-
Өзім де білмеймін, жаңа қалың қамыстың арасында ұйықтап жатыр едім, бірдеңенің сылдыр ете түскені. Шамасы, қасқырау деймін. Содан қашып, жеткізбей келе жатқан бетім.
-
Қасқырды өз көзіңмен көрдің бе?
-
Артыма қарағаным жоқ, қорықтым...
-
Онда қамысты сылдырлатқан жел шығар?
-
Білмеймін, қорқып кеттім, жүрегім әлі дүрсілдеп тұр.
-
Менің атым – Сәруәр, әкем аты – Дәуір. Айға ұшатын болып, бірге ұшатын серік іздеп келемін!Сәруәр мұны айтқанда, қоянның екі көзі ұясынан шығып кете жаздады.
-
Қорқамын, – дейді.
-
Ал мен қорықпаймын. Сені де ала барайын, маған серік боласың ба?
Қоян ыршып түседі. Сөйтеді де, екі құлағын салбыратып жіберіп, шоқиып отыра қалып ойға батады. Әлден уақытта барып:
-
Қорқамын, – дейді.
-
Неден? – деп сұрайды Сәруәр.
-
Бұлттан, – дейді қоян.
-
Бұлттан да қорқа ма екен, бұлт деген түтін сияқты емес пе? – дейді Сәруәр.
-
Иә саған, өйтіп мені алдама, – дейді қоян Сәруәрдың сөзіне сенбей. – Онда ол бұлттар неге кейде қасқырға, кейде аюға, кейде түлкіге ұқсайды?
-
Бұлтты жел ұшырады. Ол ұшқан кезде неше түрлі кейіпке келеді. Кейде адамға, тауларға, құстарға, қасқырға да ұқсай береді. Ал «Қорыққанға қос көрінер» дегендей, саған қасқыр боп көрінеді екен ғой... Егер Айға ұшып барсаң, бұлттың түтін екенін өз көзіңмен көрер едің.
-
Қорқам, – дейді қоян одан сайын қалтырап.
-
Тағы неден қорқасың?
-
Ол жақта қасқыр бар шығар?
-
Қасқыр жоқ!
-
Сонда да қорқам...
-
Неден қорқасың?
-
Түлкі бар шығар?
-
Түлкі де жоқ.
-
Сонда да қорқам...
-
Неден?
-
Ғарыш кемесінен...
-
Неге?
-
Құлап қалатын шығар?
Сәруәр қоянның бұл сөзіне ішегі түйілгенше күлді. Сосын қоянға өзінің көлеңкесін көрсетіп: «Ой, мынау құлағы қалқайған не мақұлық?» – деп, әдейі орнынан ыршып түсті. Сол кезде қоян өз көлеңкесінен өзі қорқып, алдыартына қарамастан, зуылдап зытып берді.
-
Ой, қорқақ, қорқақ! – деп айқайлайды Сәруәр қоянның соңынан, – Қорқақ, сен Айға қайдан барайын деп едің, мына түріңмен жолда жүрегің жарылып өліп қаларсың!
Сәруәр кездескен аңдардың бәрі өзіне серік бола алмайтынын білген соң, еліне қайтады. Таудан соң таудан асып, белден соң белге жетеді. Орманнанoрманға кіріп, мұхиттанмұхитқа, теңіздентеңізге кездеседі. Бәрінен де аман өтеді. Еліне жетеді.
Еліне жетіп, үйіне жақындағанда, алдынан пырпыр еткен пысық мысығы мен күшігі Саққұлақ шығады.
-
Көп кешіктің ғой, қайда болдың? Біз сені сағындық, – дейді олар Сәруәрға еркелеп. Сәруәр болған жағдайдың бәрін тегіс айтып береді. Сонда пырпыр еткен пысық мысығы мен саққұлақ күшігі:
-
Айға сенімен біз ұшамыз, бірге ұшамыз, алақай, бірге ұшамыз! – деп шуылдап қоя береді.
Сөйтіп, Сәруәр пырпыр еткен пысық мысығы мен Саққұлақ күшігін алып, Айға ұшып барып, аманесен еліне қайтып оралыпты.
С. Оспанов
АвТОБуСТА
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтады.
Екі есігі бірден ашылды. Алдыңғы есіктен апам екеуміз ішке кірдік.
-
Мұнда отырыңыз, – деп менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
-
Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.
-
Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
-
Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол, балам.
Әбді Шынбатыров
ТӨЛДЕР АйТЫСЫ
(ертегі)
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» – деп бірбірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
-
Мә ә, мә ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдала нады, – деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
-
Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазықарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де біз, – дейді.
Бұзау тұрып:
-
Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелекшелек сүт, қарынқарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ, – десе, қошақан тұрып:
-
Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін киімкешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ, – дейді.
Бота тұрып:
-
Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді, – дейді.
Осы кезде адам:
-
Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
ҚАйЫРЫМДЫ ҚОяН
(ертегi)
Мейрам күні әкешешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге жұмсайды. «Ана ағаңды, мына атаңды, әне бір жездеңді шақыр...» – деп, екеуі көптеген адамның атын айтады.
Бала көшеге шығысыменақ шақыр деген кісілерінің атыжөнін ұмытып қалады. Үйге барып, қайыра сұрауға бата алмайды. Ол тұрыптұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен шақыр деген адамдары да келер» деп ойлайды. Сөйтіп, ол үй біткеннің бәріне кіріп, ауыл адамдарын тегіс қонаққа шақырады. Барлығы да шақырғанына риза болып, келетіндіктерін айтады. Бала үйіне қайтады.
Түсте қонақтың алды жинала бастайды. Ауылдың барлық адамы жиналып, енді тек дастарқанның жайылуын күтеді.
Баланың әкешешесі жиылған жұртты көргенде шошып кетіп:
-
Мұнысы несі? Мұнша жұртқа тамақты қалай жеткіземіз? – дейді.
Бала шақыр деген адамдарын ұмытып қалғандықтан, үйге кел деп жұртқа түгел хабар бергенін мойнына алады.
Жұрт дастарқанның жайылуын сарғая күтумен болады. Ақыры әкешешесі үйдегі барлық тамақты дастарқанға қояды. Бірақ онысы жиын топқа аздық етеді.
-
Өзің бүлдірген істі өзің жөнде! – деп атаанасы баласына ренжиді.
Бала көз жасын сорғалата үйден атып шығып, тоғайға кетіп қалады. Ағаш түбіне отырып, ағылтегіл жылайды.
Кенет ескі досы – қоян жүгіріп оның қасына келеді. Бұл қоянды ол кішкене көжек уақытында тауып алып, үйінде бағып өсірген соң, тоғайға алып келіп қоя берген болатын.
Бала өз жайын қоянға айтып береді.
Қоян артқы аяғына шоқиып отырып, қалқан құлағымен бәрін тыңдап алады, сонан кейін алдыңғы екі аяғымен баланың қолынан ұстайды да:
-
Жарайды, қапаланба, достым! Үйіңе қайт, бәрі де жақсы болады, – дейді. Соның артынша тоғайға кіріп жоқ болады.
Қоянның айтқан ақылын алып, бала аулына қайтады. Үйіне келсе, дастарқандағы асты ішіпжеп болған қонақтар тағы да тамақ дәметіп отыр. Кейбіреулері үй иесіне келіп, ұрса бастайды. Ашуланған біреулері:
-
Беретін еш нәрсең болмаған соң, қонақ шақырып нең бар еді?! – дейді.
Осы кезде қонақтың біреуі терезеден сыртқа көз жіберіп шошып кетеді де, серіктерін қасына шақырады. Алғашында бәрінің де зәрeқұты қалмағанмен, артынша жүректерін тоқтатып, олар да қайран қалады. Көше түрлі аңдарға толып кетіпті, барлығының да көтерген жүгі бар, тура үйге қарай келе жатады.
Аюлар балды қораға кеспеккеспегімен домалатып әкеліп кіргізеді. Қасқырлар бірнеше тұтас қойдың етін әкеледі. Бұғылар мүйізіне іліп шелекшелек сүт әкеледі. Түлкілер тауық пен қоян етін алып келеді, тиін мен қояндар шелекшелек жаңғақ пен жидек теріп әкеледі. Баланың үйіне осы тағамның бәрін әкелуді өзінің ормандағы достарынан өтінген қоян еді. Ол қонақтарға өзін бала қалай асырап өсіргенін, сосын тоғайға қалай апарып қоя бергенін түгел айтады.
Аңдар әкелген тамақтарын қораға үйіптөгеді де, жұбын жазбай, қайтадан тоғайға кетіп қалады. Таң қалған қонақтар үндей алмай, ауыздарын ашып тұрып қалады.
Әкешешесі қуанғаннан не істерін білмейді. Ал бала ол екеуінен де бетер қуанып, қоян досына риза болады.
ӨС, ҰЛАН!
Сау болсын десең, Он екі мүшең.
Ерте тұр,
Құлақ түр, тыңда сыр.
Таза ауа жұт,
Бойыңа қуат,
Жүгір желмен жарысып, Нұрға сылан, болып қыран, Өс, ұлан!
Өтебай Тұрманжанов
ПАйДАЛАНЫЛғАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2016.
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.
-
М. Ғабдуллин. Халық ауыз әдебиеті. – Алматы, 2001 ж. – 210 б.
-
Қ.М. Мендаяқова. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010 ж.
-
Ғ.З. Таубаева. Мектепалды дайындығының оқутәрбие үрдісінде қазақ балалар әдебиетін пайдалану. – Алматы, 2005 ж.
-
К.М. Метербаева. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру. (57 жас) – Алматы, 2005 ж.
-
Ә.С. Әмірова, К.А. Анартаева. Тіл дамыту әдістемесі. – Алматы, 2015 ж.
-
Ә.С. Әмірова, К.А.Анартаева. Көркем әдебиет әдістемелік нұсқау (мектепалды даярлығы). – Алматы, 2015 ж.
-
С.Ғ. Бәтібаева, Д.Е. Ерхатова. Біз өсіп келеміз. Хрестоматия. Алматы. – 2014 ж.
-
Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова және т.б. Бөбектерге байғазы. – Алматы, 2000 ж.
-
М.Қ. Нұрманова, Г.Д. Абдрахимова, К.М. Беркінғалиева. Тіл дамыту әдістемелік құралы. – Алматы, 2013 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................................................................................................................................. 3
Ұзақмерзімді жоспарлау ................................................................................................................................. 5
Қысқамерзімді жоспарлау ............................................................................................................................. 8
Қосымша материалдар ...................................................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................................................................45
Оқулық басылым Учебное издание
Амирова Амина Слямхановна
Анартаева Кумисай
Кубекова Гульжария Абдикеримовна
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы Ә.Б. Орынбаева
Компьютерде беттеген С.М. Ахметова
Басуға 05.07.2017 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60х84 1/8. Әрiп түрi «Times New Roman». Таралымы 1300 дана. Тапсырыс № 1385.
Сапасы жөнінде мына мекемеге хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
email: alkitap@intelsoft.kz
Сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай. Сертификация қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген.
ХУДОЖЕСТвЕННАя ЛИТЕРАТУРА
Методическое руководство для педагогов предшкольных групп и классов по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор А.Б. Орынбаева Компьютерная верстка С.М. Ахметовой
Подписано в печать 05.07.2017 г.
Формат 60х84 1/8. Гарнитура «Times New Roman». Тираж 1300 экз. Заказ № 1385
С претензиями по качеству обращаться:
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. еmail: alkitap@intelsoft.kz
Соответствует всем стандартам качества и безопасности.
Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен.
Кітаптарды «Алматыкітап баспасы» ЖШС-ның кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
Астана қаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54;
Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92; Победа даңғылы, 67, тел. (7172) 51 84 12.
Алматы қаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86;
Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86; Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66;
Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59; Бруно көшесі, 95, тел. (727) 374 34 42; ӘлФараби даңғылы, 63/17, тел. (727) 387 17 24; Майлин көшесі, 224 «А», тел.: (727) 222 29 43, 386 15 19; Фурманов көшесі, 51, тел. (727) 273 51 38.
Қойма есептеу басқармасы: Алматы қ., Ангарская көшесі, 95 А, тел.: (727) 290 49 67, 290 49 66.
Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, еmail: Nasihat@almatуkitap.kz
050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, email: Jalyn@almatуkitap.kz
050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, еmail: Arman@almatуkitap.kz
Интернетдүкен: www.almatуkitap.kz
Маркетинг бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20. email: sale1@almatykitap.kz
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды www.almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады.