Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек пәнінің оқушыларды тәрбиелеудегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала болашақ көркем еңбек пәнінің оқытушыларына көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасындағы білім саласында соңғы жылдары жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа ие бола алатын мамандарды даярлап, бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз нәтижесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейімді, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Осы орайда білім саласындағы кез келген пән, қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Мектептер мен өзге де білім беру орындарында оқытылатын көркем еңбек пәні мен қолөнер үйірмелері оқушының жеке басының дамуында  маңызды рөл атқарады. Көркем еңбек сабақтарында оқытылатын сәндік-қолданбалы өнері оқушылардың  қызығушылығын кеңейтуге, эстетикалық тәрбие беруге, ойлау қабілеттерін  арттыруға, өнерді түсіне білуге, суретшілік қабілеттерін дамытуға үлкен септігін  тигізеді. Көркем еңбек сабақтарында  оқушыларда өнер сүйгіштік, талғампаздық, ұқыптылық, төзімділік, ізденімпаздық, еңбекқорлық қасиеттері пайда болады. Қолданбалы өнермен айналысу барысында оқушылар қоршаған әлемнің таңғажайып көрінісі мен табиғат сұлулығын мата, былғары, ағаш, киіз, қаңылтыр, тас, тері, былғары және тағы да басқа материал беттеріне түсіруді үйренеді.
Мен болашақ көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде  байқағаным және айтарым көркем еңбек сабағы арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түседі,сонымен бірге адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. “Еңбек жастан-өнерге бастан” демекші еңбек сабақтарында оқушылардың орындайтын тапсырмалары қаншалықты оңай болғанымен,еңбек жөніндегі тәжірибесі аз,оны орындап шығу қиынға соғады. Тігу, қию, үлгі, нобай, сызбалар, эскиздер дайындау барысында икемдері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқытылатын тақырыпты балалар толық түсінуі үшін көркем еңбек пәнін оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты  орташа зат обьектілері болуы керек. Мысалы: қолдан жасалған дайын бұйымдар мен оларды жасауға қажетті материалдар, жіп, сазбалшық, ермексаз, жүн, мата түрлері, қағаз түрлері, табиғи және жасанды терілер, фоамарин, пластик және табиғи материалдар, сонымен қатар түйме, моншақ, сумоншақ, ілгек, атлас таспалары сияқты қосымша материалдар да болуы керек. Балалар оларды қолдарымен ұстап  көріп, формасын анықтап, заттың формасы мен көлемі, химиялық, физикалық, механикалық қасиеттері мен ерекшеліктері туралы толық түсінік алады. “Еңбек ептілікті сүйеді”дегендей алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландыру керек. Сонымен қатар жас маман ретінде тәжірибеден өту барысында көз жеткізген көптеген пайдалы дүниелер болды. Көрнекіліктер-нені оқытсаң да көзбен көрсетіп оқыт деген сөз. Көрнектілік принципі оқу  процесінің дамуында негізгі рөл атқарады. Бұл  принцип баланың танымдық қабылдауын арттырады. Олар құлақпен естігеннен гөрі, көзбен көргенін  жақсы қабылдайды. Көрнектілік – бұл әр түрлі заттарды, материалдарды, құралдарды, сызба-суреттерді, эскиздерді, тәжірибелерді көрнекті көрсету. Көрнекі құралдарды пайдалану оқу материалын қабылдауда бағалы құрал  болып саналады. Көрсету барысында баланың ақпаратты  қабылдауына ықпал ететін  психологиялық шарттарды ескеру керек. Жан-жақты даму принципі-оқушылар шығармашылық қабілетін сабақтан  тыс үйірмелерде, қосымша сабақтарда, түрлі конкурстар мен сайыстарға қатысу барысында, үй жағдайында да толығымен дамыта алады. 
Көркем еңбек сабағында мұғалімнің оқушыларға  беретін  әрбір  түсініктемесі, мағлұматы, тапсырмалары мен дағдылары ғылыми түрде дәленденген, көз жеткізген және расталған болу керек. Білімді белсенді қабылдап, ой елегінен өткізсе, балалар  білімді дұрыс  қабылдайды. Сабақтың соңында оқушылардың жасаған бұйымдарын қорытындылағанда бір-бірінің жұмысының дұрыстығын өз беттерінше анықтай алатындай мүмкіндік беру керек. Түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципі оқушылардың ерекшелігін білумен байланысты. Түсініктілік принципі – нені оқытсаң да, не үйретсең де, түсінікті, жас ерекшелігіне сай оқыт деген сөз. Яғни оқытудың жеңіл болуы, ойлау белсенділігін төмендетеді.
Мемлекетіміздің  ертеңі, болашағы бүгінгі жас ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық болмысын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар дәстүрі, әдеп-ғұрпы, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтың қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу- ұлағатты ұстаздардың бүгінгі абыройлы борышы деп айтуға болады.Көркем еңбек пәні қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып,оқушылардың жаға еңбек түрлері мен мамандықтарын сапалы таңдауға мүмкіндік береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12