Көшбасшылық жобасы арқылы сананың ашықтығын қалыптастыру. 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшбасшылық жобасы арқылы сананың ашықтығын қалыптастыру. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
 Оқушылардың көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыру;  Көшбасшы тұлғаны үш тілде еркін сөйлеуге, өз ойларын сауатты, нақты жеткізуге дағдыландыру;  Қоғамда, топта, ұжымда көшбасшы болуға тәрбиелеу; Көшбасшылық жобасының негізгі міндеттері:  “Көшбасшылық сабақтар” жобасы аясында жасалынған жоспар мазмұны бойынша жұмыстар жасау:  Оқушылар бойына көшбасшылық қасиетін ұялату:  Оқушыны “Лидер” болуға тәрбиелеу:  Педагог мұғалімдер арасындағы қөшбасшылықты дамытудағы ортақ, бірлескен мақсаттағы мәселелерінің түйіндерін шешу арқылы тамаша нәтижелерге жетуге бағытталған жаңа идеялар мен әдістерін игеру;  Оқушының өзін – өзі басқаруын ұйымдастыру және оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту арқылы әлеуметті, белсенді тұлға ретінде қалыптастыру; “Көшбашылық” рөлін түсіне отырып, мұғалім – көшбасшы, көшбасшы – оқушы қарым – қатынас тәжірибесін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
























«КӨШБАСШЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ СЫНЫПТАҒЫ САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ





Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған

4облыстық мектеп – интернатының 10 - сынып тәрбиешісі

Қабат Жайна
























Елбасымыздың болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады делінген болатын.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы –бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы   қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Көшбасшылық жобасының негізгі мақсаты:

  • Оқушылардың көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыру;

  • Көшбасшы тұлғаны үш тілде еркін сөйлеуге, өз ойларын сауатты, нақты жеткізуге дағдыландыру;

  • Қоғамда, топта, ұжымда көшбасшы болуға тәрбиелеу;

Көшбасшылық жобасының негізгі міндеттері:

  • Көшбасшылық сабақтар” жобасы аясында жасалынған жоспар мазмұны бойынша жұмыстар жасау:







  • Оқушылар бойына көшбасшылық қасиетін ұялату:

  • Оқушыны “Лидер” болуға тәрбиелеу:

  • Педагог мұғалімдер арасындағы қөшбасшылықты дамытудағы ортақ, бірлескен мақсаттағы мәселелерінің түйіндерін шешу арқылы тамаша нәтижелерге жетуге бағытталған жаңа идеялар мен әдістерін игеру;

  • Оқушының өзін – өзі басқаруын ұйымдастыру және оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту арқылы әлеуметті, белсенді тұлға ретінде қалыптастыру;

  • Көшбашылық” рөлін түсіне отырып, мұғалім – көшбасшы, көшбасшы – оқушы қарым – қатынас тәжірибесін арттыру.

Көшбасшы болу – заман талабы. Көшбасшылық қасиетті дамыту көп жағдайда әлеуметтік ортаға байланысты. Оң мағынасындағы көшбасшылық тұлғаның жаңашылдық қызметінің, оның қоғам дамуына қосқан шығармашылық үлесінің негізі болып табылады. Қазіргі өзгермелі қоғам әлеуметтік танымы мол, белсенді, сауатты, еңбекқор, алғыр, өзіне жауапкершілік ала алатын, сенімді, білімді оқушыларға, тіпті кез келген адам үшін де көшбасшы болуды талап етеді. Жасұрпақ “Көшбасшылық сабақтар” жобасы арқылы сыныпта көшбасшы болуға, топты басқаруға, алдыңғы қатардан көрінуге, үш тілді игеруге үйренеді.

Жоба аясында 2017-2018 оқу жылында мектеп – интернатымызда “Балалардың жақсы денсаулығы үшін” атты отбасылық жарыс, “Біз, ұлы дала ұландарымыз” атты зияткерлік сайыс, “Ғажайыптар мекені” атты көрме, “Мектебіме сағыныш” атты кездесулер жүзеге асырылды. Сонымен қатар мектебіміздің «100 жаңа есім» жобасына енген «Көшбасшы» тұлғаларына зерттеу жұмыстары жүргізіліп зерттеу жинағы жарық көрді. Аталған жұмыстардың дәлелдемесі ретінде жоба аясында фотоальбом дайындалды.

Биылғы оқу жылында жоба аясында менің ұсынған баяндамамның тақырыбы «Көшбасшылық жобасы арқылы сыныптағы сананың ашықтығын қалыптастыру».Жастар арасында көшбасшы үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді,қызықты болуы шарт.Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты өткізу..









Сол коммуникациялар кезінде жасөспірімдер құрдастарынан өз маңыздылығын растап өз статусын анықтайды.Олар үшін қолдау өте маңызды.Осы қажеттілікті ескере отырып, мен балаларға сабақтан бос уақытта арнайы сұхбаттасуға жағдай жасаймын.Мұндағы мақсатым балалардың бір – бірін сөзін бөлмей тыңдауын бақылау, өз қабілеттері туралы айту , мінездерінің жақсы және жаман тұстарын мойындау және сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге шақырамын.Нәтижесінде оқушылар өз ойын сыпайы түрде жеткізуге және басқалардың пікірімен санасуға қалыптасады. Тәрбиеленушілердің өзін – өзі дамыту кезінде көшбасшы тұғырынан көрінуі өз деңгейінде қалыптасқан. Сыныптағы барлық жағдайды зерделей келе, тәрбиеленушілер арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту барысында шығармашылық жұмыстарға бағыттау арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндім.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде соңғы жылдары өзін – өзі тәрбиелеуі негізінде құру болып табылады .Өзін – өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін – өзі бағалауы болып табылады.

Психологиялық зерттеулер бойынша тұлғаның өзі туралы пікірін, әрі қарай іс – әректінің реттеуші ретінде қарастыру орынды. Қазіргі кезде балалардың дарындылық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында топтық сайыстар, интеллектуалды ойындар, сайыс сабақтар өткізудің орны ерекше. Олардың шығармашылық қабілеттерін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады. Шығармашылық ізденіс арқылы оқушылардың ойлау, қиялдауы, сана- сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші рөл атқарады.Осы орайда мен көшбасшы оқушыларды дайындаудағы өзіндік ұсыныстарымды ортаға салғым келеді.

  • Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, жіктеу, айқындау, өз көзқарастарын білдіруге үйренуіне ықпал жасау

  • Мамандықты дұрыс таңдау мақсатында психологпен бірлесе жұмыс жасап, сауалнамалар алып, оларға талдау жұмыстарын жүргізу

  • Жаһанда болып жатқан жаңалықтармен хабардар болып отыруы үшін, мұғалімдер тарпынан қолдау табуға ықпал жасау











Мен алдағы уақытта ата- анамен, психологпен бірлесе жұмыс жасайтын боламын. Ата – анамен жұмыс жасау мақсатым жас ұрпақты парасатты, ақылды, ең бастысы көшбасшы тұлға етіп тәрбиелеудегі ата – ананың рөлін көрсету, тәрбиенің әдіс – тәсілдерін жетілдіру, қарым – қатынас орнату.Нәтижесінде: Ата – аналар балаларының парасатты, ақылды т.б жағымды қасиеттерге ие болуына басты себепкер өздері екендігін түсінетін болады.Педагог психологпен байланысуымның мақсаты: Мамандық таңдауда оқушылардың қиындықсыз алға қарай ұмтылуына,дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету. 2018 - 2019 оқу жылында Шаңырақ оқушылар қауымдастығының 8 әлеуметтік жобасы арқылы жұмыс жасамақпын. Сол жұмыс жоспарыммен сіздерді таныстырып өтейін









Р\с

Жоба атауы

Сабақтың тақырыбы

Өткізілу формасы

1

«Көшбасшылық» жобасы

1.Елбасы – мәңгілік көшбасшы

Танымдық сабақ

2.Білімді ұрпақ – кемел келешек кепілі

Сайыс Сабақ

3.Сөзмерген

Сайыс сабақ

2

«Туған елге тағзым» жобасы

1.Сыр сүлейін сұрасаң

Топтық сабақ

2.Туған елге тағзым

Танымдық сабақ

3.Сыр елім – киелі мекенім

Зерттеу сабағы

3

«Қазақ әндері» жобасы

1.Нұртуған жырау толғауы

Танымдық сабақ

2.Қазық халық музыкасы

Дөңгелек үстел

3.Күй атасы - Құрманғазы

Тренинг


4


«Қазақша Wikipedia» жобасы

1.Мамандық – өмір таңдауы

Танымдық сабақ

2.Жыр арқауы жас дарын

Өлең жазу байқауы

3.М.Мақатаев – жыр алыбы

Өлең оқу байқауы


5




«Қоғамға қызмет ету» жобасы



1.Мен елімнің ертеңімін!

Танымдық сабақ

2.Қызмет етем халқыма

Танымдық сабақ

3.Мейірімді болайық!

Тренинг

6

«100 кітіп»

жобасы

1.Н.Қалымбетовтың Үміт үзгім келмейді

Ашық сабақ

2.З.Шүкіров «Ұшқан ұя»

Танымдық сабақ

3.І.Жансүгіров «Құлагер»

Танымдық сабақ

777777

«Ата – ана жұмысындағы 1 күн» жобасы





1.Баланың бас ұстазы – ата - ана

Танымдық сабақ

2.Отбасы – ұлағат ұясы

Тренинг

3.Менің мамандығым, менің болашағым!

Тренинг

77

8

«Бір күн ауылда»

жобасы

1.Әркімнің өз ауылы – жұмақ мекені

Ақпарат сабағы

2.Сыр елім – жұмақ мекенім!

Танымдық сабақ

3.Ауылым – алтын бесігім!

Тренинг















Қорытынды:

Нәтижесінде оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттері қалыптасып, жігерлі жастардың ішкі әлеуеті ашылады. «Көшбасшылық» жобасы оқушылардың көшбасшылық қасиетін жандандырып, оқушының өзін – өзі басқара алатын, белсенді тұлға қалыптасады. Көшбасшылық қабілет туа біте қалыптасқан кезеңнен бастап, саналы да сапалы түрде үнемі дамытып отыратын адам ғана қасиет дарытып көшбасшы бола алады. Нәтижеге бағытталған жұмыстардың әлеуметтік әсері зор болатынына сенемін.









Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.2011ж, №3

  2. Ортаев Б,Батырова А. «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі»

  3. Мүслімов,А.Сиымова. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс жұмыстардың түрлері. Жоғары мектеп,№2,91-б





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі