Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,
«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты:
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Слайд
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан.
Жүргізуші:
Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар:
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші:
Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші:
Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар:
Астана.
Жүргізуші:
Астана қандай қала?
Балалар:
Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
1-бала: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
2-бала: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
3-бала: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
4-бала : Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші:
Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші:
Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
5-бала: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Ән: « Атамекен» Ескендір Хасанғалиев.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші : Осымен құрметті қонақтар мектепалды даярлау тобының дайындаған «КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Күн дидарлы Қазақстан"
"Күн дидарлы Қазақстан"
Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,
«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты:
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Слайд
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан.
Жүргізуші:
Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар:
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші:
Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші:
Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар:
Астана.
Жүргізуші:
Астана қандай қала?
Балалар:
Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
1-бала: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
2-бала: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
3-бала: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
4-бала : Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші:
Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші:
Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
5-бала: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Ән: « Атамекен» Ескендір Хасанғалиев.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші : Осымен құрметті қонақтар мектепалды даярлау тобының дайындаған «КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз













