Көркем шығарманы оқыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем шығарманы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста көркем шығарманы оқытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылып, мәтінді талдау, жаңа технологияларды пайдалану тәжірибелері ұсынылады. Негізгі мақсат – оқушының әдебиетке қызығушылығын арттырып, шығарманы терең түсіне білуіне жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Филология факультеті



Тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау Б Б Б











Курстық жұмыс

Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту









Орындаған: Н.Ж.Қайруллаев, ҚТӘ-33 тобының студенті

(«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасы )










Орал қаласы, 2023

Мазмұны

І ТАРАУ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

1.
Талдауға жататын құрамды элементтер ……..…………………….....6

2. Талдаудың әдіс амалдары және оны мектепте қолдану……………...10


ІІ ТАРАУ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАЙ ОҚЫТУДЫ ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ БЕКІТУ


1. Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту,талдау жүйесі........................…....17

2. Көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану….....23

Қорытынды………………………………………………………………….30

Пайдаланылған әдебиеттер…………..………………………………….....31







КІРІСПЕ

Көркем шығарманы оқыту – халқымыздың көркем тарихын оқыту. Ендеше, адам баласына берілетін рухани байлық әр халықтың ұлттық әдет-салты, дүниетанымы шыққан түп тамырында жататыны белгілі.

Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол салу қажет. Көркем шығарманы оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыра білу – бұл тәрбиеші-мұғалімнің басты міндеті болуы тиіс.

Көркем шығарманы оқытуда ескертетін жайт – көркем шығарманың білім беру заңдылықтарын сақтау міндеті. Әсіресе, әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық, қосымша оқулық шеңберінде болуы тиіс. Белгілі бір әдебиетті оқыған кезінде көркем шығарманымен жұмыс істеу кезеңдері белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады.

Әрбір ұстаздың біліктілігі, іс-әрекеті, шеберлігі, амал-тәсілі сабақ арқылы айқындалады. Әдеби шығарманы оқу кезінде баланың жүрегіне жол таба алуы ескеріледі. Соңғы кезде көбірек қолданыста өз жемісін беріп жүрген көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері –кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс, қорытынды сабақ. Міне, осы үш кезеңді сабақ процесінде орынды пайдаланғанда ғана, сабақ өз дәрежесінде өтеді деуге болады.

Кіріспе сабақтарды ұйымдастыруда қойылатын әдістемелік талаптар уақыт мөлшері, көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер ескерілуі тиіс.

Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өткенде кіріспе сабақтардың өзіндік ерекшелігін ескеріп, белгілі жүйені сақтау қажет. Олай етпейінше, баланың көркем шығарманы оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыра алмаймыз.

Көркем шығарманы талдауда кеңінен қолданылып жүрген тақырыптық талдаудың тиімділігін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Тақырыптық талдаудан проблемалық талдауға көшу баланы көркем туындының ішкі әлеміне бойлатуға айрықша қызмет етуі даусыз. Шығарманы тұтас талдау – авторлық позицияны көре білуге мүмкіндік береді. Осы талдау түрлерінің сабақтастығы бір-бірімен өзара үйлесін тапқанда ғана тәрбиеші бала назарын өзіне аудара алады.

Көркем шығарманың көркемдік құндылығы оның жан-жақты талдану нәтижесінде ашылатынын байқаймыз. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау, көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмысының түрлері, баланың сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын оятады.

Тәрбиеші көркем шығарманы оқып үйретуде шығарманың тілдік ерекшелігін талдау арқылы ана тілінен білім дағдысы мен тіл мәдениетін, сауаттылығын арттырады. Баланың көркем шығарманы мәнерлеп оқи білуіне, оның тақырыбы мен мазмұнын, идеялық мағынасы мен бейнелерін, көркемдік жақтарын ұғына білуге, өздерінің ойын ауызша, жазбаша баяндап, дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуіне мүмкіндік тудырады.

Көркем шығарманы оқып үйретуде бейненің де алатын орын ерекше. Ал бейнелер көркем әдебиетте сөз арқылы жасалады. Сөз – көркем шығарманы жасап шығарудың әрі материалы, әрі құралы болып табылатындықтан, шығарманың идеялық бағытын ашуда, баланың эстетикалық сезімін оятуда үлкен рөл атқарады.

Көркем шығарманы оқып үйретудің бір амалы – көркем шығарманы талдату. Ол белгілі бір жүйе арқылы әдеби шығармаларды оқыту, талдату, өзіндік дербес жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру іс-әрекеттерін дұрыс жүргізу барысында ғана жүзеге аспақ. Өйткені, шығарма құбылысының ішкі сырына терең бойлай отырып, оның қыр-сырын жан-жақты ұғынып, тани біледі.

Көркем шығарманы талдаудың ғылымға негізделген жүйесін қалыптастыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану баланың көркем шығарманы оқып үйренуіне ықпалын тигізері анық.


Зерттеудің өзектілігі:

Мектепте әдебиеттен көркем шығарманы талдау - аса маңызды үдеріс болып саналады. Көркем шығарманың көркем әлемін тану оны оқудан басталады. Көркем дүниенің бейнесін көзбен көріп, ой түйсігінен өткізу, адам миының терең «айнасында» оның көрінісін жасау маңызды үдеріс екендігіне дау жоқ. Көркем шығарманы оқуға қатысты туындап отырған кейбір қиындықтар көптеген шешімін іздейтін мәселелерді туындатуда. Көркем мәтінді оқуға деген ынтаның жыл санап бәсеңдеуі қоғамдық-экономикалық өзгерістердің, ғылыми-техникалык жаңалықтардың адамзатқа тигізіп отырған әсерінің бір қыры деуге болады. Уақыт, заман өзгерісінің ғаламдық бейнесін аңғартады. Құндылықтарымыздың бірі саналатын кітаптың техникалық дамудың басқа «перзенттерімен» бәсекелестіктегі салмағын танытады. Осы уақыт сынында көркем шығарманың басымдық қырын танытатын көп жетістігі барына талас жок. Ол танымдық, тағылымдық, эстетикалық, тәрбиелік құндылығымен айқындалады. Сондықтан да көркем мәтінді оқу, қай заман болсын, ең маңызды мәселе болып қалары даусыз.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

Жұмысымыздың мақсаты көркем шығармаларды оқытуда қазіргі жаңа педагогикалық технология негізінде,сабақ өту барысында СТО әдістерін пайдалану,сол арқылы оқушының танымына,өз бетімен ойлай білуге,берілген ақпаратты жан-жақты талдай білуге бағыттау.Бұған тоқталу үшін төмендегі мәселелерді шешу белгіленді:

Көркем шығарма туралы,оны оқытуда қандай нәрселерге басты назар аударылады,оны талдау жолдары ұғындырылады;

Көркем шығарма табиғатының күрделілігі,алуантүрлілігі,өмірмен байланысы әңгімеленеді;

Мұғалім көркем шығарманы оқытқан кезде нені басшылыққа алады,оқушыны шығармаға бойлата ала ма,-деген сынды сауалдар төңірегінде сөз қозғалады.

Оқушының көркем шығарманы ұғынуы,жеке көзқарас білдіруі,өмірмен байланыстыра алуы,таным көкжиегін кеңейтуі;

Көркем шығарманы оқытқан кезде жаңаша технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;

Міне, осы айтылғандардың бәрі де курстық жұмысымызда сөз болып,тереңінен талданады.

Зерттеу нысаны: көркем шығарманы оқыту.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысымызда сабақ өту барасында бұрыннан қолданылып жүрген әдістер мен, СТО технологиясының әдістері салыстырыла,қатар қолданыла беріледі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан,төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.











































І ТАРАУ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

1.Талдауға жататын құрамды элементтер

Көркем шығарманы талдау күрделі үдеріс. Өзінің күрделілігі жағынан оқушының көркем шығарманы оқуы мен талдау әрекеті суретшінің күрделі шығармашылык үдерісімен пара-пар. Мұғалім көркем шығарманы оқу мен талдаудың ғылыми заңдылығымен қатар шығармашылық қиялмен әрекет еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Мұғалімнің шығарманы оқытудағы мақсаты мен міндеті көркем шығарманы оқушының өздігінен оқып тануға деген талпынысы мен әрекетін оятуға бағытталуы керек. Егер оқушы шығарманы өздігінен оқып, көркем шығармадан тікелей әсер алмайынша, барлық талдауға деген барлық іс-әрекет нәтиже бермейді.

Көркем шығарманы талдау әдебиеттік оқу сыныптары мен шығармалары монографиялы оқытылатын сыныптарда түрліше талаппен жүргізілуі тиіс. Ә.Қоңыратбаев: «VШ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде толық не бөлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. Әдетте методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан VIII-Х кластарда да текст класта, үйде жеке бөлімдері бойынша оқылып, мазмұндалып, V-VII кластардағыдай әдебиет сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы бір себеп-оқушылардың дайындығының төмендігі. Кейбір мұғалімдер үлкен романдарды да жеке бөлімдері бойынша талдауға, дәлірек айтқанда, мазмұндауға бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи курс методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын-ала оқылып, лекция бағдарлаушы әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда VIII-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі»- деп жазады.

Мектепте шығарманы талдап тану оқушы мен оқытушының ынтымақтастығымен жүзеге асырылатын шығармашылық жұмыс болып есептеледі. Мектепте әдеби мәтінді талдау тікелей әдеби білім мазмұнына сәйкес жүргізілетіні белгілі. Мұғалім тарапынан оқушылардың жас ерекшелігі мен сол сыныпқа сай берілетін білім мазмұны, қалыптастырылатын әдеби-теориялық ұғым назарға алынады.

Қаламгердің дүниетанымы мен көзқарастары, ұстанымдары мен түйсігінен жинақталып шыққан тұтас дүниені тану, жекелеген із жолдарын саралау тек талдау арқылы жүзеге асады. Талдау-талдап алу, тарату, тарамдау деген ұғымға саяды, оның терминдік мағынасы - «зат пен құбылысты танып, білу» екендігі белгілі. Көркем шығарманы талдау арқылы саралай тану, кейбір ерекшеліктері мен қырларын даралай қарастыру, сараптау, қолданылу мақсаты мен міндеттерін айқындау көзделеді. Талдау да әр тарапты болуы мүмкін. Ол шығарманы танытудағы мақсат, мүддемен сабақтасып жатады. Талдаудың көптеген бағыттары осы мақсаттан туындайды. Көркем шығармаға әдеби талдау жасау қандай бағыттарда жүзеге асуы мүмкін?

Өткен ғасырдың 60 жылдарында әдіскер-ғалым В.В.Голубков талдаудың құрамды элементтері ретінде бірнеше мәселені атап көрсетеді. Олар: шығарманың тарихилық жағы; жазушының өзіндік көзқарасы мен ұстанымдары; шығарманың тақырыбы мен идеялық бағыты; шығарманың басты кейіпкерлері, олардың өмірдегі типтік бейне ретіндегі сипаты; шығармадағы қосалқы кейіпкерлер; шығарма сюжеті; шығарманың диалог, портрет, пейзаж, кіріспе эпизодтары, авторлық шегіністер, кейіпкердің өзіне тән тілдік ерекшеліктері; жазушының тілдік ерекшелігі; шығарма жанры; жазушының дәстүр мен жаңашылдыққа қатысы; жазушының өмір сүрген кезеңі мен кейінгі әдебиеттегі маңызы:.

Автордың мәтін талдауда негізгі нысан болатын мәселелерді саралай отырып, талдау жұмыстарының бағыт-бағдарына, әдіс-тәсілдеріне тоқталады.

Әдіскер мәтін талдау бағытындағы сұрақтарды алдын-ала даярлап, үйге тапсыруды ұсынады. Сұрақтардың өзін үш топқа жіктейді:

  • жалпы бағдар түріндегі сұрақтар;

  • аналитикалык сұрақтар;

  • жинақтаушы, нақтылаушы немесе жалпылау сұрақтары.

Әдіскердің шығарма талдауда қолданатын белсенді әдістерінің бірі - әңгіме әдісі. Әдіскер әңгіме әдісін екі жұмыс бағытында жүргізуді ұсынады. Біріншісі - алғаш шығарманы үйде оқып сыныпта дайындалған сұрақтар бағытында талдау жүргізу. Екіншісі - еркін әңгіме әдісі. Еркін әңгіме әдісінде жалпы сыныпқа не сыныпты топтарға бөле отырып өзіндік тапсырма түрінде еркін әңгіме жүргізуді ұсынады. Сабақ соңында талдаудың қорытындысын шығару керектігін айтады. Алайда, әдіскер сынып оқушыларын еркін әңгімені ұйымдастыру амалдарын, бағытын, жұмыс түрлерін ашып көрсетпеген. Тек оқушылардың шағын тобында немесе окушылардың сынып ішілік тәртіпті жақсы сақтаған жағдайында осы әдіспен өту тиімді екіндігін айтады. Әдіскер талдауға баяндама мен диспутты жатқызады.

Ал әдіскер В.Г.Маранцман талдаудың екі түріне мән береді.Оның бірі - автор ізімен талдау, екіншісі - проблемалық талдау. Талдаудың «Автор ізімен» деген түрін ең алғаш М.А.Рыбникова атап, өз тәжірибесінде қолданған болатын. Автор ізімен талдау түрі әдебиеттік оқу сыныптарының алғашқы кезеңіне тиімділігімен ерекшеленеді. Мәтінді оқи отырып, жекелеген бөліктеріне тоқталу, авторлық баяндау, суреттеулерді жүйесін сақтай отырып талдау, шығармаға бірте-бірте бойлатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, автор баяндауындағы оқиға ізімен ілесе талдау кейде түсіндірмелі оқуға ұласып, мотивтік белгілердің қалтарыста қалатын немесе шығарманың идеялық мәнін танытатын тұстардың еленбей қалатын кездері де болады. Сондықтан автор ізімен талдағанда шығарманың идеялық, тақырыптық, танымдық, тәрбиелік бірлігін сақтау маңызды. Автор мұнан өзге мәтін талдаудың үш түрін атайды. Әдіскер Қ.Бітібаева В.Г.Маранцман атаған әдістерді «Жан-жақты, толық талдау, сұрыптап талдау, шолу бағытындағы талдау» дей отырып, мынадай түсінік береді: «Жан-жақты толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шолу бағытындағы талдауда мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Сұрыптап талдауда талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады».

Әрине, талдау түрлерін бұлай атауда шарттылық басым. Себебі талдау түрлері шығармамен жүргізілетін жұмыстың ауқымына немесе шығарманың қамтылу аясына қатысты атау,талдаудың негізгі әдіс-тәсілдерін айқындамайды.

Ә.Қоңыратбаев талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше шығарма бірліктерін атайды:

-тақырыбы мен идеясы;

-басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі, мүддесі арқылы көрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар;

-шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы;

-ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтар;

-композициялыық құрылыс, олардың формалары, қызметі(пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.);

-шығарманың сюжеті;

-шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер); ондағы кейіпкер тілі (диалог, монолог);

-шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны;

-жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы;

-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы.

А.Көшімбаев талдауға жататын құрамды элементтерді (тақырыбы, идеялық мазмұны, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, тіл ерекшеліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп, меңгерту жолдарын,әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінде қалыптасқан әңгіме әдісінің жүргізу тәсілдеріне тоқталған әдіскер шығарманы оқи отырып талдау жасауды ұсынады. Көлемі жағынан шағын шығармаларды мұғалімнің өзі түсіндіріп, тиісті жерінде мәтіннен мысал оқи отырып талдайтынын айтады. Әрине, өткен уақыт үдесіне жараған бұл әдістер,бүгінгі талап деңгейінде оқушыны дамыту өрісінің шектеулі, оқушының белсенді ойлауына ықпал етпейтінін байқатады.

Шығарманың идеялық бағыты мен образдарын талдауда А.Көшімбаев дара, салыстырмалы және кейіпкерлерді топтау түрінде мінездеме беру тәсілінің тиімділігін айтады. Әдіскер образдық талдауда бірнеше элементтің маңыздылығына тоқтала отырып, өзіндік белгілерін саралайды:

Бірінші белгісі - кейіпкердің әлеуметтік тегі, қоғамдық ортасындағы орны.

Екінші белгісі - қоғамдық, үй-ішілік тұрмысы, дүниеге көзқарасы, әдет-ғұрпы.

Үшінші қосымша белгісі ретінде - кейіпкердің келбеті, тұлға-тұрпаты, мүсіні, сөз сөйлесі, іс-әрекетіне байланысты берілген табиғат суреттері, тілшілік жағдайлары.

Төртінші белгісі - кейіпкердің өмір шындығынан жинақтап, түйіндеп көрсеткен бейнесі, жазушының идеялық көзкарасы.

Бесіншіден, мінездеме мен сипаттаулардың өзара байланыстылығы деп көрсетіледі. М.Әуезовтің «Бүркітші» әңгімесіндегі Бекболға берілген мінездемеде әдіскер кейіпкердің бірнеше ерекшелігін санамалап көрсетеді.Олар: пішіні, киімі, тұлғасы, кәсібі, қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы, байқағыштығы, тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы, ұстамдылығы, қайсарлығы, тұрмыс қалпы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси білімі.

Әдіскердің талдау бағытында жазушы қолданған образ сомдаудың көркемдік тәсілдері араласып кеткен. Әдіскер атап отырған кейіпкердің тұлғалық қасиеттерінің дені (қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы, байқағыштығы, тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы, ұстамдылығы, қайсарлығы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси білімі) жазушының мінездеу тәсілі арқылы беріледі. Кейіпкердің іс-әрекеті мен портреті арқылы анықталатын белгілері де бар. Талдау бағытындағы жазушының образ сомдаудағы әдіс-тәсілдерін бағдарға алмау, оқушыны жалпылама баяндауға, мәтін оқиғасын түсіндіріп айтып шығуға соктыратыны тәжірибеден байқалып жүр. Әрі бұл жалпылама сипаттау бағыты мәтін талдауда жүйесіздікке алып келеді.

Әдіскер шығармадағы пейзаждың қызметінің әралуандығын, шығарманың сюжеттік, композициялық талдауларының маңыздылығын айта отырып, композициялық талдаудың үлгі жоспарын ұсынады. Әдіскер мектепте шығарманың композициялық тұтастығын таныту, жекелеген бірліктерін таныту,мектеп практикасына еркін енгізілмей келе жатқандығын орынды ескертеді. Шығарманың сюжеттік, композициялық талдаулары жоспар құру арқылы шығарма жеке бөліктерге бөлумен шектеліп келе жатқандығы рас. Бұл бағытта әдіскердің шығарма композициясын талдауға ұсынған үлгі жоспары қуаттарлық. Шығарманың тілдік ерекшеліктерін танытуда әдіскер шығарма тілінің образ жасаушылық және түйіндеп көрсетушілік, кейіп жасаушылық, идеялық, эмоциялық қуатын ерекшелейді. Әдіскер шығарма тілін талдау бағытында сөздерге түсініктеме беру, мазмұндау, мәнерлеп оқу жұмыстарын атайды. Бұл аталған жұмыс түрлері мәтіннің тілдік ерекшеліктерін еркін аша алмайтыны белгілі.

Әдебиеттік оқудағы талдау жұмысы жеке шығарманың мазмұнын тануға бағытталады. Ал тарихи курста автор мен жанр, тарихи жеті т.б мәселелерге қатысты жүргізіледі. Негізінен талдауға нысан болатын шығарманың ішкі-сыртқы ерекшеліктері:

1.Тақырыбы мен идеясы.

2. Басты образдары, характер, тип, оларды сомдаудағы композициялық құрылым.

3. Шығармадағы ұқсас образдар табиғаты, олардың бас кейіпкермен қарым-қатынасы.

4.Образдар жүйесі арқылы шығармадағы тартыстың көрінуі, айқындалуы.

5. Шығарманың композициялық құрылымы, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диалог, монолог т.б.).

6. Шығарманың сюжеті.

7. Шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер).

8. Шығармадағы кейіпкер тілі (диолог, монолог, полилог).

9. Шығарма жанрлары.

10. Жазушының стилі, көзқарасы.

11. Дәстүр мен жаңашыл көзқарастары мен идеялар.



2. Талдаудың әдіс амалдары және оны мектепте қолдану

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында әдіскер-ғалымдардың көркем шығарманы мектепте талдай отырып оқыту мәселелерін арнайы сөз еткен Т.Ақшолақовтың «Көркем шығармаға талдау жасау» (1983), «Шығарманың көркем айшықтарын таныту» (1998), Қ Бітібаеваның «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» (1990), Қ.Алпысбаевтың «Көркем шығарманы талдау» (1995) атты т.б. оқу-әдістемелік құралдары, Б.Смановтың «Мектепте көркем шығарманы талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (2010) атты ғылыми-әдістемелік еңбегі жарияланған. Дегенмен, шығарманы мектепте сыныптар бойынша талдау жұмысын жетілдіре түсу қажеттігі танылуда.

Әдебиетті оқыту әдістемесі тәжірибесінде көркем шығарманы талдауға нысан болып жүрген бірліктерді жинактап айтайық. Кеңес мектебі тәжірибесі мен отандық әдіскерлердің әдістемелік оқулықтарын шолу барысында көркем шығарманың әр тарапты талданып жүргенін байкауға болады. Олар: образдар жүйесіне қарай талдау, сюжеті мен композициялық құрылымына қарай талдау, көтерген басты проблемасына қарай, қамтыған жанама мәселелеріне қарай талдау, шығармадағы көгерілген басты тақырыпты, шығармадағы көтерілген өзекті ойды айқындау, сол ойды ашудағы қаламгер тәсілдерін саралау, көркемдік ерекшеліктеріне қарай, шығармадағы көркем компоненттерге қарай талдау, тіл ерекшеліктеріне карай талдау т.т.

Көркем мәтінді қай тұрғыда талдау керектігі көбіне мұғалімнің көздеген мақсатынан туындап жатады. Тек ескеретін бір мәселе талдаудың бағыты мен бағдары шығарманың өзіндік ерекшелігінен туындайтындығында. Кез келген шығарманы композициялық құрылымына қарай талдауға болғанымен, сюжеттік талдау тек эпикалық шығармаларға ғана жүргізіледі. Ал тақырыптарына карай талдау көлемді шығармалармен ғана жүзеге асады.

Ал әдебиеттану саласында талдаудың мұнан өзге түрлері де еркін қолданылып жүр. Олар:

- әлеуметтік талдау;

- проблемалық талдау;

- теориялық талдау;

- герменевтикалық талдау;

- көркем деталь арқылы талдап тану; - символ арқылы талдап тану;

- дискурстық талдау;

- поэтикалық талдау;

- стильдік талдау т.б.


Әдебиеттану саласында қолданылып жүрген бұл талдау түрлерінің кейбірін әдебиетті оқытуда қолданудың да мүмкіндігі мен тиімділігі мол. Солардың бірер түріне токталайық.

Мектепте әдебиет теориясынан талдау жұмыстары арнайы жүргізілмейді. Көбіне мектеп бағдарламасында ұсынылған ұғымдар ғана әдеби шығарманың ығында қоса меңгерілуі міндеттеледі. Алайда әдебиет теориясымен каруланбайынша, көркем әдебиетті жете түсіну қиын әрі мәтінді сауатты талдау да мүмкін емес. Мектеп тәжірибесінен байқалатыны оқушыларымыз мәтін талдауда теориялық білімнің төмендігінен шығарманың көркем компоненттерін тауып, жүйелеуге, көркемдік тәсілдерді саралауға шорқақ. Көбіне мәтінді баяндауға бейім келеді. Шығарманың көркем компоненттерін талдау бағытында әдістемелік еңбек жазған әдіскер Т.Ақшолаков та мәтіндегі көркем компоненттерді терең тану үшін сыныптық сағаттардың жетімсіздігін орынды ескертеді. Сабақ барысында әдеби-ториялық ұғымдардың анықтамасын айтқанымен, сол айтылған көркемдік тәсілдерді мәтіннен табу, сол көркемдік құралдың қызметін тану машығы қалыптаспай келеді. Сондықтан әдеби жанрлардың ерекшелігін, образ, образдылық т.б теориялық ұғымдарды тануда, әдеби мәтінді талдауға қажетті әдеби-теориялық құралдар туралы арнаулы сағаттарда теориялық талдау сабақтарын ұйымдастыру қажеттігі байқалады. Белгілі бір шығармалар шоғырын немесе монографиялы оқылатын шығармашылық тұлғаларымызды оқытқаннан кейін теориялық талдау сабақтарын қоюға болады. Теориялық талдау сабақтарын сыныптан тыс ұйымдастыруға, оқушының өздік жұмыстары мен әдеби жобаларына нысан ету де оқушының әдебиеттану ғылымына ынтасын көтеретін амал деп танимыз.

Ал стильдік талдауды әдебиет сабағында жүргізудің мүмкіндігі мол. Стильдік талдау әдебиет пәні мен қазақ тілі пәніне ортақ нысан болып есептеледі. Стильдің пәнаралық байланыстылығы бұл бағыттағы жұмысты жан-жақты жүргізуге жағдай туғызады. Қазақ тілі сабағында стильдік түрлерін жақсы таныған оқушы әдеби стиль ерекшеліктерін саралауда қиналмаса керек. Қаламгердің стилін таныту монографиялы оқуда оңтайлы. Бұл бағыттағы сыныптық, сыныптан тыс немесе оқушының жеке бағытындағы талдау жұмыстары олардың ізденімпаздық әлеуетін, тілдік қорын, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін тигізеді.

Көркем деталь арқылы талдау қаламгердің өзекті ойын айқындау, ұстанымын тану әртекті шығармалармен жүзеге асырылады. Көркем шығарманы талдауда детальдің маңыздылығына ерекше тоқталған әдіскер Е.Н.Ильин. «Достоевскийдің раскольникові болса кемпірді өлтіргеннен кейін түк қалдырмай: балтаны да, қолының да, пальтоның да қанын жуды... Әйтсе де оның бойында қан қалып қойды. Суреткер кемеңгерлігі қайда қалдыруды біледі - қан етіктің тесігінен шығып тұрған кір шұлыққа тамды... Құдай-ау! Соншама «түкке тұрмайтын нәрсемен» қаншама жайт айтылып тұр», Осы аталған заттық ұғымдар - деталь. Бірақ ол сол шығарманың барлық әлеуметтік, психологиялық, философиялық, адамгершілік мәселелерін көтеруге таптырмайтын түрткі. Е.Н.Ильин. «Бәлкім «деталь» дегеніміз жалын лаулайтын ұшқын шығар. Ірі, ұлы атаулының қайнарлары кіші нәрселерден басталатындығына өнер талай рет дәлел болды. Дүние кішкентай түйіршіктерден тұрады. Бір ғажабы, шынайы өнер өз табиғатында мылқау келеді. Міне осы сөзге сараң «мылқау» құралдарды ол әдебиет сабағына детальға зер салу арқылы тарту етеді. Текстің титтей торынан тұтас қалпына дейін талдаудың өзіндік әдісіне итермелейді. Сонда деталь текстің үлкендікішілі құрылымдарын талдаудың конструкциялық элементтеріне, кітапқа қарай тартымды бір қадамға айналады» деп жазады.

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбайға берілетін портретке зер салып көрейік: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай сакшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші».Осы портреттік тәсілде ерекшеленетін детальдар: бір өңірдей бас, сол бастағы жалғыз көз. Кейіпкердің образын беруде поргреттің өзіндік қызметі бары белгілі. Дегенмен, бұл деталь бір ғана образды беруден өзге көп жайлардан хабар білдіреді. Біріншіден, Құнанбайдың жеке бас ерекшелігі ретінде тануға болады, кейіпкердің болмыс, бітіміндегі ерекшелік; екіншіден кейіпкердің ішкі болмысынан хабар береді, үшіншіден, сол қоғамдағы қызметін, феодалдық топтың «сергек катал күзетшісі» ретіндегі рөлін байқатады. Осылайша бір ғана деталь романның тақырыптық, идеялық мәнін талдауға ықпал ете алады. Әрине шығармадағы детальдың барлығы терең талдауға апара бермесе де, шығарманың ауқымды алаңына шығаратын «титтей торын» дөп басып таба білу, ойды өрбіте білу детальдық талдаудың ең басты шарты. Детальдық талдауға оқушылардың шығарманы жете меңгеруі, өз ойын дәйектей алу қабілеттері, шығарманы тұтас және жан-жақты сараптай алу қабілеттері де үлкен рөл аткарады.

Символ арқылы талдау көбіне лирикалық, эпикалық шығармаларға ыңғайлы. Көркем шығармада символдың өзіндік рөлі бар. Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түп негізін танытатын аса мәнді бірлігінен, ұқсастығынан туындайтын деректі бейне. Символдың табиғаты мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әр оқушы өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табуға талаптанады. Әуелде символ әлемді бейнелеп, тану үшін қолданылған. Көркем шығармада символдың мәні ерекше. Мәселен, С.Сейфуллиннің «Сыр сандығы», Абайдың «Жартасы», Мағжанның «Толқыны» т.б. символдық талдау барысында ғана терең астарымен танылып, мағыналық мәнін кеңейте, айқындала түседі.

Шығарма табиғатын еркін ашып, терең үңілуге мүмкіндік беретін талдаудың бір түрі -герменевтикалық талдау. Көркем шығармаға герменевтикалық талдау оқырманды таным түсінік жағынан байытатын талдау түрі десе болады. «Герменевтика -(от греч. һегтепешіков - разьясняюший, растолковываюший) -направление в философии, основной проблемой которого является проблема понимания. В педагогике герменевтика начинает использоваться как принцип научного исследования, требуюший более осмысленного и глубокого понимания сушности воспитательного взаимодействия и разработки технологий обучения. В образовании одним из основных способов Постижения истины является обучение пониманию» Бұл берілген анықтамадан көрінетіндей герменевтика педагогикалық процесте кеңінен колданылатын бір әдіс деп танысақ, оны әдістемелік мақсатта да еркін қолдануға мүмкіндік мол екен. Герменевтикалық талдауда көркем шығарманы тудырған дәуірді терең түсінуге, көркем дүниені тудырған тұлғаның болмысын тануға, шығармадағы ойдың терең астарына бойлауға, тереңнен қазып әр құбылыстың ерекшелігін тануға, әр қолданыстағы сөздің астарына үңілуге мүмкіндік туады. Герменевтикалық талдау жүргізуге ауыз әдебиеті үлгілерін, ежелгі дәуір әдебиеті өкілдерінің шығармаларын, хандық дәуір әдебиетінен жыраулар толғауларын, жекелеген ақын-жазушылардың шығармаларын нысан қылып алуға болады.

Мысалы, Қазтуған жыраудың «Мадақ жырында» метафоралық қолданыста келген күрделі ұғымдар көп.

«...Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы...

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы...».

«Қашағанның ұзын құрығы» деген қолданысқа қарағанда қашаған жылқыны ұстайтын құрықтың ұзын болатыны бір аңғарылса, сол қашаған құрыққа балап тұрған тұлғаның «қашағанды», яғни, ел ішіндегі бас бұзарларды немесе жауды тырп еткізбес бір қыры танылады. «Қалайылаған қасты орданың сырығы» деген ұғымнан орданың қандай екенін танытатын маңдайына қағылған белгі сияқты елдің бет-бейнесін танытарлық бір қыры, елге тіреу, таяныш болар тұлғалық сыны ашылады. «Батырын көріп, елін таны» деген ұғымға саяды.

Буыршын -еркек түйенің жасы, жас бура. Оның мұқалмаған тісі бұта шайнауға қаншалықты жарамды болса, сипатталып отырған тұлғаның да неге салсаң тартынбайтын дер шағынан көрініс береді.

Бидайық -торғай, үйрек сияқты көл кұстарына түсетін жыртқыш кұс. Толғауда «бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп беріледі. Жыртқыш құстардың екі балапанының ең мықтысы ғана аман қалатыны, өз ұяласын әлдісі жойып, ата-анасы тасыған жемді үлессіз жеп жетілетіні болады. Ендеше, «жалғызы» қолданысы да белгілі бір семантикада берілген. Ал «көл жайқаған» тіркесі, көбіне, «шайқаған», яғни, қозғаған мағынасымен алмастырылып та ұғынылуы мүмкін. Бұл екі сөз екі мағынада қолданылады. «Көл жайқау» көлді аласапыран, астан-кестен ету, бұл әрекет құс қимылын, әрекеті мен мінезін білдіреді, сол арқылы сипатталып отырған тұлға Қазтуғанның бір қырын танытады.

Әдебиетті оқытуда көптен қолданылып жүрген талдаудың бір түрі - проблемалық талдау. К.К.Ахметов: «проблемалық талдау - оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі» -деп атап көрсетеді. Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінде проблемалық талдаудың бір жақты түсіну басым. Проблемалы талдауда ең маңыздысы проблемалық сұрақ пен проблемалық жағдаят туғыза білу. Әдістемелік мақалалар мен әдістемелік құралдарда,проблемалық талдаудың басты тетігі саналатын проблемалық сұрақты жете түсінбеу байқалады. Әсіресе оқушыны ойландыратын сұрақтардың барлығын проблемалыққа жатқызу бар. Кей әдіскерлер бірнеше жауабы бар сұрақты проблемалық деген ой білдіреді. Мысалы, неліктен Көксерек ауыл жағдайына көндіге алмады? Бұл сұраққа бірнеше жауап алуға болады. Оқушылардың бірі ауыл иттерін кінәласа, бірі ас-судың өзгешелігін айтуы мүмкін. Енді бірі бөлтіріктің табиғи ерекшелігін айтар. Бірак бұл сұрақтар проблемалық жағдаят туғызбайды. ІІроблемалық жағдайды қолдан жасау да мүмкін емес. Әдістемелік құралдарды проблемалық жағдаят туғызуға итермелейтін сұрақ түрі ретінде «дұрыс па?» деген жадағай сұрақты қою кездеседі. Мәселен, Қ.Бітібаева проблемалық талдау жолдарын айта келіп, жай сұрақ түрлері мен проблемалық сипаттағы сұрақ түрлерін ұсынады:

«Жай сұрақтар: Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып паналайды? Осы іс-әрекеті дұрыс па? Бақтығұл Жарасбайды неге өлтірді? Ұрлық жасауы, кісі өлтіруі дұрыс па?»

«Проблемалық сипаттағы сұрақтар: Қалай ойлайсыңдар Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «құрбаны» ма, әлде кек алушы күрескер ме? Немесе қорғансыз сорлы ма? Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма?»

Әдіскер мұнан өзге де осы тектес сұрақтарды берген. Байқап отырғанымыздай «жай сұрақтар» деп берілген анықтамалық мақсаттағы сұрақтарда да, «проблемалық сипаттағы» делінген сұрақтарда да оқушының шығармаға тереңдеуден гөрі өз ойымен шектелуіне әкеп соқтыратын «дұрыс па» деген сұрақ қойылған. «Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «кұрбаны» ма, әлде кек алушы күрескер ме?» деген жауабы дайын сұрақ та оқушының өзіндік пікірін қозғамайды.

Көркем шығарманы талдауда оқушының өзіндік ойы мен пікірі, жеке көзқарасын дәйектей жеткізуі маңызды. Дегенмен, «дұрыс па», «бұрыс па» немесе «Бактығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма?» деген дидактикалық талапты қанағаттандырмайтын сұрақтар оқушы танымына кең өріс бермесі анық.

Мектеп тәжірибесінде байқалған тағы бір жағдайды мысалға келтірейік: Мұғалім М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша дебат сабақ ұйымдастыра отырып, ортаға «шығармадағы Баянның ісі дұрыс па?» деген сауалды талқылатуға көшті. Сұрағына қарай жауабы дегендей, жауаптар да әрқилы берілді. Оқушылардың бірі - «Жоқ, дұрыс емес, Ноянға ағасы батасын беріп жіберуі керек еді» десе, енді бірі қалмақ қызына үйлену керек еді» деген ой білдірді. Ал шығарманың идеялық бағыты да, тереңдігі де, көп қырлылығы да ұлттық, азаматтық ұстанымның беріктігінде еді ғой. Алайда сабақ кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндаған жалағай ойдың айналасынан шыға алмады. Тіпті қазак әдебиетіндегі үздік жазылған көркем туынды өзінің идеялық көркемдігінен алыстап кетті.

Проблемалық талдаудың қиындығы шығарманың тереңіне бойлай алмаудан туындайды. «Батыр Баян» поэмасында проблемалық сұрақ та, проблемалық жағдаят та туғызатын мәселелер мол. Поэманың басында «Әдемі өткенді ойлап айнымасам, Сұм өмір ащы уын аяды ма?» деген автордың толғанысы бар. Автор «Әдемі өткен деу арқылы нені меңзейді?» «Осы шығармадағы басты идея не?» Шығарма кейіпкерін қиын қадамға баруға итермелеген не? деген сияқты анықтамалық сұрақтардың барысында проблемаға жақындауға болады. Кейде қалыпты сұрақтың проблема тудыратын жағдайлары болады. Проблемалық сұрақтың әр түрлі шешімі болуы керек, жауаптар да әртүрлі болуы заңды. Кейде бір мәселенің алуан қыры болады. Мысалы Ноянның қазасына өзін жазғырған Баянның ойы да әртарапқа шашырайды. Сондықтан шығармада бас кейіпкер өзіне «неге» деген сұрақты сан мәрте кояды. Баян бірде махаббат қызғанышынан, бірде сатқындыққа деген қайрылмас беріктігінен, бірде «Алты алаштың кегін сақтауымнан» деген ой туындатады.

Белгілі бір мәселенің бірнеше себебі мен салдарын іздеу немесе шешудің бірнеше бағытына жүгіну оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін дамытады. Талдаудағы мақсаттың өзі осы. Окушылардың таным белсенділігін, ой белсенділігін арттыру. Ал оқушылар Баянның жасаған таңдауының астарынан елдік мүдденің бәрінен жоғары екенін таныса, автордың аңсаған әдемі өткенінде Отандық рухтың сұлулығын аңсағанын таныса, өзінің өмір безбенінде қай таңдауының басым түсетінін айтуға түрткі болатын сұрақтар қойылса, проблемалық жағдаяттың шешілетіні анық.

Проблемалық сұрақты оқушылардың жеке көзқарастарының таласына айналдырып алмау керек. Проблемалық сұрақ оқушыға өзіндік пікір мен дәйектемелерге әдебиеттану ғылымының бастауларын түсуіне,аналитикалық, дивергентті ой белсенділігінің артуына, өзіндік көзқарасының дамуына көмектессе, мақсаттың орындалғаны. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасындағы «Әжібай болмысының осылай қалыптасуына кім жазықты?» деген сұрақ немесе О.Бөкейдің «Тортай мінген ак боз ат» әңгімесінің соңында Ораштың іс-әрекетіне байланысты «Неліктен Тортай амандаса келгенде Ораш орнынан тұрмады?» деген сауалдар проблемалық жағдаят туғызуға жәрдемдеседі. Біздіңше, проблемалық сұрақ шығармадағы өзекті мәселе төңірегінен өрбіп, оқушының жеке көзқарастарына, қоғамдық мәселелерге ұласуы керек.

Әдістемелік әдебиеттерді сараптау барысында байқағанымыз, дәстүрлі оқыту жүйесінде көркем мәтінді талдау бағытындағы қалыптасқан әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлері бір жақты. Олардың көбінде сұрак-жауап әдісі, әңгіме әдісі, диспут, баяндау, түсіндіру әдістері аталады. Талдау көбіне жаппай сынып оқушыларымен жүргізілетіндіктен оқушыларды жан-жақты қамтымайтынын да аңғаруға болады. Әрі оқушының дербес жұмысын есепке алуда қиындықтар туындайды. Бұл әдістер сабақ тізгінін тікелей мұғалімнің өзі алып жүруімен іске асады әрі оқушының белсенділігін қажетті дәрежеге көтеруге әлсіз.

Біздіңше, талдау оқушылардың дербес жұмысы ретінде де топтық немесе ұжымдық жұмыс ретінде де қатар өрбуі керек. Талдауда шығарманың жеке бөліктерін, белгілерін, ерекшеліктерін тарату, саралау бар. Сонымен қатар осы таратылған белгілерді жинақтау әрекеті де басым. Сондықтан талдау жұмыстарында интербелсенді әдістерді пайдаланған тиімді. Сынып оқушыларын топқа жіктей отырып, топ мүшелерінің қызметін анықтап, бекіту қажет.

Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастырудың өзіндік талап, ережелері бар. Топтағы жұмыста окушылар дербес жұмысқа да топтык жұмысқа да тартылуы маңызды. Ол үшін топ мүшелерінің міндеттері алдынала анықталып берілуі қажет.

Топ мүшелерінің міндеттерінің бір үлгісі:

- Топ мүшелерінің шешімдерін қағазға түсіруші тіркеуші.

- Топ шешімін қорғайтын, топ атынан сөйлейтін спикер.

- Оқу іс-ірекетін жүзеге асыратын атқарушы.

- Топ мүшелерінің оқу іс-әрекетін бағалайтын оқушы (бағалаушы).

- Әр мүшенің міндеттерін бөлетін, уақытты жэне әр мүшенің ісәрекетін қадағалайтын ұйымдастырушы тағайындау керек.


Көркем мәтінді қандай талдау түрінде жүргізсе де, басты ұстаным оқушылардың қызметін дұрыс ұйымдастыра білу, әрі оқушылардың дербес орындайтын тапсырмалары тұтас құрылымның бір бөлігі ретінде талдануы шарт. Себебі талдауды жинақтаған кезде жалпы мозайканың жарқын бөлігі ретінде қызмет арқарғанын көру әр оқушыға талдау жұмысынан қанағат сезімдерін ұялатады.

Талдау жұмысында кластер түзу, кубизм әдісі, кос жазбалы күнделік, методологиялық карта, жады картасы т.б. жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Өз мәнінде жүргізілген талдау оқушылардың белсенді әрекетін, терең тынымы мен талғамын қалыптастыруға оңтайлы жағдай туғызады.

ІІ ТАРАУ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАЙ ОҚЫТУДЫ ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ БЕКІТУ

1. Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту,талдау жүйесі

Аса көрнекті қазақ жазушысы Ғ.Мүсіреповтің патриотизм мен халықтар достығы тақырыбы негізгі ой желісі етіп тартылған “Қазақ солдаты” романын ХІ сыныпта талдауға әдетте екі сағат бөлінеді. (Оның алғашқысында шығарманың идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық қасиетін, кейіпкерлер характерлерінің қалыптасу ерекшеліктерін сюжеттік оқиғалар өрісіне қарай ұғындыру көзделсе, келесі сағатта романның көркемдік мәні, жазушының стильдік өрнектері шығарманың тіл ерекшеліктерін талдау барысында қарастырылады.

Романдағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, мінез-құлықтарына талдау жүргізу оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын байытуға, оларды биік адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге көмек етеді Оның тақырыптық мазмұнын, кейіпкерлер жүйесін, олардың ой толғаныстарын, рухани дүниесін, қимыл-қозғалысын бір-бірімен тығыз бірлікте саралау үстінде шығармадағы идеялық-тәрбиелік нысандар кәдеге жарамақ. Сондықтан да сабақтағы танымдық-тәрбиелік мұрат романның идеялық-көркемдік табиғатынан, тақырыптық мән-мазмұнынан туындағаны мақұл. Соған орай көркем шығарманы талдаудың жолдары, оқыту әдістері, сабақтың эмоционалдық дәрежесі ойластырылуы қажет. Мұнда, әрине, профессор М.А.Рыбникова атаған сабақ жүргізуге ең қажетті дидактикалық шарттардың бірі - мұғалім, жалпы сынып, жеке оқушы қызметінің - ұтымды үйлесім табуы да негізгі мәселе болып есептеледі.

“Қазақ солдаты” романын талдар алдындағы кіріспе әңгімеде романның жазылу тарихы, оған арқау болған тарихи фактілер, шығарма кейіпкерлері - бұрынғы Кеңес Одағының Батыры Қ.Смағұлов жайлы өмірлік деректер туралы мәліметтерді ескеру мұғалім жадында болғаны жөн.

Біз бұл сабақты семинар-сабақ ретінде жүргізіп байқадық. Ол әдісі жағынан зерттеушілік сипатта болды. Ол үшін Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына арналған алғашқы сабақта оқушыларға алдын ала “Қазақ солдаты” романының образдар жүйесін талдауға арналған семинар-сабақ болатыны ескертіліп, әдеттегіше, каникул кездерінде оқып-танысқан романды еске түсіріп келу тапсырылды да, негізгі баяндамашы мен қосымша баяндамашылар белгіленді. Пайдаланатын әдебиеттер көрсетілді. Негізгі баяндама мен қосымша баяндамаға мына тақырыптар ұсынылды:

1.“Қазақ солдаты” романындағы Қайрош бейнесі.

2. Халықтар достығы - жеңіс кепілі.

3. Патриотизм - жауынгерлердің қастерлі сезімі.

Сонымен бірге тек негізгі баяндамашы мен қосалқы баяндамашыларды ғана емес, оқушылардың білім дәрежесінің әркелкілігі ескеріліп, бүкіл сыныпты қамти отыру мақсатында сұрау-тапсырмалар бойынша бас баяндама мен қосымша баяндамалар төңірегінде пікірлесу, оқушылар білімін байқау көзделді. Романды оқып-үйрену сабақтарына (2 сағатқа да) байланысты сыныпқа мына мазмұнда сұрау-тапсырмалар ұсынылды:

  1. Қазақ солдаты” романы қандай оқиғаларды қамтиды? Тақырыбы, идеясы қандай? Нақтылы дәлелдермен түсіндіріңдер.

  2. Шығарма композициясын құрудағы жазушы ерекшелігін қалай байқаймыз?

  3. Романның қай бөліміндегі қандай оқиға немесе қай көрініс өздеріңе ұнайды? Қандай ұтымды сөз тіркестерін, не штрихтарды ұнаттыңдар? Дәптерлеріңе теріп жазыңдар.

  4. Автор Қайроштың өмір жолы арқылы нені аңғартады? Оның бойындағы қасиеттерді қандай іс-әрекет үстінде байқаймыз?

  5. Кейіпкерлер характерін автор қалайша даралайды?

  6. Шығармада “екі ақсақ, бір желаяқ” бейнесі қалай көрініс тапқан?

  7. Шығарма оқиғаларының өзара әрекеті, ішкі байланысы айлы не айтасыңдар?

  8. Шығарманың шарықтау шегі, шиеленісі, шешімін табуы (развязка) дегенде нені түсінесің? Бұлар романнан қандай көрініс тапқан?

  9. Қайрош пен оның жолдастарына тән ортақ қасиет не? Оны романның қай тұстарынан аңғарамыз?

  10. Ұлы Отан соғысындағы біздің тарихи жеңісіміздің мәнін, себебін автор неден іздейді? Оны қалай дәлелдейді?

  11. Кеңес жауынгерлерінің моральдық-этикалық қасиеттері қалай көркемделген? Оны қай эпизодтардан көреміз?

  12. Автор портретті қалай пайдаланады? Мысалдармен түсіндіріңдер.

  13. Шығармада пейзаж қандай мақсатта қолданылған? Оны қалай байқаймыз? Салыстыра көрсетіңдер.

  14. Ұнамды және ұнамсыз қаһармандар дүниесі, оларды кескіндеудегі автор қолданған сөз өрнектері қандай?

  15. Романның бөлімдеріне, жекелеген эпизодтарға ат қойып жоспарлаңдар.

  16. Шығармадан өздеріңе ұнаған жолдарды, көріністерді жаттап алыңдар.

  17. Жазушының өзіндік қолтаңбасын - стильдік ерекшелігін қалай білеміз? Ол романның көркемдік дәрежесіне қалай әсер етіп тұр? Шығарма мәтініне сүйене отырып ашыңдар.

  18. Романдағы кейіптеу мен символды тауып көшіріп жазыңдар.

  19. Асты сызылған сөздердің қай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратыңдар: “Кеме ұзын қара шудасын бір оң жағынан, бір сол жағынан шұбатып, үзбей будақтатып келеді”.“Аспанда жалғыз жарқырап, әр ғашыққа бір жымың етіп қалып, таң шолпаны ғана тұр. Өзге жұлдыздар мұның мінезінен ұялып, беттерін басқандай, бірте-бірте сөніп барады. Түні бойы ыржақтап сілесі қатқан жарым ай, ешнәрсеге нұр бере алмай, кескен қарбыздай қызарып, етекке шөгіп барады... Қаланың шет жағы ерініп қана көңілсіз үрген көп иттің даусынан бүлк-бүлк еткендей болады”.

  20. Төмендегі сөйлемдерден көркемдегіш құралдарды (сөздерді) тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар:

  1. «...Шіріген картоптай сабалақ тарғыл мұрынды, жайын ауыз, маңдайы екі-ақ елі, екі білегі жүн-жүн...»

  2. Жаңа ғана түскен жас әйелдей төгіліп, жайқалып тұрған сұлу ақ қайың, лезде жапырағынан айрылып, саусақ сүйектері сидиған кемпірдей болып қалды”.

  3. Артымнан бір қызыл жылан еріп келе жатқандай қан сорғалап шұбалып етегіме оралып келеді”.

  4. Күркілдеп, қырқылдап, ауыр дем алып біздің ғасырдың алыптары алдымызда тұр... Өңеші қызарғанша өкірген машиналар... Семен Толстов бір темір калпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді...”

21. Шығармада қандай күшейте әсірелеуді (гипербола) білдіретін, не кішірейте көрсететін (литота) сөздер кездеседі?

22. Мына сөйлемдердің кейіпкер мінезін ашудағы ролін түсіндіріңдер.

Базарға арқан бойы қалғанда Шеген Бораш екеумізді жетелеп алды да:

- Ал, қырғилар, аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік. Өнер жылатуға да жарайды, күлдіруге де жарайды. Бұл - сиқырдан да керемет. Ал аяқты қиралаңдата түсіңдер! - деп өзі де шойнаңдай қалады. Шеген ақсағанда шын ақсақтар далада қалады. Оң аяғы ағаштай қатып, серейіп жер сызып келеді. Жүріп келе жатқан жалғыз сол аяғы сияқты.

- Алақан жаю, көз сүзу болмасын! - деді де Шеген бізді базарға алып кірді”.

...Кеудең шалқақ, құс төс екенсің, жүйрік боларсың...”

Жау қару-құралымен күшті болса, біз жеңіп шығатын сенімімізбен, ұлы идеямызбен күштіміз”.

Әркім өмірінің алғашқы беттерін ғана ашты. Үлкен бір кітаптың бетін ашты да сол күйінде тастап майданға кетті. Майданнан қайтқан соң, сол ашық қалған беттен бастап қайта оқу керек. Кітап аты “Жас өмір” болған соң, оның қызық қуанышы түгел алдымызда - елде күтіп жатыр...”

23. Төмендегі сөйлемдерден нені түсінесіңдер? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Өлмеу үшін -жауды өлтіру керек, жеңу керек. Керек болса - жеңу үшін өлу керек!”.

Жау - қару-құралымен күшті болса, біз - жеңіп шығатын сенімімізбен, ұлы идеямызбен күштіміз. Жаудың бірлігі - күшінде болса, біздің күшіміз бірлікте...”.

...Дүниеде туған еліңнен артық ел де жоқ, жер де жоқ... Сол еліміздің құлпыра түсер шағына келе жатырмыз. Адамның ойы да көркем, бойы да көркем болады ол елде!”

Баяндамалардың көлемі жағынан мүмкіндігінше шағын болуы, уақыт мерзімі 5-7 минутқа лайықталып, алған тақырыпты жан-жақты ашу, оны жүйелі, жинақы жазу талап етілді. Ал сұрау тапсырмаларды білім деңгейлері әр түрлі дәрежедегі оқушылардың әрқайсысының шама-шарқына қарай беру ескерілді. Сұрау-тапсырмалар түгел қамтылмай (тек кейіпкер талдауға, идея мен мазмұнды ашуға қатыстылары қамтылып) қалуы мүмкін. Ондай жағдайда келесі шығарманың тіл ерекшеліктерін талдайтын сабақта оларды ескеруге болады.

Қалай болған күнде де сұрау-тапсырмалар, баяндамалар тақырыптары туындыны әр тарапты қарастыруға, нақтылы алған мәселені шәкірттердің тереңірек ұғынуына жағдай жасап, оларды өз бетінше ізденуге, шығармашылық жұмысқа еңбектенуге жетелейді. Оқушылар сондай-ақ, шығарма ойын, тақырыбын, көркемдік, композициялық құрылымын, сюжеттік оқиғалар жүйесін, бедерлі сөз айшықтарын қолданудағы суреткер ерекшелігін, туындының тәрбиелік мәнін аңғарып, шығармаға эстетикалық талдау жасауға, мәтінге көңіл аударуға байланысты олардың білім, білік, дағдылары қалыптаса түседі.

Семинар-сабағын баяндама, қосымша баяндамалар мен сұрау-тапсырмалар бойынша талдау жұмысын оқушыларды ұжымдық еңбекке - шығарманы ұжымдасқан түрде талдауға баулитындай етіп араластыра жүргізіп, олардың білімдерін, дайындығын тексердік. Онда шәкірттердің сабаққа ынта-жігері, шығармашылық белсенділігі, пәнге қызығушылығы арта түсті.

Енді сұрау-тапсырмаларға орай сол мектептің бір-екі оқушысының берген жауаптарымен танысалық.

1-оқушы: “Шығармада кеңестік кезеңдегі ұжымдық шаруашылықтар құрылысының алғашқы жылдарындағы ел өмірі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының неміс фашистеріне қарсы күресіндегі берік ынтымағы, туысқандық достығы, ерлік әрекеттері, қайыспас қайраты суреттеледі. Туындының бас кейіпкері - Қайрош. Оның мінезі, дүниеге көзқарасы .шығарманың сюжеттік желісінде дараланып. көрсетіледі. Қайроштың әрбір аяқ алысы, жүрісі, тұрысы, сөйлеген сөзі оның характерін айқындай түседі.

Роман Қарамұрт “басқарманың” қаһарынан қорқып, ауылдың сексен жеті сиырын айдалаға тастай қашқан бас кейіпкердің қалаға келуінен басталады. Онда ол өзі секілді панасыздарға қосылады. Бұл Қайроштың үлкен өмірге аяқ басқаны секілді. Сонан өмір ағыны оны өзінің әр арнасына салады. Жетім балалардың әрбір қимылы, сөзі, ой-арманы табиғи бейнеленеді.

Шынайы шындықты, өмір құбылыстарын қаз-қалпында оқырманның көз алдына бейнелі түрде көркем етіп елестету - кез келген суреткердің шығармаларындағы басты қасиет.

Мәселен, романдағы жоқшылықтың зардабын тартқан жетім балалар халін көргенде, оқушыда оларға деген аяныш сезімі пайда болады. Бораштың кім екенін білмейтін, оны әлі көрмеген Қайроштан Бораштың сынған аяғының жайын сұраған базардағы айран сатушы кемпірге ол әдейі “жазылған” деп жауап береді. Қайроштың ондағы ойы - кемпірдің көңілін өзіне аудару, шапқат-мейірін түсіру, сонан не болса да қарынды бір тойғызу.

Ол дәл сол жерде аяғыш кемпірдің көңілі нені қалап тұрса, соған байланысты бір түнге жетерлік жақсы әңгіме тауып айтуға әзір. Бораштың аяғын он бес рет сындырып, жиырма рет есебін тауып жазып алатын ойы және бар. Кім екенін танымайтын баланың бір дерегі қолына іліксе өтірікті айдамақ.

Қайрош жігерсіз ынжық та, ұялшақ ұяң да емес. Өзінің тұрмыс жағдайының нашарлығын уайымдап қайғыруды да білмейтін, болашағына үлкен үміт, зор сенім арта қарайтын қайсар да өжет, ар-намысты бала. Ол сондай-ақ сергек, оңы мен солын аңғара біледі. Жақсы мен жаманға пайымы жетеді. Қарамұрт “басқарманың” қамайтын сарайы оның әрқашан жадында. Егер сол сарайға Қарамұрт оны Ақботамен бірге он жыл қамаса ғой, тіпті керемет болар еді деп ойлайды. Қайроштың ойынша Ақбота да “тәуір” көретін сияқты оны, Бірақ кейде бір жақ ұртынан шымшып алады, кейде темірдей тиетін қос жұдырықпен түйіп те қалады, кейде құлағынан ұстап алып “Ендігәрі тиемісің, ә?” деп киіз үйді бір айналдырып коя да береді. Сонда да Қайрошқа Ақбота іштей теріс көрмейтіндей сезіліп, оңың бәрін бейне бір шынайы достықтың белгісі секілді ризалықпен қабылдайды.

Осы суреттеудегі бала қиялы оның ойына да, бойына да лайықты. Автор жас кейіпкер характерін ерекше шеберлікпен даралайды. Бұл - нағыз суреткерліктің дәлелі.

II-оқушы: “Қазақ солдаты” романында жазушы кейіпкерлер характерін қалыптастыруда портрет, мінездеу, пейзаж, авторлық түсініктеме, лирикалық шегініс, диалог, монолог секілді көркемдік элементтерді пайдаланады.

Ондағы әрбір деталь, әрбір жанды көрініс өзіне тән идеялық қызмет атқарып, тұтас бір композиция құрайды. Мысалы, мына көріністе автор балалардың ой-өрісін, бітім-пішінін, мінездерін ашады:

Екі ақсақ, бір желаяқ - үш боздақ енді базарға қарай бет алдық.

- Құдай тағала қарын қамы дегенді жаратпаса да болады екен... Амал қайсы... кейде өнеріңді соған да жұмсайсың! - деді Шеген.

- “Зәурешті” айтайын ба, “Айнамкөзді” айтайын ба? - деді Бораш, базар шеті көріне берген кезде. Шеген басын шайқап:

-Костя білмейді ғой. Қоя тұр. Әдемі әндерді кез келген күнге қор қыла береміз бе? - деді. Балаға білмейсің дегеннен ауыр тиетін сөз бар ма, мен дереу:

- Неге білмеймін! “Зәурешті” зарлатып жіберемін дедім”, - дейді Қайрош...

Бұл диалогтың балалар психологиясын айқындай түсу үшін пайдаланылғаны оқушы шешіміне ұсынылды. Сосын шәкірттерге туындыдағы кейіпкер сырын, характер табиғатын, қаһарман бойындағы моральдық-эстетикалық сапаларды ашуға мол мүмкіндік беретін маңызды көркемдік құралдың бірі екендігі, бұл, түптеп келгенде, әдеби шығарманы оқып-үйренуде, оның идеялық мазмұнын ашуда, кейіпкердің мінез-құлқын, санасезімін, түйсік-түсінігін көрсетуде орны ерекше екендігі түсіндірілді. Сонымен бірге диалогтың характер динамикасын көрсетудегі икемділігін Ғ.Мүсірепов, әсіресе, осы “Қазақ солдаты” романында әр тарапты байкататыны да ескертілді.


Ш-оқушы: Күнделікті ауыл тұрмысы, өзі өскен еңбекші халық ортасы, айналасы Қайрошты әбден шынықтырады. Оның өміріндегі бет-бұрыс балалар үйіне түсуінен басталады. Ондағы өткізген бес жылда алған білімі Қайроштың өзі айтқандай “кеудесін кернеп бара жатқандай” болады. Содан ол өз шамасына қарай жұмыс, қызмет іздей бастайды. Бір кезде Шеген балалық дәуірден өткенін білдіріп оған түйе қоңызын сыйласа, енді өзі де дәл солайша етіп балалар арасынан шығып үлкендер тобын іздейді. Өзін-өзі: “Осы күнге дейін бағымда жүре беретін қашанғы бала бола бересің?” - деп қайрайды. Сонда жасы небары он бесте ғана. Кәмелетке толмағандығын білдіргісі келмегендей бір жас қосып айтып, жазғы демалыс кезінде халыққа пайдалы еңбек етуге, еңбектенуге бел буады. Қайрошпен облыстық оку бөлімінің бастығы Рахым Темірәлиевичтің қабылдауына жұмыс сұрап барғанында да жақынырақ таныса түсеміз:

-Қайдан келдің? - деді сол қабағының құйрығын қозғап.

-Осындағы балалар коммунасынан.

-Імм, жасың нешеде?

- Он алтыда... - дедім олқы көрінбес үшін бір жас қосыңқырап.

- Бұрын кім болып едің?

-Бала болдым... - дедім сұрау мағынасына түсініңкіремей” (80,536.).

Диалогты оқып отырғанда кейіпкер-баланың қимыләрекетіне, аңқаулығына аяушылық білдірсек, алғырлығына риза боламыз. Жас кейіпкердің қоғамға пайдалы еңбекке құштарлығын, өздігінен дербес тұрмыс кешуге, өзін-өзі басқаруға икемделуін, сонымен қабат тоғышар бастықтың менменси сөйлеген маңғаздығын, бюрократтығын, қарадүрсін мінезін, юморлық келбетін көреміз. Қайрош бейнесі бізді адалдыққа, кішіпейілдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді...


Семинар-сабақ барысында баяндамашы мен қосымша баяндамашы және тағы басқа баяндама тақырыбы бойынша сөйлеушілер өз ойларын “әрі қысқа, әрі нұсқа” айтып шықты. Онан соң мән мұғалімі мынадай қорытынды жасады:

Адам - сөйлескенше, жылқы - кісінескенше”, -дейді халқымыздың даналығы. Кез келген кісіні сөзінен байқаймыз, сөзінен өзін танимыз. “Сөзіне қарап кісіні ал”,-дейді тағы да баба қазақ даналығы. Ал көркем шығармадағы кейіпкерлердің ауызекі сөйлеуі арқылы уақыт тынысын, әлеуметтік ортаның тіршілік жағдайын көреміз. Өйткені уақыттан, әлеуметтік ортадан, қоғамнан тыс адам да, оның көркемөнердегі кескін-келбеті де болуы мүмкін емес. Сол себепті әдеби қаһарман айналасының атынан сөйлеп, өзі өмір сүрген заманын танытады.











2. Көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану

Педагогикалық ғылыми-әдістемелік зерттеудің, ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін айқындаудың негізгі бір жолы - әдістемелік эксперимент болып табылады. Көркем шығарманы талдаудың әдістемесін жан-жақты тексеру әдістемелік эксперимент талаптарын негізге ала отырып жүргізілді. Мұнда осы мәселені (тәжірибеге қатысты) зерттеген ғалымдар: . В.А.Балдова, П.Б.Гурвич, Т.Сабыров т.б. еңбектері басшылыққа алынды. Әдістемелік экспериментке негізделген зерттеу тақырыбының, ғылыми болжамның, қорғауға ұсынылатын тұжырымдардың жаңалық болып табылатынын нақты мысалдармен дәйектелген. Эксперимент жұмыстары Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқитатын мектеп-интернат пен Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы, академик Ш.Смағұлов атындағы мектеп-интернаттарда, Алматы қаласындағы «Келешек», «Данашым», 53, 81,№119,т.б. мектептерде жүргізілді. Ғылыми зерттеу 2000-2009 жылдар аралығында көркем шығарманы талдау мәселесі бойынша эксперименттен өткізілді. Эксперимент 3 кезең бойынша ұйымдастырылды:

- анықтау эксперименті;

- оқыту эксперименті;

- эксперимент нәтижелерін қорыту.


Анықтау эксперименті. Бұл -бірінші анықтаушы кезең болып табылады. Мұндағы эксперименттің мақсаты - оқушылардың тәжірибе жүргізгенге дейінгі білім, білік, дағдылары, көркем шығарманы талдау машықтары, іскерлік деңгейлері анықталды. Пән мұғалімдерінің дәстүрлі сабақ барысыңда қолданып жүрген әдіс-тәсілдер жүйесі, олардың тиімділігі сарапталды. Оқушылардың бұрыннан алған білім деңгейі шамасына эксперимент арқылы нақтылы көз жеткізілді.

Анықтау кезеңінде төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылды:

- пән мұғалімдерінің сабағына қатысып, талдаулар жасалды, оқушыларға арнайы алдын ала дайындалған сауалнамалар таратылды, жауап алынды;

- ауызша, жазбаша түрде әдеби мәтінге байланысты тапсырмалар берілді;

- бақылау және тәжірибе сыныптары белгіленді;

- эксперименттік оқытуға қажетті материалдар дайындалды;

- оқыту экспериментіне дейінгі кезеңдегі оқушылардың білім деңгейі анықталды.


Көркем шығарманы талдаудағы тәжірибе жұмыстарда, автордың кейіпкерлердің ішкі сырын ашуға, шығарманың бейнелеу, суреттеу шеберлігін байқауға, көркем туындыны оқып-үйренуде талдаудың қандай әдіс-амалдарын қолдану мүмкіндіктері болғанына назар аударылады. Сондай-ақ, онда оқушының іздену. белсенділігіне мән беріледі. Тақырыпты меңгеруге сәйкес проблемалық жағдаят туғызу, мәтінмен жұмыс барысында қайталау, әдеби жаттығулар, сұрау-тапсырмаларды орындау, өзіндік тұжырым жасауды анықтау міндеттері қойылады. Мәселен, ауыз әдебиеті жанрларын қабылдау, талдау, оның мәнін түсіну деңгейлерін аныктау мақсатында сынақтапсырма үлгілері дайындалды. Оқушыларға берілген ауызша сұрақтардың мазмұны, мәселен мына ретте болуы мүмкін:

  1. Ертегіні тұтас танысқаннан кейін бөлімдерге бөліп, ат қойыңдар.

  2. Кендебай бойындағы қандай жағымды қасиеттерді өздеріңе үлгі тұтасыңдар? Оны теріп әдебиет дәптерлеріне жазыңдар.

  3. Кендебай өміріндегі болашақ ерлік істерге бағыттап, себепші болған оқиғаларды топтап әңгімелеңдер.

  4. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі психологиялық астарларына мән бере отырып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасаңдар. Шығарма мазмұнын ашатын қажетті тірек сөздерді табыңдар.

Әдеби жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бірлесе әрекет етуі, бірін-бірі толықтырып отыруы ескеріледі.

Бұдан көркем шығарманы талдауға бағытталған жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі туындағанын, дәстүрлі сабақ үлгілерін әдістемелік жағынан өмір талабына сай жаңалықтармен толықтырып, ойлаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін әдеби, тілдік-танымдық талдау әдістерінің кешенін дайындап, жүйелі түрде үйрету қажеттігі белгілі болады. Оқушыларға әддеби жаттығулармен, мәтінмен жұмысқа байланысты тапсырмалар ұсынылып, олардан теориялық ұғым қалыптастыру қабілеттерін меңгеру, өзіндік пікір білдіру, мәтіндік сараптаулар, қорытынды, тұжырым айту, жазу, ойлау жүйесін анықтау талап етіледі.

Оқушылардың тапсырмаларға сәйкес жауаптарының нәтижесі мынадай негізде ұйымдастырылады:

- талдау эксперименттерінде шығармаға композициялық талдау жүргізуге, шығарманың сюжеттік желісіне онда суреттелген | оқиғалардың көркемдік өзгешілігіне жеке компоненттердің байланысына, баяндау, суреттеу, пікір айту, диалог, монолог сияқты негізгі құрылымдық бөлшектерге мән беру ескеріледі;

- мәтін мазмұның жүйелеу, жіктей білу қабілетінің деңгейі ескеріледі;

- меңгерген теориялық ұғымдарының көлемі, талдау әдістерін игеруі сарапталады;

- оқушылардың көркем туындыға қызығушылығын арттыруда дәстүрден тыс сабақ түрлері тәжірибеге енгізіледі;

- оқушылардың көркем шығарманы талдау барысында өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруына толық жағдай жасалады.


Әдеби мәтіндерге сәйкес орындалатын өздік жұмыстарының деңгейі, түрлері нақтыланып, өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар жүйесі жасалды; көркем шығарманы талдау сабағы, әсіресе, жоғары сыныптарда проблемалық-тақырыптық талдау жолымен жүргізілуі ұсынылады. Мәселен, «Абай жолы» романы бойынша төмендегідей сұрау-тапсырмалар ұсынылады:

  1. Абай тілінен кейіпкер мінезінің қандай жағы аңғарылады?

  2. Автор суреттеулерінде кездесетін мақал-мәтелдерді теріп көшіріп, түсініктеме беріңдер.

  3. Шығармадағы діни-имандылық арналарын саралаңдар.

  4. Шығармадағы табиғат көрінісін суреттеудің кейіпкер мінезіне, оқиға дамуына қатысын нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

  5. «Абай жолы» романындағы өнер адамдары бейнесі.

  6. Автордың сөз қолданысына стильдік ерекшеліктеріне пікір білдіріңдер.

Мектеп қабырғасында көркем шығарманы талдауға қатысты жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға мән беріліп отырады. Мұнда көркем туындыны талдауда эвристикалық, шығармашылықпен оқу, зерттеу әдістерін қолданудың тиімділігі мол екені белгілі. Айталық, эвристикалық әдіс - оқушылардың оқыған шығармасы бойынша мәтінді талдауға, ой толғауларын, түсініктерін қалыптастыруға септігін тигізетінін байқатады. Әсіресе, бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өзіндік сараптама жасауға, тұжырым-пікір айтуға бағыттайды. Кейіпкерлерге мінездеме беруде оқушының ой түйіндеу, шешім айту, жинақтау, пайымдау әрекеттері, оны өмірмен байланыстыруы жүзеге асады. Мәтіндегі бейнелі сөздерге мән беру, әдеби-теориялық мағлұматтарды меңгерту, шығармашылыққа баулу сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктері ескеріліп отырады. Оқыту үрдісі барысында көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты талдау үлгілерін ұсыну, әдістемелік нұсқаулар дайындау, үлгі-сабақ жоспарын жасау т.б. сияқты жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

Сабақ оқыту үрдісі барысында ұтымды педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқушының көркем шығарманы талдай отырып, сол туындыға ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру мәселесі біртіндеп іске асырылады. Сонда оқушының белсенділігі артып, біртіндеп тыңдаушыдан гөрі өзіне деген сенімі бар, өзін-өзі бағалай алатын, іс-әрекетінде белгілі бір дәрежеде дербестікке ие ізденімпаз оқырман-шәкірт қалыптасады. Демек, оқушыларға берілетін өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа құрылған жаңа типті әдеби тапсырмалардың тиімді екендігі білім сапасынан, көркем шығарманы терең қабылдап, түсінулерінен, мәтінмен жұмыс барысынан, шығарма, мазмұндама, эссе, сыр-толғау т.б. жаза білулерінен анық көрінеді.

Бүгінде оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті әдістер білім беру ісінде кеңінен қолданылып келеді. Батыс Еуропа елдерінде аталған оқыту әдістері -жаңа стратегиялар, жаңа технологиялар, интерактивті әдістер деген секілді синонимдік терминдермен айшықталады. Ат қойып, айдар тақпағанмен, бұлардың кейбір үлгілері біздің де мектептеріміздің тәжірибесінде кездеседі.

Жаңа стратегиялар мен оқытудың жаңа технологияларының дені Қазакстанға «Сорос - Қазақстан» қоры тарапынан ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасының жобасы арқылы жетті. Мұнда Кэти Кристенсен (АҚШ, Небраска штатындағы мектеп директоры), Салли Биич (АҚШ, Солтүстік Айова университеті профессоры), Линда Людди (АҚШ, Мичиган университеті профессоры), Анжела Вард (Канада, Саскачеван университетінің оқытушысы) секілді әдіскер-мамандар, ғалым-педагогтер өз тренинг-сабақтарында Халықаралық демократиялық Білім концорциумы мақұлдаған оқытудың 60-тан астам тың технологияларының, соны стратегияларының, жаңа әдістерінің мәнін ұғындырды (Оқу құралының бағдарлама жобасына министрлік тарапынан арнаулы сарапшы ретінде қатысты).

Мәселен, «Сұхбат жүргізу», «Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері», «Т-кестесі», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Болжау кестесі», «Еркін жазу», «Бес жолды өлең», «Қарама-қайшы сипаттар», «Топтастыру», «Галереяға саяхат», «Кезекпен қайталау», «Кубизм», «Үш қадамды сұхбат», «Пікірталас», «Проблемамен саудаласу», «Кең ауқымды лекция», «Алма-кезек оқу және оқыту», «Өзіңіз үшін жазу», «Талқылау картасы» деген секілді т.б. жаңа әдістер әлемнің көптеген елдеріндегі білім беру жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді.

Аталған жаңа технологиялардың әдебиет сабағында қолдануға ыңғайлы кейбір үлгілерінен өзіміз қолданған жаңа әдістердің мән-мазмұнына тоқталамыз:

1. Топтастыру әдісі (немесе ойды жинақтау стратегиясы).

Бұл - шәкірттердің еркін ойлауына, оқу материалын ашық талдау-талқылауына мүмкіндік беретін оқытудың жаңа стратегиясы. Топтастыру - сабақ үстіңде оқушының оқу материалына қызығушылығын ояту, білім мазмұнын тани білу, ойын қорыту үшін қолданылады. Топтастыру дегеніміз:

- сыныптағы әр топтан 1 адамнан 4-5 топ өкілдерінің ойларын ортаға салдыру;

- топтастыру қалай қолданылатынын айтып түсіндіру;

- мұны кез келген пәнге қолдануға болатынын ескерту.

2. Бес жолды өлең - Сингуин стратегиясы (немесе бізше - бір шумақ өлең).

Французша «Сіnguaіn» бес жолды өлең деген мағынаны білдіреді. Бес жолды өлең әдісінде оқу материалы қысқа ғана бес жолға сыйғызылады.

Оған 5-7 минут уақыт беріледі. Өлеңнің шарты түсіндіріледі. Әр партаға не ашықхат, не пейзажды сурет, т.б. қойылып, шәкірттерге бір шумақ өлең жазу тапсырылады. Соңынан әр парта, әр топтағы, әр қатардағы өлең жолдары көркемдік құнына қарай іріктеле оқылады.

3. Галереяға саяхат.

  1. Шәкірттер (әр топта 4 оқушыдан немесе әр екі парта 1 топ) бір проблеманы әр түрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде үлкен парақтарға бірлесе не диаграмма, не кесте сызады.

  2. Нәтижелер әр топтан, не әр партадан алынып, қабырғаға ілінеді. Әр топтағы жұмыстар 1, 2, 3, 4, 5, 6 деген секілді ретпен белгіленеді.

  3. Мұғалім көрсетілген белгі кезегімен жылжып, қабырғадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды. Олар ілінген парақтарына өз ойларын, байқағандарын қосып жазып отырады.

  4. Осы ілінген парақтардағы жұмыстар галерея деп аталып, соңғы нәтижелері басқалармен салыстырыла талқыланады.

4. Кезекпен қайталау немесе толықтыру стратегиясы.

  1. 6-дан 8-ге дейінгі шамадағы сұрақтар нөмірленген «жаңалықтар парағына» жазылып, сынып бөлмесінің жанжағына, қабырғаларға ілініп қойылады.

  2. 3 немесе 4 шәкірттен құрылған топтарға сұрақ беріледі. Олар сұрағы бар парақтарға барып, сол сұрақтарды талқылайды және сол парақтағы сұраққа жауап жазады.

  3. Мұғалімнің нұсқауы бойынша алғашқы топ ілінген параққа жақындап, ондағы сұрақ пен жауапты оқиды. Содан соң сол параққа өз пікірлерін қосады.

  4. Мұғалім топтағы шәкірттерге келесі парақтарды жылжытып, сол іс-әрекет келесі топта да қайталанады. Әр топ өз орындарына қайта келгенше осылайша жалғаса береді. Соңынан барлық пікірлер қорытылады.

5. Кубизм әдісі.

Тақырыпты жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Ол үшін 24 см көлемдегі қағаздан кубик жасалынады. Оның алты қырына алты тапсырма не алты түрлі сұрақтар жазып, оны сабақтың барысында пайдалануға болады. Бұған бар-жоғы 5-10 минут уақыт жұмсалады.

6. Венн диаграммасы стратегиясы.

Мұнда қабысып жатқан екі шеңбер сызылып, екі мәселені салыстырғандаа бірінші шеңберде бірінші мәселенің ерекшеліктері, екінші шеңберде екінші мәселенің ерекшеліктері, ал екі шеңбердің қабысқан жеріне (Ш) ортақ мәліметтер жазылады. Соған қарай әдеби оқу материалы саралай талданады.

Бұл әдіс көркем шығармаларды талдауда жиі қолданылады. Айталық, Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін талдау.

Асан (бай баласы) Үсен (жарлы баласы)

ақылсыз ақылды

икемсіз икемді

шыдамсыз сабырлы

жалқау еңбекқор

Оқушыларға тапсырма:

Өздерің қарама-қайлы сипаттары бар әңгіме, ертегі құрастырыңдар. Мұнда «Еркін жазуға» 10 минут беріледі.

8. Еркін жазу стратегиясы.

Шәкірттерге белгілі бір тақырып не тапсырма ұсынылып, 5-10 минутта еркін шығарма жазу жүктеледі. Берілген уақыт біткен соң, мерзімнің біткенін ескертіп және бірер минут қосымша уақыт беруге болады. Сонан соң сол жазғанын жанындағы парталасына не бүкіл сыныптастарына оқып беруге нұсқау беріледі.

Бұл аталған оқытудың жаңа технологияларын біз мүмкіндігіне қарай пайдаланып отырдық. Мәселен, шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдауға байланысты «Еркін жазу» стратегиясын қолданғанда орта мектепте төменгі сыныптардан бастап, әдеби шығармаларды. талдау барысында көркем кейіпкер тұлғасына ерекше көңіл бөлінетініне назар аударылды. Жазба жұмысын жазуға шәкірт үлкен дайындықпен келеді. Мұнда олар кейіпкер характерінің сыр-сипатын, ерекшелігін аңғартатын анықтамалар, мінездемелер арқылы оның әлеуметтік-саяси жайкүйіне, іс-әрекетіне, мінез-құлықтарына көңіл аударып отырады. Сонда оқушы жазушының жан дірілімен, лүпілімен, ыстық жүрегімен жазылған көркем туындының әуен-сазын естіп, әдебиеттен нәр алады. Көркем шығармадағы кейіпкермен бірге қайғырып, бірге қуанған бала ғана әдебиеттің шырынын бар жанымен сезінеді.

Әдеби бейне мінез-құлқының өсу динамикасын айқындай түсуде жазушы төмендегідей көркемдік тәсілдерді қолданады. Мұғалім де сол жайттарға сүйене отырып, шәкірттерін әдеби тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін талдай білуге үйретеді. Онда ұстаз төмендегі мәселелерге мән береді:

  1. Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың өз ойын білдіруіне;

  2. Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен көрсету, өзгелердің іс-әрекетін танытуына;

  3. Әдеби бейне сөзін, ішкі толғаныстарын, ой-пікірін (монологын) келтіріп, өз ойын дәлелдеуіне;

  4. Қаһармандар табиғатын олардың бір-біріне қарамақарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру, т.б.) ашуына қарай әдеби кейіпкер характерін танытуға назар аударады.

Профессор М.А.Рыбникова көркем шығармадағы оқырманын өзіне тартатын игі қасиеттер, оларды қызықтыратын үлгі бейнелер туындыға эстетикалық талдау жүргізу үстінде ғана шәкіртке әсер ететініне орай: «Оқытып-тәрбиелеу міндеттері дегенде, біз тәрбие беретін мысалдарды, үлгілерді тікелей ұсыну ғана деп ұқпауымыз керек, мұнда жазушы ойы, кейіпкер тағдыры арқылы берілетін өмірлік мәні бар мәліметтерді талдау жұмыстарын да ойға аламыз», - дейді .

Міне, осындай дайындық жұмысынан соң бүкіл сынып «Еркін жазу» стратегиясы бойынша жазба жұмыстарын (мінездеме, шығарма, сыр-толғау, пікір, реферат т.б.) жүргізеді.

Бір сөзбен айтқанда, сабақ -шығармашылық жұмыс. Ол ұстаздан пәннің ғылыми негізін жетік білуді, шәкірттерінің шамашарқын, жұмыс жағдайындағы мүмкіңдіктерін бағдарлай алатындай педагогикалық үлкен шеберлікті, мол ізденісті қажет етеді.



















































ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ әдебиетін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу.

Көркем шығарма табиғаты күрделі. Көркем шығарманың басты мақсаты -табиғат бейнесін, өмір құбылыстары мен заңдылықтарын көркемдік заңымен бейнелеу арқылы оны қабылдаушының танымы мен түйсігіне көркемдік жолмен ұсыну, әсер ету. Бұл мақсат адамзат мәдениетінің әр кезеңінде өз уақытына сай әр деңгейде жүзеге асырылып келе жатқандығы мәлім. Біздің көңіл аударып отырғанымыз көркем дүние мен оны қабылдау- шының ара қатынасы туралы. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, сендерге де келейін енді аяңдап» дегендей көркем шығарманы қабылдаушы оқырманға бүгінде көркем дүниені танудың, танытудың да өз ережелері мен заңдылықтары, қарапайым түрде айтқанда, «алтын сандықтың кілттері» бар.
Біздің бүгінгі курстық жұмысымызда – көркем шығарманың табиғаты,оның ерекше адамға берер құндылығы,өміріне азық болар нәрі мен тәрбиелеудегі маңызы айтыла келе,оны оқыту,талдау жолдары,оны қарапайым жалаң жолдармен емес жаңаша сабақпен өту жолдары көрсетіліп берілді. Бұл жұмыста шығарма,оның көркемдігі туралы толық түсінік бере отырып, оны оқушы ұғымына жеткізе алу әдістерін сөз еттік.Көркем шығарманы өтуде ұстаздың түрлі әдісті қолдана отырып,сабақ өту жолдары ізбе-ізділігі сараланып берілді. Бұл әдістерде оқушыларға теориялық білімді толық түсіндіріп болғаннан кейін, оларды жаттығулар, тест тапсырмалары арқылы бақылау үлгілері көрсетіліп берілді.


Көркем шығарманы орта мектеп қабырғасында талдау мәселесін ғылыми-әдістемелік негізде қарастыру сабақтың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мәнін жүзеге асырады. Соның нәтижесінде біз шәкірттерге қоршаған орта, өмір, адамдар жайлы әдебиеттен білім, білік, дағды берумен бірге, олардың жеке тұлға ретіндегі өмірлік танымдарын, жалпы түсініктерін толықтыра түсеміз. Осы ретпен жалпы білім беретін орта мектептегі жас жеткіншектердің дүниеге көзқарасын, сана-сезімін қалыптастырамыз.

Талдау технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар жаңа қағидаларға негізделеді, ол нәтижелі тәлім-тәрбие алуға, азаматтыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға, өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақтың алдындағы әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетіне жауапкершілігін сезінуге, гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға бағытталады. Бұл - қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Жұмақаева Б.Д. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – А.,Оқулық,2015.

  2. Т. Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. «Жазушы», 1998.

  3. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.

  4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.

  5. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Білім, 2009

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997

19


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі