Коучинг "Талантты және дарынды балаларды оқыту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Талантты және дарынды балаларды оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Күні:


Коучер:

Коучинг тақырыбы:

Талантты және дарынды балаларды оқытуда жоғары деңгейлі тапсырмалар қалай құрастырылады?

Мақсаты:

Мұғалімдерді инклюзивтік қағидат негізінде талантты және дарынды оқушылар үшін күрделі тапсырмаларды түзуге арналған тәсілдермен таныстыру.

Түйінді идея:

Талантты және дарынды оқушылардың қажеттіліктері инклюзивтік нысанда қанағаттандырылуы мүмкін.Шағын топтағы бірлескен жұмыс және тереңдетілген тапсырмалар инклюзивтік сыныптарда талантты және дарынды оқушыларға міндеттер қою үшін қолданылуы мүмкін.

Күтілетін нәтиже:

Талантты және дарынды оқушыларға арналған нұсқаулардың маңызын түсіну.Талантты және дарынды оқушылар үшін

тиісті зияткерлік тапсырмаларды енгізуге арналған тапсырмаларды өзгерту әдістемесін меңгеру.Қабілеттілігі әртүрлі талантты және дарынды оқушылар үшін топта бірлескен тапсырмаларды жоспарлау.

Ресурстар:

ІІІ деңгей үлестірме талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда кеңейтілген тапсырмаларды қолдану.

Сабақтың барысы:

Уақыт (60 минут)

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:




Топқа бірігу:

5 минут

1.Жағымды ахуал құру

«Бақытты болу» таныстырылымын көрсету.

Мұғалімдер «бақытты болу»

таныстырылымын көріп,жағымды

атмосфералық ахуал қалыптастырады.

5 минут

Топ ережесімен таныстыру

Нұсқау:біздің коучингте ұстанатын топ ережесімен танысыңыздар....

Нұсқау: Топқа бірігу.

2.Мұғалімдерді топқа біріктіру

Топ ережесімен танысады


Мұғалімдер топқа бірігеді

Проблеманы айқындау:

5 минут

3. Тақырыпты ашатын адасқан әріптерді табу.

ТТЫНАЛАТӘЖЕНДЫДАНЫР БЫДРАЛЛААОУҚТЫ

Сұрақ:1)бұл қандай ой туғызды ?

Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып өттіңіздер.Демек бүгінгі тақырыбымыз «Талантты және дарынды балаларды оқыту»




Мұғалімдер берілген әріптер арқылы тақырыпты ашады

Проблеманы шешу:

20 минут

Үлестір-ме таратыл-ды

4. Белсенді әдіс қолдану: топтық жұмыс (постермен жұмыс)

1- тапсырма.Нұсқау:Әр топ бірлесе отырып берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіңіздер,постермен жұмыс.1-топ тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдану.2-ші топ бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет.3-ші топ сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.4-ші топ тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым шығармашылық тәсілдерді қолдану.Таратылған үлестірмеге сәйкес өз ойларыңызды жазыңыздар.

Сұрақ:Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда кеңейтілген тапсырмаларды қолданудың тиімділігі қандай?


Әр топ бірлесе отырып,берілген үлестірмеге сәйкес өз ойларын жазады.Өзара топтық бағалау жүргізеді.



Мұғалімдер берілген сұрақтарға өз ойларын ортаға салып,пікір алмасып талдау жүргізеді

15 минут


2-тапсырма.Екі жақты күнделік стратегиясы бойынша (жеке жұмыс) жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем бойынша:

  • Жады және білім-тамаша жады және ақпаратты қолдану

  • Ақпаратты пайдалану-түйінді идеяларды анықтай білу,түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті

  • Ойлау жылдамдығы-олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін,бірақ шешімдерге тез келеді.

  • Проблемаларды шешу-олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді,сәйкессіздікті көрсетеді,мазмұнын тез түсінеді.

  • Қиындыққа қызығушылық-қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады;

Әр қатысушы өлшемдердің біреуін таңдауға тиіс және осы өлшемдерге өз ойын және сабақ жүргізу үдерісінде қандай тапсырмалар пайдаланатынын кестеге жазу керек.

Мәтін

Менің ойым


Сұрақ:Бұл бес өлшемді сабақта пайдалану талантты және дарынды оқушыларды оқытуда және зияткерлік міндеттерді қоюды жоспарлауда тиімді ме?

Мұғалімдердің іс-әрекеті (жеке жұмыс)

«Екі жақты күнделік стратегиясы»


Проблеманың шешімін қолдану:

(рефлексия)

10 минут

5.Кері байланыстың сұрақтары:

Сіз үшін не түсінікті?

Не қиындық туғызды?

Неліктен?

Өзіңіздің келешектегі тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізбексіз?

Бұл сабақтағы әдістерді өз сабағыңызда пайдаланар ма едіңіз?

Коучинг жүргізуші: Қатысқандарыңызға рақмет!


Әріптестер кері байланыс сұрақтарына өз ойларын ортаға салып,пікір алмасады

Комментарий: Талантты және дарынды оқушыларға арналған нұсқаулардың маңызын түсінді.Талантты және дарынды оқушылар үшін тиісті зияткерлік тапсырмаларды енгізуге арналған тапсырмаларды өзгерту әдістемесін меңгерді.Қабілеттілігі әртүрлі талантты және дарынды оқушылар үшін топта бірлескен тапсырмаларды жоспарлап,деңгейлі тапсырмаларды тиімді пайдалануды анықтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2019
935
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі