жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау
І. Кіріспе
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - заман талабы.
ІІ. Негізгі бөлім
Критериалды бағалаудың тиімділігі.
ІІІ. Қорытынды
«Адамзат табиғатының терең
қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген
құштарлық болып табылады».
У.Джеймс
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогикалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.
Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.
Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж- дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:
сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;
оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;
бейімделушілік қабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.
Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.
Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.
Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Ақпарат дұрыстығының сапасы мен оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік беріп, сенімділігін арттырады.
Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «ымыралы» әдіс болып табылады.
Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындап көріңіз. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет!
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үдерісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
-
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
-
Мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Рубрика (айдар, тарау) – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлер жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Критерийлер - оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды.
Дескрипторлар - оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.
Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді
Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады
Дескрипторлар (түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
-
алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;
-
анық, айқындылығы;
-
бағаның әділдігі;
-
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
-
Қолданылуы:
-
Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.
-
Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
-
Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.
-
Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.
Критериалды бағалаудың пайдасы:
Нақтылық, әділдік, ынталандыру, дәлдік, белсенділік, жеке тұлға қалыптасады.
Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
МАН, І кітабы (І деңгей) 2015ж.
-
Ғаламтор желісі.
-
Үлестірме ІІ апта. 2015ж.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген