Материалдар / Көркем шығарманы оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем шығарманы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
1068
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп

мемлекеттік мекемесі


«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

----------------------------

Ұ.Оразбаева



Б А Я Н Д А М А


Тақырыбы:

Көркем шығарманы талдап- оқыту

Орындаған:


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қожамбердиева Гуляим



2020- жыл Ақсукент


Кіріспе

Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» − деп орынды атады.

Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.

Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

Бала жастан көрген-білгенін көкейге түйген оқушы этикалық құндылықтарға, әсемдік әлеміне, эстетикалық, сұлулық дүниесіне бастауыш сыныптардан бастап-ақ қызыға назар аударады. Олар оқу бағдарламасының талаптарына сай әдебиет сабағында қазақ және туысқан халықтардың, әлем әдебиетінің кейбір озық үлгілерімен таныстырылады.

Әдеби шығарманы оқып-үйренуде жас оқырман өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ барысында әдеби шығармаларды ұтымды талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың пәнді оқуға ынтасын арттырады.

Көркем туындымен танысу үстінде жасөспірімдердің қоршаған орта туралы түсініктері қалыптаса түседі. Табиғат әлемі, оның терең тылсым сырлары, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, обал мен сауап, сан алуан басқа да рухани-әлеуметтік мәселелер, қоғамдық, адамгершілік, тарихи-саяси құбылыстарды өз биігінен байқап барлайды. Жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін өмірлік ғибрат алады. Соған сәйкес жас жеткіншек өз дәуірінің, өмір сүріп отырған заманының талабына сай азамат болып жетіледі. Әдеби шығарманы оқи отырып, олар ондағы образдар жүйесін, шығарманың тақырыптық-идеялық мұратын шәкірттік ақыл-таразысына салып, балаң ой елегінен өткізеді. Алған әсеріне қарай әрқайсысы өзінше баға береді. Ол мұнда өзін-өзі тану арқылы қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатысын саналы түрде сезінуге, айналаға, қоғамға өзінің көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға құлшынады. Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Соның нәтижесінде оқушы өзінің дербес өсу және өзіндік жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, шәкірт адами толысуын, өмірдің мәні мен өзінің ондағы мақсатын ұғынады.

Көркем шығарманы сабақ үрдісінде талдаудың алғашқы үлгілері, кейіпкерді танытудың ең қарапайым белгілері − оның сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған тұрмыстық-әлеуметтік ортаға көзқарасы, әдеби туындының тақырыптық-идеялық нысанасы секілді мәселелер бастауыш сыныптардан басталып, сынып жоғарылаған сайын көркем шығармаға әдебиеттанымдық талдау жасаудың жолдары күрделене, түрлене түседі. Жалпы білім беретін орта мектеп тәжірибесінде көркем шығарманы талдаудың тұтастай (немесе автор ізімен), образ бойынша (кейіпкер, жан - жануар, табиғат, т.б. бейнелері), проблемалық-тақырыптық деген секілді кеңінен тараған әдістемелік жолдары қолданылады. Алайда, күнделікті сабақ барысында әлі де болса мақсатты түрде талдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндігі байқалып келеді. Оқушылар көркем шығарманы талдау барысында образ табиғатына, көркем бейне характерінің қалыптасу жолдарына, шығарманың сюжеттік желілері мен композициялық құрылымының атқарар қызметіне жете мән бере қоймайды.

Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек

1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,

2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,

3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,

4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.

Әдеби шығармада кейіпкер, оның өсу динамикасы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Демек, көркем туынды да жоқ деген сөз. Сондықтан да ұстаз мектеп қабырғасында көркем шығарманы оқып-үйрену барысында кейіпкерлерді әртүрлі жағдайларға байланысты өзге бейнелермен тығыз органикалық бірлікте, қарым-қатынаста қарастыруы қажет. Мұны өмірлік мәні бар құбылыстармен салыстыра танытуға, оған шәкірттердің өз пікірлерін білдіруіне назар аударуы керек.

Әдетте оқушы шығармадағы көркем ойды шындық түрінде ғана қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді әдебиеттің теориялық астарларына назар аудара бермеуі мүмкін. Сол үшін мұғалім көркем мәтінмен жұмысты тереңдете отырып, оқушыларды әдеби-теориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл көркем туындыны дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді.

Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.

Көркем туындыны талдау үшін мәтінді оқудың мынандай түрлері бар:

  1. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу дегеніміз, мәтіннің мағынасын түсініп алған соң, сол мағынаны тиісті көңіл күй, ой-сезіммен жеткізіп, дұрыс, анық, дауыстап оқу.

  2. Логикалық оқу. Мәтіннің бөліктерінде, әр бөліктің ішіндегі сөйлемдерде негізгі ойды білдіретін сөздерді, сөз тіркестерін анықтайды. Оларды екпін түсетіндей етіп оқиды. Ой арасын дауыс үзілісімен білдіреді. Бұл – логикалық үзіліс.

  3. Көңіл күймен оқу. Мәтіннің мазмұнын дұрыс оқу үшін оның ішіндегі қуаныш – қайғыны, реніш-шаттықты, жеңіл сүйсіне күлу мен ащы мысқылды, т.б. сезіммен, көңіл-күймен оқу шарт. Ол үшін міндетті түрде, мәтін мағынасын алдын ала түсініп алу қажет.

  4. Талдап оқу. Мәтінді талдап оқысақ, оны жақсы түсініп, еске ұзақ сақтаймыз. Талдап оқудың тәсілдері жоспар жасаудан, тезистен және дәлелдемелерден тұрады. Мәтіннің негізгі ойларын анықтап, оларды рет-ретімен тізімдеп жазып, жоспар құрып аламыз. Сөйтіп, негізгі ойларды, оларды баяндай ретімен меңгереміз.


Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.


Автор ізімен талдау немесе тұтастай талдау. Мұндай талдаудың негізінде шығарманың сюжеті жатады, ал оның нақты бөлімдері – сахналық көріністер, тараулар, эпизодтарды талдауда ерекше мән берер бірнеше құндылықтары болады. Оқу үрдісінде талдаудың табиғи тәртібі, күрделі шығарма мәтінін қайталап оқудың негізінде автордың өрбітіп келе жатқан ойына ілесуден, әсерленуден туған сыныптың назары, көңіл-күйі шығарманы түр мен мазмұнның бірлігінде қарастыруға байланысты болмақ.

Оқушылардың көз алдында әдеби шығарма оқиғасы бөлім-бөлім болып тізбектеліп өтеді. Олар сюжеттің дамуын бақылап, негізгі көріністерді бөліп, қаһармандар іс-әрекетінің сенімділігіне, шығарманың тіл көркемдігіне назар аударады.

Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады.

Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.

Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.

Шығарманың мазмұнына байланысты тыңдаушы мен орындаушы арасындағы қатынас әр алуан түр алуы мүмкін. Кейде баяндау, сипаттама тұрғысындағы мәтіндерді оқу тікелей тыңдаушыға қаратып айтуды талап етеді. Мысалы, 7-сыныпта Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хатын» оқып беруші адам шешен, ұран тастаушы ретінде көрінеді.

Жауынгер жазушының азаматтық үнін тебірене оқу оқушының сезім пернесін дөп басады.

Көркем шығармаларды оқыту мен есте сақтауда орындалатын жұмыстың маңыздыларының бірі – оқи отырып жоспар құру.

7-сыныптағы «Күй аңызы» әңгімесінің жоспары:

1. Екі жолаушы;

2. Ипан тауы;

3. Күйші өмірі;

4. Жалғыз нар;

5. Жаңа әуен;

6. Жалғыз қараша үй;

7. Қарттың қолқасы;

8. Күйшінің қолқасы;

9. Тың күй;

10. Қыздың қалауы;

11.«Нар идірген» күйі.

Балалар алғашқы кезде жоспар құруда сөйлемді шұбалаңқы тұйық етістіктермен жазатын. Кейбіреуі жоспардан гөрі конспектіге жақындайтын (Жолаушылардың Ипан тауын көруі; Жас күйшінің қуануы, т.б.) Осындай кемшіліктер бірте-бірте түзетілді.


Балалар жазушысы С.Бегалиннің балаларға арнап жазған Шоқан Уәлиханов туралы «Бала Шоқан» әңгімесіне жоспар құруы:


  1. Сары баланың досы Шоқанды күтуі;

  2. Сары баланың досына ойыншықтарын көрсетуі;

  3. Шоқанға ойыншықтарының ұнағанын сыйлауы;

  4. Шоқанның үйінде;

  5. Шоқанның уәдесі;

  6. Мысықтың зеректігі;

  7. Шоқанның сыйы.

Көркем шығарманың мазмұнын игергеннен кейін идеясын түсіну оқушыға пәлендей қиындық тудырмайды. Одан әрі мәтінді жан-жақты талдау жұмыстары басталады.

1.Әңгімені сатылай кешенді талдату:

2. Сатылай кешенді талдау бойынша әңгіме мазмұнын пайдалана отырып Шоқанға сипаттама беру:


DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 ШОҚАН

адал


адамгершілігі жоғары

қайырымды

кішіпейіл


уәдеге берік


саяхатшы


зерттеуші



географ-ғалым


Сәбит Мұқановтың 5 сыныптағы «Лашын» әңгімесін өту барысында жазушы көркемдік сөз қолданысына мынадай етіп талдау жасатуға болады:

Теңеу

Эпитет

Тұрақты тіркес

Мағынасы

1

Өткірлігі ұстарадай

Айдын көл

Жылы ұшырайтын

Жақсы көретін

2

Қарақаттай көздері

Шабдан мұртты

Құлақ естір жерде жоқ

Жақын маңда жоқ

3



Жарау ат





Осы шығарма бойынша түсініксіз сөздерді теріп жазып, өз білгендерінше түсінік береді.

  1. Қадім – араб оқуы мен жазуы.

  2. Атбегілік – ат жаратып, баптауды кәсіп етушілік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!