Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Көркем еңбек пәні сабақтарындағы LS зерттеу жұмыстарының ерекшеліктері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназия
Емекова Гульнур Алмасбековна
көркем еңбек пәні мұғалімі
педагог-зерттеуші
Есенова Акмарал Дастановна
көркем еңбек пәні мұғалімдері
педагог-сарапшы
Джексембаева Зауре Джакыповна
көркем еңбек пәні мұғалімі
педагог-модератор
«Көркем еңбек пәні сабақтарындағы LS зерттеу жұмыстарының ерекшеліктері»
Зерттеп білмейінше білу де,
істей алу да мүмкін емес.
«Технология және өнер» білім беру саласындағы негізгі, орта, бастауыш білім деңгейлерінің мақсаттары: ұлттық және әлемдік көркем құндылықтар негізінде қоршаған әлем бейнесін, өскелең ұрпақтың жалпы мәдениетін тұтас қабылдауды қалыптастыру, білім алушылардың эстетикалық, рухани адамгершілік және эмоционалдық қасиеттерін дамыту, қоғамның, өнер мен техниканың адам өміріндегі рөлі туралы негізгі идеяларды дамыту, қазақ халқының және дүние жүзіндегі басқа халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін және алуан түрлі өнерін түсіну және құрметтеу; өнерді жүзеге асыру үшін білім, білік және дағдыны одан әрі дамыту үшін, өнердің әр түріндегі музыкалық және жобалық әрекеттерді; компьютерлік цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, негізгі технологиялық білім, іскерлік пен дағдыны; вокалдық және аспаптық дағдыларды дамыту; оның ішінде әртүрлі музыкалық цифрлық технологиялар, көркем-музыкалық бейнелеу құралдары мен мультимедиялық технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін өз бетінше дамыту[1].
Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты. Еңбек адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өйткені адам мен еңбек ажырамас ұғым. Адамдардың мыңдаған ұрпақтарының еңбегінің арқасында қәзіргі өркениет қалыптасты. Адамдардың ежелгі заманнан қарапайым еңбек арқасында осы күнгі дәрежеге жетуі тек қана ерекше қасиетінің арқасында болды, ол ойлау, еңбек жасай білу, жарата білу. Адамзат қоғамының ілгерілеуі еңбек дамуынсыз ешқандай болмайды. Демек адамды адам ететін еңбек. Адамның қоғамдағы орны еңбегімен анықталады, қазақ еліде еңбекті ерекше бағалап құрметтеген. Оған мысалы «Еңбек оздырады, жалқаулық тоздырады», «Еңбек түбі-береке»деген сияқты мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді келтіруге болады. Көркем еңбек пәні балаларды еңбек сүйгіштікке үйретеді және де шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейін жеткізудегі шыдамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Көркем еңбек пәнінде бала халықтың өнер мен көркем еңбекте көрсетілген адамның ойларын, сезімдерін, құндылықтарын, өмірге деген көз-қарасын түсініп сіңіре алады. Халықтың рухани мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтары адалдық, мейірімділік, шыншылдық, ұжымшылдық, азаматтық жауапкершілік пен еркіндік сезімі бар адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Көркем еңбек-бұл ұзақ тарихи және халықтың мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері бар интеграцияланған қызмет. Бұл пәнде тоқу, байлау, бояу, тігу, кесу, бұрау және тағы басқа дәстүрлі өнер түрлері және де ежелгі уақытта ойлап табылған халықтың сәндік қолданбалы өнерде үйретіледі. Сонымен бірге көркем еңбек құрал саймандар, онда бала құралдары (қайшы, пышақ, степлер, ине, тоқу ілгегі және тағы басқа) игереді, әр түрлі материалдардан-қағаз, мата, баклашка, жапырақтар, картон қағаздар және т. б. қәсиеттерін зерттейді және олардан көркем туындылар жасап үйренеді. Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру, талдау, қорытынды жасау өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын үйренеді.
Білім алушылардың барлығының оқу деңгейі бірдей емес. Кез-келген оқушыға көркем еңбек пәні болашақта өз жолын табуға, бағыт бағдар беруге өте үлкен көмегін тигізеді, сонымен бірге өнертапқыштыққа баулиды.
Ал енді мұғалім білім алушыларды пәнге қызықтыру, оқушылардың бір-бірімен коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін өзі қандай болу керек? – деген заңды сұрақ туындайды. Қазіргі заман мұғалімінің бойында мынандай жаңашылдықтар болу керек:
-
Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет.
-
Мұғалімдердің қолданатын стратегиялары жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар, жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен жеке кері байланысты да ескеруі тиіс.
-
Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.
-
Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да ісшаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.
-
Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.
-
Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастық оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.
-
Соңғысы: мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті[2].
Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ойтоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы ісәрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. Атап айтқанда:
-
Іс-әрекет
-
Шешім
-
Көзқарас
-
Ұстаным
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/ жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді. Бұл дегеніміз табысты мұғалімнің кәсіби түсінігін қалыптастырады.
Табысты мұғалім - оқытудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру үшін, оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
Мұғалімнің кәсіби-адамгершілік тұтастығы тұрғысынан алатын болсақ мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар[3].
Көркем еңбек сабағында мынандай әдістерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындау тиімдірек болады.
-
«Салыстыру» әдісі. Кез келген обьектілерді, ұғымдарды, дәуірлерді салыстыруға болады. Костюм тарихын, киім үлгісін, т.б. зерделеу кезінде.
-
«Эвристикалық сұрақтар» әдісі. 7 сұрақ қойылады: Не? Кім? Неге? Қайда? Қалай? Немен? Қашан? Бұл сұрақтарға жауаптар шығармашылық жұмыстардың тууын болжайды.
-
«Бейнелі пайымдау» әдісі. Жұмыстың нәтижесі ауызша немесе графикалық түрде (жобаның эскизі немесе оның ауызша сипаттамасы) өрнектеледі.
-
«Ойлап табу» әдісі. Бұл шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесінде бұрын белгісіз болған өнімді жасау тәсілі. Тігін бұйымдарының эскизі, дастархан жаю, сыйлық безендіру. Эскиз кез-келген шығармашылық жобаның ажырамас бөлігі.
-
«Дағдыландыру» әдісі. Бұл әдістің құралдары бізге басқа дәуірді сезінуге, өзімізді сол кездегі киіммен елестетуге, мінез-құлық тәсілдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
-
«Өзара оқыту» әдісі. Оқушылар жұппен, топпен жұмыс істейді, педагогикалық әдістердің жиынтығын қолдана отырып, мұғалім (оқушы-кеңесші) қызметін атқарады.
-
«Жобалық» әдіс. Бұл оқудағы дәстүрлілікпен алшақтауға мүмкіндік беретін құрал, ол үшін оқушының енжарлығы және мұғалімнің өз оқушысын стандартты дайын білім жиынтығымен «толтыруға» ұмтылысы тән. Жобалық әдіс – бұл дидактикалық құрал, ол оқушының жаңа нәрсені түсінуге деген ынтасы мен дербестігін дамытуға, оның құштарлығын оятуға бірегей алғышарттар жасайды[4].
Lesson Study әдісі мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және бірнеше қадамдардан тұрады. Lesson Study- де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі.
Зерттеу сабағын жоспарлау барысында зерттеу тобы мұғалімдері сол сыныпта қолданатын әдіс-тәсілдерді талқылап, топтық, топ ішінде жұптық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін қолдануды ұйғардық. Сабақ барысында оқушылар жұптық жұмыс жасауға үйренбегенін, сонымен қатар мұғалім оқушыларға ойлануға уақыт бермейтінін, материалды пішу, сызба дайындау, бұйымды тігу жұмыстарында жеке жұмыс болса оқушының қиналатынын байқадық. Жұптық жұмыста А,В,С деңгейлі оқушылардың өз білімдерін ортаға салып, жұмыстарын қорғау барысында айтылым дағдылары қалыптаса бастағанын көрдік. Топтық жұмыста А,В,С деңгейлі оқушылар өздерінің топтарындағы оқушылар арасында белсенділік көрсетіп, «Мен-саған, сен-маған» әдісін қолдану арқылы берілген жобаны аяқтап, оны қорғауда да белсенділіктерін көрсетті. Мұндай нәтиженің болуы сабақ арасында ойын фрагменттерін қолдану, бейнематериалдарды көрсету арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру жақсы жетістіктерге әкелгендігін көрсетті. Яғни, бұрынғы дәстүрлі сабақтарда кейбір оқушылар ашылмай, өз ойларын ортаға сала алмай, қымсынып отыратын болса топтық, жұптық жұмыстарда әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының коммуникативтік құзыреттілігі артты деуге болады.
Зерттеуші топ мұғалімдерімен біріге отырып, 5 сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбына сабақ жоспарын жасап, зерттеу сабағын өткізгенімізде алдымен сыныпты өрнек түрлері бойынша 3 топқа бөлдік. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы, зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердік. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, бір - бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды. АКТ- ны пайдалана отырып алған мәліметтерін үш тілде баяндай алды. Қазіргі таңда АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыларымызды мына қадамдарға бағыттайды .
-
Оқушы танымын кеңейтеді.
-
Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды .
-
Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады.
-
Оқушының коммуникативтік құзыреттілігін дамытады.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
-
Оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде жеңілдетеді.
-
Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
-
Оқушылардың көзқарасын кеңейтеді.
-
Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
-
Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады.
Қорыта келгенде LS зерттеу сабағын әр пән бойынша, сол пән мұғалімдерінің зерттеушілік топ құра отырып, бірлесіп жұмыс атқаруы білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырап, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының артқандығын көруімізге болады. Білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы, прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады[5].
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды. Жақсы мұғалім-түсіндіреді. Керемет мұғалім-көрсетеді. Ұлы мұғалім-шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заман талабы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 55 бет.
2. Шлейхер, А. ХХІ ғасырға мұғалімдерді даярлау және мектеп асшыларын амыту: Lessons from around The World [ХХІ ғасырға арналып мұғалімдерді даярлау және оқыту] көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. ЭЫДҰ Баспасы., 2012 жыл, 5 бет.
3. Стронг, Дж., Уорд, Т. Және Грант, Л. Жақсы мұғалімдерді не жақсы етеді? Кросс-жағдайды талдау. мұғалімдерге білім беру журналы, 62, 339. doi: 10.1177 / 0022487111404241. 2011 жыл, 10 бет
4. «Технология мектепте» әдістемелік журнал 2014ж
5. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана 2014ж