Материалдар / "Кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ үлгісі жас мамандарға үлгі ретінде немесе дидактикалық материал ретінде қолданса болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
1623
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС "Каспий өңірі "Болашақ" колледжі



Келісемін

«Жалпы білім беру» пәндік – циклдік

комиссиясының төрағасы:

_________ Игібаева Т.Ө.

___«____»_________ 2020ж


«Бекітемін»

Колледж әдістемелік кабинеті меңгерушісі

____________ Айтжанова Ш.Р. «______»______________2020ж








АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Модуль /пән атау: ФИЗИКА

Дайындаған педагог:Игібаева Тазагүл Өмірханқызы

Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, 2020-2021 оқу жылы, ВТиПО-20-1 тобы























АҚТАУ 2020ж



ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі____

(білім беру ұйымының атауы)


Cабақ жоспары

Кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері.

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Физика

Дайындаған педагог: Игібаева Тазагүл Өмірханқызы

2020 жылғы "14" желтоқсан

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: ВТиПО-20-1

Сабақ типі: Теориялық , жаңа білім меңгеру сабағы.


2. Мақсаты, міндеттер

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Студенттерге аморф және кристалл денелер, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, кеңістіктік тор, кристалық құрылымдардың түрлері, деформация, оның түрлері, механикалық кернеу, Гук заңы туралы туралы түсінік беру.

Студенттерге белсенді әдістемелері арқылы білім беру,іс-әрекетін қалыптастыру арқылы оқу материалын игерту.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Б.Кронгарт, Д.Қазақбаева, О.Иманбеков, Т.Қыстаубаев. Физика. Оқулық. 10с. 1,2 бөлім. Мектеп. 2019

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Компьютер, ZOOM платформасы,презентация, https://learningapps.org/myapps_teacher.php платформасы

4. Сабақтың барысы

4.1. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттерді түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын «Пазл» әдісі бойынша https://learningapps.org/myapps_teacher.php платформасы арқылы тексеру.

4.2. Жаңа сабақ:

Сабаққа кіріспе. Миға шабуыл.

Қызығушылығын ояту.

Біз заттардың көпшілігінің қатты күйінде болатын әлемде өмір сүреміз. Біз түрлі тетіктерді, құралдарды,қондырғыларды қолданамыз. Біз үйлер мен пәтерлерде тұрамыз. Тұрмыста жиһаз, тұрмыстық техника, ең заманауи байланыс құралдары: радио, теледидар, компьютерлер және т.б. Бірақ бәрі қатты дене. Физикалық тұрғыдан қарағанда - адам қатты дене. Сонымен, қатты заттар деген не?

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:


Қазақша

English

Русский

Кристалл

Crystal

Кристалл

Аморфты

Amorphous

Аморфные

Кернеулік

voltage

Напряжение

Аудан

Area

Площадь

Күш

Force

Сила

Деформация

deformation

Деформация

Презентация арқылы күнделікті өмірден мысалдар келе отырып жаңа сабаққа мағлұмат беріледі.


4.3. Студенттерге кластер жасату слайд арқылы.

4.4. https://learningapps.org/myapps_teacher.php платформасында «Кім миллионер болғысы келеді» ойыны арқылы тапсырмалар беріледі.

4.5. Сабақты бекіту тапсырмалары:

Кристалл дегеніміз не?

Кристалдар-атомдары немесе молекулалары кеңістікте белгілі орын алып,реттеліп орналасқан қатты денелер. Кристалдың сыртқы пішінінің дұрыс болып келуі де осыған байланысты. Мысалы кәдімгі ас тұзы түйіршігінің бір-бірімен тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары бар. Мұны лупа арқылы ас тұзын байқап көруге болады.

Аморфты денелер дегеніміз не?

Аморфты денелерде атомдардың дәлме-дәл ретті орналасуы жоқ.Тек жақын көрші атомдар-белгілі бір ретпен орналасады. Бірақ кристалға тән құрылымның қандай да бір барлық бағытта дәлме-дәл қайталануы аморфты денелерде болмайды.

Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Кристалдар мен аморфты денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді ғана айтады. Аморфты денелердің сыртын қарағанда көлемін пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сұйықтың барлық қасиеттеріне ие болады. Аморфты денелердің белгілі балқу температурасы жоқ, қыздырған кезде олар бірте-бірте еріп, олардың тұтқырлығы азаяды. Кристалл денелердің белгілі балқу температурасы бар, тұрақты қысымда ол температура өзгермейді. Аморфты денелердің қасиеттері барлық бағыттары бойынша бірдей. Аморфты денелер-изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар-анизотропты. Кристалда жарықтың таралу жылдамдығы, жылу өткізгіштік коэффициенті, серпімділік модулі және бсқа да физикалық қасиеттері ондағы бағытқа тәуелді.


5. Сабақ бойынша рефлексия

https://learningapps.org/myapps_teacher.php платформасында

Бүгінгі сабақ сізге ұнадыма?

Бүгінгі сабақтан білмеген нәрсемді үйрендім.

6. Үй тапсырмасы


https://www.okulyk.kz/fizika/503/ §47-48, 267 беттегі 1-5 есептер














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!