Коучинг "Бағалау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг презентациясы деңгейлік бағдарлама аясында жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ Архат ауылы, Абай ауданы, ШҚО

«Шамшырақ» кәсіби қоғамдастығының мүшесі

Жанпеисова А.Н. «Бағалау: критериалды бағалау» тақырыбындағы

коучинг жоспары.


Қазан ІІ апта

2016-2017 оқу жылы

Коучинг тақырыбы:

«Бағалау: критериалды бағалау»

Жалпы мақсат:

Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды сатылап енгізу барысында мұғалімдердің кәсіби білімін арттыру;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Әдістемелік нұсқау

Оқу нәтижесі:

Мектеп деңгейінде мүмкіндіктер қарастырылады.

Негізгі идеялар:

Тәжірибелеріне қатысты тың идеялардың тууына әсер ете отырып, оқу сапасының тиімділігін арттыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 РОМБ -9, маркерлер мен «Баланс дөңгелегі», мотивациялық мультфильмдер «Позитивчик», «Рецепты удачного дня»

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Түсіндіру, салыстыру әдісі

Кері байланыс «Баланс дөңгелегі» әдісі

Дерек көздері:

Әдістемелік нұсқау

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық  талдау, өздік жұмыс, қорғау

Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Коучинг бөлімдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА СӘТТІЛІК тілейміз!» сөйлемін бөліп айту сұралады

Мұғалімдер шарт бойынша тапсырма орындайды, топқа бөлінеді: І топ: ЖАҢА; ІІ топ: ОҚУ ЖЫЛЫНА; ІІІ топ: СӘТТІЛІК

ІІ.Психологиялық ахуал тудыру

(2 мин)

«Позитивчик» мотивациялық мультфильмі көрсетіледі

Мұғалімдер көреді, ой түйеді

ІІІ.Алғыс сөз

«Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту» бойынша қысқаша түсінік беріледі

Мұғалімдер тиісті материалмен танысады, керекті мәліметтерді жазып алады.

ІУ. Эпиграф және «Баланс дөңгелегі» әдісі

Коучинг эпиграфы:«ХХІ ғасырда сауатсыз адам деп оқып, жаза алмайтындарды емес, оқығысы келмейтін, оқуды аяқтамайтын әрі қайта оқымайтын адамдарды айтатын боламыз» Элвин Тоффлер (американдық философ) Мұғалімдерге аталған коучинг оқылып, таныстырылады және «Баланс дөңгелегі» таратылып, толтыруды сұралады

Мұғалімдер коучинг эпиграфы бойынша ой түйеді және «Баланс дөңгелегін» толтырады.

У.Топтарға берілетін тапсырмалар

(5 мин)

Бағалау мақсаты не? Сауалына жауап жазу «9 ромб» әдісі бойынша

  • Оқушыларды қандай себептен бағалаймыз?

  • Топпен ойланыңыз – бөлісіңіз

Мұғалімдер топ бойынша тақырыптарды ашуға жұмыс жасайды.

УІ. Таныстырылым (5 мин)

  • Критериалды бағалау мақсаты

  • Критериалды бағалау міндеттері

  • Критериалды бағалау моделі

  • Бағалау сызбасы

  • Бағалау түрі

Тақырыптары бойынша толыққанды мәліметтер ұсынылады

Мұғалімдер тақырыптармен танысады, тиісті жазбаларды қойын дәптерлеріне жасайды.

УІІ.Өздік жұмыс

(1 мин) + (1 мин)

1.Тапсырма: Өз қиялыңыздағы мектепті салыңыз

2.Бағалаңыз

3.Критерий беріледі, оның дескрипторлары анықталады

1.Мұғалімдер тапсырма орындайды.

2.Бағалайды

3.Критерийлер бойынша бағалайды және алғашқы бағасы бойынша алшақтықтықты көреді

УІІІ. Әдістемелік қоржынға қосып алыңыз

Жаңа терминдер беріледі, таныстырылады, талданады, мысал келтіріледі

Мұғалімдер қойын дәптерлеріне жазып алады, жаңа терминдермен танысады.

ІХ.«Баланс дөңгелегі» әдісі бойынша кері байланыс (5 мин)

«Баланс дөңгелегі» әдісі бойынша кері байланыс жасау ұсынылады.

«Баланс дөңгелегі» әдісі бойынша кері байланыс жасалынады, тақта алдында жүзеге асады.

Х. Коучинг соңы (2 мин)

«Рецепты удачного дня» мультфильмі ұсынылады

Мұғалімдер көреді, ой түйеді









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі