2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Көру мүшелерінің құрылысы

Көру мүшелерінің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім

Координация және реттелу

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 8

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы.

11зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау



Сабақтың мақсаты


1. Сезім мүшелері арасындағы көру функциясы ерекшеліктерін түсіндіру;

2. Көз құрылымдарын сипаттау;

3. Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу

Бағалау критерийі

- Сезім мүшелері арасындағы көру функциясы ерекшеліктерін түсіндіреді;

- Көз құрылымдарын сипаттайды;

- Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттейді

Құндылықтар

Құндылық:заң мен тәртіп :Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық:Құзыреттілік: шығармашылық

Аптаның дәйек сөзі:

«Жаңашылдық – заман талабы»

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу

- Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Әр топқа бекітілген әуе шарларына стикерлер жапсырылады. Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы тілектерді оқиды.

Мұғаліммен амандасады, шағын топтар бір – біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілек айтады


презентация

Үй жұмысын тексеру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй жұмысы сұралады. Оқушылар бір-бірден орындыққа отырып, оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.

1. Көру орталығы мен тері-бұлшық ет сезімталдығы үлкен ми сыңарларының қандай бөлімінде орналасқан?

2. Сезім мүшелерін ата?

3. Фоторецепторлар деген не?

4. Көздің қосымша бөліктері қандай?

5.Дальтонизим ұғымына сипаттама беріңдер?

ҚБ Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға.Мұғалім «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандырады


Жаңа сабаққа кіріспе


8 мин


Ұжымдық жұмыс «4 сурет, 1 түйін». Берілген суретте қандай жануарлардың бейнесі көрсетілген? Қандай сезім мүшелерін көріп тұрсыз?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу.



Жаңа тақырыппен танысу үшін оқулық пен видео ақпараттар қолданылады


«Үш шапалақ» әдісімен бағалау

интербелсенді тақта


Видеоролик

https://youtu.be/aTgdRekJbrs



Ортасы

30 мин


( Топтық жұмыс) «Ойлан, жүптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқып, ойланып, топтың ішінде оқушылар өзара бір-біріне түсіндіріп көмек береді.Топқа түсініксіз болған ақпараттарды талдау үшін мұғалім көмек береді.

Тапсырма 1 «Ментальді карта» әдісі.

Әр топқа тірек сөздер беріледі, сол тірек сөздер бойынша ментальді карта құрастырады.

1-топ: Сезім мүшелері арасындағы көру функциясына баға беру

2-топ: Көрудің бұзылуы

3-топ: Көрудің гигиенасы

Оқушылар тақырыпты оқып, топта талқылайды.

Оқушылар тақырыпты талқылай отырып маңызды ақпараттарды, терминдерді дәптерге жазады.



Оқушылар берілген тірек сөздер бойынша ментальді карта құрастырады.


Бағалау критерийі: Сезім мүшелері арасындағы көру функциясы ерекшеліктерін түсіндіреді

Дескриптор:

- Сезім мүшелері арасындағы көру функциясына баға береді

- Көрудің бұзылуын жазады

- Көрудің гигиенасы жазады

Жалпы балл -1

«Көзге кірпіктер жапсыру» арқылы бағалау



(Жұптық жұмыс) (і) Тапсырма 2 «Инфографика». Көз құрылымдарын атаңыз:

1 - ........................... 7- .........................................

2-............................. 8-..........................................

3- ............................ 9- ........................................

4-............................ 10- ......................................

5- ........................... 11- ......................................

6- ........................... 12- ......................................




(іі) 2, 5, 8, 9 нөмерімен берілген құрылымдардың қызметін жазыңыз ........................................................................................

Берілген суреттен көздің құрылымдарын атап, қызметтерін жазу

Бағалау критерийі:

- Көз құрылымдарын сипаттайды

Дескриптор:

- Көз құрылымдарын атайды

- Көз құрылымдарының қызметін жазады

Жалпы балл -3

«Көзге кірпіктер жапсыру» арқылы бағалау


https://learningapps.org/view16578557


(Жеке жұмыс)  11 зертханалық жұмыс. Көру қабілетін зерттеу

Жұмыс мақсаты: көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: көру өткірлігін анықтауға арналған кесте, ұзындығы 5 м-лік рулетка, нұсқар (указка (лазер), сантиметрлік таспа.

Жұмыс барысы

1. Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек. Егер жарық жеткіліксіз болса, оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер.

2. Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек. Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұраңыз.

3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атауды сұраңыз. Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз.

4. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса, демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.

5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса, оған окулистке қаралу керек.

6. Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алындар.

Жазбаша қорытынды жасаңдар.

Көру өрісі қалыпты ма?

зерттеу жұмысы

Бағалау критерийі: Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттейді

Дескриптор:

- Көру жітілігі анықтайды

- Көру аймағының шегін зерттейді

Жалпы балл -2


«Көзге кірпіктер жапсыру» арқылы бағалау




(Тж) №4. Тапсырма.

«Джигсо» әдісі бойынша топтық жұмыс (Функциональдық сауаттылыққа арналған тапсырма):

Азат анасынан тығылып ұялы телефонмен 4 сағат көлемінде ойын ойнайды. Ойын ойнау барысында Азат үзіліс жасаған жоқ, әрі телефонның жарық режімін реттемеген және көзбен телефон арасындағы арақашықтығын да сақтамаған. Ертеңгі күні Азат үйқыдан тұрған кезде көзінің ақ қабаты қызарғандығын анасы байқап, оны дәрігерге апарып көзінің көргіштігін тексертті.

2.Азаттың көзінің зақымдағанын анықтаған жағдайда қандай шаралалар қолданар едің, көзінің емдік домына?




А-деңгей:

1.Қалай ойлайсындар Азаттың көзі не үшін қызарды?

2.Егер Азат ойын ойнау барысында 5-10 минут үзіліс жасаған болса, көзінің ақ қабатының жағдайы қалай болар еді?

В-деңгей:

1.Азат көз бен телефон арақашығын сақтау үшін қандай арақашықтықта ұялы телефонды ұстау керек?

С-деңгей

1.Дәрігер Азаттың көзінің көргіштігін тексеру үшін арнайы кестені қандай арақашықтықта орналастыру керек?


Дескриптор:


Көру жітілігі мен көру аймағының шегінің ерекшеліктерін зерттейді, сипаттайды.

Жалпы балл -4



Тапсырма.(ЕБҚ оқушыларға арналан тапсырма):«Блиц-сұрақ» әдісі

4.1. Көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмауынан болатын ауру

A) глаукома

B) жақыннан көру

C) коньюктивит

D) қатаракта

E) астигматизм

4.2.Көруді жақсарту үшін А дәруменін қабылдау себебі, ол-

А) көзді залалсыздандырады

В) көзге түс береді

С) көздің қозғалысын жақсартады

D) көру рецепторының құрамына кіреді

Е) көзге жарықты өткізеді

4.3.Адамда көз түсінің әртүрлі болуына себепші көз бөлігі-

А) ақ қабат

В) қасаң қабық

С) нұрлы қабық

D) торлы қабат

Е) қантамырлы қабат

Тапсырма.(ЕБҚ оқушыларға арналан тапсырма):«Блиц-сұрақ» әдісі

Сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

1. Көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмауынан болатын ауру біледі

2. Көруді жақсарту үшін А дәруменін қабылдау сипаттайды

3. Адамда көз түсінің әртүрлі болуына себепші көз бөлігін айтады


Жалпы балл -6


Сабақтың соңы

5 мин

Сабақтың соңында қорытындылау.

«Есіңде сақта» әдісі бойынша сабақты пысықтау.

  1. Көздің көруді сақтау,мүмкіндік беретін ережелерін атаңдар.

Неге көзді оптикалық аспап деуге болады?


Кері байланыс алу : «Баспалдақ» әдісі арқылы.


Үйге тапсырма беру:

§38 оқу.

Оқушылар өз білімдерін қай баспалдақта екендігін көрсетеді.

1 баспалдақ: Мен түсінбегенім.......................

2 баспалдақ: Маған бүгінгі сабақ ұнады............

3 баспалдақ: Мен бүгінгі сабақтан алған әсерім...........

Рефлексия парағы









Жариялаған:
Манапова Асель
14 Наурыз 2025
117
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі