ШЖҚ «ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКК
№ 4 ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ПӘНДЕР ЦӘК
«ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК
ДАҒДЫЛАР» пән оқытушысы Абишева Бақытгүл Әділқызы
Көтеріңкі көңіл күй тәсілдері мен Көңіл күйдің адам денсаулығыңа әсері
Көңіл күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, әбіржітіп жібереді.
Кейде адамның көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстайды. Көңіл күйін меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.

Адамның көніл-күйі күніне бірнеше рет құбылады, кейде біз неліктен бұлай екенін түсіне алмаймыз. Біздің көңіл-күйіміз бен өмір сүруімізге кері әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың бар екенін зерттеулер дәлелдеген. Бірақ көңіл-күйге қатысты кеңестерді Құран мен Сүннеттен де табуға болады! Алла Тағалла Құранда былай дейді: «Міне, бұл (Құран) адамдардың көкірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және (өзіне) қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады».
Төменде Құран мен сүннеттен алынған көңіл күйдің болмауының басты 7 себебі мен көңіл күйді көтеруге арналған күнделікті кеңестер келтірілген. Олай болса көңіл күйді бұзатын 7 нәрсе және олармен күресу жолдары мынадай:
1) Өзіңді басқалармен салыстыру.
Қоршаған орта адамдармен тығыз байланыста болғандықтан кейбір адамдар өзін басқалармен салыстырып жатады, әсіресе мына әлеуметтік желілер заманында бөтен біреудің керемет фотосуретін көріп, өзіне көңілі толмайды. Адам өзінде жоқ нәрсеге, өзінің қолы жетпеген дүниесіне бас қатырып, өзін басқалардан кем санайды. Осындай салыстырудың нәтижесі өзінің жағдайына көңілі толмауына және өзін жоқтан бар етіп жаратқан Алла Тағалаға көңілі толмауына алып келеді.
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Егер де сендердің біреулерің өзінен мәртебесі жоғары біреуге қарағанда, ол сонымен қоса, өзінен мәртебесі төменге де қарауы қажет». Осы қарапайым шешім өзін басқа біреумен салыстыруға жол бермейді. Есіңізде болсын, үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдармен қоса, сіздің орныңызда болғысы келіп армандайтын адамдардың бар екенін ұмытпаңыз.
2) Әлеуметтік желілерде шамадан тыс көп отыру. Зерттеулер дәлелдегендей, адамдар неғұрлым әлеуметтік желілерде уақытын көп өткізсе, соғұрлым олардың бақытты болуы мен разылық сезімдері азаяды. Осындай жағдайдан құтылу үшін әлеуметтік желіде бір іспен айналысыңыз, мысалы маңызды ақпараттармен бөлісіңіз!
3) Жағымсыз, теріс пиғылды адамдармен қарым-қатынас. Біздің айналамыз, қоршаған ортамыз бізге қатты әсер етеді. Әрдайым шағымданып жүретін, жағымсыз теріс ниетті адамдардың ортасынан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. Егерде ондай ортаға тап болсаңыз, олардың өміріне жақсы нәрселер, қуанышты жағдайларды енгізіңіз. Құранда айтылған: Тек иман еткендер және соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың, сондай-ақ бір-біріне ақиқатты насихаттайтындар және (қайғы-қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек.
4) Берекесіздік. Ретсіздік сіздің көңіл-күйіңізге кері әсерін тигізбей қоймайды. Керісінше тазалық пен тәртіп өзіңізді жайлы сезінуге әкеледі. Тазалық - иманның жартысы. Тазалық пен реттілікті сақтауға тырысыңыздар, бұл уақытты дұрыс пайдалана білуге де қатысты. Сонда өз өзіңізге көңілініз толмау сезімі болмайды.
5) Кеш ұйықтау.
Ұйқыға кеш жататын адамдардың күйзеліске тез ұшырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Бірақ соған қарамастан, көпшілігіміздің жатар алдында жұмысымыз бастан асып жатады, ұйықтамасақ та соны орындаймыз.
Құранда айтылған: «Алла сіздерге түнімен демалсын деп түнді жаратты және жарық болу үшін күнді жаратты. Ақиқатында, Алла адамдарға рақымдылығын көрсетеді, бірақ адамдардың көпшілігі қайырымсыз».
6) Зиянды тағам.
Зиянды тағам миға кері әсерін тигізеді. Құранда айтылған: Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса) жердегі барлық нығметтердің адал, тазасынан (әрі денсаулыққа пайдалысынан) жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді азғырушы) шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан.
Тағамға тек халал нәрселерді, орташа мөлшерде пайдаланыңыздар. Жеміс-жидектерді, көкөністерді, балықтарды, жаңғақтарды, балды көбірек жеңіздер, бұл денсаулыққа пайдалы, әрі көңіл-күйлеріңізді жақсартады!
7) Жатар кезде экран алдында тым көп уақыт өткізу.
Зерттеулерге сәйкес, телефонның жарық экраны ұйықтар алдында ағзада мелатониннің, яғни тек қараңғыда бөлінетін және адамның көңіл-күйін реттейтін гормондардың көп бөлінуіне әкеледі. Келесі ережелерді қолданыңыз: ұйықтар алдында 15 минут бұрын Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кеңес берген арнайы дұғаларды оқыңыз. Зікір етумен аяқтаңыз.

Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.
Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген:
1. Денсаулық – патогендік, физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделулер, өмір жағдайына байланысты өзгерулері. Осыған ағзаның бейімделуі.
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс.
3. Аурудың алдындағы жағдайы – патологиялық процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда жүреді:
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:
Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады.
Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, генетикалық себеп-салдарды жатқызған.
Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады.
Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді.
Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады. «Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.
Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұзылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді). Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан өткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз