Материалдар / «Көркем кестелеу»

«Көркем кестелеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Құрық балалар өнер мектебі» ЖБҚ МКҚК

жанындағы Асыл мұра аула клубы



А ш ы қ с а б а қ



Тақырыбы: «Көркем кестелеу»

Қосымша білім беру педагогы : Мусина Салтанат.





2023-2024жж.









«БЕКІТЕМІН»

Оқу ісінің меңгерушісі

__________А.Жақсылық

«__»_____2023жыл








Үйірме: Қолөнер

Топ: 3

Болатын күні: 23.11.2023ж.

Уақыты: 15:00
































Сабақ тақырыбы: «Көркем кестелеу»


Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Сабақтың мақсаты:


Білімділік:Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.


Дамытушылық:Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін арттыру, шыдамдылыққа баулу.



Тәрбиелік: Оқушыларға қолөнерді үйрету арқылы салт –дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:

Құрал жабдықтар: Мата немесе фетр материалдары және ине жіп,қайшы.


Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)

IV.Қорытынды (5 мин)


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Талдырмадан немесе қазіргі заманауый фетрден бірнеше оюды қыйю.

III. Жаңа сабақ.

Кесте кестелеу.

Кесте – сәндік қолданбалы өнердің кеңінен тараған түрі. Мұнда өрнекпен суреттер қолмен немесе машина тәсілімен түрлерімен әртүрлі матада былғарыда, киіз бен өзгеде материалдарда зығыр, мақта мата , жібек, жүн жіптерімен сонымен қатар бисер, меруерт, асыл тас, жылтырақтармен де салып тігіледі.

Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлердің, суретшілердің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл – күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарың тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі.

Ертеде Халқымыз күделікті тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сыйяқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Кестелеу өнері дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған.Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдарды сәндеген: дастархан, терезе пердесі,, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді кішілі стол жапқыштары барлығыкестеленген. Қазақ әйелдеріде ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланылатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Бұл қазақ қыздарының аналарының бала кезден үйрететін ыждақаттылықпен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Қазіргі күнде ата бабамыз айналысқан қандайда бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Абай атамыз айтқандай « Мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп .

Кестемен ерекше қылып әжелеріміздіңде мәстерін , қол сөмкелерін , кәде сыйлықтарында кестелеп сәндеп отыратын болған.


Кесте тігіу үшін қолданылатын құрал саймандар: Кергіштер - кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды яғни мата жылжып кетпейді.Кергіштер дөңгелек болады.Ол бірінің ішінде бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан немесе пластамассадан, резеңкеден және металдан болып келеді.Инелер мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар жіптің ұшын қию үшін қолданылады.Жіптер кестелеу үшін табиғи , жасанды синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине және тағы басқада жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз.Калька түпнұсқа суретінің көшірмесін жасауүшін қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва тегісбоялған мата.




IV.Қорытындылау:

1.Әр оқушымен жеке жұмысжүргізу.

2.Кестемен жұмыс жасау кезінде жарықтың дұрыстүсуін қадағалау.

3. Санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау.

4. Жіптерін таңдап беру.

V.Бағалау: Сабаққа ден қойып жақсы араласып сұраққа жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма: Жұмысты үй жағдаыйнда жалғастыру.



ЖИ арқылы жасау
24 Ақпан 2025
77
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі